Informational and educational
portal №1 in Qazaqstan.
» » » Курстық жұмыс: Информатика | Қайталану операторы

Курстық жұмыс: Информатика | Қайталану операторы

Курстық жұмыс: Информатика | Қайталану операторы казакша Курстық жұмыс: Информатика | Қайталану операторы на казахском языке
Мазмұны

Кіріспе
1.0 Паскаль тілінің негізгі түсініктері ..............................2
1.1 Турбо паскаль тілінің операторлары .........................3
Негізгі бөлім
1.2 Циклдік құрылымды алгоритмді программалау ............4
1.3 Алғы шартты цикл операторы. While операторы ..........4
1.4 Келесі шарт бойынша циклді ұйымдастыру.
Repeat операторы...................................................................6
1.5 Параметрлі қайталану операторы. For операторы.........7
1.6 Күрделі циклдер....................................................................10
1.7 ЭЕМ-де есеп шығару кезеңдері.
Қадам бойынша орындау әдісі.............................................10
1.8 Мысал есептер........................................................................10
Қорытынды
1.9 Қайталау (цикл)......................................................................17
Әдебиеттер тізімі...........................................................................20


1.1 Турбо mаскаль тілінің операторлары.
Операторлар-программадағы нұсқаулардың (бұйрықтар,алгоритмдер) машиналық тілде жазылуы. Яғни берілген есепті шешу мақсатында орындалатын іс-әрекеттердің машинаға түсінікті түрде жазылуы. Сонда, программа данасі бірінен кейін бірі жазылған операторлар тізбегінен тұрады. Операторлар арасына нүктелі үтір (;) белгісі қойылады.
Операторлар қарапайым және күрделі (құрама) операторлар болып екі топқа бөлінеді. Егер оператор құрамында басқа операторлар боламса, онда ол қарапайым оператор деп аталады. Бұл топқа: меншіктеу, процедураны шақыру, шартсыз көшу – GOTO, бос орын операторы жатады.
Күрделі (құрама) оператор бірнеше қарапайым операторлар тұрады. Бұл операторлар begin (басы) және end (соңы) қызметші сөздер арасында жазылады. Әр оператордан кейін (;) нүктелі үтір таңбасы қойылады.
Құрама оператордың жалпы жазылуы:
Begin
1-оператор;
2-оператор;
3-оператор;
...
N-оператор;
End;
Begin (басы) және end (соңы) сөздерін операторлар жақшасы деп қарастырсақ, жоғарыдағы мысалды мына түрде жазуға болады:
(1-оператор; 2-оператор; ...; N-оператор).
Құрама операторлар ішінде тағы бір құарма оператор болуы мүмкін. Бұл жағдайда программа денесін құрама оператор деп қарастырса болады.Құрама операторға шартты көшу, таңдау және қайталау операторлары жатады.
1.2Циклдік құрылымды алгоритмді программалау.
Кейбір алгоритмдердің белгілі бір бөліктері бірнеше рет қайталанып орындалуы мүмкін. Мұндай алгоритмдерді циклдік құрылымға ие алгоритмдер дейді. Қайталанатын бөліктерді, яғни циклдерді әртүрлі тәсілдермен құрастырады.
Цикл – бұл прграмманың орындалу барысында бірнеше рет қайталанатын бөліктері. Циклдерді пайдалану арқылы салыстырмалы түрде қысқа программалар жазуға, программаның көлемін едәуір қысқартуға болады. Бірақ осы программа арқылы ЭЕМ өте үлкен көлемдегі есептеулерді орындайды. Турбо Паскаль да циклдік құрылымды алгоритмді программалауды үш түрлі жолмен ұйымдастыруға болады.
1. Алдын-ала шартты тексеру арқылы
2. Келесі шарт бойынша
3. Параметрдің мәніне тәуелді
Үш түрлі жолмен ұйымдастыратын циклға арнайы операторлар қолданылады. Олардың әрқайсысын талқылайық.
1.3Алғы шартты цикл операторы While операторы.
While операторы жан жақты басқару үйлесімі болып табылады. Алдын ала берілген шартты тексеру арқылы циклді ұйымдастыруға While операторы қолданылады. While операторын циклдің қайталану саны белгісіз болғанда пайдаланған ыңғайлы. Қайталанушы процесс қойылған шартты тексеру арқылы жүзеге асырылады. Яғни, шарт ақиқат болса цикл қайталанылады да, шарт жалған болса, циклден шығу орындалады. While операторы екі бөліктен тұрады: циклдің тақырыбынан және циклдің денесінен.
Жалпы жазылуы:
While do
;
While do
Begin

End.
Мұндағы, Қызметші сөздерінің қазақша мағынасы: While –“әзір”, do –“орында”. Ал, шарт-логикалық өрнек түрінде жазылады. Берілген шартқа тәуелді бірнеше рет қайталанып орындалатын операторды – циклдің денесі деп атаймыз. Орындалу ережесі: Begin және End сөздерінің арасында жазылған оперпторлар шарт ақиқат болғанда орындалады
While операторы алгоритмдік тілдегі “әзір” цикл командасына сәйкес “әзір” цикл командасының жазылуы және блок схемасы:
әзір

1.0-сурет.


Жоғарыдағы блок схемасы While операторымен ұйымдастырылатын циклді толық сипаттайды. While операторында, әрбір қайталанудың алдында берілген шарт тексеріледі. Шарт ақиқат болса, цикл денесі орындалады. Егер, шарт орындалмаса, цикл денесі де бірде-бір рет орындалмайда.
Егер, цикл денесі екі немесе екіден де көп операторлардан тұрса, оларды операторлар жақшасының ішіне жазамыз.
While do
begin
;
end;
While операторында программалаушы циклдің өзгеру қадамын өзі тағайындап отырады. Егер әрекет белгісі “/” не тең болмаса немесе екінші сан да 0-гетең болмаса, онда программаның орындалу процесінде бұл циклді айналып өтеді, яғни цикл бір рет те орындалмайды. Программаны жүктеп, оның қалай жұмыс істейтін F7 пернесін қолдану арқылы тексереміз. Мысалы:
Z=Y3 функциясының мәнін есептеу керек, мұндағы Y=1,2,3,4,5,6,7.Программаның нәтижесінде Y-тің мәні мен сәйкес функцияның мәні кесте түрінде шығады. Y-тің өзгеру қадамы 1-ге тең.
Program pr1;
Var Z,Y: integer; {берілген айнымалыны сипаттау}
Begin
Z:=1;{Y-тің бастапқы мәнін меншіктеу}
While y1000;
readln
end.
1.5 Параметрлі қайталану операторы For операторы.
Циклдік құрылымды алгоритмді программалауда қайталанушы процесс бір айнымалының мәніне тәуелді болса, For операторын қолданамыз. Айнымалы тек бір қадамға ғана өзгере отырып циклді басқарыды. Бұл айнымалы циклдің параметрлі қайталану операторы деп аталынады. Санағышы бар параметрлі цикл операторы цикл қайталануын бақылайтын санағыштың алғашқы және соңғы мәндері алдын ала белгілі болған кезде ғана қолданылады.
For операторы алгоритмдік тілдегі параметрлі қайталану командасына сәйкес келеді.
і үшін m1 бастап m2 дейін h қадам
Цб
Серия
Цс
For операторы екі түрлі жазылады:
А) for I:=A to B do
Begin

End;
Орындалу ережесі: Begin және End сөздерінің арасында жазылған операторлар I:=A, I:=A+1, I:=A+2,…,I:=B үшін орындалады. Мұндағы І цикл параметрі, А –параметрдің бастапқы мәні, В-параметрдің соңғы мәні.
For Х:=М1 to M2 do S1;
Мұндағы, қызметші сөздер: For(үшін), to(дейін) циклдің қадамы +1-ге өсіп отыратынын көрсетеді, do(орында);
Х- скалярлық типтегі айнымалы циклдің параметрі;
М1-цикл параметрінің бастапқы мәні;
М2-цикл параметрінің соңғы мәні;
S1-параметріне тәуелді қайталанып орындалатын оператор. Сондықтан, S1-цикл денесі деп аталады.
Б) For I:=A DOWN TO B DO
Begin

End;
Орындау ережесі: Begin және End сөздерінің арасында жазылған операторлар I:=A, I:=A-1, I:=A-2,…, I:=B үшін орындалады.
For X:=M1 down to M2 do S1;
1-нұсқадан өзгешелігі to сөзінің орнына down to (төменге дейін) қызметші сөзі жазылады. down to циклдің өзгеру қадамы –1 тең екендігін көрсетеді. Мұндағы Х –тің мәні М1- ден М2-ге дейін –1 қадаммен кему үшін М1>M2 шарты орындалуы керек. Егер бұл шарт орындалмаса цикл денесі бірде бір рет орындалмайды.
Егер, цикл денесі бірнеше оператордан тұрса, Begin және End операторлар жақшасынпайдаланамыз.
Параметрдің мәніне тәуелді циклді блок схемасында төмендегідей сипаттайды.

1.2-сурет.
Параметрлі қайталану операторының жазылуына және орындалуына мысал келтірейік:

Оператордың жазылуы Нәтижесі
For k:=-1 To 6 do Write (x,’,’) -1,0,1,2,3,4,5,6
For k:=3 To 3 do Write (x,’,’)_ 3
For k:=1 To 9 do Write (x,’,’) 1,2,3,4,5,6,7,8,9
For k:=-1 To -6 do Write(x,’,’) Цикл орындалмайды
For k:=10 down to 6 do Write(x,’,’) 10,9,8,7,6
For k:=0 down to –1 do Write(x,’,’) 0,-1
For k:=1 down to 16 do Write(x,’,’) Цикл орындалмайды

Қайталану санын келесі тәсілдермен анықтауға болады. Соңғы мән – алғашқы мән +1 – бірінші жағдай үшін;
Алғашқы мән – соңғы мән +1 екінші жағдай үшін. Мысалы:Р=1*2*,…*10 сандарының көбейтіндісін есептеу.
Program pr3;
Var i,P :integer;
Begin
P:=1;
For i:=1 to 10 do
P:=P*1;
Writeln (‘P=’,P);
Readln
End.

1.6Күрделі циклдер
Күрделі қайталанушы процесстерді ұйымдастыруда бір цикл операторы құрамында екінші бір цикл операторы болуы мүмкін. Бұл жағдай да бірінші цикл оператор – ішкі цикл деп аталады. Сыртқы және ішкі цикл ұйымдастыруда мына шарт орындалады: ішкі циклдің барлық операторы сыртқы цикл денесіне толық енеді
Мысылы, суретте екі параметрлі цикл операторлары арқылы жазылған күрделі циклдің жұмысы сипатталынған.
1.3-сурет.

1.7 ЭЕМ-де есеп шығару кезеңдері. Қадам бойынша орындау әдісі.
Кез-келген есерті ЭЕМ-де шешу бірнеше кезеңдерден тұрады:
1) есептің қойылуын ұғу;
2) формальдау деңгейі (есептің математикалық түрде қойылуы);
3) шешу әдісін таңдау;
4) алгоритмін жазу(құру);
5) программасынқұру;
6) программаның дұрыстығын тексеру;
7) есептеу және нәтижелерін өңдеу.

1.8 Мысал есептер
1-есеп. М натурал саны берілген. Оның жай сан екендігін анықтау керек.
Program pr1;
Var I,M,F: integer;
Begin
Repeat
Write(‘натуралсан енгізу М=’);
Readln(M);
Until M>0;
F:=0;
For I:=2 TO M DIV 2 do
If M MOD I=0 then F:=1;
If F=0 then writeln (M:6,’жай сан’)
Else writeln (М:6,’жай сан емес’);
End.
Есепті шешу алгоритмі:
1. Программа денесін айнымылылардан сипаттаудан бастаймын.
2. Натурал сан енгіземін.
3. 2-ден М/2 аралығындағы натурал сандар М санының бөлгіші бола ма, соны тексеремін.
4. F-тің мәніне байланысты нәтижені шығарамын.....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!

Автор: nurgul95 | 25 | 14.01.2019



Загрузка...
Читайте также
Курстық жұмыс: Бағдарламалау | Турбо Паскаль тілінің операторлары
Курстық жұмыстар жинағы [тегін]
Курстық жұмыс: Бағдарламалау | Турбо Паскаль тілінің операторлары
Курстық жұмыс: Информатика | Паскаль программалау тілінің ерекшеліктері және программалау элементтері
Курстық жұмыстар жинағы [тегін]
Курстық жұмыс: Информатика | Паскаль программалау тілінің ерекшеліктері және программалау элементтері
Курстық жұмыс: Информатика | Жолдық қатарлы идентификатор
Курстық жұмыстар жинағы [тегін]
Курстық жұмыс: Информатика | Жолдық қатарлы идентификатор
Курстық жұмыс: Информатика | КӨП АЙНЫМАЛЫ ФУНКЦИЯЛАР ЖӘНЕ ОЛАРМЕН ЖҰМЫС
Курстық жұмыстар жинағы [тегін]
Курстық жұмыс: Информатика | КӨП АЙНЫМАЛЫ ФУНКЦИЯЛАР ЖӘНЕ ОЛАРМЕН ЖҰМЫС
Курстық жұмыс: Информатика  | Енгізу және шығару операторына блок схема құрып және Turbo Pascal - да программасын жазу
Курстық жұмыстар жинағы [тегін]
Курстық жұмыс: Информатика | Енгізу және шығару операторына блок схема құрып және Turbo Pascal - да программасын жазу
Курстық жұмыс: Бағдарламалау | Бейсик және Паскаль тiлдерiнде программа құру ерекшелiктерi
Курстық жұмыстар жинағы [тегін]
Курстық жұмыс: Бағдарламалау | Бейсик және Паскаль тiлдерiнде программа құру ерекшелiктерi
Презентация (слайд): Информатика|Турбо Паскаль
Қазақша Презентация (слайд) жинағы
Презентация (слайд): Информатика|Турбо Паскаль
Онлайн нөмірін қайта тіркеу – алғаш рет Қазақстанда!
KZ
Онлайн нөмірін қайта тіркеу – алғаш рет Қазақстанда!

KZ / Курстық жұмыстар жинағы [тегін], курстык Қайталану операторы жумыс курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар жобалар Информатика курстық жұмыстар, Қайталану операторы, курстык Қайталану операторы жумыс курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа сборник готовых курсовых работ на казахском языке скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском дайын курстык жумыстар жобалар Информатика курстық жұмыст, Курстық жұмыс: Информатика | Қайталану операторы дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін