» » » Курстық жұмыс: Бухгалтерлік есеп | ТОО «ЭГОФОМ» негізінде материалдық емес активтерді қабылдау тәртібі және құжаттарды дайындау

Курстық жұмыс: Бухгалтерлік есеп | ТОО «ЭГОФОМ» негізінде материалдық емес активтерді қабылдау тәртібі және құжаттарды дайындау

Курстық жұмыс: Бухгалтерлік есеп | ТОО  «ЭГОФОМ» негізінде материалдық емес активтерді қабылдау тәртібі және құжаттарды дайындау казакша Курстық жұмыс: Бухгалтерлік есеп | ТОО  «ЭГОФОМ» негізінде материалдық емес активтерді қабылдау тәртібі және құжаттарды дайындау на казахском языке
Мазмұны
КІРІСПЕ 3
1 МАТЕРИАЛДЫҚ ЕМЕС АКТИВТЕРДІ ЕСЕПКЕ АЛУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 6
1.1 Материалдық емес активтер және олардың сипаттамасы 6
1.2 Материалдық емес активтерді бағалау және тану 11
1.3 Материалдық емес активтердің амортизациясы 13
2 ТОО «ЭГОФОМ» НЕГІЗІНДЕ МАТЕРИАЛДЫҚ ЕМЕС АКТИВТЕРДІ ҚАБЫЛДАУ ТӘРТІБІ ЖӘНЕ ҚҰЖАТТАРДЫ ДАЙЫНДАУ 16
2.1 Материалдық емес активтерді қабылдау мен есепке алуда құжаттарды дайындау 16
2.2 Материалдық емес активтерді айналымнан шығарғанда, сатқанда құжаттарды даярлау 19
2.3 Материалдық емес активтердің амортизациясын есепке алу және түгелдеу 20
3 МАТЕРИАЛДЫҚ ЕМЕС АКТИВТЕР ЕСЕБІН «1С КӘСІПОРЫН» ЖҮЙЕСІНДЕ ЖҮРГІЗУ 23
3.1 «1С Кәсіпорын» жүйесі туралы жалпы сипаттама 23
3.2 Материалдық емес активтер есебін және амортизациясын «1С Кәсіпорын» жүйесінде жүргізу 24
ҚОРЫТЫНДЫ 27
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 29
ҚОСЫМШАЛАР 30

КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастардың дамуы шаруашылық әдістерін және формаларын қайта өзгертудің объективті қажеттілігін тудырады. Нарық жағдайына бейімделудің қиындығына қарамастан елде ғылыми-техникалық саясат, әлеуметтік-экономикалық қызметтің жаңа әрі озық нарықтық бағытын түбегейлі және қолданбалы зерттеу белсенділікпен жүргізілуде. Елдің микроэкономикасын басқаруға аса қажетті әртүрлі бизнес салаларындағы шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметін талдау, аудит және басқару есебі сияқты арнайы қолданбалы ғылымдарға ерекше маңыз беріліп отыр.
Нарықтық экономика жағдайында басқаруды жетілдіруде бухгалтерлік есептің мәні мен ролі артуда. Басқару мен нарықтық экономиканың дамуына, әртүрлі деңгейдегі басқару шешімдерін әзірлеуге, субъектінің нарықтағы іс-қимылын анықтауға, сондай-ақ субъектілердің қаржылық және шаруашылық қызметі туралы сапалы, уақтылы ақпараттарды қалыптастыру бухгалтерлік есептің басты мақсаттары болып табылады.
Бухгалтерлік есеп – экономикалық білім жүйесіндегі негізгі пәндердің бірі, әрі оны мамандығым деп таңдағандар үшін аса маңызды. Ол шаруашылық жүргізуші кез-келген субъект қызметінде жетекші орын алады. Бухгалтерлік есептің мәліметтері негізінде бүкіл шаруашылық қызметтің іс-әрекеті сипатталып, қаржылық жағдайы ашық көрсетіледі.
Микроэкономикалық деңгейдегі даму туралы айтар болсақ, өндіріс тиімділігінің маңызды бағыттарының бірі – субъектінің активтерін пайдалануын жетілдіру, олардың қайтарымдылығын өсіру, олардың тұрақты және реттелген кеңейтілген ұдайы өндірісін жетілдіру. Бұл кез-келген шаруашылықтың материалдық және қаржылық ресурстарының шектеулілігімен тікелей байланысты. Субъектінің активтерін толық пайдалану еңбек өнімділігін өсіруге, ағымдағы өндіріс шығындарын азайтуға, оның басқа сапалық көрсеткіштерін жақсартуға және пайда үлесін арттыруға мүмкіндік береді.
Осыған байланысты активтердің есебі мен экономикалық мазмұнын, кәсіпкерлік қызметтегі ролі мен орнын дұрыс түсіну оларды тиімді пайдалану жолдарын анықтау өндірістің экономикалық нәтижелеріне оң әсер тигізеді.
Әр қоғамның өмірінде материалды өндірістен басқа рухани өмір маңызды орын алады. Адам туылған кезінен бастап ойлауға, шығармашылыққа, ғылым мен өнер туындыларын жасауға қабілетті болып келеді. Мұндай әрекеттердің нәтижелері әрбір халықтың, мемлекеттің сонымен қатар жалпы адамзаттың рухани және интеллектуалдық потенциалын құрайды және арттырады. Ол жетістіктер интеллектуалдық меншік деп аталады, ал есеп жүйелерінің мақсатында оларды материалдық емес активтерге жатқызады.
Қоғамның ғылыми және рухани потенциалы дұрыс әлеуметтік-экономикалық саясатпен бірге қоғамның алға қойған мақсаттарына жетуін қамтамасыз етеді. Бұл Қазақстан үшін өте маңызды болып отыр. Елімізде шикізат пен энергия тасымалдаушыларды сыртқа шығаруға ғана сеніп қоймай, міндетті түрде ғылымсиымды және күрделі өндірістерді дамыту керек, әлемдік технологиялық еңбек бөлінісінде өз орнын табуға көңіл бөлу керек.
Материалдық емес активтер Қазақстанның есеп жүйесінде ең алғаш Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының Қаржы министрлігінің 1991 ж. 1 қарашадағы № 56 бұйрығымен енгізілді. Сол кезге дейін материалдық емес активтер жалған капитал деп есептелді.
Бухгалтерлік есепте материалдық емес активтердің болмауы кәсіпорындардың қаржылық көрсеткіштерінің бұрмалануына ұшыратты. Өндірісте бірінші рольде тұратын нақты бар капитал – интеллектуалдық меншіктің болуы теріске шығарылды, ал бұл активтерді мойындап, олардың бағасын білгендер үшін үлкен пайдаларға қол жеткізуге мүмкіндік болды.
Дамыған елдерде әуендер мен әндер, фильмдер мен кітаптар, күрделі химиялық өнімдер, дәрі-дәрмектер мен тағамдық қоспалар, үнемді экологиялық таза технологиялар, электронды есептеуіш машиналарға арналған интегралдық микросхемалар мен бағдарламалық өнімдер сияқты шығармашылық интеллектуалдық әрекет нәтижелерімен сауда жүргізу басты табыс көзіне айналуда.
Қазақстан Республикасы орын тепкен нарықтық қатынастардың ақиқатын түсіне отырып, интеллектуалдық меншік мәселелерін реттеудің нормативтік-құқықтық негізін жасады, адамның шығармашылығының барынша елеулі объектілерінің мәртебесін анықтады. Бұл саладағы нормативтік құқықтық актілер жеткілікті базаны қалыптастырады және әлемде белгілі материалдық емес активтерді толық дерлік қамтиды.
Ұйымның қаржылық-шаруашылық қызметінде материалдық емес активтерді сауатты және дұрыс анықтау, рәсімдеу, бағалау мен есептеу бизнес нәтижелері мен фирма бағасына тікелей әсер етіп өте маңызды роль ойнайды.
Осы курстық жұмыстың зерттеу объектісі «ЭГОФОМ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі болып табылады.
Курстық жұмыстың мақсаты – кәсіпорын қызметіндегі, бухгалтерлік есептегі материалдық емес активтердің алатын орнын қарастыру, олардың түрлерін, бағалау тәсілдерін, «ЭГОФОМ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі есебін ұйымдастыруды, аудитін жүргізуді меңгеру болып табылады.
Курстық жұмыстың алдына қойған мақсатқа жету үшін жұмысты орындау барысында келесідей міндеттерді шешу қарастырылған:
 материалдық емес активтер туралы әртүлі әдебиеттерді пайдалана отырып, материалдық емес активтердің экономикалық мәнін айқындау мен нақтылау;
 материалдық емес активтердің түрлері мен қолданылу аясын қарастыру;
 материалдық емес активтердің амортизациясын есепке алу мен есептеуді меңгеру;
 «ЭГОФОМ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі материалдық емес активтердің есебін ұйымдастыруды меңгеру;
 материалдық емес активтердің есебін 1 С бағдарламасы негізінде жетілдіруді қарастыру;
Курстық жұмыс үш тараудан тұрады. Алғашқы тарауда материалдық емес активтердің сипаттамасы және бөліну түрлері, оларды бағалау мен амортизациясын есепке алу қаралды.
Екінші тарауда материалдық емес активтердің есебін жүргізудің жалпы ережелері және оларды есептеу мен бағалау, олардың қозғалысының есебін ұйымдастыру және халықаралық стандарттар бойынша жетілдіру жолдары қарастырылады.
Үшінші тарауда материалдық емес активтер есебі қазіргі күнгі 1С бағдарламасы негізінде қарастырылады.
1 МАТЕРИАЛДЫҚ ЕМЕС АКТИВТЕРДІ ЕСЕПКЕ АЛУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Материалдық емес активтер және олардың сипаттамасы
Материалдық емес активтер — бұл өндірісте ұзак мерзім бойына пайдалану үшін немесе тауарларды (жұмыстарды, кызметтерді), сатуға, әкімшілік мақсатқа және басқа субъектіге жалға беруге арналған табиғи нысаны (мәні) жоқ ақшалай емес активтер. Бұл активтерді анықтауға болады, олар субъектінің күшімен бақыланады және оларды пайдаланудан субъект болашақта экономикалық олжа табады деп күтіледі.
Материалдық емес активтерді анықтауға болады:
 егер де оларды жалға берсе, сатса, айырбастаса;
 болашақта алынатын экономикалық олжаға олардың тікелей қатысы болса.
Материалдық емес активтерді субъект бақылай алатын болса, онда оның экономикалык олжа табу мүмкіндігі ашылады. Келешек экономикалық олжа, осы материалдық емес активпен тікелей байланысты, егер олар мынадай жағдай алынса:
 болашақ экономикалык олжаны өсіруде материалдық емес активтердің ролі аныкталса;
 субъектінің осы активті пайдалану қабілеттілігі мен ниеті болса;
 бүгінгі күнге пара-пар қаржылық, техникалық және басқа да ресурстар бар болып, субъектіге болашақта күтілетін экономикалық олжаны алуға колайлы жағдай туғызса. [2, 98-б]
Материалдық емес (ұстап көруге болмайтын) активтер — нақты табиғи нысаны жоқ сезілмейтін құндылыққа ие болғанымен материалдық активтердің де, материалдық емес активтердің де құрамында кездесуі мүмкін.
Мысалға, кәсіпорын технологиялық құрал-жабдьқты басқару үшін, оны компьютерлік бағдарламамен камтамасыз ету керек, өйткені онсыз құрал-жабдықтар қызмет ете алмайды. Сондыктан, бағдарлама құрал-жабдықтың бөлінбейтін бөлігі болып саналады. Осыдан, компьютерлік бағдарламамен қамтамасыз етуді ненің құрамында екенін пайымдап ақыл-парасатпен анықтау керек, өйткені ол негізгі құралдың да, материалдық емес активтің де құрамында есептелуі мүмкін.
