Informational and educational
portal №1 in Qazaqstan.
» » » Курстық жұмыс: Бағдарламалау | Турбо Паскаль жүйесінде процедураларды ұйымдастыру технологиясы

Курстық жұмыс: Бағдарламалау | Турбо Паскаль жүйесінде процедураларды ұйымдастыру технологиясы

Курстық жұмыс: Бағдарламалау | Турбо Паскаль жүйесінде процедураларды ұйымдастыру технологиясы казакша Курстық жұмыс: Бағдарламалау | Турбо Паскаль жүйесінде процедураларды ұйымдастыру технологиясы на казахском языке
Мазмұны
КІРІСПЕ 3
І.НЕГІЗГІ БӨЛІМ 4
1.1. Жалпы түсінік 4
1.2. Процедуралар 5
1.3. Атаулардың пайдаланылу аймағы 6
1.4 . Процедуралардың ерекшеліктері 9
1.5. Жолдық процедуралар 16
1.6. Файлдық процедуралар 17
ІІ.ЕСЕПТІҢ ҚОЙЫЛЫМЫ 19
2.1. Есептің берілгені 19
2.2. Есептің алгоритмі 19
2.3. Программалау бөлімі 19
2.4. Программаның жауабы 20
ІІІ.ҚОРЫТЫНДЫ 21
ІV.ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 22

КІРІСПЕ
Қазіргі кезде кеңінен қолданылатын программалау жүйесінің бірі – Turbo Pascal. Американың Borland корпорациясының бұл өнімі сол корпорацияның қызметкері Андерсон Хейлсбергтің жетекшілігімен құрастырылған. Turbo Pascal – дың түп нұсқасы швейцария ғалымы Никлаус Вирт жасаған Паскаль программалау тілінен тарайды. Бастапқыда Паскаль тілі программалауды алғаш үйренушілер үшін өте тиімді құрал болып табылған. Қарапайым Паскальды өңдеудегі А. Хейлсбергтің үлкен еңбегінің нәтижесінде Turbo Pascal қазіргі заман талабына сай , қуатты программалау жүйесіне айналды. Turbo Pascal – жоғарғы деңгейлі программалау жүйесі. Оның логикалық құрылымы әр түрлі есептерді дәл шешуге көмегін тигізеді. Сондықтан , оқушылар мен студенттерге программалаудың негізін Turbo Pascal тілін оқытып–үйретуден бастап, программкалаудың қыр – сырын меңгертудің маңызы зор.
Turbo Pascal – жоғары деңгейлі программалау жүйесі. Оның тұңғыш нұсқасын 1970 жылы швейцария физигі Никлаус Вирт (Niklaus Wirth) ұсынған. Автор тілді алғашқы арифметикалық есептеу машинасын жасаған француздың ұлы ғалымы Блез Паскальдің құрметіне Паскаль деп атап , тіл атауын үнемі бас әріппен жазылуын сұраған.
Кейіннен тілдің көптеген нұсқалары жарық көреді. Солардың ішінде , 1983 жылы Borland корпорациясының талантты қызметкері Андерсон Хейлсбергтің жасаған жаңа үлгісі - Turbo Pascal программалаушылар арасында үлкен сұранысқа ие болды. Оның бұл нұсқасы СР/М операциялық жүйесіне негізделген. 1984 жылдың басында MS DOS жүйесіне ауыстырылғалы бері пайдалану қарқыны бұрынғыдан да арта түсті. Turbo Pascal – дің жоғарғы деңгейлі логикалық құрылымы әр түрлі есептерді дәл шешуге көмегін тигізеді. Turbo Pascal жүйесінде қарапайым есептерді шешудің программасынан бастап , күрделі мәліметтер қорын құрудың сан қырлы жұмыстары жүргізіледі.
І.НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Қосалқы программа
1.1.Жалпы түсінік
Практикалық есептерге программа құрғанда үлкен программаның белгілі бір бөлігін әр түрлі мәндер бойынша бірнеше рет қайталап пайдалануға тура келеді. Мұндай бір типтес программа бөлігін программаның әр бөлігінде қайталап жаза бермеу үшін оны жеке қосалқы программа ретінде бөліп жазған ыңғайлы.
Жеке программа түрінде бөлек жазылған , қажет кезінде оған оралып , оны пайдаланып отыруға болатын негізгі программаның арнайы бөлігін қосалқы программма (подпрограмма) дейді. Қосалқы программаға автоматты түрде енуге және одан щығуға болады.
Қосалқы программаны пайдалану төмендегідей мүмкіндіктер береді:
- негізгі программаның көлемі кішірейеді;
- негізгі программада пайдаланылған айнымалыларды қосалқы программада да пайдалануға болады;
- қосалқы программаға берілген жады ұяшықтарын ол орындалмай тұрғанда бос ұяшық ретінде (бос айнымалы ретінде) пайдалануға болады;
- қосалқы программаны пайдалану құрылымдық программмалауға мүмкіндік береді.
Паскаль тілінде алгоритмдік тіл тәрізді қосалқы программаның екі түрі пайдаланылады. Олар: процедура (PROCEDURE) және функция (FUNCTION).
Бір программада бір немесе бірнеше процедура және функция пайдаланылыуы мүмкін.
Паскаль тілінде процедуралар мен функциялар программаның басында айнымалылар белгіленіп болғаннан кейін жазылады.
Жоғарыда ескертілгендей , негізгі және қосалқы программада бір айнымалы, мысалы , «К» қатар пайдаланылуы мүмкін , бірақ әр программада пайдаланылғанда К – ның физикалық мағынасы бірдей болуы шарт емес. Атау берілген операторлар тізбегін Паскаль тілінде процедура дейді. Әр қосалқы программаның (процедураның немесе функцияның ) атауы (аты) болады, қосалқы программа сол атауы бойынша шақырлады.
1.2.Процедуралар
Процедураның құрылымы программаға ұқсас жазылады. Олардың басы, бейнелеу және операторлар бөліктері болады.
PROCEDURE аты (формальды параметрлер тізімі);
Label . . . ; {белгілерді сипаттау бөлімі}
Const . . . ; {тұрақтыларды сипаттау бөлімі}
Type . . . ; {типтерді сипаттау бөлімі}
Var . . . ; {айнымалыларды сипаттау бөлімі}
Procedure . . . ; {Процедураны сипаттау бөлімі}
Function . . . ; {функцияны сипаттау бөлімі}

