Тату доспыз бәріміз. (әңгіме құрату)


Тақырыбы: Тату доспыз бәріміз. (әңгіме құрату)
Мақсаты: Достыққа, татулыққа, бауырмашыл болып өсуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: сурет үлгілері, мақал - мәтел, бейне таспа.
Әдіс тәсілдері: сұрақ - жауап, әңгіме түсіндіру.

I. Сабақ барысы.
Ұйымдастыру кезеңі.
- Сәлеметсіңдер ме балалар?
- (Балалар жауабы) Сәлеметпіз.
- Қазір бізде көркем әдебиет сабағы. Сабаққа қажетті құрал – жабдықтарды алып оқушы ережеге сай отырамыз.
Психологиялық сәт.
Қайырлы күн! Әрқашан күн сөнбесін.
Күн нұрындай жылуын төге берсін.
Күндей жарық, көңілді күй кешейік.
Бәріміз тату дос боп өсейік.
Кіріспе әңгіме.
«Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, Төртеу түгел болса, төбедегі келеді,» - дегендей адамдардың берік бірлігі, ынтымағы, сыйласымдылығы бір - біріне қамқорлық танытуынан татулықты байқауға болады. Адамдар арасындағы татулық, жақсы сыйластық пен келісімді бірліктің көрінісі ретінде достық қарым - қатынасқа ұласады.
Қазақстан көп ұлтты мемлекет. Мұнда әр түрлі халықтар мен ұлттар өкілдері тұрады. Олар бір – бірімен туыс, дос, бауыр, жолдас. Біздің елімізде 1 МАМЫР ынтымақтастық, достық, бейбітшілік мерекесі болып саналады.
Ынтымақ бар жерде бақыт бар.
Әрбір ұлттың өз тілі – ана тілі. Адам өмірге келген күннен бастап анасының айналып, толғанған даусын естіп, жақсы қасиеттерді бойына жияды. Сондықтан да анамыз сөйлеген тілді ана тілі дейміз.

Сурет бойынша әңгіме құрату.

Өлең оқып беру.
С. Оспанов "Тілегіміз - бейбіт күн".
Тілегіміз — бейбіт күн.
Сары, ақпыз, қарамыз,
Бәріміз де баламыз.
Бір қалада тұрамыз,
Бір мектепке барамыз.
Ақ, қара деп бөлмейміз,
Бір жыл туған төлдейміз.
Туысқанбыз, татумыз,
Биіктерге өрлейміз.
С. Оспанов
Сұрақ – жауап.
- Өлеңде не туралы айтылған?
- Сендер өзге ұлт балаларымен бірге ойнайсыңдар ма?
- Бір қалада, бір көшеде бірге тұрып, үйлеріне барасыңдар ма?
- Сендердің көршілерің қандай ұлттың азаматы?
- Біздің қаламызда әр түрлі ұлттар тұрады, ал сендер осы ұлттарды атап бере аласыңдар ма?
- Біздің ол ұлттармен қарым - қатынасымыз қандай?
- Өз мектебіміздің ішінде қандай ұлттың тілін меңгеріп жатырмыз.
- Осы меңгеріп жатқан тілімізден өлең айтып бере аласыңдар ма?
- Оқушылар ағылшын тілінде тақпақтар айтады.

Сөзі Ә. Дүйсенбаевтікі
Әні М. Әубәкіровтікі
Жақсылыққа бақытқа,
Талпынған өр уақытта.
Бала біткен дос - бауыр,
Болмасын еш тосқауыл.
Ақпыз, қара, сарымыз Ағайынбыз бәріміз.

Қорытынды.

Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы,
Сарат орта мектебінің мектепалды даярлық топ тәрбиешісі:
Жұмабек Гүлсана Сатқарбекқызы


Источник: bilimdiler.kz
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу