Қазақша сынып сағат: Қазақстан халықтарының тілдер күні (Ана тілің – арың бұл)

Қазақша сынып сағат: Қазақстан халықтарының тілдер күні (Ана тілің – арың бұл)

Сынып сағат тақырыбы: Ана тілің – арың бұл
Сынып сағат мақсаты: Оқушыларды ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, ана тілін қастерлеуге баулу, өз ана тілін құрметтеуге тәрбиелеу. Өз Отанының болашақ патриоты, жанашыры болып өсуге насихаттау.
Сынып сағат көрнекілігі: Ұлағат сөздер жазылған плакат.

Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту. Б.Момышұлы

Ана тілінен айырылған адам өз халқы жасаған мәдени мұраның бәрінен құралақан қалады. Ғ.Мүсірепов
Барысы:
(Мұғалімнің сөзі)
- «Толғауы тоқсан қызыл тіл, сөйлеймін десең өзің біл» деп ұлы Абай айтқандай әр сөздің өз қиысыны мен қиюның тұрақты орны бар. Оны бір адам өзгерте алмайды, өйткені ол халықтың бүкіл ғасырлар бойы жасаған асыл қазынасы. Сөзге, тілге әмір жүрмейді.
Қай ұлтты, халықты алсақ та, бәрінің де өзіне лайық тілі бар. Халық өзінің тілін ең ардақты нәрсе деп санайды, сүйеді. Ана тілін сүймеген адам, қырғыз ақыны Сарноғаев айтқандай, халқын сүйіп те жарытпайды. Ана тілін қадірлемеген халықтың болашағы жоқ. Себебі ана тілінсіз ұлт мәдениеті, ұлт әдебиеті жоқ. Ал әдебиетті мәдениет қаймағы деп қана қою жеткіліксіз.
Біздің қазақтың әдеби тілі, басқа халықтардың да әдеби тілі сияқты, мәдениетті ілгері бастаушы қуатты құрал. Ана тілін ардақтап, мәпелеп, тәрбиелеп өсіру-ананың баланы мәпелеп, тәрбиелеп өсіруі сияқты; ана тіліне ұқыпсыз, көңілсіз, қалай болса солай қараушылық, барып тұрған мәдениетсіздіктің белгісі. Қазақ тілі-дамыған, жетілген, бай, икемді тілдің бірі. Бұл пікіріміздің растығын кезінде кемеңгер Абай дәлелдеген болатын. Тәлім-тәрбие тілден басталады. Олай болса, тіл-бөбектің үні, тіл-ананың әлдиі, Тіл-бесік жыры.
Қазақ тілінің байлығы – қазақ халқының, қазақ ұлтының байлығы. Осы байлықты бағалай білуіміз керек. Сонда ғана біздің Қазақстан кез келген жұртпен иық теңестіре алатын іргелі ел бола алады. Ана тілі дегеніміз – ананың ақ сүтімен бойға дарыған өз анамыздың тілі. Ал біздің ана тіліміз – қазақ тілі. Ол тек отбасы, ошақ қасының ғана тілі емес, мемлекеттік тіл.
Әбділда Тәжібаев атамыздың мынадай тамаша өлеңі бар:
Туған тілім – тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сөз ойдағы
Өссе тілім – мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім – мен де бірге өшемін.
- Дұрыс-ақ, бірақ кейде өзінің ана тілін сыйламайтын, білгісі келмейтіндер де кездесіп қалады. Олар туралы не айтар едіңдер?
- Әрине, адамның бәрі бірдей емес, түсінігі төмен, білімі таяз кейбір мәңгүрт жандар болатыны рас, ондайлар жайлы қырғыз ақыны Сарноғаев былай деген:
Ана тілін білмеген –
Ақылы жоқ желік бас.
Ана тілін сүймеген –
Халқын сүйіп жарытпас.
- Ал халқымыздың кемеңгер жазушысы Ғ.Мүсірепов атамыз:
«Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді. Ана тілін өгей ұлдар ғана менсінбейді» деген, сондықтан өз тілімізге, өз ұлтымызға өгей болмайық!
1995 жылы 30 тамызда қабылданған жаңа Конституцияда қазақ тілі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тілі болып бекітілді. Ал 1997 жылы 11 шілдеде «Тіл туралы» Заң қабылданып, оның 4-бабында “Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі” екені жазылды.
Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Көп ұлтты мемлекет үшін мемлекеттік тіл өте қажет. Мемлекеттік тіл – көп ұлтты елдің барлық халқын саяси-мәдени бірлікке ұйымдастырудың басты құралы.
Олай болса, қазақ тілін жете білу арқылы біздер өнер мен білімнің, мәдениет пен ғылымның биігіне жетіп, өз халқымыздың өткен-кеткенін зерделеп, оны әлемге таныта аламыз. Өз тілімізді құрметтеу арқылы басқа тілді де үйреніп, мәдениетін қадірлей аламыз.
Ана тілін қастерлеп, құрметтейік!

Бекіту:
Мақалдың жалғасын табу ойыны
1) Кен байлығы – жерде, сөз байлығы (елде)
2) Ат жүйрігі айырады, тіл (жүйрігі қайырады)
3) Ауыз көркі – сөз, жүздің (көркі – көз)
4) Жеті жұрттың тілін біл, (жеті түрлі білім біл)
5) Шешеннің тілі – (шебердің бізі)
6) Сөз жүйесін тапса – (мал иесін табады)
7) Сөз – түпсіз, (өмір – шексіз)
Піл көтермегенді, (тіл көтереді)

Қорытынды:

Қазақ тілі – бай тіл, оралымды, ырғақты теңеу-бейнелеулері ерте туған тіл. Поэзияда Абай, Ілияс, прозада Мұхтар сияқты алыптар туғызған тіл.
Осындай тілімізді таза ұстайық!
Ана тіліңді қадірлеу – мемлекетіңді, ұлтыңды, өзіңді қадірлеу. Қазақстан егемендігін баянды етіп, оны әлемдегі озық елдердің қатарына қосу үшін мемлекеттік тілдің жетекші рөл атқаратындығын әсте естен шығармайық.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу

Ілмектер: Қазақша Сынып сағат: Қазақстан халықтарының тілдер күні (Ана тілің – арың бұл), Қазақша Сынып сағат, Қазақстан халықтарының тілдер күні (Ана тілің – арың бұл) туралы казакша сынып сагат, тіл мерекесіне арналған сынып сағат тәрбие сағат, классный час на казахском языке на дерь языков народа, тіл тәрбие сағаты, тіл мерекесі тәрбие сағаты, тіл мерекесі сынып сағаты, тілдер күні тәрбие сағаты, 22 қыркүйек тілдер күні тәрбие сағаты, Қазақша Тәрбие сағат: Қазақстан халықтарының тілдер күні (Тіл тірегіміз соғып тұрған жүрегіміз), Қазақша Тәрбие сағат, Қазақстан халықтарының тілдер күні (Тіл тірегіміз соғып тұрған жүрегіміз) казакша ашык сабак, открытый урок ко дню языков народа Казахстана, тіл мерекесіне арналған тарбие сагат тәрбие сағат, Қазақша тарбие сагат тәрбие сағат: 22 Қыркүйек - Тілдер күні (МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ - ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚТАРЫН БІРІКТІРЕТІН ТІЛ), Қазақша тарбие сагат тәрбие сағат, 22 Қыркүйек - Тілдер күні (МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ - ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚТАРЫН БІРІКТІРЕТІН ТІЛ) казакша тарбие сагат тәрбие сағат, тарбие сагат тәрбие сағат на день языков народов казахстана, Қазақстан халықтарының тілдер мерекесі, день языков народов казахстана тарбие сагат тәрбие сағат, Қазақша тарбие сагат тәрбие сағат: 22 Қыркүйек - Қазақстан халықтарының тілдер күні (АНА ТІЛІҢ – АРЫҢ БҰЛ), 22 Қыркүйек - Қазақстан халықтарының тілдер күні (АНА ТІЛІҢ – АРЫҢ БҰЛ) казакша тарбие сагат тәрбие сағат, тарбие сагат тәрбие сағат тілдер мерекесі, тарбие сагат тәрбие сағат тіл мерекесі, тарбие сагат тәрбие сағат тіл туралы, 18 қыркүйек тілдер күні тәрбие сағаты, Қазақша тарбие сагат тәрбие сағат: 18 Қыркүйек - Тілдер күні (МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ - ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚТАРЫН БІРІКТІРЕТІН ТІЛ), 18 Қыркүйек - Тілдер күні (МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ - ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚТАРЫН БІРІКТІРЕТІН ТІЛ) казакша тарбие сагат тәрбие сағат, Қазақша тарбие сагат тәрбие сағат: 18 Қыркүйек - Қазақстан халықтарының тілдер күні (АНА ТІЛІҢ – АРЫҢ БҰЛ), 18 Қыркүйек - Қазақстан халықтарының тілдер күні (АНА ТІЛІҢ – АРЫҢ БҰЛ) казакша тарбие сагат тәрбие сағат