Қазақша Құттықтау - тілек: Туған күн (Перзенттер әкесіне) » ZHARAR © 2016 | балалары әкесіне, әкеге тілек, әкеге арналған тілектер, әкеге арналған өлеңдер, әкеге туған күнге арналған тілектер, әкеге арналған туған күн тілектері




  • »

Қазақша Құттықтау - тілек: Туған күн (Перзенттер әкесіне)

Қазақша Құттықтау - тілек: Туған күн (Перзенттер әкесіне) казакша Қазақша Құттықтау - тілек: Туған күн (Перзенттер әкесіне) на казахском языке

Ұл мен қыздың шаттығы деп өтті күн,
Қыз бойжетті, кәмелетке жетті ұлың.
Қуанып жүр сол перзенттер жаныңда,
Әкеміздің туған күні деп бүгін.

Сізге еліктеп өсті әр кез ұлыңыз,
Тұлғаңызды тау санапты гүліңіз.
Енді олардың толқынысын ұғыңыз,
Құтты болсын, Әке, туған күніңіз.

Тілекпенен шығып сөздер ойдағы,
Мамамыз да болып апты жайдары.
Атасының қуанышын сезініп,
Кішкентайдың көзінде от ойнады.

Жиен ұл ғой тілек айтпақ былдырлап,
Атасының тойын солай жыр қылмақ.
Қонақтар да туған күн деп ән салмақ,
Орнағандай үйге әсем күмбір бақ.

Болып едіңіз бізге үнемі тәлімгер,
Міне, ұлыңыз сізге тартқан жауынгер.
Інілер де ілтипатпен осында,
Иіледі күлімсіреп келіндер.

Шаттық күнмен күлімдейді жүзіңіз,
Тек осылай бақ көлінде жүзіңіз.
Жиеніңізден сізге ұқсастық іздеген
Бақытпенен жаныңызда қызыңыз.

Құдағи мен құдаңыз да осында,
Сізді үнемі теңейді олар асылға.
Қиындықты шынында әр кез жеңгенсіз,
Қарамастан дауылдар мен жасынға.

Өткен тарих, біз де оны білеміз,
Жаңа күнмен сосын жанда түледі із.
Жаныңызға ұя салды жаз бүгін,
Енді біздер сіз деп өмір сүреміз.

Жүзіңізде қалдырғандай бүгін із,
Құтты болсын, Әке, туған күніңіз!
Сіздің шаттық тойыңызға арналған,
Жүректердің толқынысын ұғыңыз.

Авторы: Ғабиден ҚОЖАХМЕТ, Қызылорда қаласы


Санат: KZ портал » Қазақша Құттықтау тілектер жинағы | | 5 936
Рейтинг:
(голосов: 4)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .