Әкем кешке үйге шаршап келетін. Мен күні бойы үйде отыра беріп жалығып, оның келуін сабырсыздықпен күтетін едім. Ол есіктен кіруімен-ақ алдынан жүгіріп шығып, құшақтап, онымен ойнағым келетін. Әкем құшақтап, сүйіп: «Қане бөлмеңе бар енді» дейтін. Амал жоғынан басым салбырап бөлмеме беттейтін едім. Әкем артымнан: «Кезінде біздің бөлмеміз де жоқ еді. Мұның барлық нәрсесі бар, тағы не керек түсінбеймін»деп айқайлайтын. Бір күні, үндеместен жүретін болсам әкеммен жақсы түсінісетінімізді аңғардым. Бұл жолы үндемей істей алатын ойындар ойнай бастадым. Алдымен сурет сала бастадым. Әкем салған суреттерімді ұнатып: «Міне осылай тыныш отырып ойнасаң болады екен ғой!» дейтін. Бұдан бұлай ашуланып, бөлмеме қумайтын болды. ......
Баланың үлкенді тыңдауы, тіл алғыш болуы тәрбиеден басталады. Тәрбие заңына бағынған бала мәдениеттің не екенін түсінетін болады. Ал бала тіл алмаса не істеу керек?
Балаңыз даладан келгенде киім-кешектерін жинағанын қаласаңыз, мына әдіске жүгініңіз. Бала көріп үйренеді. Сол үшін өзіңіз даладан келгенде киімді қалай жинау керегін бір рет көрсетіңіз. Келесісінде шкафтың ішіне киімдерді жинау нұсқаулығын мынадай етіп көрсетіп қойыңыз. Балалардың көпшілігі нұсқаулықпен жүріп үйренеді, уақыт өте келе нұсқаулықты үйреншікті әдетке айналдырады. ......
Менің дипломдық жұмысым тақырыбы «Өндірістегі материалдар есебін жетілдіру және талдау» деп аталады. Бұл тақырыпты таңдаудағы себебім; шикізаттан дайын дейін өтетін процестердің бухгалтерлік есепте жүргізілуі және талдауы мен аудитін тереңірек зерттеуім нәтижесінде қызығушылық пайда болды. Қазіргі жағдайда шаруашылық жүргізуші субъектінің күрделі экономикалық тетігін нақты талдап, оны дұрыс жолға қоймайынша сонымен қоса сенімді ақпаратсыз басқару жүйесін іс жүзінде жүзеге асыру мүмкін емес. Бүгінгі таңда экономиканың барлық саласындағы жеке немесе заңды кәсіпорындардың иелері мен еңбек ұжымдары материалдар мен шикізаттарды үнемді жұмсауға, нарықтық бәсекеге сай өнім өндіруге және өнімнің сапасын жоғарылатып өзіндік құнын төмендетуге сонымен қоса айналаға зиян келтірмеуге тырысуы тиіс. Бухгалтерлік есеп қаржылық есептілік туралы 8-і №234-III ҚРЗ) заң қабылданды. Бұл заңда бухгалтерлік есептің ХБЕС-на сай жүргізілуін керектігі жазылған. Жаңа заңға көптеген өзгерту енгізіліп бухгалтерлік есептің дұрыс, әділ, дұрыс ұйымдастыру реті қарастырған. Кәсіпорынның ең маңызды пайда көзі бұл өнімді өндіру мен сату жағдайы болғандықтан аса зор роль атқарады. Кез-келген кәсіпорынның тауарлы-материалдық қорларды, ақша қаражаттарды және басқа да ресурстарды заңсыз немесе тиімсіз жұмсауға жол бермеуіміз керек. Осы қателіктерді болдырмауға бухгалтерлік есептің маңызы зор, өйткені кәсіпорынның шығындары жоғарылап тауар бағасы артатын болса онда ол кез-келген адамға немесе мемлекетке әсер етуі мүмкін. Сол себептен бухгалтерлік есеп материалдың сақталуы, шығындар нормасының төмендеуі, материалдарды тиімді қолдануы туралы мәліметтерді жинақтайды. Өнім сапасы халықаралық талаптарға сай болуы немесе ИСО 9000: 2001 сапа сертификатына сай өнім шығару. Өндірістегі материалдар есебін дұрыс жүргізілуі кәсіпорынның таза табыс табу мүмкіндігіне осы тұстан басталғандықтан жауапкершілік, ұқыптылық, ізденпаздық және басқару қабілетін өте жоғары талап етеді. ....
Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 28 – ақпанындағы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» деп аталатын Қазақстан халқына жолдауында еліміздің дамуының жаңа кезеңінде ішкі және сыртқы саясаттың аса маңызды 30 бағыты көрсетілген. Осы отыз бағыттың он төртінші бағытында Қазақстанның халықаралық экономикалық өрістегі бәсекеге толыққанды қатысуы техникалық стандарттар талаптарын орындауды талап етеді. Техникалық стандарттау өнім мен қызмет сапасын қамтамасыз ету құралы ғана емес, біздің тауарларымыз бен қызметіміздің жаһандық экономикадағы бәсекеге қабілетттілігін жүзеге асырудың міндетті шарты ретінде де қарастырылуы керек деп атап көрсетілген болатын . Қазіргі кезеңдегі нарықтық экономика көп қырлы, әр түрлі: өндірістік, коммерциялық, қаржылық және ақпараттық өзара байланысты құрылымдардан тұратын күрделі организм болып табылады. Нарықтық қатынастардың мәнін көрсететін түйінді түсініктердің бірі - бәсеке қабілеттілік. Қазақстан Республикасы ашық нарықтық экономикаға өту жағдайында ішкі, сондай-ақ сыртқы нарықтарда тұтынушы үшін күрес шын мәнінде бәсекеқабілетті өнім өндіру мен жасауды талап етеді. Ел экономикасының бәсеке қабілеттілік түсінігі көп деңгейлі және бәсекеқебілеттіліктің үш деңгейінен қалыптасады: жалпы ұлттық, салалық және кәсіпорын деңгейінде. Елдің бәсеке қабілеттілігі әр деңгейде, ұлт ортасындағы факторлар мен ерекше шарттың өзара іс-қимылдарының нәтижесі болып табылады. Ел бәсеке қабілеттілігінің соңғы деңгейі болып бәсеке қабілеттілігі бар өнім шығаратын кәсіпорын деңгейі болып табылады. Сол себепті кәсіпорында елдің негізгі бәсекелі базалық артықшылықтары кепілзатқа салынады. Бұл жерде бәсеке қабілеттілігі бар өнім түсінігі туралы сұрақ туады. Тауардың бәсеке қабілеттілігін бағалау берілген өнімнің басқа фирмалардың сәйкес өнімімен салыстыру негізінде жүргізіледі ....
Қазіргі кезде түрлі қызмет түріне байланысты программистер сол бағыттар бойынша қолданылатын программалар құрастыруда. Сол программаларды жоғарғы деңгейлі программалау тілдерінде және мәліметтер қорын басқару жүйелерінде жасайды. Сондай програмамалау тілдеріне Паскаль, Бейсик, Visual Basic, Borland Delphi, Oracle, MS Access, Visual FoxPro және тағы да басқа көптеген программалау тілдері жатады. Курстық жұмысымның тақырыбы: “Мультипликация”. Бұл орындалатын жұмысты Паскаль программалау тілінде құрастыру керек. Мұнда жасалатын программалық өнімде Паскаль программалау тілінің графикалық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, әр түрлі анимациялар құрастыру, мультипликациялық көрініс көрсету жолдарын қарастыру керек. Паскаль программалау тіліне келетін болсақ, бұл бағдарламалау тілі XVII ғасырда өмір сүрген француз ғалым-философы Блез Паскальдің құрметіне аталған. Блез Паскаль 1623 жылы францияның клермон-ферран қаласында дүниеге келді. Оның орасан зор қабілетін, әсіресе математика саласынан, сонау бала кезінен көріне бастаған. Дүниеден қайтқан соң (1662 жылы) ол бүкіл әлем біркездері білген ұлы математик ретінде тарихта қалды. Ол математика облысының бір бөлігі ықтималдар теориясының негізін қалады. Математикадан басқа Паскальдің таланты