"Мен табиғатты сүйемін" түзету-дамыту сабағы


Сабақ жоспары

Пәні: Түзету- дамыту №9
Күні:
Мерзімі:
Сыныбы:
Пән мұғалімі:
Сабақтың тақырыбы: Мен табиғатты сүйемін.
Мақсаты:
1.Баланың табиғат туралы түсінігін кеңейтіп, жыл мезгілінің ерекшелігін айтуға, көргені мен аңғарғанын дұрыс баяндауға, байланыстырып сөйлеуге төселдіру.
2.Табиғатты аялауға, әсемдікті көре білуге, сезінуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Суреттер.
Жүргізу әдісі: түсіндіру.
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың барысы:
1 Ұйымдастыру кезеңі:
а) Оқушының зейінін сабаққа аудару.
ә) Психологиялық дайындық. (баланы көңілдендіріп алу.)
2.Жаңа сабақ Сабақтын мақсатын айту.
Балаға қойылатын жетекші сұрақтар:
1. Көктемде неше ай бар?
2. Қай айдан басталады?
3. Жерде, далада, ағаштарда қандай өзгерістер болады?
4. Айтшы көктемде алғаш қандай құстар ұшып келеді? (Ұзақ, қараторғай, су құстары).
а) Педагог баланың көктем мезгілі туралы айтқандарын қорытындылап, толықтырады.
- Қыстың күзден айырмашылығы неде?
- Қыста адамдар қалай киінеді?
- Қыстап қалған құстарға қалай көмектесеміз?
- Қыста балалар қандай ойындар ойнайды?
- Қысты неліктен көңілді деп айтады?
ә) Жұмбақтар шешу.
Қоймасын қыс ақтарып,
Жерді жапты ақ мамық.
(Қар)
3. Оқулықпен жұмыс а)Т. Молдағалиевтің «Көктем» өлеңін мәнерлеп оқиды.
4:Сөздік жұмысын жүргізу. Шартылдайды - сартылдайды, тарсылдайды. Қып - қызыл отпен белгі - бұл жерде найзағайдың көрінісі суреттеліп тұр.
Өпкен жел - бұл жерде желдің денеге жайлы әсер етуі.
-Өлеңнің мазмұны арқылы көктемгі өзгерістер, көктемгі еңбек туралы әңгіме өрбіту.
5. «Көктемгі гүлдер» дидактикалық ойыны. Шарты: себет - тегі гүлдердің ішінен көктемде гүлдейтін гүлдерді шығарып алып, сол,гүлді сипаттайды.
Мысалы: бәйшешек, қызғалдақ, сарғалдақ, т.б.
-Дәптердегі үлгіге қарап, бәйшешектің суретін салады.
6.Сабақты қорытындылау.
- «Өрік ағашы» әңгімесін оқу.
Сұрақ - жауап әдісі арқылы әңгіменің мазмұнын қалай түсінгенін сұрау.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
» қазақ тілі тестілеуде_келген_сұрақтар_зерттеуші
» Наурыз мейрамы Қазақстанда жаңа форматта тойланады
Пікір жазу