» » » » Балабақша сабақ жоспары: Аяулы ана ару бүлдіршін

Балабақша сабақ жоспары: Аяулы ана ару бүлдіршін

Балабақша сабақ жоспары: Аяулы ана ару бүлдіршін казакша Балабақша сабақ жоспары: Аяулы ана ару бүлдіршін на казахском языке
І кіші «ДАРЫН» топ бүлдіршіндері мен аналар сайысы.
Қатысушылар:
Бүлдіршіндер аналарымен бірге
Сайыс мақсаты:
«Балаларды мейірімділікке, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге, сүйіспеншілікті арттыруға, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету. Бала бойына ізгілік, инабаттылық, биязылық сияқты қазақ қызына, келініне тән жақсы қасиеттерді қалыптастыру»
Сайыс 6 кезеңнен тұрады.
І кезең: «Өзін - өзі таныстыру»
ІІ кезең: «Шебер қолдар сайысы» (дайын қиылған ою үлгілерден ақ парақ бетіне сырмақ, кілем жапсыру) Шапшаңдылық пен әдемілік, ұқыптылық.
ІІІ кезең: «Сәнді киім, шаш үлгісі» Сән үлгі - 2019
IV кезең: «Өнер» сайысы. Анасы қызымен бірге, болмаса жеке дара. (көркем сөз оқу, би, өлең т. б.) Өз шеберліктерін көрсету.
V кезең: «Тапқыр, білгір, білімділер» (мақал - мәтел, жұмбақ шешуін табу, ситауциялық сұрақтарға жауап беру)
VI кезең: «Ас қадірін білмеген аштан өлер,
Ат қадірін білмеген жаяу қалар»
«Қонақ жайлық – ата дәстүріміз» - деп аталады. Аналар мен әсем бүлдіршіндеріміздің алтын қолдарымен жасалған мерекелік дастарханға салат даярлау. (салатқа ат қойып жасалуы туралы түсінік беру керек)
Бағалау, марапаттау, қорытындылау. Номинация бойынша марапаттар беріледі. Қатысқандарыңыз үшін көп - көп рахмет!

Тәрбиеші: Бүгін Наурыздың сегізі
Сұлулықтың негізі
Әдемі сөз адамның
Аналарға айтар лебізі
Армысыңдар әжелерім, аналарым
Мейірбан аппақ көңіл даналарым
Гүл көктемнің алғашқы мейрамымен
Құттықтайды сіздерді «ДАРЫН» топ балалары.
Әсем әуен ырғағымен әсем бүлдіршіндер ортаға келіп Аналарымызға әсем ән орындап береді.
Ән: «Ән айтамын анама» хор. Барлық бала орындайды.
Тәрбиеші: Елбасы Н. Ә. Назарбаев: «Шығыс халықтарының арасында, жалпы мұсылман әлемінде әйел затын ерекше бағалайтын, қарындасты қатты тәрбиелейтін халықтың бірі де, бірегейі де біздің қазақ», - деп, аналарға деген құрметін білдіреді.
Бүгінгі айтылатын ақ тілек, жылы сөз, күмбірлеген күй, шырқалатын ән сіздерге арналады. Құрметті аналар, балаларың сіздерге арнап әзірлеген гүлін, сыйлығын қабыл алыңыз.
Аналар, әжелер, қадірлі қонақтар, қыздар, балабақша ұжымының апайлары сіздерді Халықаралық әйел - қыздар мерекесімен құттықтаймыз. Сіздерге отбасылық бақыт, дендеріңізге саулық, жүздеріңізден шаттық пен қуаныш кетпесін. Бүгін сіздерге арналған «Аяулы ана, ару бүлдіршін» атты сайысымызды тамашалаңыз.
Қазір осы сайыстың әділ қазылар алқасын сайлап алайық.
Мектеп - бақша директоры:
Мектеп - бақша әдіскері:
Мектеп – бақша тәрбиешісі:
Мектеп - бақша дене шынықтыру жетекшісі:
Ата - ана:
Жүргізуші:
Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық.
Мерекесі халықтың,
Ана тойын бастайық,
Осы тойға арналған,
«Аяулы ана, ару бүлдіршін» сайысын бастайық.

Аналар мен әсем ару бүлдіршіндер ортаға шақырамыз.
Ал енді құрметті сайысқа қатысушылар мен қонақтар сіздерге сайыс ережесімен таныстырып өтейін.
Сайыс 6 кезеңнен тұрады.
І кезең: «Өзін - өзі таныстыру»
ІІ кезең: «Шебер қолдар сайысы» (дайын қиылған ою үлгілерден ақ парақ бетіне сырмақ, кілем жапсыру) Шапшаңдылық пен әдемілік, ұқыптылық.
ІІІ кезең: «Сәнді киім, шаш үлгісі» Сән үлгі - 2019
IV кезең: «Өнер» сайысы. Анасы қызымен бірге, болмаса жеке дара. (көркем сөз оқу, би, өлең т. б.) Өз шеберліктерін көрсету.
V кезең: «Тапқыр, білгір, білімділер» (мақал - мәтел, жұмбақ шешуін табу, ситуациялық сұрақтарға жауап беру)
VI кезең: «Ас қадірін білмеген аштан өлер,
Ат қадірін білмеген жаяу қалар»
«Қонақ жайлық – ата дәстүріміз» - деп аталады. Аналар мен әсем бүлдіршіндеріміздің алтын қолдарымен жасалған мерекелік дастарханға салат даярлау. (салатқа ат қойып жасалуы туралы түсінік беру керек)
Ал енді алдағы номерлерді алайық реттік номерді біліп алайық.
Әсем бүлдіршіндер сандықшадан номерлер алады.
Жаны - сырлы, жанары таң ару қыздар,
Сенімі – асқар, - Күндей сұлу ару қыздар,
Сәуле шашқан өмірге нұр ару,
Көрік болған көгімде жұлдыздар - ай,
Бай болсын қыздарым ізгілікке,
Қол соғып, қошеметпен қарсы аламыз.
І кезең: «Өзін - өзі таныстыру» кезеңіне жол берейік.
Махатова Кәусар:
Таныстырсам өзімді сізге бүгін,
Азаматтың екі жасар бір гүлімін.
Абылғазы немересі ақ - Кәусәрмін!!!
Періштесі жеті рудың Табынымын.
Әділ қазы алқасы бағалайды.
ІІ кезең: «Шебер қолдар сайысы» (дайын қиылған ою үлгілерден ақ парақ бетіне сырмақ, кілем жапсыру) Шапшаңдылық пен әдемілік, ұқыптылық.
Қазақтың қол өнерімен жасалатын түс киізді жасап көрсетеді.
«Жетелі өнер сүйіп еңбектенер, өмір жолы өшпестей өрнектелер» деп ару қыздарымызға тапсырманы орындауға рұқсат береміз. Ал, кәне арулар, іске сәт!
Аналарға арналған жыр жолдарын топ ер балалары айтады.
Ержан, Нұрлыбек, Тілеухан, Сұлтан, Асылұлан.

