Бухгалтерлік есеп | ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ АКТИВТЕРДІҢ ЕСЕБІ

КІРІСПЕ
Елімізде өтіп жатқан нарықтық қатынастар тек экономиканы дамыту үшін ғана емес, бүкіл қоғамдық өмір үшін де орасан зор маңызы бар екендгін республикамыздың тәуелсіздігінің 16 жылы ішінде атқарылған жұмыстар көз жеткізе дәлелдейді. Реформа қалыптасқан экономикалық қатынастарға елеулі өзгерістер енгізді және сайып келгенде әрбір еңбекшінің мүддесін қамтыды. Сондықтан бұған дейінгі ынта-ықыластың уақыт өткен сайын әлсіремейтіндігін, қайта арта түсетіндігін өмір көрсетіп отыр.
Нарықтық экономика жағдайында өндірілетін өнім мен көрсетілетін қызметтің негізгі, яғни оның тиімділігі мен ұқыптылығы - бұл кәсіпорындағы бухгалтерлік есептің дұрыс жолға қойылуынан бастау алатындығы сөзсіз. Міне, сондықтан да, бұл деңгейде қоғамға қажетті өнім өндіріліп, қызмет көрсетілуі үшін бухгалтерлік есепті дамытуымыз қажет. Өнімдерді өндіру барысында ресурстарды үнемдеп жұмсап, жоғарғы өнімді техникалар мен технологияларды қолдану мәселелері кең түрде шешімін тапса, онда кәспорындарда өнім өндіру және оны сатуға қатысты кететін шығындарды мейлінше азайтуға қол жетеді.....
Курстық жұмыстар
Толық

Бухгалтерлік есеп | ТОО «ЭГОФОМ» негізінде материалдық емес активтерді қабылдау тәртібі және құжаттарды дайындау

КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастардың дамуы шаруашылық әдістерін және формаларын қайта өзгертудің объективті қажеттілігін тудырады. Нарық жағдайына бейімделудің қиындығына қарамастан елде ғылыми-техникалық саясат, әлеуметтік-экономикалық қызметтің жаңа әрі озық нарықтық бағытын түбегейлі және қолданбалы зерттеу белсенділікпен жүргізілуде. Елдің микроэкономикасын басқаруға аса қажетті әртүрлі бизнес салаларындағы шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметін талдау, аудит және басқару есебі сияқты арнайы қолданбалы ғылымдарға ерекше маңыз беріліп отыр.
Нарықтық экономика жағдайында басқаруды жетілдіруде бухгалтерлік есептің мәні мен ролі артуда. Басқару мен нарықтық экономиканың дамуына, әртүрлі деңгейдегі басқару шешімдерін әзірлеуге, субъектінің нарықтағы іс-қимылын анықтауға, сондай-ақ субъектілердің қаржылық және шаруашылық қызметі туралы сапалы, уақтылы ақпараттарды қалыптастыру бухгалтерлік есептің басты мақсаттары болып табылады.
Бухгалтерлік есеп – экономикалық білім жүйесіндегі негізгі пәндердің бірі, әрі оны мамандығым деп таңдағандар үшін аса маңызды. Ол шаруашылық жүргізуші кез-келген субъект қызметінде жетекші орын алады. Бухгалтерлік есептің мәліметтері негізінде бүкіл шаруашылық қызметтің іс-әрекеті сипатталып, қаржылық жағдайы ашық көрсетіледі.
Микроэкономикалық деңгейдегі даму туралы айтар болсақ, өндіріс тиімділігінің маңызды бағыттарының бірі – субъектінің активтерін пайдалануын жетілдіру, олардың қайтарымдылығын өсіру, олардың тұрақты және реттелген кеңейтілген ұдайы өндірісін жетілдіру. Бұл кез-келген шаруашылықтың материалдық және қаржылық ресурстарының шектеулілігімен тікелей байланысты. Субъектінің активтерін толық пайдалану еңбек өнімділігін өсіруге, ағымдағы өндіріс шығындарын азайтуға, оның басқа сапалық көрсеткіштерін жақсартуға және пайда үлесін арттыруға мүмкіндік береді.....
Курстық жұмыстар
Толық

Бухгалтерлік есеп | ТОО «ЭГОФОМ» негізінде материалдық емес активтерді қабылдау тәртібі

КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастардың дамуы шаруашылық әдістерін және формаларын қайта өзгертудің объективті қажеттілігін тудырады. Нарық жағдайына бейімделудің қиындығына қарамастан елде ғылыми-техникалық саясат, әлеуметтік-экономикалық қызметтің жаңа әрі озық нарықтық бағытын түбегейлі және қолданбалы зерттеу белсенділікпен жүргізілуде. Елдің микроэкономикасын басқаруға аса қажетті әртүрлі бизнес салаларындағы шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметін талдау, аудит және басқару есебі сияқты арнайы қолданбалы ғылымдарға ерекше маңыз беріліп отыр.
Нарықтық экономика жағдайында басқаруды жетілдіруде бухгалтерлік есептің мәні мен ролі артуда. Басқару мен нарықтық экономиканың дамуына, әртүрлі деңгейдегі басқару шешімдерін әзірлеуге, субъектінің нарықтағы іс-қимылын анықтауға, сондай-ақ субъектілердің қаржылық және шаруашылық қызметі туралы сапалы, уақтылы ақпараттарды қалыптастыру бухгалтерлік есептің басты мақсаттары болып табылады.
Бухгалтерлік есеп – экономикалық білім жүйесіндегі негізгі пәндердің бірі, әрі оны мамандығым деп таңдағандар үшін аса маңызды. Ол шаруашылық жүргізуші кез-келген субъект қызметінде жетекші орын алады. Бухгалтерлік есептің мәліметтері негізінде бүкіл шаруашылық қызметтің іс-әрекеті сипатталып, қаржылық жағдайы ашық көрсетіледі.....
Курстық жұмыстар
Толық

Бухгалтерлік есеп | Материалдық емес активтердің есебі

Кіріспе
Біз қазіргі жағдайда жұмыс істеп тұрған нарықтық экономиканы құр- дық. Экономикамыз бен әлеуметтік өміріміз жақсара бастады.Оның ақын көрінісі Қазақстан ТМД елдерінің ішінде бірінші болып тұрақты әлеуметтік – экономикалық қамтамасыз етті,ал мұны жетекші халықаралық сарапшылар- дың өзі мойындап отыр.Экономикамыздың тұрақты стратегияны жүргізуінің нәтижесінде бүгінде Қазақстан дамыған елдердің қолданып жүрген халықаралық бухгалтерлік есеп стандартына,заңдарын және икемді салық жүйесін толық пайдалануға талпыныс жолында.Бухгалтерлік есепте материалдық емес активтердің анықтамасы негізгі құралдардың анықтамасына сәйкес келеді,яғни жай қызметтер үрдісінде сатуға арналмаған және ұзақ мерзімге пайдалану мақсатымен сатып алынады. Егер оларды пайдаланудан болашақта табыс алынады деген ықтималдылық болса және егер оларды сенімді бағалауға болатын болса ғана олар танылады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Бухгалтерлік есеп | Материалдық емес активтердің амортизациясын есептеу

Негізгі құралдар, оларды жіктеу және бағалау
Кез келген өндіріс өз қызметіне құрал-жабдықтарын тартса ғана жүреді, ал ол еңбек заттары (шикізат, материалдар, сатып алынған жартылай фабрикаттар) және еңбек құралдары (машина, станок) болып бөлінеді. Бұл арада еңбек құралдарының құрамы сыртқы белгісімен емес, олардың өндіріс процесінде атқаратын роліне қарап анықталады. Мысалға, заводта дайындалған бу қазаны сол зауыт үшін дайын өнім болып саналады; ал орнату үшін сатып алған субъект үшін осы қазан еңбек құралы болып табылады. Осы қазанды келешекте қайта сатуға алса, онда ол тауар болып табылады.
Негізгі құралдар материалдық өндіріс саласында да, өндірістік емес(әлеуметтік) салада да ұзақ уақыт бойы (бір жылдан астам) қызмет етеді.
Осы негізгі құралдарға: жер;үйлер;ғимараттар;көп жылдық екпе ағаштары; машиналар және құрал-жабдықтар (соның ішінде автоматты машиналар және құрал-жабдықтар); машиналар және жабдықтар; өлшеу және реттеу аспаптары және қондврғылар мен лабараториялық жабдықтар; есептеу техникасы; басқа да машиналар мен құрал-жабдық;көлік құралдары;құрал-сайман; өндірістік мүлік және жабдықтар; шаруашылық мүлкі; жұмысшы және өнім беретін мал; ....
Курстық жұмыстар
Толық

Есеп және аудит | Материалдық емес активтердің есебі мен аудиті

Нарықтық қатынастардың технологиялық өзгерістерінің тез әрі қарқынды түрде дамуына байланысты бәсекеге қабілеттілікті тек материалдық және қаржылық факторлармен қамтамасыз ету мүмкін емес. Бұндай жағдайда бәсекеге қабілеттілігі мен табыстылығын жоғарлататын құрал ретінде ұйымның қызметінде материалдық емес сипаттағы факторларды қолдану экономикалық қатынатарға түсушілердің ерекше қызығушылығын арттырады. Айналымдағы емес құралдардың құрамында материалдық емес активтердің болуы ұйымның нарықтық құнын ұлғайтады, инвестициялық тартымдылығын жоғарлатады, қиянатшыл бәсекелестіктен қорғайды, сыртқы және ішкі нарықта бәсекелестіктердің артықшылықтарын қамтамасыз етеді.
Алайда, материалдық емес активтер объектілерін құрғанда, қайта бөлгенде және коммерциялық айналымға қатыстыру кезінде оларды қолданумен, есептеумен, басқарумен, аудитпен және талдаумен байланысты көптеген мәселелер туындайды. Заңнамалық базаның жетілдірілмеуі, материалдық емес активтер объектісінің нақты сыныптамасының болмауы, материалдық емес активтер объектісінің есебінің, талдауының және аудитінің әдістерінің теориялық жетілдірудің жетіспеуі сияқты және басқа да мәселелер зерттеу үшін бүгінгі күні біршама өзекті болып келеді.
Айта кететін жай, бұған дейін біздің елімізде материалдық емес активтер түсінігінің өзі болмаған. Нарықтық қатынастардың дамуына қарай бұл түсінік
Қазақстандық бухгалтерлік есеп теориясына кіре қоймай, сонымен қатар тәжірибеде қолданыла бастады. Материалдық емес активтердің есебі, талдауы және аудиті көптеген сұрақтар туғызады, бұл зерттелетін тақырыптың тәжірибелік маңыздылығын және қажеттілігін куәландырады. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

"Самұрық-Қазына" компанияларын жаппай сатып жатыр

Бүгін Астанада «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының басшылығы ірі xалықаралық компаниялар, инвесторлар мен банктердің 300-ге жуық өкілімен кездесу өткізді. Қордың Активтерді жекешелендіру департаментінің директоры Дәурен Тасмағамбетов 217 компания сатылатынын айтты, деп хабарлайды baq.kz.
Жаңалықтар
Толық