"Алматы аруы" Фарида Мәлік "Мисс Бикини СНГ" атағын жеңіп алды » ZHARAR © 2017 | Алматы аруы Фарида Мәлік Мисс Бикини СНГ атағын жеңіп алды, Алматы аруы Фарида Мәлік Мисс Бикини СНГ атағын жеңіп алды казакша жаналык, свежие новости на казахском Алматы аруы Фарида Мәлік Мисс Бикини СНГ атағын жеңіп алды




  • »

"Алматы аруы" Фарида Мәлік "Мисс Бикини СНГ" атағын жеңіп алды

"Алматы аруы-2012" Фарида Мәлік өткен аптада Ыстықкөл жағалауында өткен халықаралық сұлулар байқауында "Мисс Бикини СНГ" атағын жеңіп алды, деп хабарайды Tengrinews.kz.

Фарида демеушілердің қолынан тәж бен сыйлықтар алып қана қоймай, 2013 жылы Грецияда өтетін Miss Fashion TV World халықаралық байқауына да қатысуға мүмкіндік алды.

"Өте бақыттымын, Грециядағы байқауға жолдаманы жеңіп алғаныма сене алар емеспін. Байқау соңында үш қатысушы қалды, Қырғызстаннан келген қыз бас жүлдені жеңіп алады деп ойладым. Кейіннен қазылар алқасы менің атымды атағанда, қуаныштан жылап жібердім", - дейді Фарида Мәлік.

Бірінші вице-мисс атағын Қырғызстандық Дарья Лебедева жеңіп алды, ал екінші вице-мисс атағы оның отандасы Таттыбюбю Самидинқызына бұйырды. Дарья Миронова "Ыстықкөлдің Інжу сұлуы" және Алматылық Сабина Әділқұлова "Азия сұлуы-2013" атағын жеңіп алды.

Ал Ресейлік Ксения Ясакова "Көрермендер көзайымына" бөленді. Ақтық сын төрт кезең бойынша өтті. Байқауға қатысушылар ұлттық киімде, той-жиында киетін киімде және күнделікті өмірде киетін киімде шығып, сән көрсетті. Байқауға ТМД мемлекеттерінен жалпы саны 14 қыз қатысты.



Санат: KZ портал » Қазақша Жаңалықтар жинағы | | 1 459
Жаңалық айдары: Мәдениет және шоу бизнес, дереккөз
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .