Жатақханадағы ауыр түн


Жаздың екінші айында колледж бітіріп,  Астана қаласына оқуға тапсырдым. Бұйыртып ол оқуымада түстім. Оқу уақыты жақындап қалған кезде, тамыздың 25 кейін Астанаға барып жатақханадан орын алу керек деген хаттар келіп жатты. Сабақ басталғанша орын алу керек деп, оқуғада кеттім. Үй іші шығарып салып, вокзалда қолдарын маған сермеп қала берді. Бар ойым, "қалай болар екен, жаңа таныс, жаңа қала, жоғарғы оқу орын" - деп ішімнен құмырсқа жүріп өткендей қобалжып отырдым. Әне-міне дегенше Астанаға да келіп, орын алып 3 бала бір комнатаға жатыппыз. Барлығы өзімнің болашақ группаластарым. Жаңағы екеуімен танысып, қай қаладан екенін сұрастырып жаттық. Сүйтіп сабақта басталды. Үшеуміз комнатада бірге тұрғасын өте жақсы араластық. Солай уақыт өтіп жатты. Ешкім ештеңе байқамады, менде артық ештеңе байқамадым. Тура бас жағымда жататын Ғабиттің кішкене түнде сөйлейтіні бар еді. Оған қатты мән бере бермейміз. Өзіне айтып, әзілдеп неше түрліні айтамыз. Қызықты студенттік өмірмен, қалай қыстық демалысқа жеткенімізді де білмей қалыппыз. Ғабит өзін оқу басталғаннан бері жақсы оқитынын барлық мұғалімдерге көрсетіп, дәлелдеп тастаған еді. Сонымен кешкі 10 кездерінде тамақ ішіп, үшеуміз әңгімені жіберіп отырдық. Нұртілеу  Ғабитке " сенде бәрі 5 қой, саған бағаларды автомат қоят" деді. Ғабит-" ия білем. Мен билетті де ертерек алып тастадым. Бұйырса 1 күннен кейін жолға шығам, ал сендер емтихан тапсырыңдар" деп күліп жаттық. Сомен Ғабиттің кететін күніде келіп, бізбен қоштасып жолға кетті. Емтихандар тапсырып, сессия жауып жүре бердік. Бар ойым тезірек үйге қайту болып жүр. Ең соңғы емтиханды тапсырып, кешкісін  ертеңгі жолға дайындалып жаттық Нұртілеу екемізде. Кешкі шәйді ішіп болғасын, ұйықтауға кірістік. Шаршағаннан ба білмеймін, бірден көзім ілініп кетіпті. Түнде комнатаның ішіндегі дүбірден ояндым. Қарасам дәл ортада Нұртілеу екі аяғымен жерді тепкілеп тұр. Соткамды бетіне жағып, "Нурик қуасың ба? Жатсаңшы мазаны алмай" деп қайта жаттым. Тіпті әдейі істегендей одан ары үдете түсті. Тұрып светті жағып едім бірден тоқтап, бір орында серейіп қатып тұрып қалды. Жанына барып едім көзі жұмулы, өзі негізі очки тағатын бала. Содан ұйқы сұрап жүрген болар деп қайта орнына жатқызып қойдым. Өзім ұйқы қысып әрең тұрм. Қайта төсекке жата салып, бірден ұйқыға кеттім. Есікті біреу қатты тоқылдатып тұрғанынан қайта ояндым. Ол кезде сағатым 3:45 болып тұрды. Жанымда жатқан Нұртілеу жоқ. Бірден қорқыныш билей бастады. Бағанағы оқиға, енді мынау тіпті өзімді жинай алар емеспін. Даусымды жуандатып, қорықпаған сыңай танытып "КІМ?" сұрадым. Арғы жағынан " мен Нұртілеу". Тұрып есікті ашайын деп жатқанымды Нұртілеуді Ғабиттің төсегінде жатқанын байқадым. Ойыма мен білетін басқа Нұртілеу жоқ қой. Біздің этажда бір-ақ Нұртілеу бар, деп неше түрлі ойлап жаттым. Бірде есік қайта тарсылға басты. Қайта сұрауға жүрексіндім. Ақырын тұрып Нұртілеуді ояттым. Ол оянған сәтте-ақ есік жым-жырт басылды. Нұртілеуге жағдайды айтып едім, барып есікті ашып, ешкімнің жоқ екенін айтып қайта өз орнына барып ұйықтап кетті. Менде маза жоқ. Екі көзім есікте. Тағыда біреу келетіндей болып көрінді. Қарғыс атқыр ұйқыда келер емес. Жарты сағаттан кейін Нұртілеудің орынан тұрып, бүкірейген қалпы шкафтың бұрышына барып тіреле кеткенін көрдім. Жүрегім аузыма келіп, үстімнен суық терім бұрқ ете қалды. Бұндай көріністі бірінші рет көруім. Көзімді жұмуға қорқам, қайта ашсам тура бетіме қарап тұратындай сезіммен, тек Нұртілеуге қарап жата бердім. Нұртілеуде 4-5 минутқа жетер-жетпес тұрып қайта бүкірейген қалпы ортаға отыра кетті. Мен сол кезде қорыққаннан қалай айғайлап жібергенімді білмедім. Сол кезде ол өзіне келіп, төсегіне жатып қалды. Түнімен ұйқы жоқ, абырой болғанда енді қайталанған жоқ. Ертеңінде мен бірінші болып кететін болғандықтан, мен кетенде ол ұйықтап жатқан еді.  Ештеңе айтып үлгере алмадым. Кейін үйге жеткесін звандап барлығын айтқанымда, ештеңе есінде жоқ екенін айтып, бір жағынан маған қалжыңдап тұрсың деп сенбеді. Содан бері 1 жылдай уақыт өтті. Бұдан кейін Нұртілеуден ондай жағдай байқалмады.
Сонда бұл не? Нұртілеудің ұйқы сұрағаныма? Нұртілеу іште жатса, сыртта есік қаққан кім? Маған жұмбақ, басқаларға өтірік оқиға болып қала берді.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу
Пікірлер 1
  1. Фархад Бакытбек
    4 + 2 -
    жақсы