ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК НЕСИЕ

Мемлекеттік несие қызметінің нәтижесінде мемлекеттік борыш жүзіледі. Қоғамның сан алуан қажеттерін үздіксіз қанағаттандырып отыру мақсатында мемлекет өзінің шығындарын жабуға шаруашылық құрылымдар мен халықтың қаражаттарын тартуы мүмкін. Оны алудың басты әдісі мемлекеттік несие болып табылады, ол жалпы мемлекеттік қаржылардың басты буындарынын бірі. Елдің ішішде мемлекеттік несие операцияларын жүзеге асырағанда мемлекет әдетте, қаражаттардың ал халық, кәсіпорыңдар мен ұйымдар-кредиторлар болып келеді. Халықаралық экономикалық қатынастар саласында мемлекет борышкердің де, кредитордын да ретінде көрінеді.
Мемлекеттік несиенің ерекшелігі қарызға берілген қаражаттардың қайтарымдылығында, мезгілдігінде және ақылығында. Алайда, бұл қатынастарды банк несиесімен шатастыруға болмайды. Ссуда қоры ұлғамайлы ұдайды өндіріс процесінің үздіксіздігін қамтамасыз ету мақсатында кәсіпорындар мен ұйымдарды несиелеу және оның тиімділігін арттыру үшін пайдаланылады; несиелерді жеке адамдар да ала алады. Шаруашылық жүргізуші субъектілерді банктік несиелеу ссуда қорын өнімді пайдалану болып табылады ....
Рефераттар
Толық

Франция мемлекетінің бизнеспен қарым қатынасының эволюциялық құрылуы

Әлем мемлекеттері экономикасының даму кілті ретінде бизнеспен қарым-қатынасты күшейтуге бағытталып жатыр. Жеке меншік сектор үлесі күннен күнге көбейуде, ал жеке бизнес тұрақты табыс көзіне айналған.
Көпшілік үшін Франция – бұл ең алдымен атақты тарихы мен бай мәдени дәстүрі бар мемлекет. Алайда, осы сән мен романтика ошғында да іскерлік өмір қайнап тұр. Оны құраушы негіздерінің бірі – шағын және орта бизнес болып табылады. Европаның бұл ірі державасында мемлекет пен бизнес арасындағы қарым-қатынас бүгінгі күні күшее түсуде.
Президент бағыттаған Қазақстанның 50 бәсекелестікке қабілетті елдің қатарына қосылуы бағытында үлкен шаралар жасалып жатыр. Алға қойылған мақсаттар да әлі көп. Осы мақсаттарға жету жолында Қазақстан экономикасы нық басқан, тәжірибелі елдердің қате-жетістіктерін зерттеу керек. Соның ішінде Францияның бизнеске көрсетілетін қолдауы: салық, қаржы, ұйымдастыру саясатындағы үлгітұтарлық жеңілдік-көмектері бар. Осы рефераттың мазмұны Франция мемлекетінің шағын және орта бизнесті қолдау шараларын көрсетуге бағытталған. ....
Рефераттар
Толық

Францияның мемлекеттік бюджеті

Францияның қаржы жүйесі өзінің көп салалығымен ерекшеленіп: жалпы бюджет, қазынашылықтың арнайы шоттары, біріккен бюджеттер, арнайы қорлар, жергілікті қаржылар және мемлекеттік кәсіпорын қаржыларынан тұрады.
Мемлекеттік бюджетке жалпы ел қаржыларының 47%, жергілікті бюджетке 9%, әлеуметтік сақтандыру қорына- 4% үлесі тиеді.
Мемлекттік бюджет- бұл мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік саясаттарын сипаттайтын қаржы жүйесінің негізгі саласы. Франциядағы мемлекеттік қаржылардың айрықша бөлігінің бірі-біріккен бюджеттер.
Бұлар қаржы автономиясын қолдана отырып, сауда- өнеркәсіптік операцияларымен айналысатын және де өзднрі заңды тұлға болып саналмайтын ұйымдар үшін енгізілген. Қазірде біріккен 7 бюджет бар- 1 әскери және 6 азаматтық. Олардың ішінде- пошта бюджеті, телеграф пен телефон бюджеті, әлеуметтік ауыл шаруашылық жәрдемақылар бюджеті, ұлттық баспахана, т.б. тұрады.
Бірікккен бюджет құрамында: ағымдағы іс- қызметтерге байланысты табыстар мен шығыстар, инвестициялық шығыстар мен оларды жабуға бөлінген арнайы ресурстар. Біріккен бюджеттер сальдосы жалпы бюджетте көрсетіледі, егер біріккен бюджеттердің қаражаттары жеткіліксіз болса субсидиялар жалпы бюджеттен бөлінеді.
Мемлекеттік бюджет кірістері салықтардан, мемлекеттік кәсіпорын қаражаттарынан, займдардан және т.б. түсімдерден тұрады. Бюджет табысының негізгі көзі болып салықтар саналады, барлық түсімдердің 90% салықтардан құралады.
Салықтар арқылы ұттық табыстың 50% қайта бөлінеді.
Бюджеттің кірістері мен шығыстары екі бөлікке бөлінеді:
1) Қорытынды сипаттағы операциялар; (қайтарымсыз қаржыландыру).
2) уақытша сипаттағы операциялар. (несиелік операциялар).
Франциядағы мемлекеттік қаржылардың дамуы басқа елдердегідей бюджет шығындарының өсіп отыруымен сипатталуда. Ұлттық табыстағы мемлекеттік шығындар үлесі жылдан жылға өсуде. Бүгінгі таңда бұл үлес 50% құрайды.
Экномика шығындары өсіп келеді. Бюджет шығындарының ішіндегі үлесі 25-35%. Экономиканы реттеу шығындарының құрамына өнеркәсіп пен қызмет көрсету саласының шығындары, транспорт пен байланыс, ауыл шаруашылығы кіреді. Мемлекеттің экономикаға араласуы ұлттық шаруашылықтың бәсеке қабілеттілігін жоғарылату мақсатында жүзеге асырылады. Көбінесе қомақты қаражаттар субсидия түрінде мемлекеттік кәсіпорындарды қаржыландыруға жұмсалады. Машина жасау өнеркәсібі, әуе қатынасы құрылысы, мұнай өңдеу сияқты салалардағы мемлекеттік тапсырыс әрдайым өсіп отыр. ....
Рефераттар
Толық