физика, философия, әдебиеттану салаларынан да көрінді. Сол сияқты 1642 жылы әкесінің жұмысын жеңілдету мақсатында есептеу машинасын ойлап тапты. Оның әкесі салық жинаушы болғандықтан, бұл машина есептеу жұмыстарында өте қажет еді. Есептеу машинасы ғалымдарға белгілі болғанымен, әлемге әйгілі емес еді. Қазіргі кезде Паскальдің аты Бейсик тілі сияқты программалау тілдерінде қолданылады. Бұл тілді құрастырушы Швецариядағы жоғарғы политехникалық мектептің информатикалық институтының профессоры Никлаус Вирт болып табылады (1970 жылы). Паскаль тілі дүние жүзіне кең тараған программалау тіліне айналды. Қазіргі кезде Паскаль тілі қолданбалы программалар жазу үшін және жүйелі программалау тілі ретінде де кеңінен қолданылады. Сонымен бірге көптеген мини және макрокомпьютерлерді қамтамасыз ету осы тілде жазылған. Паскаль тілі бұрын құрылған (Фортран, Алгол және т.б.) программалау тілдерін маңызды ерекшелігі ол құрылымдық программалау тілдерінен маңызды ерекшелігі ал құрылымдық программалау идеясын өмірге біртіндеп енгізу - Паскаль тілінің тағы бір ерекшелігі ол деректер құрылымының концепциясының алгоритм түсінігімен қатар программалаудың негізіне жатқан фундаментальды түсініктер қатарына кіруі. ....
Кез келген ұйымның болашақтағы жетістігі персоналының клалиффикациясынан ғана емес, сонымен қатар кадрларды дұрыс пайдалануына және оларды ықтималды басқаруына байланысты болады. Персоналы басқару- жаңа ғылым емес, бірақ соған қарамастан көп уақыт бойы біздің елімізде оған аса көп көңіл бөлінген жоқ. Өкінішке орай, біздің елімізде бизнестің алғашқы өмірінен бастап тек аз шығын шығару арқылы қысқа мерзімді пайда алуға негізделген. Сондықтан адам ресурсына аз көңіл бөлінген, өйткені ол ұзақ мерзімді және көп шығынды қажет етеді. Сонымен бірге Қазақстандағы еңбек нарығындағы жұмыс күшінің шамадан тыс көп блуыда әсерін тигізді. Бірақ өткен 10 жылдық реформалар бұл көзқарастын дұрыс емес екндігін көрсетеді. Қазіргі Қазақстанда сенімділік абыройы жоғары бағаланады. Жақсы абыройдын негізгі құраушысы персоналдың жоғары біліктілігі болып табылады. Егерде адам колективын басқару кезінде әлеуметтік-психологиялық даму заңдылығы назарға алынбаса және кадрларды таңдау кезінде дұрыс көңіл бөлінбесе колективте қарама-қайшылықтар туындайды, жұмыс нәтижелігі төмендейді және жұмысшылардың жұмыстан шығу саны көбееді. Кейін уақыт өте көптеген қолайсыз мәселелер пайда болады. Ғылыми зерттеулер көрсеткендей мемлекеттік комерциялық кәсіпорындар аса көп көңілді қаржы менеджментіне бөледі. Ал персонал басқару объектісі болып табылады, сондықтан оған аз көңіл бөлінеді. Сондықтан өкінішке орай көптеген кәсіпорындарда ұйым персоналын басқару дұрыс дамымаған. Бүгінгі таңда бәсекелестік фирмалар техника жағынан ұқсас жабдықталған және бірдей өндірісті ұйымдастыру мен маркетингтін амал-тәсілдерін қолданады, сондықтан бәсекелестік күресте фирмалар арасында айырмашылық персоналда және персоналды басқару жүйесінде көрінеді. Қазіргі уақытта кәсіпорындар үшін білікті мамандарды іздеу өте маңызды болып келеді. Жақсы білікті мамандарды өзіне тарту үшін кәсіпорын басшылары үлкен жалақы көлемін төлеуге және жаксы жағдайлар жасауға дайын.....
Ел президентінің 1997 жылдың 10 қазандағы « Қазақстан 2030 ». Барлық қазақстандықтардың өсіп - өркендеуі, қауіпсіздігі және әл – ауқатының артуы атты Қазақстан халқына жолдауында ұзақ мерзімді басымдық ретінде ұлттық қауіпсіздік айқындалды, оның құрамының бірі ақпараттық қауіпсіздік болып табылады.Қазақстан Республикасының ақпараттық қауіпсіздік тұжырымдамасы ҚР – ның конституциясының және «ҚР – ның Ұлттық қауіпсіздігі туралы» 1998 жылғы 26 маусымдағы, « Мемлекеттік құпиялар туралы » 1999 жылғы 15 наурыздағы, « Терроризмге қарсы күрес туралы » 1999 жылғы 13 шілдедегі, « Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы » 2003 жылғы 7 қаңтардағы, « Ақпараттандыру туралы » 2003 жылғы 8 мамырдағы, « Экстремизмге қарсы іс – қимыл туралы » 2005 жылғы 18 ақпандағы.ҚР – ның заңдарының, ҚР – ның президентінің 2006 жылғы 18 тамыздағы № 163 жарлығымен мақұлданған. ҚР – ның ақпараттық кеңістігінің бәсекеге қабілеттілігін дамытудың 2006 – 2009 жылдарға арналған тұжырымдаманың негізінде дайындалды. Ақпараттық қауіпсіздіктің нақты жай – күйін бағалау және осы саладағы негізгі проблемалар мен бағыттарды айқындау кезіндегі жағдайлар.Қазіргі уақытта Қазақстанның саяси өміріндегі және экономикасындағы болып жатқан қайта құру процестері оның ақпараттық қауіпсіздігінің жай – күйіне тікелей әсерін тигізеді. Бұл ретте ақпараттық қауіпсіздіктің нақты жай – күйін бағалау және осы саладағы негізгі проблемалар мен бағыттарды айқындау кезінде ескеруді қажет ететін жаңа факторлар туындайды. Ұлттық қауіпсіздік түсінігі ішкі және сыртқы болып келетін қатерлердің бар болуы, қорғаныш объектінің өмірлік маңызды мүдделерінің бар болуы. Олардың арасындағы тепе – теңдіктің бар болуын анықтайды. Ұлттық қауіпсіздікті тиімді шешу үшін түрлі қауіпсіздік факторларын жүйелі түрде қарастыру мемлекеттің барлық негізгі құрылымдарының өзара әрекет ету тетігін қалыптастыру керек. Компьютерлер – ақпараттық жүйені қалыптастырушылардың бірі, бірақ біздің назарымыз бірінші орында ақпаратқа негізделеді, компьютердің көмегімен сақталатын, өңделетін және жіберілетін ақпараттарды қарастыра аламыз, оның қауіпсіздігін анықтайтын барлық жиынды құрайтын және бірінші орындағы ең әлсіз буын көптеген жағдайларға бағынатын адам болып табылады (мысалы өзінің паролін жазып қоюға болады «Азамат хаккер»).....
Бауыржан Момышұлының бата - тілек, мақал - мәтел, нақыл сөздері Бата (араб, фатиха – алғыс, ризашылық, тілек) – әлем халықтарының баршасында дерлік кездесетін, адамзат қоғамы сөздің магиялық құдіретіне күмәнсіз сенген қадым заманда қалыптасқан көне дәстүр. Батаны кім көрінген емес, елге сыйлы, абыройлы адам, ақсақалды қария беретін болған. Бата халқымыздың жақсылық пен жамандық, адалдық пен арамдық турасындағы түсініктердің айғағы іспетті. Бата қысылғанда – қуат, қиналғанда – медет беріп, Әрбір іс - әрекетіне даңғыл жол ашып, бәле - жаладан қорғайды деп есептелген. Бауыржан шығармашылығының бір саласы оның өлеңдері мен қанатты сөздері, мақал - мәтелдері. Батыр жазушының өсиет сөздері күні бүгінге дейін елдің аузында......