Кейбір материалдық емес активтер физикалық заттың (алып жүрушілердің) құрамында болады, атап айтсақ: компьютерлік бағдарламамен камтамасыз ететін — дискетте, фильм-лентасында, заңды кұжаттау (лицензия, патент) — қағазда болады, бірақ дискет те, лента да, кағаз да өз кезегінде қосалқы элементтер болып табылады және олар активтің мәнін анықтау үшін негіз бола алмайды.
Бұған карамастан, материалдық та, материалдық емес активтердің де есебінде көптеген ұқсастықтар бар, бірак соңғының есебінде теңестіру немесе ұқсастыру, өлшеу, пайдалы қызмет ету мерзімін бағалау (анықтау) сияқты аспектілері өте күрделі болып саналады.
Кейбір материалдық емес активтер фирманың басқа да активтеріне жеке теңестірілуі мүмкін, мысалға, патент, сауда маркісі сияқтылары, ал басқалары болса жеке теңестірілмеуі мүмкін, керісінше, осындай материалдық емес активтердің кұны басқа да фирманың активтерімен тығыз байланыста шығарылуы мүмкін: бұндай материалдық емес активтің қатарына гудвилл жатады, ол клиенттердің сеніміне немесе қызметкерлердің машықтық деңгейіне негізделеді. Мысал: Жоғары радиациялық (сәуле шашатын) зонада орналасқан фармацевтикалық "Феникс" кәсіпорны дәрі-дәрмек препаратын өндіретін фармацевтикалық "Бота" фирмасымен лицензиондық келісім жасасты делік. Ол радиациондық сәуленің әсерінен болатын ауруларды емдеу үшін қажет.
Компанияның келешектегі экономикалык пайдасы (олжасы) жоғарыда аталған лицензиондық келісіммен де тікелей байланысты болады, егер де:
- сол жерде тұратын халықтың шығарылатын препаратқа деген сұранысы жоғары болса және онда жүргізілген әлеуметтік мәселелерге, сондай-ақ өндірілетін препараттың келешекте үлкен экономикалык пайда әкелетіндігіне толык сенім болса;
- препарат өндіру үшін компания басшылығы келісімді пайдалануға ниет білдіріп, ол оның бизнес-жоспарында көрініс тапса;
- кредиторлардың, жасалған келісім-шартқа сәйкес, қаржылық және басқа да қажет ресурстарды беруге ынтасы бар болса.
Субъекті кей жағдайларда тиесілі занды құжаттардың құқын рәсімдемей-ақ осы экономикалык олжамен баска кәсіпорындардын шұғылдануына тиым сала алады. Егер де шығарылатын өнімнің технологиясы патенттелген болса, онда ол басқа субъектінің айналысуына тиым салады. [4, 120-б]
Материалдық емес активтерге: лицензиондык келісімдер, компьютерлік бағдарламамен қамтамасыз етулер, патенттер, авторлық құқықтар, тауар белгілері, қызмет ету белгілері, фирма атаулары, тәжірибелі-конструкторлық жұмыстар және т.б.
Материалдық емес активтер (МЕА) шартты түрде 4-топқа бөлінеді.
1. Өндіріспен байланысты материалдық емес активтер. Бұл топқа "ноу-хау", ЭЕМ мен мәліметтер базасын бағдарламалық жабдықтау, интегралды микросхемалар технологиясы, ұйымдастыру шығындары, белгілі бір формуланы пайдалану технологиясы немесе өнімнін сыртқы бейнесі, өнеркәсіптік үлгілері, сервитуттары және тағы басқалары жатады. "Ноу-хау" - құжаттама өндірістік озық тәжірибесін құжатталған түрінде керсетілген нысан және т.б. түрінде керінетін техникалық білімдерін айқындау үшін халыкаралық қатынастарда қолданылатын термин.
