Сарыбай бидің Жамбылға берген батасы

Ау, Жамбыл, бата сұрап келіп қапсың,
Қобыз тастап, қолыңа домбыра апсың
Өлеңіңнің арасынан қыл өтпесін,
Алдыңнан інжу - маржан өзен ақсын.
Жамбыл - ау, Екей елі - өлең деген,
Жел сөзге әрбір қазақ елеңдеген.
Көзінде - от, көкірегіңде жырың тұнық
Түбінде ақын шығад сенен кенен.
Екейдің аты шыққан өлеңменен,
Ірі ақын мойны озық көрем сенен,
Сүйінбайдың сөзін жалғар - алтын көмбе,
Батамды түбі саған берем деген.....
Баталар
Толық

Әсеттің батасы

Ал, батамды берейін,
Арта берсін мерейің.
Қойға толып өрісің,
Алшы түссін кенейің.
Құлын - тайың шұрқырап,
Тассын бағың, мерейің!
Басыңа бұлт қонбасын,
Өмір гүлің солмасын!
Төбеңе күн үялап,
Тірлігіңді оңдасын!
Қиындыққа қайыспа,
Арың болсын жолдасың!
Ел бастасаң батыр боп,
Ер Жәнібек қолдасын!
Дұшпандарың жер шұқып,
Сағы сынып сорласын!
Судай тасып дәулетің,
Еш жамандық болмасын!....
Баталар
Толық

Сүйінбай ақынның Жамбылға берген батасы

О, Жамбыл, бата дедің, бердім саған,
Бақытты, өмірлі бол, жүргін аман.
Батасын ат орнына берді ғой деп,
Қоймағын былай шығып кінә маған.
Соңынан Сүйінбайдың орнын басып,
Тіліңнен балың тамсын сорғалаған.
Жапаға, риза болсын, айта барғын,
Осымен өкпелей жүрсін маған.

***
Ағайындар, туғандар,
Жүрген жерің Нұр болсын.
Тындағаның жыр болсын.
Жолымыз басқа болғанмен
Тілегіміз бір болсын.....
Баталар
Толық

Қарасай батырдың Есімханнан алған батасы

Ал, ақ батамды берейін, қолыңды жай:
Аллаға қылығың жақсын,
Таңда машһар күніңде
Алдыңнан бүлақ ақсын!

Періштелер маңдайыңнан иіскеп
Жауырыныңнан қақсын,
Көкірегің ақ болсын!
Қара босағаңнан қыдыр кетпесін....
Баталар
Толық

Сақтық бата

Дұшпанның табасынан сақта,
Достың наласынан сақта.
Өмір бойы жазылмайтын,
Жүректің жарасынан сақта.
Шарасыз шерменде болғаннан сақта,
Мезгілсіз солғаннан сақта.
Ағайынға көзтүрткі болып,
Сүмірейтіп қорлаудан сақта.
Сенгенің сатып кеткеннен сақта,
Дұшпан алдында шөккеннен сақта.
Қарғап - сілеп тамам жұрт,
Қаһарын төккеннен сақта.
Үгіліп жылағаннан сақта,
Араша сұрағаннан сақта.
Амалың құрып есеңгіреп,
Қайтып тұрмастай құлағаннан сақта.
Кесапаттың зәрінен сақта,
Патшаның кәрінен сақта.....
Баталар
Толық

Сапарға, жолаушыға бата

Иә, Құдайым оңдасын,
Оң жолына бастасын.
Жортқанда жолың болсын,
Жолдасың періштелер болсын.

Жер жүзіндегі қатерден
Жаппар Иеме тапсырдым!
Судан келер қатерден,
Сапардағы қатерден.....
Баталар
Толық

Үй иесіне бата

Шаңырағың шалқи берсін.
Керегең кеңи берсін.
Осы үйге ән - күй келсін,
Дұшпаның кеми берсін.
Дастарқанға береке берсін.
Күнде мереке болсын.
Қастық ойлағандар,
Қабағы ашылмай келеке болсын!
Әумин!

***
Бастарыңа бақ берсін,
Не берсе де нақ берсін!
Қырда жүрген Қызырды
Үйлеріңе ап келсін!
Қарындарың тоқ болсын,
Қайғыларың жоқ болсын!
Шүпірлеген үйіңде,
Балаларың көп болсын!
Бата бердім, бақ тіледім,
Ақ дастарқан басына.
Я, Құдайым, шын тіледім,
Келсін деп менің қасыма!
Көңілің көлдей болып,
Көргенің түстей болып,
Қыдыр қонсын басыңа!....
Баталар
Толық

Жастарға бата

Жарылқа, Тәңір, қабыл ет,
Жарылқаудың қамын ет!
Бере гөр, мына жастарға
Ізет - абырой, бақ - дәулет.
Береке орнап бақ қонсын,
Баянды боп нақ қонсын.
Талап қылса әрнеге,
Тек жақсылык, тап болсын.
Жастығы өтсін гүлдей боп,
Төрт құбыласы бірдей боп.
Бере көрме оларға,
Жан төзгісіз бір бейнет.
Жолдары болсын әманда,
Пайдасы тисін қоғамға.
Тәңірім өзі қолдаса,
Бақ қонады адамға!
Әумин!.....
Баталар
Толық