Қазақша құттықтау - тілек: Күміс той » ZHARAR © 2017 | күміс тойға тілек, 25 жыл күміс тойға тілек, күміс той құттықтау тілек, кумис той 25 жыл куттыктау тилек, кумис той 25 жыл поздравления на казахском, кумис тойга куттыктау соз тилек бата, кумис тойга тилек куттыктаулар, күміс тойға арналған тілектер, серебряная свадьба поздравление на казахском, золотая свадьба




  • »

Қазақша құттықтау - тілек: Күміс той

Қазақша құттықтау - тілек: Күміс той казакша Қазақша құттықтау - тілек: Күміс той на казахском языке

Күміс тойға аман-есен жету үшін ер төзімді темір, зайып мінезі алтын болу шарт екен. Бұл екеуінің бойына да осы екі мінез ұялаған. Дәл осындай қарқынмен, тамаша қасиеттеріңді сарқып алмай, алтын тойларыңа жетулеріңе тілектеспіз!

Құтты болсын күміс той
Той дегенің ырыс қой.
Алтын жамбы берсем де
Екеуіңе дұрыс қой.

Күміс тойдың аяғы
Алтын тойға жалғассын,
Жарқырасын жандарың
Жүзіндей ақ алмастың.

Таси берсін дәулетің,
Жарасып сән-сәулетің.
Сыйлы болып бастарың,
Жүзге жетсін жастарың.

25 жыл отастыңыз бақытты,
Уайымдарға енді орын жоқ болсын.
Сыбағасын алып өмір жақұтты,
Немерелер, шөберелер көп болсын!
Арманыңыз алдамастан жетіңіз,
Қол ұстасып әр күндерге шат болып.
Қиындықты бірге жеңіп өттіңіз,
Келсін енді күндеріңіз бақ болып.

Аттандыңдар қол ұстасып өмірге,
Ауырлықты айналдырып жеңілге.
25 жыл отасыпсың бақытты,
Махаббатты біріктіріп сенімге.

Балалардың ата-анасы сүйікті,
Сіздерден тек өнегені түйіпті.
25 жыл отау құрып бақытты,
Бұл кісілер жақсы істі жиыпты.
Дәл осындай жандармен мақтанайық,
Махаббатты маздатып шаттанайық.
Ұл-қыздарын өсіріп өркен жайған,
Ұлы істері бір биік таққа лайық.

Бақыт нұры сіздерден бастау алған,
Қыз өсіріп құдадан шашбау алған.
Бүгінгі тойларыңыз құтты болсын,
Жарыңыз жетсін 100-ге жастау алған.

Күміс той деп жиналуда ағайын,
Жеңіпсіңдер тағдырдың көп талайын.
Көрген бейнет зейнет болсын ендігі,
Бақыт тілеп сыйлығымды тағайын.

25 жыл отасу бұйырмаған әркімге,
Келмек емес кездейсоқ күлім қағып әр күн де.
Думанды сәт, қуаныш, көптен күткен ұлы той,
Бақыт келіп дәм татсын шаңырақтан әр түнде.

Ұл-қызыңның қамдап әрбір астарын,
25 жыл өтіп кетті қас-қағым.
Қол ұстасып 100 жасқа да жетіңдер,
Бақыт қонып, аман болсын бастарың.

Бір-біріңе тіреу бола білдіңдер,
Бірің күлсең бірің қоса күлдіңдер.
Қиындықты бір көтеріп жұмыла,
Бір-біріңе демеу бола жүрдіңдер.
Алдағы өмір тек бақытын сыйласын,
Ұл-қыздарың шаттық гүлін сыйласын.
Өнегелі ата-әже боп, үйлерің
Немере мен шөбереге сыймасын.

Күміс тойың құтты болсын бүгінгі,
Сыйлайынщы сізге арнап гүлімді.
Мәңгі бірге айрылмастан жүріңіз,
Ұрпақтарға болыңыздар шын үлгі.

Дүрілдетіп өтіп жатыр күміс той,
Болады екен бұл қалайша тыныш той.
Билейікші, күлейңкші шаттанып,
Тілек тілеу шын ниеттен бір іс қой.

Ерік беріп есепсіз ақыл-ойға,
Сыйдырып сабырлықты тұла бойға.
Бәйтеректей алып бір өркен жайып,
Күміс тойдан жетіңіз Алтын тойға.

Күмбірлеуде бүгінгі домбыра үні,
Өйткені, күміс тойы ата-ананың.
Көркейіп көмкеруде көңіл гүлі,
Мәртебең аса берсін салтанатың.

Үміттеніп бақ болар деп атар таң,
Қалдырмастан ұл-қызыңды қатардан.
25 жыл отастыңдар «әй» демей,
Қол ұстасып келгендейсің сапардан.
Көрген бейнет ендігі тек бақ болсын,
Ұл-қыздарың сыйлап көңіл шат болсын.
Махаббаттың белгісіндей баянды,
Сенімдерің селкеу түспес ақ болсын.


Назад Вперед
Санат: KZ портал » Қазақша Құттықтау тілектер жинағы | | 4 125
Рейтинг:
(голосов: 0)

KZ портал » Қазақша Құттықтау тілектер жинағы, күміс тойға тілек, 25 жыл күміс тойға тілек, күміс той құттықтау тілек, кумис той 25 жыл куттыктау тилек, кумис той 25 жыл поздравления на казахском, алтын той куттыктау, алтын тойга куттыктау соз тилек бата, кумис тойга куттыктау соз тилек бата, кумис тойга тилек куттыктаулар, күміс тойға арналған тілектер, алтын тойға арналған тілектер, золотая свадьба поздравления на казахском, золотая свадьба поздравления в стихах на казахском, серебряная свадьба поздравление на казахском, серебро, золотая свадьба, поздравления на казахском, серебряная свадьба, поздравление на казахском, Қазақша Бата - тілек: Алтын той Күміс той, Қазақша Бата - тілек: Алтын той, Қазақша Бата - тілек Күміс той, алтын тойға бата, күміс тойға бата, алтын тойға тілек, 50 жыл алтын тойға тілек, алтын той құттықтау тілек, кумис той 50 жыл куттыктау тилек, кумис той 50 жыл поздравления на казахском, күміс тойға тілек, 25 жыл күміс тойға тілек, күміс той құттықтау тілек, кумис той 25 жыл куттыктау тилек, кумис той 25 жыл поздравления на казахском, алтын той куттыктау, алтын тойга куттыктау соз тилек бата, кумис тойга куттыктау соз тилек бата, кумис то, Қазақша құттықтау - тілек: Күміс той казакша тилектер казакша тилектер туган күнге құттықтау сөздер туған күнге куттыктау тилек создер поздравления на казахском языке день рождения

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .