Қанатты сөздер: Ұстаз, мұғалім, оқытушы

Ақырын жүріп,анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық қылған жалықпас ,
Үйретуден балаға.
Абай Құнанбайұлы

Нашар ұстаз шындықты қайталайды,жақсы ұстаз сол шындықты іздеп,табуға үйретеді.
Адольф Дистервег

…Түсінгендіктің шын белгісі-«иә» деген жауап емес,шәкірттің жүзіндегі қуаныш болып табылады.
Абу-ль-Фарадж ал-Исфахани.

Ұстаз ізденгіш болуы,ойлай білуі,қандай істі болсын,бар ынтасымен атқара білуі керек
В. Маяковский.

Ұстаз болу,яғни жақсы оқытушы болу үшін,оқытатыныңды да сүюің керек.
В.О.Ключевский.
Қанатты (нақыл, ұлағатты) сөздер, афоризмдер
Толық

1 Наурыз - Алғыс айту күні

Құрметті оқырмандар! 1 наурызда болатын Алғыс айту күні құтты болсын! Соған орай алғыс айту, рахмет айту, 1 наурыз туралы шығармалар мен эсселерді жарияладық. Сіздерге ұнайды деп ойлаймыз....

Шығармалар
Толық

Туған күн (Қайраткер, Ғалым, Мұғалім, Ұстаз, Бастық)

Қадірлі ағайындар! Адамның бойындағы ізгі қасиеттер туралы айтқанда аяулы құрбымыз, қадірменді замандасымыз ойға түседі. Ол қай жағынан қарасаң да алуан құбылып, ғажап нұр шашып тұратын асыл алмаз сияқты. Оны білетін, араласып жүрген жандар оның мол адамгершілік қасиеттерін айта алар еді. Және сол қасиеттерімен айналасына адамдарды шамның жарығы тәрізді тартып жүретіні алдымен ауызға түседі.
Құттықтау, тілектер
Толық

Қазіргі заман мұғалімі

Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақылдығы.
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Ұстаз болу – адамның асылдығы,


Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық та – ұстаздық мамандық. Олай дейтінім, мұғалім еңбегі біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып, білсем, үйренсем деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған маман. Бүгінгі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеуі керек. Ол нағыз ұстаздың ғана.....
Эсселер
Толық

Ұстаздар (Мұғалімдер) күні

«Ұстаз» – құрметті сөз. Ол – адамдардың өмірге көзқарасын, бір-біріне деген сый, құрмет сезімін қалыптастыратын, білім мен тәрбиенің ұрығын шашатын, адамгершіліктің нұрын төгетін адам. Ұлағатты ұстаздан тәрбие алған адам жақсы қоғамдық қайраткер, ұлы тұлға болып өседі, өмірін дұрыс бағытқа бейімдеп, көркейтеді.
Рефераттар
Толық

Ұстаз рухымен сырласу

«Шын асылды тот баспайды»-халық мәтелі.
Бостандық орта мектебінде бастауыш сыныптар мұғалімі
болған марқұм ұстазым Алтынай Абашқызына арнаймын.



........ Алғашқы ұстаз.............

Ия , осы бір ауыз сөзді естіген шақта- бар жан-дүниеңді ақтарып, ой теңізіне -қиял кемесімен балалық атты әдемі әлемге қалай сүңгіп кеткеніңді де аңғармай қаласың! Себебі, алғашқы ұстазыңды есіңе алғанда, ең алдымен көз алдыңа құлдыраңдаған сәби кезіңдегі алғаш мектеп атты үлкен орданың есігін имене ашып, жүрегің дүрсілдей, алдыңда мейірлене күліп, жылы жымиған апайыңның жүзіне өзіңше балалық сақтықпен барлай көз тастап, өз балалық таным-түсінігіңе......
Эсселер
Толық

Мұғалім, ұстаз

Мұғалім біздің анамыз,
Анамызды сыйлаймыз.
Айтқан ақыл, білімін
Ықыласпен тыңдаймыз.
Тақпақтар
Толық