Информатика | Паскаль программалау тілінің ерекшеліктері және программалау элементтері
[quote]
Мазмұны
. Кіріспе…………………………………………………………………………………………….5
ІІ. Негізгі бөлім……………………………………………………………………………………..6
2.1. Паскаль программалау тілінің ерекшеліктері және программалау элементтері………….6
2.2. Деректер………………………………………………………………………………………..8
2.2.1. INTEGER – бүтін түрі………………………………………………………………………9
2.2.2. REAL – нақты түрі………………………………………………………………………….9
2.2.3. CHAR-символдық түрі…………………………………………………………………….10
2.2.4. BOOLEAN-екілік түрі……………………………………………………………………..11
2.3. Операторлар…………………………………………………………………………………..12
2.3.1. Тағайындау оператолары…………………………………………………………………...12
2.3.2. Енгізу және шығару операторы……………………………………………………………12
2.3.3 Құрама оператор……………………………………………………………………………..14
2.3.4. Шартты тексеру операторы………………………………………………………………...15
2.4. Циклдық (айнымалы) оператор……………………………………………………………...17
2.4.1. WHILE WEND түріндегі циклдық оператор……………………………………………...17
2.4.2. REPEAT UNTIL түріндегі циклдық оператор…………………………………………….18
2.4.3. FOR NEXT түріндегі циклдық оператор…………………………………………………..18
2.5. Массивтер……………………………………………………………………………………...21
2.6. Процедура және функция…………………………………………………………………….24
ІІІ. Қорытынды…………………………………………………………………………………...28
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі………………………………………………………….29
V. Қосымшалар…………………………………………………………………………………...30
Негізгі бөлім
2.1. Паскаль программалау тілінің ерекшеліктері және программалау элементтері.
Тілдің қарапайымдылығы оны тез арада жете меңгеруге мүмкіндік береді. Деректердің құрылысына қарай сандық, белгілік және екілік информациямен жұмыс жүргізуге және күрделі алгоритмді бағдарлама жасауға қызмет етеді.
Жүйелік бағдарламалауда кеңінен қолданылуына оның өте тиімді бағдарламалау құру мүмкіндігі септігін тигізді.
Белгілі бір есепті шешуде, есептеу жүргізуде қажетті іс-қимылдарды нақты түрде ретімен сипаттайтын іс-әрекеттер жоспарын бағдарлама дейміз. Іс-әрекеттердің ақталған тізбегін беретін жазуды алгоритм дейді. Кез-келген есепті шешудің өзіндік бір алгоритмі болады. Сонымен бағдарлама тиісті алгоритмдік тілде жазылады, Паскаль тілінде жазылған бағдарлама ағылшын сөздерінен құралған қызмет сөздері тізбегінен тұрады. Әрбір аяқталған іс-қимылдан соң нүктелі үтір қойылады.
Программалаудың элементтері
Программалардың көпшілігі белгілі бір есепті шешу үшін жазылады. Ал есептің шешіміне ақпараттар мен деректерді өңдеу арқылы жетуге болады. Сондықтан программалаушы ретінде сізге қалай
• Ақпараттарды программаға кіргізу - енгізу;
• Ақпараттарды сақтау - деректер;
• Деректерді өңдеудің дұрыс командаларын беру-операциялар;
• Программадан деректерді алу (орындалулардың нәтижелері)-шығару керек екенін білу қажет;
• Сіз өзіңіздің командаларыңызды жазып, төмендегідей реттей аласыз:
• Олардың кейбіреуі белгілі бір шарт немесе шарттар орындалған кезде ғана орындалатындай – шартты орындалу;
• Басқалары белгілі бір рет орындалатындай – циклдер;
• Тағы басқалары жеке топтарға жинақталып программаның бірнеше жерінде орындалатындай – қосалқы программалар.
Сонымен, программалаудың негізгі жеті түсініктерін атап өттік енгізу, деректер, операциялар, шығару, щартты орындалу, циклдер және қосалқы программалар. Төменде әрбір элементтің қысқаша сипаттамасы берілген:
1) Енгізу. Бұл пернеліктен келіп түсетін немесе сыртқы есте сақтау құрлығысындағы (СЕСҚ) деректер жиынынан оқылатын ақпарат;
2) Деректер. Бұл тұрақтылар, айнымалылар, массивтер, жазбалар, жиындар, мәтіндер (символдар және жолдар), файлдар;
3) Операциялар. Мәндерді меншіктеуді, өрнектерді есептеуді (қосу, бөлу және т.с.с.), мәндерді салыстыруды (теңдік, улкен, кіші және т.с.с.) қамтамасыз етеді;
4) Шығару. Бұл ақпараттарды дербес компьютердің (ДК) мониторындағы экранға шығару немесе СЕСҚ-дағы деректер жиынына жазуды білдіреді;
5) Шартты орындау. Бұл бір немесе бірнеше командалардың белгілі бір шарт орындалғанда (ақиқат) орындалуы. Егер шарт орындалмаса, онда бұл командалар өткізіліп жіберіледі немесе командалардың басқа жиыны орындалады;
6) Циклдер. Мұнда командалардың жиыны қандай да бір шарт ақиқат болып тұрған кезде немесе шарт ақиқат болмайынша қайталанып орындалады;
7) Қосалқы программалар. Программаның кез келген жерінде аты арқылы шақырып орындауға болатын инструкциялардың белгілі атпен біріктірі
2.2. Деректер
Паскаль тілінде басқа да алгоримтдік тілдердей бағдарлама алдымен деректерді өңдеуге, оларға әр түрлі іс-қимылдар қолдануға болады. Деректер әр түрлі іс-қимылдар қолдануға арналады. Деректер әр түрлі болып келуі мүмкін. Біз жалпы деректер ұғымына сандарды, символды белгілік жазуларды, айнымалыларды, тұрақты бір мәндерді енгізіп отырмыз. Бағдарламаның жұмыс істеу кезінде бір деректер бастапқы мен қабылдап, біреулері алынған нәтижесі болып келеді. Сондықтан есептеу машинасында өңдеу және сақтау сипатына қарай деректерді екі топқа бөлуге болады:
1) Тұрақтылар.
