Өткен жылы өзінің түсініксіз рэптерімен қазақстандықтарға кеңінен танылып, шетелдік бағдарламаларға қонаққа шақырылған МС Сайлаубекті көшеде ішімдікке сылқия тойып жатқан жерінен видеоға түсіріп алған деп жазады NUR.KZ.
Қазақстан Республикасында 1989 жылғы халық санағында 16199,2 мың адам тiркелдi. 1999 жылғы санаққа дейiнгi аралықта Қазақстан халқы 1246,1 мың адамға кемiген. Мұның басты себебi бұрын қуғын-сүргiнге ұшырап, Қазақстан жерiне көшiрiлiп, қоныстандырылған өзге ұлт өкiлдерiнiң, әсiресе, орыстардың, украиндардың, немiстердiң, кавказ халықтарының, т.б. өз ата мекендерiне көшiп кетуi болды. Өсу тек Оңт. Қазақстан, Қызылорда, Атырау облыстарында, Алматы, Астана қ-ларында байқалды. Ерлердiң саны 7201,8 мың болса, әйелдер 7751,8 мыңды құрады. Соңғы он жылда ұлттық құрамда да айтарлықтай өзгерiс болды. Мысалы, қазақ ұлты 1468,1 мың адамға (22,9%) көбейiп, республика халқының жартысынан астамын (53,4%-ын) құрады. Сондай-ақ, күрд (29,1%-ға), дүнген (23,3%-ға), ұйғыр 15,9%-ға), өзбек (12%-ға) халықтарының саны да өстi. Оның есесiне орыс ұлты өкiлдерiнiң саны 1582,4 мың адамға (26,1%-ға) кемiдi, немiстер 593,5 мың (62,7%), украиндар 328,6 мың (37,5), татарлар 71,7 мың (22,4%), беларусьтер 66 мың (37,1%) адамға кемiген. 1897 ж. бүкiлресейлiк халық санағының мәлiметi бойынша, қазiргi Қазақстан аумағындағы халықтың 80%-ын қазақтар, 12%-ын славян тектес халықтар құраған. 1897 — 1913 ж. аралығында мұндағы халық саны қоныс аударған орыс, украин, беларусь, татар, ұйғыр, дүнген, т.б. шет жұрттықтар есебiнен 1 264,0 мың адамға көбейген. Қазақстан аумағындағы халық санының өсу көрсеткiшi мынадай: 1897 ж. 4333 мың адам, 1913 ж. — 5597 мың, 1939 ж. 6082 мың, 1959 ж. 9295 мың, 1970 ж. 13009 мың, 1979 ж. — 14684 мың. Кеңестiк дәуiрде, әсiресе, 1930 жылдан кейiн Қазақстан жерiне сырт өлкеден халық толассыз келумен болды. 1937 — 44 ж. тұтас халықтарды ата жұрттарынан Қазақстан аумағына күштеп көшiру науқаны жүргiзiлдi. 1937 ж. алғашқылардың бiрi болып Қиыр Шығыстағы корейлер көшiрiлдi. Олар негiзiнен Қазақстанның оңт. және оңт.-шығыс аудандарына қоныстандырылды. Сол жылы Армения және Әзiрбайжаннан, 1944 ж. Грузиядан күштеп көшiрiлген күрдтер Қазақстан мен Орта Азияға қоныстандырылды. 2-дүниежүз. соғыс қарсаңында КСРО ХКК-нiң 1940 ж. 18 қазандағы қаулысымен Қазақстанға Украина мен Беларусьтiң батыс облыстарынан поляктар көшiрiлiп әкелiндi. Олар Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Павлодар, Солт. Қазақстан, Семей облыстарына iрге тептi. Соғыс басталысымен 1941 ж. КСРО-ның батыс аймақтары мен Едiл бойынан немiс жұртшылығы, сонан соң 1944 — 45 ж. Украинада, Беларусьте, Балтық жағалауында тұратын немiстер көшiрiлдi. 1943 ж. қазанда қарашайлар Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарына, сондай-ақ, Қырғызия мен Өзбекстанға көшiрiлдi.....
Пайғамбарымыз ﷺ Рамазанның соңғы он күнінде Мәсжидун-нәбәуиде иътикафқа отыратын-ды. Тіпті деректерде мешіттің ішінде шатыр тігіп парыздан соң зікір, құлшылық және Құран оқу үшін осы шатырға кіретіндігі риуаят етіледі. Мінекей осы сәттерде мынадай бір жағдай болағанын Әбу Зәрр жеткізеді: «Рамазанның соңғы он күні болғанда Алла елшісі мешітте иътикафқа отырды. (Рамазанның) 22-сіне сәйкес келетін дүйсенбі күні екінті намазын өткізіп сосын былай деп хабарлама...
