Шенеуніктер баспана салығын мың пайызға көтермек

Қаржы министрінің орынбасары Руслан Дәленов бүгін әлеуметтік желілерде жарылыс  жасады. Алдағы уақытта көбеймек баспана салығының нақты сомасын ол өзінің "твиттер" парақшасына жариялап жіберді.

Фото: news.mail.ru
Фото: news.mail.ru

Оған көз жүгіртсек, пәтер салығы  бір екі емес, жүз пайыздап көтерілмек.

Астана мен Алматы және облыс орталықтарындағы баспанаға қатысты көбеймек салықтың салмағын  Экономика және бюджетті жоспарлау министрі Ерболат Досаев осыған дейін шенеуніктік тілмен жалпылама түсіндіріп келген еді. Қаржы вице-министрі бүгін өспек пайыздарға нақты тіл бітірді.

Мәселен, үкіметтің есебінше  45 шаршы метрлік пәтері барлар  1805 теңге салық төлеп келсе, енді 5827 теңгеге шығындалмақ. Яғни, олар үшін салық 323 пайызға өспек. Ал, 80 шаршы метрлік үйдің иесі қазіргі 4 708 теңгенің орнына 18 433 теңге төлемек. Бұл 392 пайыз. Ал, 151 шаршы....

Жаңалықтар
Толық