» » » » Балабақша сабақ жоспары: Қазақ тілін білемін

Балабақша сабақ жоспары: Қазақ тілін білемін

Балабақша сабақ жоспары: Қазақ тілін білемін казакша Балабақша сабақ жоспары: Қазақ тілін білемін на казахском языке
Мақсаты: Балалардың қазақ тілі сабағынан игерген білімдерін бекіту. Өзі туралы, өз Отаны туралы әңгімелей білуге баулу. Отансүйгіштік қасиетін қалыптастыру, мемлекеттік тілге деген қызығушылықтарын арттыру. Эмоционалдық көңіл – күйлерін көтеру. Ата - аналарды бала тәрбиесі мен оқыту мәселесіне тарту және оларға балаларының жетістіктерін көріп, өздерінің бала тәрбиелеудегі тәжірибесін байыту.
Қатысушылар: Балалар және ата - аналар
Жүргізуші: Армысыздар, қадірлі қонақтар, балалар! Сіздерді еліміздің Тәуелсіздік күні - мерекесімен құттықтаймыз. Қазақстанымыздың аспаны ашық, халқымыздың еңсесі жоғары болсын деп тілейміз.
Атыңнан айналайын егемен ел,
Тәуелсіз күнің туды кенеле бер.
Мерейің құтты болсын, Тәуелсіздік,
Ғасырдың тойы болшы, кенеле бер!
Әнұран айтылады
Жүргізуші: - БүгінТәуелсіздік мерекесі қарсаңында «Қазақ тілін білемін» тақырыбымен өткізілгелі отырған отбасылар сайысын бастауға рұқсат етіңіздер. Біздің балаларымыз өздерінің ата - аналарымен сайысқа қатысып, өз өнерлерін көрсетпек. Ал, енді сайыскерлерімізді ортаға шақырайық.
Залға «Елім менің» әнінің әуенімен сайыскерлер кіреді.
Жүргізуші:Ал, қазір қоржының ішінен асықтар таңдап алу арқылы (асықтың түсіне сәйкес, сайыскерлердің қызыл түсті асық - (1 нөмір), көк түсті - (2 нөмір ), сары түсті асық – (3 нөмір), жасыл түсті асық – (4- нөмір), сайыскерлеріміздің реттік нөмірін белгілейміз.
№1 Шувакиндер отбасы
№2 Юренковтар отбасы
№3 Воробьевтар отбасы
№4 Өмірғалиевтер отбасы
Жүргізуші:Біздің сайысымызды бағалап отыратын әділқазылар алқасымен танысайық. (әділқазылар алқасын таныстыру). Енді бүгінгі сайыстың барысымен таныстырып өтейін:
1- кезең «Өзім туралы» (өзін - өзі таныстыру сайысы)
2-кезең «Сен білесің бе?» (анасының баласымен сұхбаты)
3- кезең «Көркем сөз үлгілері» (мәнерлеп оқу, тақпақ )
4- кезең «Ұлттық тағам»
1- кезең «Өзім туралы»
Бала:
Менің аты - жөнім ....
Мен (бес, алты) жастамын.
Менің (ағам, апам, қарындасым,сіңлім, інім) бар.
Ол .... жаста.
Мен «Жігер» балабақшасына барамын.
Мен (сурет салғанды, ән айтқанды, би билегенді) жақсы көремін.
Ата - ана:
Менің аты - жөнім...
Менің отбасым бар.
Отбасында ... адам бар.
Менің мамандығым ....
Менің (ұлым, қызым) .... (билегенді, сурет салғанды, ән айтқанды) ұнатады.
Жүргізуші: әділқазылар алқасы сайыстың 1- кезеңін бағалағанша, «Қазақстан жалауы» әнін орындайық.
(Әділқазылар алқасына сөз кезегі)
Жүргізуші: Балалар, сендер Қазақстан республикасының рәміздерін білесіңдер ме? (Балалардың жауабы) Өте дұрыс балалар, Әрбір мемлекеттің ғасырлық тарихына байланысты рәміздері бар. Мемлекеттік рәміздер - Ту, Елтаңба, Әнұран. Бұл халық бірлігінің белгілері. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу - әрбір азаматтың міндеті қазір біздің сайыскерлеріміз де мемлекеттік рәміздер туралы толығырақ айтады.
2- кезең «Сен білесің бе?» сұхбат.
Шувакиндер отбасы:
Анасы: Туымыздың түсі қандай?
Бала: Туымыздың түсі – көгілдір.
Анасы: Тудың ортасында не орналасқан?
Бала: Күн.
Анасы: Күннің астында не бар?
Бала: Күннің астында қыран бейнеленген.
Юренковтар отбасы:
Анасы: Туда қандай бейнелер бар.
Бала: Туда ұлттық ою- өрнек бейнеленген.
Анасы: Тудағы бейнелердің түсі қандай?
Бала: Күн, шұғыла, қыран және өрнек алтын түсті.
Анасы: Тудың авторы кім?
Бала: Шәкен Ниязбеков.
Воробьевтар отбасы:
Анасы: Елтаңбамыздың басты белгісі не?
Бала: Елтаңбамыздың басты белгісі - шаңырақ.
Анасы: Шаңырақтың айналасында не бар?
Бала: Уықтар бар.
Анасы: Уықтарды не қоршап тұр.
Бала: Оны пырақтар қоршап тұр
Өмірғалиевтер отбасы:
Анасы: Балам, бүгін не үйреніп келдің?
Бала: Бүгін рәміздер туралы үйрендім.
Анасы: Онда еліміздің рәміздерін айтып берші.
Бала: Олар: ту, елтаңба және әнұран.
Анасы: Ой, жарайсың, балам! Мынаны есте сақта: әрқашан еліміздің рәміздерін құрметтеп жүр.
Анасы: Балам, сен әнұранды жатқа айта аласың ба?
Бала: Ия, бәріміз әнұранды жаттап алдық.
Анасы: Жарайсың балам! Үлкен азамат бол.
Жүргізуші: Балалар, әділ қазылар алқасы сайыстың 2- кезеңін бағалағанша, біз «Зеректер» тобының балаларының «Рәміздер айтысын»тыңдайық. .....



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!

Автор: araylym94 | 57 | 26.02.2019


Загрузка...

KZ / Сабақ жоспары жинағы / Балабақша сабақ жоспары жинағы, балабақшаға Қазақ тілін білемін арналған сценарий сабақ жоспары сабак жоспар балабакша, балабақша сабақ Қазақ тілі жоспары сабак жоспар балабакша, балабакша сабак жоспары, балабақшаға арналған сабак жоспар балабакша сабақ жоспары, балабакша жылдык жоспары, балабақша жылдық жоспар, Қазақ тілін білемін, балабақшаға Қазақ тілін білемін арналған сценарий сабақ жоспары сабак жоспар балабакша балабақша сабақ Қазақ тілі жоспары сабак жоспар балабакша балабакша сабак жоспары балабақшаға арналған сабак жоспар балабакша сабақ жоспары балабакша жылдык, Балабақша сабақ жоспары: Қазақ тілін білемін