Құрылыс материалдарынан құрылыстар салуға үйрету. Жақсы сапаға жетуге талпындыру ( дұрыс жоспарлай алу, түстерді сәйкестендіре орналастыру) бастаған істі аяқтауға дағдыландыру. Туған ауыл, қалаға, көшеге ыстық ықыласпен қарауға баулу. Ұжымды жұмыс барысында бір - бірімен ізгі қарым - қатынаста болуға, өзара сыйластық пен достыққа тәрбиелеу. Атқарылған істің сапасы ұжымның әрбір мүшесінің бірлесе жұмсаған күш - жігеріне байланысты екенін түсіндіру. Керекті құралдар: құрылыс материалдары, суреттер, әліппе - дәптерлер. қосымша безендіруге қажетті заттар: ағаштар, машиналар, т. б. Әдіс - тәсілдер: көрсету, түсіндіру, сұрақ - жауап, үлгіні талдау. Алдын - ала жүргізілетін жұмыстар: Көшелерді атау, өздері тұратын көше жайлы әңгімелеу. .....
Сабақтың мақсаты: Құрылыс материалдарынан құрылыстар салуға үйрету. Жақсы сапаға жетуге талпындыру ( дұрыс жоспарлай алу, түстерді сәйкестендіре орналастыру) бастаған істі аяқтауға дағдыландыру. Туған ауыл, қалаға, көшеге ыстық ықыласпен қарауға баулу. Ұжымды жұмыс барысында бір - бірімен ізгі қарым - қатынаста болуға, өзара сыйластық пен достыққа тәрбиелеу. Атқарылған істің сапасы ұжымның әрбір мүшесінің бірлесе жұмсаған күш - жігеріне байланысты екенін түсіндіру. Керекті құралдар: құрылыс материалдары, суреттер, әліппе - дәптерлер. қосымша безендіруге қажетті заттар: ағаштар, машиналар, т. б. Әдіс - тәсілдер: көрсету, түсіндіру, сұрақ - жауап, үлгіні талдау. Алдын - ала жүргізілетін жұмыстар: Көшелерді атау, өздері тұратын көше жайлы әңгімелеу......
Өз ортасында беделі биік, қандай қадам жасаса да, нық сеніммен алға жүретін адам нағыз көшбасшы бола алады. Жауапкершілік, терең ой, батылдық, тапқырлық сынды қасиеттер жаңа заман көшбасшыларының бойында болуы тиіс. Қазіргі жастар,яғни XXI ғасырдың ұрпағы бұл қасиеттердің барлығына ие десем қате болмас. Олардың әрқайсысы ақылды, белсенді болып өсіп, болашаққа жаңа қадам жасайтын көшбасшылар. Мемлекетіміздегі, қоғамдағы салалар осындай жандардың арқасында дами түсіп, үлкен жетістіктерге жетуде. Олар әлемдік ареналарда Отанымыздың мәртебесін биікке көтеруде.......
Бүгінде қала көшелеріндегі қате жарнамалардан көз сүрінеді. Мағынасыз аудармалар, әріптік қателер мен оңды-солды қойылған тыныс белгілері. Тіл мамандары көрнекі ақпараттардың сауатсыздығын айтып, дабыл қаққанымен, жарнамадағы қателер азаяр емес. Алматы қаласының тұрғыны ретінде ономастика туралы заңның талаптарына сай келмейтін, орфографиялық қателіктер жіберген түрлі жарнама билбордтарын күніне бірнешеуін көремін. Басым көпшілігінде жарнаманың қазақ тіліндегі нұсқасында қателіктер жиі кетіп жатады. Ономастика бойынша жаңа заңға жүгінсек, жарнамадағы....
Білімділік: Көшедегі қауіпсіздік ережелері туралы алған білімдерін пысықтау, балаларды өмірлік қауіпсіздік ережелеріне үйретуді жалғастыру.