3 – шартымыз: «Сәндік киімдер» үлгісі.
Ару қыздар – Ай көрік, қылығы – Күн.
Сезбейсіңдер өздерің мұны бүгін.
Сезбейсіңдер керемет, қыз тағдырдың сұлулығын,
Күн шекті ұлылығым.
Бүгін сендер құлпырған құндыз бәрің
Серпіп, алға жалғайтын тік тағдырың.
Ескеріңдер ертеңгі ел тағдыры
Сендердің қолдарыңда жер тағдыры – деп, арулар аты жөнімен ортаға шақырылады.
IV кезең: «Өнер» сайысы. Анасы қызымен бірге, болмаса жеке дара. (көркем сөз оқу, би, өлең т. б.) Өз шеберліктерін көрсету.
Ал кімнің өнері бар қаншалықты
Би билеп, ал біреуі ән салыпты
Бүгінгі мерекелік сайыста өнерін көрсетіп жан салыпты,- деп аналар мен әсем бүлдіршіндер өнерін тамашалайық.
Аналарға арналған «Менің анам алтын» Би
Ержан, Нұрлыбек, Бағдат би билеп береді.
5 - шартымыз: «Тапқырлар, білгірлер, білімділер».
Тыңдаңыздар халайық!
Босқа қарап тұрмайық
Кезегі енді сайыстың
Сұраққа жауап табайық!
Аналар конверт таңдап, ішіндегі 2 сұраққа жауап береді және бір мақалдың жалғасын табады. айтады.
10 сұрақ:
1. Көктемде алғаш ұшып келетін құс?
2. Қазақтың тұңғыш күйші қызы кім?
3. Қыз қандай болуы керек?
4. Жеті атаны ата?
5. Көктемнің алғашқы белгісін білдіретін гүл?
6. Жеті қазынаны ата?
7. Қазақ халқының оюлар түрін ата?
8. Үш арсызды ата?
9. Қазақтың ұлттық тағамының түрін ата?
10. Сұлу әйелдің 3 түрін ата?
Мақал – мәтелдер:
- Үкісіз қыз болмас - Тексіз гүл болмас.
- Қызды сөкпе – Тұзды төкпе.
- Астың дәмін түз келтірер – ауыл сәнін қыз келтірер.
- Қыздың аңқаулығынан сақта – Жігіттің жалқаулығынан сақта.

Аналарға арналған жыр жолдарын топ ер балалары айтады.

6 шартымыз: Үй тапсырмасы
«Ас қадірін білмеген аштан өлер,
Ата қадірін білмеген жаяу қалар», демекші келесі сайысымыздың шарты «Қонақ жайлық – ата дәстүріміз» деп, аталады.
Аналар мен қыздардың алтын қолдарымен жасалған мерекелік дастарханға салат даярлау. (Салатқа ат қойып жасалуы туралы түсінік беру керек).
Аналарға арналған әсем бүлдіршіндердің мерекелік ән жолдаймыз.
«Апам, үшін күнде де»
Барлық бала бірге айтады.
Ойын: «Анамызға көмектесеміз»

Әділ қазы шешеді
Істің ақ пен қарасын
Бүгінгі міне сайыстың
Әділ берер бағасын – деп ал енді сөз кезегін төрешілерге береміз.
Мадақтау.
Сайыс осымен өз мәресіне жетті келіп қатысып тамашалағандарыңызға рахмет. Мереке құтты болсын! Құттықтау сөз кезегі өздеріңізде. .....



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!

Автор: araylym94 | 119 | 27.02.2019


Загрузка...

KZ / Сабақ жоспары жинағы / Балабақша сабақ жоспары жинағы, балабақшаға Аяулы ана ару бүлдіршін арналған сценарий сабақ жоспары сабак жоспар балабакша, балабақша сабақ жоспары сабак жоспар балабакша, балабакша сабак жоспары, балабақшаға арналған сабак жоспар балабакша сабақ жоспары, балабакша жылдык жоспары, балабақша жылдық жоспар, Аяулы ана ару бүлдіршін, балабақшаға Аяулы ана ару бүлдіршін арналған сценарий сабақ жоспары сабак жоспар балабакша балабақша сабақ жоспары сабак жоспар балабакша балабакша сабак жоспары балабақшаға арналған сабак жоспар балабакша сабақ жоспары балабакша жылдык жоспары, Балабақша сабақ жоспары: Аяулы ана ару бүлдіршін