Кең мағынасында "ноу-хау" техникалық құжаттама түрінде рәсімделген, бірақ патенттелмеген, белгілі бір өндірістің түрін ұйымдастыруға қажетті өндірістік тәжірибесінің техникалық, коммерциялык және басқа да қыр-сырларын көрсететін білім жиынтығы. Лицензиялык келісім-шарттарда, техникалық ынтымақтастық туралы шарттарда, лизингте, "кілті қолма-қол" тапсырылатын кұрылыста және т.б. кызмет көрсетудің сан алуан түрлерінде кеңінен қолданылады. Жаңалықтар патенті, тауар белгілері, авторлык, құқықтар мен патенттік акдараттар субъектінің меншігі болып табылады. Кәсіпорын "ноу-хаудың" кұпиясын сақтап, оны пайдаланудан түскен табыстарын бақылай алған жағдайда ғана материалдық емес активтің анықтамасына жауап бере алады.
"Ноу-хау" өзінің бағасы мен басты көрсеткіштерімен қүнды. Өзінің табиғаты және төлем нысаны жағынан ол лицензия бағасына ұқсас. "Ноу-хау" сатып алушылардан қосымша алынған табыстың есебінен калыптасады және ол оның иесіне теленетін сыйакының орнықты тағайындалған сомасы түрінде көрсетіледі. Субъект белгілі бір ақыға сатып алатын лицензиялар мен патенттерден "ноу-хаудың" өзгешелігі, ол әдетте, субъектінің жарғылықкапиталына құрылтайшының қосқан материалдық үлесі ретінде салынуы мүмкін. "Ноу-хаудың" субъект балансына алынатын құны қүрылтайшылар немесе қатысушылардың келісім-шарттарының көмегімен анықталады. [5, 101-б]
Өндірістік ақпаратты пайдалану құқықтарын есепке алу. Оған материалдық емес активтер қатарына белгілі бір уақыт кезеңі ішінде табыс әкелетін, ақыға сатып алынған өндірістік ақпарат немесе субъектінің өнімін болашақ кезеңдегі тұтынушылары туралы; шикізатпен, материалдармен және қызметтермен жабдықтау туралы, бәсекелестері туралы және тағы да басқа мәліметтер жатады.
Ұйымдастыру шыгындары. Бірлескен немесе акционерлік кәсіпорындарды құру кезеңінде пайда болған шығындар ұйымдастыру шығындарына жатқызылады. Бұл шығындар пайда болған кезеңнен бастап, материалдық. емес активтер болып есептелінеді. Бұған кәсіпорын қызметінің бастапқы кезеңіндегі шығындар мен кәсіпорынның әрбір қатысушысының ұйымдастыру шығындары кірмеуге тиіс. Мұндай шығындарға жарнамаларға кеткен шығын, кеңесшілерге төленген ақы, кәсіпорынды тіркеу, кұжаттарды дайындау, банктерде шоттарды ашу т.б. шығындары жатады.
ЭЕМ бағдарламасымен жабдықтау - кәсіпорын иемденген, ұзақ уақыт бойы пайда әкелуге қабілетті бағдарламаларды пайдалануға қажетті мәліметтерді талдау және бағдарламалық құжаттар жүйесінің жиынтығы.
2. Коммерциялык қызметпен байланысты материалдық емес активтер. Бұл топқа тауар таңбалары, тауарлардың шыққан жері және т.б. жатады.
Тауар таңбалары мен қызмет көрсету таңбалары деп тауарларды тиесілі таңбалар бойынша айыра алатын белгісін айтады. Кәсіпкерлікті жүзеге асырушы заңды немесе жеке тұлға атына тіркелсе, тауардың таңбасы құқықтық зандармен қорғалады. Тіркелген тауар таңбасының иесі тауар таңбасын қалай пайдаланамын десе де толық құқығы бар, басқа тұлғаларға пайдалануға тыйым сала алады. Тауар таңбасын немесе тауарды рұқсатсыз жасау, колдану, әкелу, сатуға ұсыныс жасау, шаруашылық айналымына өзгеріс енгізу тағы басқа осы іспеттес әрекет жасалса, онда ол тауар иесінің құқықтарына қол сұғу болып есептелінеді.
