Ас атасы – нан

 Ас атасы – нан

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Берілген тақырыпты талдап, саралай отырып, бұрынғы сыныптарда алған білімдерін кеңейту,біріккен сөз бен қос сөз туралы алған білімдерін бекіту
Дамытушылық: оқушыларға қазақ тілінің қағидаларын меңгерте отырып, Тілдік талдау дағдыларын, сөйлеу мәнерлерін дамыту меңгеруге машықтандыру, есте сақтау, өмірде қолдана білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: егемен еліміздің болашағы – жас ұрпақты Басты тағам нанды қадірлеп, қастерлей білуге тәрбиелеу. тәрбиелеу. Бір-бірін түсініп, тыңдай білуге, сыйлауға дағдыландыру білуге үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақтада орналастырылған слайдтар, ақ қағаздар /постер/,смайликтер, тірек сызбалар.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, топтау , түсіндіру.
Пәнаралық байланыс: әдебиет.
Сабақ барысы:
І кезең. Бағдарлау- мотивациялық кезең
• оқушылармен сәлемдесу;
• сабаққа қатысымын тексеру;
• топқа бөліп, сабақтың мақсатымен таныстыру.
1.Ойқозғау
- Бүгін аптаның қай күні?
-Ендеше ЖҰМА күні қазақ халқында қандай күн болып саналады?
/оқушы жауабы, мұғалім толықтырады/
2.Топтастыру.
Оқушыларды ортаға шақырып, кіші және үлкен сөздері жазылған парақшаларды таңдау ұсынылады. Таңдап болған соң, сұрақ қойылады.
-Осы үлкен және кіші сөздерінің жұма күніне қандай қатысы бар деп ойлайсыңдар?
-Үлкен жұма,кіші жұма /оқушылар білгендерін айтады/
Үлкен сөзін таңдағандар 1-топқа, кіші сөзін таңдағандар 2-топқа топтасады.
-Жұма күні дастарханға бірінші не қойылады?
/Оқушылар өз ойларын айтады. Одан соң бауырсақ таратылады/
-Бауырсақтан басқа күнделікті ас ішер алдында үстелге бірінші не әкелінеді?
-Ендеше бүгінгі сабақтың лексикалық тақырыбы «Ас атасы-нан» деп аталады. Нан туралы білгенімізді ортаға салайық.../оқушылар сөйлейді/
ІІ кезең Операциялық- орындаушылық кезең
( Мәтін бойынша тапсырмалар берілместен бұрын әр топқа «Бағалау парағын» беріп, бағалаудың жолдарын түсіндіріп өту )
1. Мәтінмен жұмыс. «Тауық, тышқан және құрбақа»
Ерте заманда тауық,тышқан, құрбақа – үшеуі бір тұрыпты. Бір күні тауық әрі-бері жүгіріп жүріп арпаның дәнін тауып алыпты. Ол қуанғаннан:
- Дән таптым!- деп айқайлап, мәз-мейрам болады.
- Мұны диірменге апару керек. Кәне, қайсысың алып жүресің?- депті тауық.
- Мен апара алмаймын,- депті тышқан.
- Мен де апара алмаймын,- депті құрбақа.
Дәнді тауықтың өзі алып жүріпті. Диірменге тарттырыпты.
Тауық:
- Енді ұнды үйге кім арқалап апарады?- депті.
- Мен апара алмаймын,- депті тышқан
- Мен де апара алмаймын,- депті құрбақа.
Ұнды тауықтың өзі арқалап алып жүріпті.
Кім қамыр илейді?- деп сұрапты тауық.
- Мен илей алмаймын,- депті тышқан.
- Мен де илей алмаймын,- депті құрбақа.
Қамырды тауықтың өзі илепті.Тауық:
- Кім от жағады?- деп сұрапты.
- Мен жаға алмаймын,- депті тышқан.
- Мен де жаға алмаймын,- депті құрбақа.
Отты да тауық өзі жағыпты.
- Пешке нанды кім салады?- деп сұрапты тауық.
- Мен сала алмаймын,- депті тышқан.
- Мен де сала алмаймын.,- депті құрбақа.
Нанды да тауықтың өзі салыпты. Нан қып-қызыл болып пісіп шығыпты.
Тауық нанды алып қойыпты да:
- Мұны кім жейді?- деп сұрапты.
- Мен,- деп тышқан үстел қасына келіп отырыпты.
- Мен де жеймін,- деп,құр да үстел қасына келіп отырыпты.
1-тапсырма
• 1.Топпен оқу
• Негізгі ойды білдіретін сөйлемнің астын сызу
• Қиын және таныс емес сөздердің астын сызу, мағынасын ашу.
диірмен-
Тарттырыпты-
Иледі-
2-тапсырма
І топ:
• Мәтінді қалай аяқтар едіңдер? Өз ойларыңды жинақтап, мағыналы әрі тәрбиелі ой түйетіндей етіп аяқтап көріңдер.
ІІ топ:
• Мәтіннен қандай қорытынды шығады? Нақыл сөзбен немесе мақал-мәтелмен қорытуға болады. Ы.Алтынсариинің «Егіннің бастары» шығармасын еске түсіру.
3-тапсырма (грамматикалық тапсырма)
І топ:
Күрделі сөздер туралы не білеміз? (жоба қорғау)
ІІ топ:
Күрделі сөздердің жазылу емлесі (жоба қорғау)
/ақ қағазға өз ойларын жинақтап түсіреді де, тақтаға шығып қорғайды/
4-тапсырма
І топ:
Мәтіннен біріккен сөздерді теріп жазу, талдау.
ІІ топ:
Мәтіннен қос сөздерді тауып, талдау.

5 -тапсырма Мәтінге байланысты берілген мақал-мәтел мен тыйым сөздің мағынасын ашу үшін диалог құру, көрініс көрсету.
І топ:
 Нан бар жерде әнде бар.
ІІ топ:
 Дәнді шашпа, нанды баспа.

ІІІ кезең. Бекіту кезеңі
Рефлексия
Маған ұнады Мен үшін жаңалық Маған қиын болды
• “Ас атасы – нан” тақырыбына ойтолғау жазу.
• Қазақтың ұлттық тағамдары туралы қосымша материал қарау.
ІҮ кезең. Бағалау
Әр топқа берілген «Бағалау парағындағы» критерийге сәйкес әр топ бірін-бірі бағалайды. Мұғалім өзі қорытады .....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі