Ақпаратты тасымалдаудың жалпы сызбасы. Компьютер аралық ақпарат алмасудың әдістері 2-сабақ (Информатика, 8 сынып, I тоқсан)

Пән: Информатика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Компьютер мен желілердің техникалық сипаттамалары
Сабақ тақырыбы: Ақпаратты тасымалдаудың жалпы сызбасы. Компьютер аралық ақпарат алмасудың әдістері 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.6.1.1 Желінің өткізу қабілетін білу
8.1.2.1 Ақпаратты тасымалдаудың жалпы сызбасын түсіндіру.
8.6.2.1 Сымсыз байланыстың артықшылықтарын түсіну
Сабақ мақсаты: • Ақпаратты тасымалдаудың жалпы сызбасын түсіндіру.
• Ақпаратты тасымалдаудың жалпы сызбасын түсіну
• Желінің өткізу қабілетін білу.......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Ақпаратты тасымалдаудың жалпы сызбасы. Компьютер аралық ақпарат алмасудың әдістері 1-сабақ (Информатика, 8 сынып, I тоқсан)

Пән: Информатика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Компьютер мен желілердің техникалық сипаттамалары
Сабақ тақырыбы: Ақпаратты тасымалдаудың жалпы сызбасы. Компьютер аралық ақпарат алмасудың әдістері 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.6.1.1 Желінің өткізу қабілетін білу
8.1.2.1 Ақпаратты тасымалдаудың жалпы сызбасын түсіндіру.
8.6.2.1 Сымсыз байланыстың артықшылықтарын түсіну
Сабақ мақсаты: • Ақпаратты тасымалдаудың жалпы сызбасын түсіндіру.
• Ақпаратты тасымалдаудың жалпы сызбасын түсіну
• Желінің өткізу қабілетін білу.......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Құқық | Зат алмасудың жалпы заңдылығы

Tіpi организм дегеніміз — белгілі құрылымы бар биологиялық, система. Tipi организмде үзіліссіз зат алмасу жүріп жатады. Зат алмасу дeгeнiмiздiң, өзi организмде жүріп жататын барлық, химиялық процестердің жиынтығы. Организмдегі зат алма¬су тіршіліктің негізгі белгісі болып табылады. Tipi организм зат алмасудың нәтижесінде пайда болып жарыққа шығады, тipшiлiк етеді, өcin жетіледі және өледі.
Соңғы кездерде әдебиеттерде «зат алмасу» дегеннің орнына «метаболизм» деген термин жиі қолданылатын болды. Бұл екеуі де 6ip ғана мағына береді, сондықтан өзара 6ipiн-6ipi ауыстырады. Осы екі синонимнін екеуі де пайдаланылады. Организмдегі зат алмасу (метаболизм) өзара тығыз байланысты екі процестен — катаболизм мен анаболизмнен құралады. ....
Рефераттар
Толық

Әдебиет | АҚИҚАТТАН АДАСУДЫҢ АЗАБЫ

Шыңғыс Айтматовтың: “Адам тұлға ретінде траге¬дия¬лық қобалжулар арқылы ашы¬ла¬ды” — деп айтқаны бар. Шын¬дығында, өмір тану мен адам тану дегеніміз – осы екеуі¬нің трагедиялық кезең¬дер¬ге неге тап бола беретіндігінің сырын ашу.
Алдан Смайылдың “Фо¬лиант” баспасынан жарық көрген “Тамұқтан келген адам” романының басты құндылығы да осында. Жазушы аталған шығармасында адам трагедия¬сының ең бір үрейлі кезеңі — өткен ғасырдың отызыншы жылдардағы сұрапылын таңдап алған. Дәл осы шақ – репрес¬сия мен геноцид, тұтас ха¬лықтарды ессіз идеологияның көзсіз құлына айналдыру, ұлттық тамырдан үзілу қатеріне алаңдамайтын санасыздық, шектен шыққан қаталдық, жойқын қырғындар адам жаратылысының құпияларына бойлауға шақырып тұрғандай. Романның көп қырлы филосфиялық астарларынан сауып айтсақ, аталған тұста “Өмір де, өлім де жасанды еді. Одан кейінгі өмірлер мен өлімдердің табиғи бола аларына ешкім кепілдік бере алмайтын. Өйт¬кені, кеше жер басқандар мен бүгінде жер басып жүргендер құдай сыйлаған өмірді екі¬жүздендіріп әуре. Ал дәуірлер бойында көз жұмғандардың ішінде ақ өліммен өлгендер мен адам қолынан о дүниелік бол¬ғандардың қайсысы көп екен¬дігін ойласаң, сірә соңғылары шығар деп шошисың”.
Сырт қарағанда тосын ой¬лар секілденер, алайда адамзат¬тың өткені мен қазіргі күн¬дерінің трагедияларына үңіл¬сең, дәл осылай бас қатырарың анық. Өркениеттің көгіне кө¬терілдік деген бүгінгі заманда да адам тіршілігінде мәз бо¬ларлық не бар? Сол баяғы атыс-шабыс, сол баяғы үрей, ал¬дау мен сату, қатыгездік, эфир¬¬лерден күн сайын ести¬тінің жарылыстар мен қақты¬ғыстар.
Сонда мына жалған адам мен адамды неге шабыстыра бе¬реді? Бұған роман кейіп¬кер¬лерінің пайымы әркелкі.
“Ғұмыр бойы қарасы өшкір өшпенділіктің құлы болдым ғой, — деп күңіренеді елге шыққан жазалаушы жасақтың қаныпезер басшысы. — Ол мені қатыгездендіріп алып өмірі барларға қайрап салды да отырды”.
Көзін тырнап ашқаннан осылай, әуелі өмірге өлек¬селеніп келген өзіне, содан соң айуанданып кеткен анасына өшікті, удай мас болып құлап жатқанда талай рет үнін өшіре сал¬ғысы келген. Ессізденіп алып ойына келгенін істейтін сұмырай өз ажалынан өлсе, оған тек мұның біржола қор¬қау¬лана қоймағандығы кінәлі еді.
Кейін көзіне көрінгеннің бәріне өшігетін болды, олардың өзі секілді бұралқы иттей бұра¬тылып жүрмегендігі үшін, кү¬ңіренбей күлгені үшін, жетім¬сіремей жетіскені үшін...
“Қарғыс айтып қыңсылап жүргендер өшін ала алмай өлек¬-селенгендер ғой, олар қашан да өкініп өледі. Өші кетіп өшкендердің күйзелісінен сақтасын. Өзегі өртеніп тұрса да өшіге білмейтіндер баяғыда өліп біткендер, — деп тістенеді ол. – Мұңсызбын деп жүрген-дердің бәрі өздерінен өш ала алмайтынын сезеді. Қай¬ғылының бәрі алынбаған өші¬нің соңында ғұмыр бойы сал¬пақтайды. Өмір өшіктіру мен өш алудан тұратынын ұқпаған¬дар өшін қуғандарды қайдан түсінсін. Тәңірдің өзі бұларды тозақтан бетер жұмыр жерге өмір¬ден өш алу үшін жамыратып жіберген жоқ па?!” ....
Рефераттар
Толық