50 жасқа толған Әкені қос қызының құттықтауы


Қалдыратын жақсы әсермен бүгін із,
Папа, сіздің бүгін туған күніңіз!
Сіз 50-ге толғанда, Әке, жырменен
Құттықтайды сізді ерке қос қызыңыз.

Әрқашан да аман-есен жүріңіз!
Қос қызыңыз – өмірде қос гүліңіз.
Әзіліне құрбы менен құрдастың
Туған күнде шаттаныңыз, күліңіз!

Сізден әр кез тәлім атты көрер із
Қос гүл болып сізді жақсы көреміз.
Әке, сіз бен анамызға тең келер
Табу қиын мына өмірде теңеу із.

Қыздарыңыз еңбекті әр кез ұғынды,
Құтты болсын 50-іңіз бүгінгі!
Жанымызда асқар таусыз біз үшін,
Сіз жоқ жерде орыныңыз білінді.

Туған күннен тек сыйластық білінер,
Сізді де, ана, құрметтейді бүгін ел.
Жеңгей десе сізге еркелеп қайнылар,
Апай дейді сізге еркелеп сіңлілер.

Сіздерменен отбасымыз көктесін!
Біздің үйден шаттық күлкі кетпесін!
Әке, Ана қос бұлағы перзенттің,
Перзент үшін одан артық жоқ та есім.

Өтсе мейлі жылдар, күндер, айлар шын –
Біздің үйге тек қуаныш айналсын!
Шалдықпастан 100-ге, папа, жетіңіз!
Сіз туған күн жылда осылай тойлансын!

Туған күннен жылда әсер ұғыңыз!
Құттықтайды сізді ерке қос қызыңыз.
Біз бар жерде жайдарысыз, себебі
Қос қызыңыз – сіздің шаттық гүліңіз!

Сізді әрдайым перзент көңіл сағынар,
Сіз жоқ жерде жанымыз да жабығар.
Аман-есен ортамызда жүріңіз,
Сізбен ғана жан-жағымыз толығар.
50 жасқа толғанда, Әке, шаттықпен
Қос гүліңнің ақ тілегін қабыл ал!


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:

Қарап көріңіз:

Пікір жазу

Келесі мақала жүктелуде...