Таңбалар сөз түрінде, керкем сурет түрінде, к-лемді немесе бәрінің комбинациясы түрінде болуы мүмкін: олар кез-келген түсте немесе түстер үйлесімінде тіркеледі.
Айыру белгісі жоқ, тек бір ғана белгіден т9ратын, сондай-ақ мемлекеттік елтаңба, ту, эмблемалар, мемлекеттердің ресми аттары, халыкаралық және үкіметаралық ұйымдардың эмблемалары, толық немесе қыскартылған аттары, ресми қабылданған бақылау, кепілдік және сапасын (пробасын) көрсететін белгілері, мөрлер, марапатгау белгілері және басқа да айырым белгілерінен немесе соларға өте ұқсас, аралас деңгейіндегі белгілерден тұратын тауар таңбалары рұқсат етілмейді. Тауарды, тұтынушыны немесе жасаушыны жаңылыстыратын элементтері бар, қоғамдық мүдделер мен адамгершілік принциптеріне кайшы келетін тауар таңбалары да тіркелмейді.
Занды немесе жеке тұлға тіркелген барлык тауарға немесе оның бір бөлігіне қатысты тауар таңбасын, оның иесінің келісімі бойынша бере алады. Бұл әрекет лицензиялық келісім бойынша белгіленген тәртіпке сай істелінеді.
Тауардың шыққан жерінің атауы - тауарды таңбалау үшін пайдаланылатын елдің, елді мекеннің, жердің немесе баска географиялық объектінің атын қоса және басқа да ерекшеліктері арқылы сипатталады.
Тауардың шықкан жерінің атауы географиялык объектінің тарихи атауы болуы мүмкін. Ол белгіленген тәртіп бойынша тіркеледі. Тауардың шыкқан жерінің атауын пайдалану деп оны тауарда, қорабында, жарнамада, проспектілерде, банкілерде және басқа да тауарды шаруашылық айналымына енгізуге байланысты басқа да құжаттарды пайдаланғанды санайды.
Тауар таңбасы мен тауардың шыққан жерінің атауы бәсекелестіктің әрекет етуші құралы болып табылады. Мысалы, ТМД елдерінде жасальнған өнімдер арасында шетелдік және ішкі нарықта сатылатын "Белорусь" (тракторлары), "Зенит" (фототауарлары), "Новое заря" (парфюмериясы), "Лада" (автомобильдері), "Рахат" (конфеттері) "Слава" және "Чайка" (сағаттары) және т.б. тауарлық белгілермен бұйымдарды шығарушылар өздерінің сенімді де іскер екендіктерін танытып отыр. Сонымен қатар, шетелге енім шығарушы кәсіпорындар тауар таңбаларымен тауарлардың шығу орындарының атын қорғауды да қамкорлыққа алғаны жөн, себебі, мұндай қорғаудың болмауы ұқсас немесе дәл сондай шетелдік тауар таңбаларын пайдалану, арам пиғылды бәсекелестіктің де нәтижесі болып табылатын, кездейсоқ қайшылықтарға ұрындыруы мүмкін. Ал енді географиялык, белгілеулерге келсек, олардың арасынан тауарлардың жасанды таңбалары өте жиі кездеседі, өйткені ол кәсіпорынның танымал болуына септігін тигізеді және ол тауарлардың сату мүмкіндігін кеңейтеді, сатып алушылардың санын өсіреді.
