Баяғыда бір бай мен кедей болыпты. Кедейдің бір баласы бар екен. Ал байдың үш әйелі болса да, баласы жоқ екен. Жарлының үйі үнемі көңілді болады, күндіз-түні ойын, күлкі үзілмейді...
Бір күні бай да, жарлы да намазға барыпты. Бара жатып бай жарлыға: «Сендер күнде үй ішіңмен шулап жатасыңдар, өздерің тамақтарыңды таба алмай жүріп, сендерге ойын-күлкі не керек?» – депті. Сонда жарлы: «Бай, сіз білмеген екенсіз, біздің бір алтын сақамыз бар, соны біресе қатыным иіреді, біресе өзім иіремін, соған күлеміз де жатамыз депті. Сонан бай үйіне келіп, алтыннан сақа соқтырып алып, үш қатынымен кезек-кезек сақа иіреді, оған ешкім де күлмейді. Ертеңіне тағы да намазға бара жатып бай:
«Ақымақ жарлы, иірген сақаға несіне күлесіңдер?» – дейді. Сонда жарлы: «Байеке-ай, сен өзің бай болсаң да, ақылын жоқ-ау, менің айтқаным сақа емес еді, әлгі балам еді, сен оған түсінбеген екенсің ғой!» – депті......
Баяғы өткен заманда Қағанақбас, Қылкеңірдек, Ши борбай үшеуі жолдас екен. Бір күні бұлар бір тоқты ұрлап, айдалаға апарып сойыпты. Тоқтыны сойып, етін қазанға салайын деп жатып, Қағанақ басқа......
Бірде кішкене бала суық тиіп ауырып қалды. Оның аяғын қалай сулап алғаны түсініксіз: ауа райы ашық болатын. Шешесі оны шешіндіріп, төсегіне жатқызды да, аққұман әкелуді бұйырды. Ондағы ойы керемет терлететін аю бадам шайын қайнатып беру. Taп осы кезде бөлмеге осы үйдің жоғары қабатында тұратын сүйкімді, көңілді шал келіп кірді. Оның не әйелі, не баласы жоқ, қарақан басы ғана тұратын. Ал оның балаларды сондай жақсы көретіні, оларға қызықты ертегілер мен оқиғаларды келістіріп әңгімелеп беретіні кісі таңғаларлықтай ғажап болатын.
Қанайналым бұзылыстары. Қабыну жергілікті қан және лимфа айналымдарының, әсіресе микроциркуляциялардың бұзылыстарымен сипатталады. Оларды 1887 жылы Конгейм ажыратып жазды.
Микроциркуляция деп қанның майда тамырлар (артериолалар, метаартериолалар, қылтамырлар және венулалар) арқылы қозғалуын, сонымен қатар осы тамырлар мен тіндер арасында әртүрлі заттармен (О2, СО2,қоректік зат алмасу өнімдері) алмасуды айтады. Микроциркуляцияны Конгейм тәжірибесі көмегімен зерттеу ыңғайлы. Бүл кезде бақаны ішектерін сыртқа шығарып, тақтайдың тесігі үстіне кереді де, шажырқайды микроскоппен қарайды. Сол кезде қоздырғышты әсерінен (ішектерін шығарғандағы зақымдану) бірден пайда болатын артериолалардың тарылуын (спазмын) микроскоппен көруге болады. Ол рефлекстік түрде (аксон рефлексі бойынш тамыр жиырылтқыш нервтің тонусы артуынан) .....
Қанаішалым жеткіліксіздігіне бірқатар тұлғалық (субъективтік) әйгіленімдер мен дәлелімді (объективтік) әйгіленістер тән. Тұлғалық әйгіленімдерге әлсіздік, тез шаршау, ауа жетіспеуі т.с.с. жатса, дәлелімді әйгіленістерге алқыну, цианоз, тахикардия, ісіну ж.б. жатады.
Алқыну — қанайналым жеткіліксіздігінен ағзалар мен тіндерде оттегі азайып, көмірқышқыл газы көбейіп мидағы тыныс алу орталығын қоздырады.
Цианоз — қанайналым жеткіліксіздігінен тамырларда қанның ағу жылдамдығы баяулап, қанда тотықсызданған гемоглобиннің артық жиналып қалуынан дамиды. Сол себептен саусақ ұштарында, мұрында, бетте, еріндерде көгілдір түс пайда болады. Бұны акроцианоз дейді.
Тахикардия — қанайналым жеткіліксіздігінен қуыс көктамырларда және оң жүрекше қуысында қан іркіліп, жиналып қалады. Осыдан симпатикалық нерв жүйесінің қозымдылығы ұлғаяды, тамырлардың қимылдық орталығы қозады. Бұл кезде тамырлардың ішінде қанның ағу жылдамдығы ұлғаяды, ағзалар мен тіндерге оның тасымалдануы жақсарады. .....
Қанайналымның жеткіліксіздігі деп белгілі бір жүктемелерден кейін немесе тіпті тыныштық жағдайлардың өзінде ағзалар мен тіндердің мұқтаждығына сәйкес айналымдағы қанның тиісті мөлшерімен қамтамасыз етілмеуіне әкелетін жағдайды айтады. Осының нәтижесінде ағзалар мен тіндер оттегімен, қоректік заттармен қамтамасыз етілмейді және олардан зат алмасудың соңғы өнімдері сыртқа шығарылмайды.
Қанайналым жеткіліксіздігінің түрлері.
Қанайналым жеткіліксіздігі мына түрлерде байқалуы мүмкін:
1. Айналымдағы қанның көлемі қатты азаюынан дамитын гиповолемиялық қанайналым жеткіліксіздігі:
2. Жүректің өзінің қызметі бұзылудан немесе жүрек әлсіздігінен дамитын жүрек қызметінің жеткіліксіздігі;
3. Қан тамырлары қызметінің бұзылуынан, тамыр қызметі жеткіліксіздігі;
4. Жүрек-қан тамырлары қызметтерінің біріккен жеткіліксіздігі.
Қанайналым жеткіліксіздігі: қауырт (тез дамитын) және созылмалы (баяу дамитын) болып екіге бөлінеді. .....