2) Айнымалылар.
Тұрақтылар деп бағдарламаның жұмыс істеу кезінде өзгеріссіз қалатын деректерді айтады, ал айнымалылар деп, белгілі бір есептеу сипатына қарай өзгеріп отыратын деректерді айтамыз.
Паскаль тілінде сандарды жазуда ондық нотация қолданылады, былайша айтсақ, ондық негіз. Сандық осы тілде жазуда бөлшек түріндегі санның үтірлі жазылуы мүлде қолданылмайды, оның орнына нүкте жазылады.
Мысалы: 5,896 жазылуын 5.896 түрінде жазамыз.
Паскаль тілінде мынадай айнымалылардың түрлері бар:
1) БҮТІН - INTEGER
2) НАҚТЫ – REAL
3) ЕКІЛІК – BOOLEAN
4) СИМВОЛДЫҚ – БЕЛГІЛІК – CHAR
5) МАССИВ – ARRAY
6) ЖИЫН - SET
7) ФАЙЛ – FALE
8) ЖАЗУ – RECORD
9) КӨРСЕТКІШ – POINTER
10) ШЕКТЕЛГЕН – SUBRANGE
11) ЖАЙ ТҮР
12) СКАЛЯР.
Негізінен Паскаль тілінде деректердің стандарттың – келісімді 4 түрі бар. Олар: БҮТІН – INTEGER, НАҚТЫ – REAL, ЕКІЛІК – BOOLEAN, СИМВОЛДЫҚ – БЕЛГІЛІК– CHAR. Енді осы аталған айнымалыларға қысқаша тоқталайық.
2.2.1. INTEGER – бүтін түрі.
Бұл түрдегі айнымалылар тек бүтін мәнді болуы керек. Бағдарламада былайша қолданылады:
A1,B1,C1; INTEGER;
Сонда А1, В1, С1 мәндері бағдарламаның өн бойңда бүтін мәндер қабылдайтынын алдын-ала ескерткен болдық. Айта кетуіміз керек, барлық қолданылатын интекстік жазулар бүтін сан болады. Осы бүтін түрдегі жазылуды анықтайтын біраз іс-қимылдың келісімді қызмет сөздер бар.
ABS (X) - Х-тің абсалюттік щамасын есептейді;
SQR (X) – Х шамасының квадратын есептейді;
DIV - дөңгелектеусіз бөлу;
MOD – бөлудің қалдығы;
TRUNC (X) - нүктеден кейінгі ондық белгіні алып тастау;
ROUND (X) - бүтін санға дейін дөңгелектеу;
Мысалы: аһ 14, b=4 деп алсақ, сонда а DIV b жазылу 3-ті береді, (14 DIV 4 = 3), себебі 14:4=3 қалдық (2), ал а MOD b жазылуы 2-ні береді, өиткені 14-ті 4-ке бөлгендегі қалатын қалдық 2-ге тең, демек 14 MOD 4=2 болады. Енді бір-екі мысалды жазып көрсетпейік: 18 DIV 5=3, DIV 5=0, MOD 5=3, MOD 5=2. X=8.915-ке тең деп алсақ, TRUNC (X) түріндегі жазу бізге 8-ді береді де ROUND (X) жазылуы 9-ды береді.
2.2.2. REAL – нақты түрі.
Х: REAL деп бағдарламада жазып көрсетсек, онда Х-тің мәні нақты сан екенін көрсеткен боламыз. Сонымен Х шамасы нақты деп сипатталса, онда ол барлық іс-әрекетте де тек нақты сан болып есептеледі. Бағдарламада кездесетін айнымалылардың ішінде нақты сандар болса, оларды алдын-ала сипаттап алуымыз керек.
Мысал: VAR A, B, C: REAL;
Ал енді нақты сандар қалай жазылатынын көрсетейік,
Мысал: 42.536; -1.0; 0.005; 14.1897 немесе экспоненциалды түрде жазылады. 314Е-2; 2.76Е11 жазылулары 314*122 және 2.76*1011 түрін береді. Мұндағы Е белгісі ондық негізді береді жалпы түрі бағдарламада былайша болады men, ал бұл жазу m*10n түріне тең.
Мысал. 10-дық санақ жұйесіндегі бүтін санды Р-ретті санақ жұйесіне көшірудің программасы (мұндағы Р
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?