Дамытушылық: Танымдық белсенділігін, жол белгілерін білу мен олардың атқаратын қызметін, қоғамдық және көліктердегі тәртіп сақтау заңдылықтары туралы түсініктерін, ойын арқылы ойлау қабілетін, ән, тақпақ арқылы тіл байлықтарын дамыту. Шығармашылық қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: Жолда жүру ережелерін орындауға, дамытушы ойындар арқылы ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: бағдаршам, аудио дыбыстар, венн диаграмма, жол белгілері, жол қауіпсіздігі туралы суреттер, теледидардан слайд арқылы суреттер көрсету, мультфильм, жол макеті, әуендер.
Сөздік жұмыс: тыйым салынатын белгілер.
Методикалық әдіс – тәсілдер: әңгімелеу, түсіндіру, ойын, ән, қайталау, көркем сөздер, сұрақ-жауап.
Билингвальды компонент: қауіпсіздік - безопасность, бағдаршам - светофор, жаяу жүргіншілер өтпесі – пешеходный переход, тыйым салатын белгілер – запрещающие знаки.
Инклюзивтік әлеумет: Тілді жетік түсінбейтін бала аңғарымдылығын арттыру, ұялшақ балаға көмек беру.
Білім беру саласы: Шығармашылық Тобы: Ересек топ Ұйымдастырылған оқу қызметі: Бейнелеу өнері Өтпелі тақырып: «Менің отбасым» Тақырыбы: Менің көшем Мақсаты: Білімділік: Қала, көше жайлы түсінік беру. Көшедегі ережелерді айтып, түсіндіру. Дамытушылық: Көшеде не бар екенін айта алуға, көшенің қандай екенін сипаттауға үйрету. Тәрбиелік: Балаларды шығармашылыққа,еңбекқорлыққа,бастаған ісін аяқтауға,ұқыптылыққа тәрбиелеу. Қажетті – құрал жабдықтар: Қағаз, қарындаштар, бояу, қылқалам Әдіс-тәсілдер: Сұраққа жауап беру,ойын,түсіндіру,берілген тапсырманы шешу, мақтау, мадақтау, шығармашылық тапсырма Қостілділік компонент: Көше-улица- street. Көрнекі құралдар: Үлгі суреттер, көшедегі үйлердің суреттері.
Іс-әрекет кезеңдері Мұғалім әрекеті Бала әрекеті Мотивациялық – қызығушылық Сәлеметсіңдерме балалар?! Көңіл-күйлерің қалай? Сендерді шаттық шеңберіне шақырамын
Ұйымдастыру-ізденушілік Өздері тұратын көшелері жайлы әңгімелесу. Балалар біз қай қалада өмір сүріп жатырмыз? -сендер өз көшелерің қалай аталады? -Кімнің құрметіне бұлай аталған? -Бұл көшедегі әдемі үйлерді кім салады екен? Жұмбақ. Ұзын-ұзын,ұзын жіп Ұшына шыққан жан бар ма? Ақырын басқан жан бар ма, Ұшына шықпас жалғанда (Жол) Жұмбақ мағынасы түсіндіріледі.
Балалар алдындағы құрал-жабдықтарды пайдаланып, көрсеткен үлгімен,көшені бейнелейді,кейбір балаларға жеке түсіндіріліп,көмек көрсетіледі. Сергіту сәті. Балалармен бірге бой жазу жаттығуын жасау. .....
Кіріспe Аралас экономика дегеніміз бұл мемлекетін тікелей аралсуы емес аралас деп атаймыз.Жеке меншікте бар және мемлекетін меншігіде бар. Мемлекетің меншігіне темір жол, космостық аймақтар және тағы басқалар жатады.Қазақстан Республикасын аралас экономика деп санауға болады. Өйткені мемлекетін үстемдігі бар. Біздің экономикада Нарықтық экономика белгіленген.1993-1995 жылдары қабылданған Конституцияда белгіленген жеке меншікті мойындады Аралас нарықтық экономика дегеніміз не? Американ экономисі Пол Самуэльсон былай деген: «Аралас экономика экономикалық өмірдің нашарлауын жалпы сауықтырудың нақтыланған алып жүйесі болып табылады», әрі қарай ол: «Аралас экономика - бұл нарықпен, бұйрық, дәстүр элементтерімен бірге болатын экономика» — дейді. Қазақстан Республикасы қалыптасуы мен дамуының стратегиялық мақсаты аралас әлеуметтік бағытталған нарықтық экономика болып табылады. Ол бәсекелестік бастауға, меншіктің негізгі түрлерін араластыра — өзара іс-әрекетке негізделеді. Олардың әрқайсысы жалпы экономикалық және әлеуметтік өзара байланыс жүйесінде өз қызметтерін атқарады.....