Сондықтан нарықтық экономика жағдайында тауар таңбасы кәсіпорынның өте қымбат тұратын активі болып табылады, себебі компания оны сата алады немесе жарғылык капиталға қосқан үлесі ретінде пайдалану құқығын береді. Бірақ ол үшін тауар таңбасының құнын білу керек. Есеп тәжірибесінде кәсіпорынның тауар таңбасын бағалаудың бірнеше әдісі бар: өзіндік құн, сатып алу құны, нарықтық құны бойынша бағалау. Алайда, меншікті тауар таңбаларын өзіндік құны аркылы есепке алған дұрыс болса, сатып алынған тауар таңбасын немесе тауар таңбасын пайдалану лицензиясын сатып алу құнымен, ал жарғылық капиталға үлес ретінде салынған тауар таңбасын нарықтық құнымен есепке алған жөн. Тауар таңбасының нарыктық құнын анықтау үшін арнайы есептеулер жүргізу керек. [6, 108-б]
Тауарлық таңбалар, қызмет көрсету таңбалары, тауардың шығу орындарының атауын қорғау және қолданумен байланысты туындаған құқыктық, экономикалық және ұйымдастыру қарым-катынастары 1993 жылғы қаңтардың 18-і күні Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі кабылдаған "Тауарлық таңбалар, қызмет көрсету таңбалары және тауарлар шығарылған жерлердің атауы туралы" Қазақстан Республикасы Заңымен реттеледі......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!

Автор: almira777 | 16 | 10.02.2019


Загрузка...
Читайте также
Курстық жұмыс: Бухгалтерлік есеп | ТОО  «ЭГОФОМ» негізінде материалдық емес активтерді қабылдау тәртібі
Курстық жұмыстар жинағы [тегін]
Курстық жұмыс: Бухгалтерлік есеп | ТОО «ЭГОФОМ» негізінде материалдық емес активтерді қабылдау тәртібі
Курстық жұмыс: Банк ісі | МАТЕРИАЛДЫҚ ЕМЕС АКТИВТЕР ЕСЕБІН «1С КӘСІПОРЫН»
Курстық жұмыстар жинағы [тегін]
Курстық жұмыс: Банк ісі | МАТЕРИАЛДЫҚ ЕМЕС АКТИВТЕР ЕСЕБІН «1С КӘСІПОРЫН»
Курстық жұмыс: Экономика | Кәсіпорындағы материалдық емес активтер есебі істен шығару себептері және құжаттарын дайындау
Курстық жұмыстар жинағы [тегін]
Курстық жұмыс: Экономика | Кәсіпорындағы материалдық емес активтер есебі істен шығару себептері және құжаттарын дайындау
Курстық жұмыс: Банк ісі | МАТЕРИАЛДЫҚ ЕМЕС АКТИВТЕР ЕСЕБІ
Курстық жұмыстар жинағы [тегін]
Курстық жұмыс: Банк ісі | МАТЕРИАЛДЫҚ ЕМЕС АКТИВТЕР ЕСЕБІ
Курстық жұмыс: Экономика  | Айналымнан тыс активтер
Курстық жұмыстар жинағы [тегін]
Курстық жұмыс: Экономика | Айналымнан тыс активтер
Курстық жұмыс: Бухгалтерлік есеп | Материалдық емес активтердің есебі
Курстық жұмыстар жинағы [тегін]
Курстық жұмыс: Бухгалтерлік есеп | Материалдық емес активтердің есебі
Курстық жұмыс: Экономика | Қаржылық есеп беруді жасау
Курстық жұмыстар жинағы [тегін]
Курстық жұмыс: Экономика | Қаржылық есеп беруді жасау
Дипломдық жұмыс: Есеп және аудит | Материалдық емес активтердің есебі мен аудиті
Дипломдық жұмыстар жинағы [тегін]
Дипломдық жұмыс: Есеп және аудит | Материалдық емес активтердің есебі мен аудиті

KZ / Курстық жұмыстар жинағы [тегін], курстык жумыс ТОО «ЭГОФОМ» негізінде материалдық емес активтерді қабылдау тәртібі және құжаттарды дайындау курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар бухгалтерлік есеп жобалар курстық жұмыстар, курстык жумыс ТОО «ЭГОФОМ» негізінде материалдық емес активтерді қабылдау тәртібі және құжаттарды дайындау курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа сборник готовых курсовых работ на казахском языке скачать бесплатно готовые курсовые работы проект, Курстық жұмыс: Бухгалтерлік есеп | ТОО «ЭГОФОМ» негізінде материалдық емес активтерді қабылдау тәртібі және құжаттарды дайындау дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін