Қош енді, әкем, қош енді, Қоштасқан жерім осы енді. Қателігім болса енді, Кешір, әкем, балаңды, Кеттің-ау, әкем, кеттің-ау! Көзімнің жасын төктім-ау! Жел ұшырған қаңбақтай, Бұл дүниеден өттің-ау! Кең дүниеге симадың, Артыңда қалды жиғаның. .......................... Жолдасың болсын иманың. Әкетті сені бақиға, Алдамшы тірлік жасаған. Шаңырағың шайқалып, Мұртынан сынды босағаң.....
Аққу ұшып көлге кетті, Ақ сұңқар ұшып шөлге кетті. Ол адасып кеткен жоқ, Бәріміз баратын жерге кетті. Арғымақтың тұяғы Тасты басса, кетілер, Сазды басса, жетілер. Тозбасты ұста соқпас, Өлместі құдай жаратпас. Өлмейтін өмір жоқ, Сынбайтын темір жоқ. Өлмесе, ата-бабаларымыздың....
Бастайын сөзді............... Айтайын зарым жұрт тыңда. Ақылшыдан айрылып, Қайғылы баттық біз мұңға. Ауылымнан бас кетті, Көзден парлап жас кетті. Болмаса келмей елуге, Тоқтатпай ажал жас кетті. ...................................... Жылаймыз, халқым, мұңайып. Алладан ажал келген соң, Көзден болды бұл ғайып. ....
Ақ шоқы, бауырың жазық, басың биік, Сен сонда мекендеген Әй гигөй ерке киік ри-яй-ай. Көрінген көз ұшында сағымдайсың, Жете алмай арманыма, Әй гигөй тарттым күйік ри-яй-ау.....
Тәуелсіз ел! Бір қаламның ұшымен жазылып, барша қауымның жүрегіне орнаған, бір ауыздан айтылып, кең көлемде шарлаған осынау бір ыстық сөз, ыстық көңіл лебізі бүгін ғана емес, бар уақытта да қан тамырымыздың лүпіл-бүлкіліндей естіледі.Иә, бұл-бүкіл қазақ жұртының, дүйім Қазақстан елінің қызу кұштарлықпен, сарқылмас сүйіспеншілікпен айтар, ардақ тұтар асыл лебізі.Ол-өлең, ол-ән, ол-сұлулық, ол-асқақ арман, ол-шалқыған дәулет, көркейген сәулет! Елдік туымыз тігілген үлкен үйіміз, алтын шаңырағымыз.Қазақ жері. Қазақстан-тәуелсіз ел.Сол тәулсіздік жолында қазақ бабам не көрмеді десеңізші?! "Тамырсыз ағаш,тарихсыз халық болмайды"демекші, қазақ елінің азаттық,бостандық жолындағы тарихына бір сәт көз жүгіртіп өтетін болсақ, басынан қаншама қиын-қыстау ауыр сәттерді өткіздігін көреміз.Қазақ хандығы құрылған кезден бастап, ұшса құс қанаты, шапса тұлпар тұяғы талатын кең-байтақ жерімізге көз алартқан жауларымыз аз болмады.Ең алдымен, Жоңғар халқы жерімізге баса көктеп кірді.Олардың жасаған шабуылынан еліміз аз зардап шеккен жоқ.Ел арасында "Ақтабан шұбырынды,Алакөл сұлама"орын алды.Алайда елінің тыныштығын ойлаған хас батырларымыз бен ел билеген хандарымыз бір жағадан бас, бір жеңнен қол жинап, атамекенін, жерін жаулардан қорғай білді.Одан кейін де халқымыздың ел тарихында қаншама ұлт-азаттық көтерілістер орын алды.Олардың барлығы халқымыздың тағдырына өшпестей із қалдырды.Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев ол туралы былай деп еске алады:"Қазақтар талай рет тұтасымен қырылып кетуге шақ қалды.Бірақ өмірге деген құштарлық, азаттық аңсары еңсесі түскен елді қайра түлетіп, қайтадан тәуекел тұғырына қондырып отырды"......
Пән: Қазақстан тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.4А XIХ-XX ғасырдың басындағы Қазақстанның мәдениеті Сабақ тақырыбы: Шоқан Уәлиханов – алғашқы қазақ ғалымы Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 7.2.3.1 – Шоқан Уәлихановтың ғылыми зерттеулерінің тарихи құндылығын анықтау Сабақ мақсаттары: Ш.Уәлихановтың қазақ ғылымындағы ролін зерттейді.