Тұрғын үй саясатының мемлекетік бағдарламасы және оны жүзеге асыру механизмдері

Міне, тәуелсіздік алғанымызға 17 жыл толып отыр. Алайда баспана тапшылығы қазақ жастарының қыр соңынан қалар емес. Халқымыздың саны жөнінен де мақтана алмаймыз. Тәуелсіздігімізді одан әрі баянды ету үшін ең бірінші, халықтың санын өсіруге баса мән беруіміз қажет. Ол үшін президентіміз Н.Ә.Назарбаев айтқандай арзан үйлерді көптеп салып, үйленген әр отбасын тұрғын үймен қамтамасыз етуге қол жеткізсек, тіпті, салынған үйлерді тегін берсекте артық болмайды дер едім.
Сондықтан тұрғын үй саясатының тарихтарына қысқаша тоқталып өтейік.
Тұрғын үй саясатының тарихына қысқаша тоқталып өтейік. 1917 жылғы октябрь революциясынан кейінгі және КСРО-ның өмір сүрген кезеңінде тұрғын үй мәселесін шешудің өртүрлі жолдарын бөліп көрсетуге болады. Бастапқы кезде еңбекші халық түрғын үймен байларға тиесілі түрғын үйлерді кайта бөлу есебінен қамтамасыз етілді. Кейіннен XX ғасырдың отызыншы жылдарында КСРО-да индустриалдық негізде түрғын үй қүрылысы басталды. Алғашқы уақытта барлыгын тегін түрғын үймен қамтамасыз ету ойластырылды. Бірақ азаматтарға түрғын үй бергеннен кейін бірден оған ақы төлеу бойынша белгілі бір пормаланған ставкалар енгізілді, өйткені экономикалық турғыдан толығымен тегін түрғын үй беру ойға қонымсыз еді.
Монымен бірге, тұрғын үймен қамтамасыз ету барлығын тегін тұрғын үймен қамтамасыз ету туралы үран сақталғандықтан жоспарлы жүйснің бслгілері басым болған аялардың бірі еді. 'Гұрғын үймен тегін қамтамасыз ету социализмнің идеологиялық жалауының бір элементі болды, өйткені ол жалпы халықтық өндірілген өнімді жеке тәртіпте бөлуді көздеген аз ғана аялардың бірі болған еді.
1987 жылы жасалды. Сол жылы "Тұрғын үй — 91" Бағдарламасы
Қабылданған болатын. Ол алғашқы бес жыл ішінде 1987 жылдың
1 қаңтарында кезекте тұрған қалалардағы барлық жанүяларды тұрғын үймен қамтамасыз етуді көздеді.
Ауылда тұрғын үйгс мүқтаждардың әрқайсысы бір жыл ішінде пәтер алуга тиіс болды. Ол сол күйінде орындалусыз қалды.
Тұрғын үйді пайдалануды бөліп тарату аясында тамыр-таныстық пен коррупция жиі көрініс беріп отырды, бұл көп жылдар бойы кезекте
Тұрған мұқтаж азаматтарға тұрғын үй берудің мерзімдерін елеулі түрде ұзартып қана қойған жоқ, сонымен қатар, ол кезектік органдардың беделіне, социалистік әділеттілік сеніміне орасан зор нұқсан келтірді.спсулі түрде үзартып қана қойған жоқ.
Соның салдарынан 6 қыркүйек 1993 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің «Жаңа тұрғын үй саясаты туралы" Жарлығы қабылданды (ол
Қазіргі уақытта нарық инфрақүрылымның бірте-бірте өзгеруіне
Және өз рөлін орындап болуына байланысты өзінің заңды күшін
тоқтатты. ҚР перзиденті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында тұрғын үй мәселелері жайлы мынандай өзекті ой қозғаған «Ендігі бір өзекті міндет-тұрғын үй проблемасын жеделдете шешу. Баспананың болмайынша түтін түтетіп, бала өсіру қиын».
Үкімет және барлық деңгейдегі әкімдер жауапкершілікті өздеріне алып, қолдарынан не келетіндігін қазақстандықтарға көрсетсін.
Тұрғын үй құрылысы біздің экономикаларды алға сүйреуші қуатты күш.....
Рефераттар
Толық

Тәуелсіздікке - 25 жыл

Ел боламын десең, бесігіңді түзе «Еліңнің ұлы болсаң, Еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып - көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!» (Н. Назарбаев).
Бір қаламның ұшымен жазылып, барша қауымның жүрегіне орнаған, бір ауыздан айтылып, кең өлкемді шарлаған осынау бір ыстық сөз, ыстық көңіл лебізі бүгін ғана емес, бар уақытта да......
Эсселер
Толық

Қазақша сынып сағат: Қазақстан халықтарының тілдер күні (Ана тілің – арың бұл)

Сынып сағат тақырыбы: Ана тілің – арың бұл
Сынып сағат мақсаты: Оқушыларды ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, ана тілін қастерлеуге баулу, өз ана тілін құрметтеуге тәрбиелеу. Өз Отанының болашақ патриоты, жанашыры болып өсуге насихаттау.
Сынып сағат көрнекілігі: Ұлағат сөздер жазылған плакат.
Сынып сағаттар
Толық

Қазақстан халықтарының тілдер күні (Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз)

Тәрбие сағат тақырыбы: «Тіл - тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз»
Тәрбие сағат мақсаты: Оқушыларды туған халқының тілін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу.

Тәрбие сағат көрнекілігі: Сыныпты тақырыпқа лайық безендіру, нақыл сөздер.
Мұғалім: Ана тілі - адам болып жаралғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп - өніп, түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі. Ана тілі жүректінің терең сырларын, халық тарихының барлық кезеңдерін, жанның барлық толқындарын ұрпақтан - ұрпаққа сақтап отыратын қазына.
Мейрам: Қазақ тілі аса бай, икемді тіл. Қалай исең, солай иіле береді. Орамын, бұрымын тауып, қисынын, орайын келтіріп пайдалансаң, бұл тілмен сурет салуға, тас қашап, ағаш, текемет оюға болады - ау. Бұл тілден май тамады десе де сыяр. Халықтың тіліне жырына құлақ салсаң, небір алуа - шекер балдай татитын нәріне, әріне әсте тоймайсың. Ғашықпын қазақ тіліне... Осындай майса, сұлу тілді қалай өгейсітуге болады.
Тәрбие сағаттар
Толық

Қазақстан халықтарының тілдер күні (Мемлекеттік тіл - Қазақстан халықтарын біріктіретін тіл)

Сценарий мақсаты: Оқушылардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту. Ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың өсиетін ұран ету, қазақ тілінің мәртебесін көтеру. Қазақстан мемлекетінде тұратын барлық халықтардың тілдерін құрметтеу.
Сценарий әдіс-тәсілдері: Сұрақ – жауап, мың бір мақал, жүз бір жұмбақ ойыны, ой-толғау, полиглот , жат оқу т. б.
Көрнекілігі: қабырға газеттері, қанатты сөздер, ұлы тұлғалар портреті, кітаптар мен рефераттар....
Сценарийлер (ертеңгілік)
Толық

Қазақ тілі - Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі

Қазақстан – егеменді, тәуелсіз ел. Қазақстанды дамыған өркениетті елу елдің қатарына енгізетін біздің болашағымыз – бүгінгі жастар. Олардың міндеті – елінің намысын қорғап, оны әлемге таныта білу. Әлемге таныту үшін әр жас өз елінің тарихын, тілін жетік білуі керек.

Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының тұрғылықты халқы қазақ халқының және оның шекарасынан тыс өмір сүріп жатқан қазақтардың (Ресей Федерациясы, Өзбекстан, Қытай, Монғолия т.б.) ұлттық.....
Шығармалар
Толық