BEGIN
Операторлар бөлімі
END; {процедураның соңы}
Процедураны параметрсіз де пайдалануға болады. Екі процедуралық программа схемасы төмендегідей болады:
PROGRAM P;
Ортақ берілгендерді бейнелеу бөлігі
PROCEDURE P1;
P1 процедурасының бейнелеу бөлігі
BEGIN
P1 процедурасының операторлар бөлігі
END;
PROCEDURE P2;
P2 процедурасының бейнелеу бөлігі
BEGIN
P2 процедурасының операторлар бөлігі
END;
BEGIN
Негізгі программаның операторлар бөлігі
END.
Программаның орындалуы негізгі программаның операторлдарының орындалуынан басталады. Негізгі программада әрқашан процедураның орындалуы қажет болғанда ғана процедуруға көшеді. Бұл жағдайда берілгендер негізгі программадан процедураға (енетін параметрлер) беріледі. Процедура орындалып болған соң оның нәтижесі (шығатын параметрлер), процедураға негізгі программадан қай жерден көшті, сол жерге береді. Одан кейін негізгі программа опындала бастайды.
1.3.Атаулардың пайдаланылу аймағы
Негізгі программада хабарландырылған (бейнеленген) атау, негізгі және қосалқы программада да (процедураларда да, функцияларда да) пайдаланыла алады.
Мұндай атаулар ортақ (глобальды) атаулар деп аталады. Қосалқы программада хабарланған атаулар тек сол қосалқы программада ғана пайдаланылады. Мұндай атауларды жергілікті (локальды) атаулар дейді.
Процедураны құруға және пайдалануға мысал келтірейік.
PROCEDURE SUMMA(A,B:real; Var y,z:real);
Const N:=10;
Var i:integer;
Begin
For i:=1 to N do
Begin
y:=A+B+1;
z:=A*y+1;
End
End.
Мұнда А,В – енетін параметрлер, олардың мәндері негізгі программада беріледі және осы процедураға ғана пайдаланылады. Процедура нәтижелері Y,Z (шығатын) негізгі программаға беріліп , пайдаланылады.
Негізгі программада процедураны шақыру түрі төмендегідей болады:
процедура аты(формальды параметрлер тізбегі) ;
Мұнда параметрлер формальды параметрлер тізімінен тұрады. Бұлардың ішіндегі процедураға берілетіндері – айнымалы , тұрақты типті өрнек болуы да мүмкін.
Процедураның өзінен мән алатын параметрлердің мәндері айнымалы болуы да мүмкін. Мысалы, жоғарғы процедураны негізгі программада былай шақыруға болады:
SUMMA (3,5,7,6,Y1,Z);
Бұл жағдайда 3, 5 және 7, 6 сандары А, В формальды параметрлеріне меншіктеледі, Y1 мен Z мә»ндері процедурадан (Y және Z – айнымалыларға) негізгі программаға беріледі және сонда пайдаланылады , мысалы ,
P:= 2*Y1;
Write (Z);
Формальды параметрлер атауы негізгі программада және процедурада бірдей де , әр түрлі де болуы мүмкін.
Мысалы, дөңес төртбұрыштың төрт қабырғасы мен диагоналының ұзындығы бойынша оның ауданын табуға программа құрайық.
Шешуі. Дөңес төртбұрыштың диагоналы оны екі үшбұрышқа бөледі.
С
В
А D
Әр үшбұрыштың ауданын табу үшін белгілі Герон формуласын пайдалануға болады.
S = ; p =
Мұндағы a, b, c – үшбұрыштың қабырғалары, р – жарты периметрі : p = ( a + b + c ) / 2. Есепті шешу үшін үшбұрыштың ауданын табу программасын екі рет пайдаланады. Бұл есепті шешудегі негізгі және көмекші программа төмендегідей болады :
Program B20 ( input, output );
Var AB, BC, CD, DA, AC, S1, S, a, b, c, p : real;
PROCEDURE aud;
Begin
P : = ( a + b + c ) / 2;
S : = sqrt ( p * ( p – a ) * ( p – b ) * ( p – c ) );.........
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!

Автор: almira777 | 18 | 10.02.2019



Загрузка...

KZ / Курстық жұмыстар жинағы [тегін], курстык жумыс Турбо Паскаль жүйесінде процедураларды ұйымдастыру технологиясы курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар бағдарламалау жобалар курстық жұмыстар, курстык жумыс Турбо Паскаль жүйесінде процедураларды ұйымдастыру технологиясы курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа сборник готовых курсовых работ на казахском языке скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском дайын курстык ж, Курстық жұмыс: Бағдарламалау | Турбо Паскаль жүйесінде процедураларды ұйымдастыру технологиясы дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін