Көжекпен ойналық ойыны
Тобы: «Тұлпар» ортаңғы.
Тәрбиеші: Опиева Жұмагүл Сүлейменқызы
Тәрбиеші: Опиева Жұмагүл Сүлейменқызы
Сабақтың тақырыбы: Көжекпен ойналық ойыны
Сабақтың мақсаты:
а) Сөйлемді толық құрауға, етістік сөздерді қолдана білуге үйрету, дыбысты анық айтуға дағдыландыру.
ә) Ойлау қабілеттерін дамыту.
б) Жануарларға деген сүйіспеншілігін оятуға тәрбиелеу.
Алдын ала жүргізілетін жұмыстар: қоя туралы тақпақтар жаттау.
Көрнекіліктер : Сұр түсті қоян, жұмсақ ойыншық тіл дамыту дәптері.
Әдістер-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру,сөздік,ойын
Қос тілдік компонеттері: Көжек- зайченок, сұр-серый
Іс әрекет кезеңдері: Тәрбиешінің іс- әрекеті; Балалардың іс- әрекеті
Мотивациялық қозғаушы бөлімі
Ғажайып сәт: ойыншық сұр қоянды қонақ ретінде таныстыру. Балалар қызығушылық танытады.
Іздену ұйымдастырушы бөлімі
Сұрақ-жауап:
- Балалар бұл не?
- Қәне, қайталаймыз.
Қ дыбысын буын ішінде керіліп қайталау арқылы жаттығуды орындату.
Қо-қо-қо-қоян
Құ-құ-құ-құлақ
Қа-қа-қа-қалам
Қы-қы-қы-қылыш
Қу-қу-қу-қулық
«Қ» дыбысының дауыссыз дыбыс екендігін, ауыз-қуысынан еркін шықпай, қысылып шығатындығын баалаларды айтқызу арқылы ажырату.
Қоянға сипаттама беру:
- Қоянның түсі қандай?
- Оның жүні қандай?
- Қоянның құлағы қандай?
Ұзын ба, әлде қысқа ма?
Неше құлағы бар?
Сергіту жаттығуы: «Сұр қоян»
Ұзын құлақ сұр қоян
Естип қалып сыбдырды,
Ойлы-қырлы жерлермен,
Ытқып-ытқып жүгірді.
Қарап еді артына,
Қиығын сап көзінің
Келе жатқан томаңдап,
көжегі екен өзінің.
(Т. Бердияров)
Кө-кө-кө-көжек
Кө-кө-кө-көже
Кө-кө-кө-керек
Кө-кө-кө-көрпе
( «К» дыбысының дауыссыз дыбыс екендігін, ауыздан кедергіге ұшырап, қысылып шығатындығын түсіндіру). Балалар, көжек қандай болады?
Дидактикалық ойын:
«Көжекпен ойналық»
Мақсаты: балалардың ойлау қабілетін дамыту жылдамдыққа үйрету.
Ойын шарты: Тіл дамыту дәптерімен орындалады, көжектің сәбізге дейінгі жолын сызып көрсет.
- Қоян жүзеді ме? Әлде ұшады ма?
- Олар қандай жабайы аңдардан қорқады?
- Жабайы аңдарға нелер жатады?
Мақалдың мағынасын түсіндіру.
Мал жуасы-қой,
Аң жуасы- қоян.
- Балалар, қой-үй жануары, ал қоян- жабайы аң немесе жабайы жануар деуге болады.
-Бұл -қоян
Тәрбиеші сөзін қайталау арқылы, «қ» дыбысын анық айтуға тырысу.
-Қоянның түсі сұр.
-Оның жүні жұмсақ, мамық үлпілдек.
-Қоянның құлағы ұзын.
Оның екі құлағы бар және оның екі көзі, тұмсығы, аузы, мұрттары, төрт аяғы, кішкентай құйрығы бар.
Балалар орындарынан тұрып, жаттығуды орындайды.
-Көжек кішкентай, жүндері жұп-жұмсақ және сүп-сүйкімді болады.
Балалар орындайды.
-Жоқ, қоян секіріп жүреді.
-Қоян әсіресе түлкіден қорқады.
-Жабайы аңдарға түлкі, қасқыр, аю т.б жатады.
мақал-мәтелді тәрбиеші көмегімен жаттап алуға тырысады.
Рефлексивті коррекциалаушы бөлім Дыбыстарды анық айтуға ұсыныс білдіру, қорытындылап мадақтау. Дыбысты анық айтуға тырысу.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Жануарлар жайында мақал-мәтелдерді білу;
Қандай түсініктрді игереді: Дыбыстарды дұрыс айтуды;
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Қоянның дене мүшелерін біледі.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?