» » » Шығарма: Досқа құшағы кең жандар

Шығарма: Досқа құшағы кең жандар

Шығарма: Досқа құшағы кең жандар казакша Шығарма: Досқа құшағы кең жандар на казахском языке
Базарбекова Мадина
9 сыныбы, №9 ЖОББМ
Жезқазған қаласы, Қарағанды облысы
Жетекші:Абилкаиров КабденАбилкаирович

"Ашаршылықта жеген құйқаның дәмі кетпес"
Халық даналығы.

Ұлы Отан соғысының алғашқы күндерінен – ақ неміс фашистерінің елімізге тұтқиылдан шабуыл жасап, барлық бағытта жерімізге ентелей басып кіруі – қорғаныс саласын шұғыл түрде өзгертуге мәжбүрледі. Осыған байланысты майдан шебінен мыңдаған бейбіт адамдарды, жүздеген кәсіпорындарды, мәдени және ғылыми мекемелерді тылға көшіру қажеттілігі туды. Бұл қауіпсіздік үшін әрі майданды қажетті қару – жарақпен қамтамасыз етудің ең маңызды іс – шарасы еді. Соғыс жылдары Қазақстанға эвакуацияланған адамдар саны 484149 – ға жеткенін тарихтан білеміз. Қазақстан алғашқылардың бірі болып, бейбіт адамдарды қабылдап, кәсіпорындарды қайтадан құруды жедел қолға алды.Елімізде аз уақыттың ішінде тыңғылықты датынымсыз еңбектің арқасында қару – жарақ шығаратын 460 зауыттар іске қосылды. Осы өңірде соғысқа аса зәру марганец рудасын шығаратын Жезді кен орны 38 күн ішінде алғашқы өнімдерін бере бастады. Соғыс дүмпуі біздің Қарсақбай елді мекенін де шарпып өтті десе де болады.Майданға біреудің жары, біреудің әкесі аттанып жатты. Елдегі бар ауыртпалық кешегі азаматтардың орнын басқан әйелдер мен балаларға түсті.
Күлтай шешеміз жалғыз ұлы Қонысбайды әскерге аттандырып, келіні Нұрбибі, немерелері Жолдасбай,Гүлжанмен қалды.Қонысбай кеткелі жарты жылдан асса да,хат - хабар жоқ.Баласынан жақсылық хабар күткен ана бес уақыт намазын қаза қылмай, жалғызының тілеуін тіледі. Почтабайдың алдынан шығады,кейде кеңсеге келінін жіберіп, екі көзі төрт болып хабар күтеді.Ухілеп, түні бойы көз ілмейтін Нұрбибіні де аяйды.
Ол таң біліне, зауыттағы жұмысына асығады. Нұрбибі өзіне тапсырылған жұмысты абыройлы әрі асыра орындап, алғашқылардың бірі ретінде, «стахановшы» атанды. Соғыс кезінде атылған он оқтың тоғызы Қазақстанда құйылғанын және соған үлес қосқанын мақтанышпен айтып отыратын. Күздің сұрқай бұлтты күндерінің бірі еді. Қарсақбай көшесіне 2-3 машина келіп тоқтады да, біртіндепадамдар түсе бастады.Олардың киімі жұпыны,өздері басқа ұлт өкілдері сияқты. Әлдене деп сөйлескен олар үйіріліп тұрып қалды.Ауыл адамдары да жинала бастады. Кеңсе бастығы соғысқа қатысқан адам еді. Шолақ қолын сермелеп жиналғандарға꞉ "Бұл адамдар -Украина жерінен келген бауырларымыз. Осы жандарға өз туғанымыздай көмек қолын созайық. Кәне, үйді-үйімізге бөліп алып, қонақжайлылық көрсетейік!"- деді.
Е-е-е, байғұстар, қайтсін – ай енді,- деген дауыстар шығып,аяушылық білдіргендер де кездесті. Аз уақыттан кейін әркім келген адамдарды үйлеріне бөлісіп ала бастады. Ашаң жүзді, қабағын мұң торлаған бір әйел екі баласымен шеткерірек тұр екен. Кейінгі кезде денсаулығы сыр беріп жүрген Күлтай шешей кеңсе басына әрең жеткені сол еді, балалы әйелді көріп: «Кел, кел, қызым!»- деп құшағын жая, еңіреп жіберді.(Күлтай шешеміздің есіне хабарсыз кеткен ұлы Қонысбай түскен еді.)Наташа балалары Антон мен Анитаны ертіп, шешейдің соңынан ере берді.Олар шағын үйге келіп кірді.
Келін, келін, Нұрбибі! Үйге қонақ келді. Тездетіп бидай көже істеп жібер,- деді.
Алақай! Қонақ келді. Енді көкем де келеді!– деп, Жолдасбай мен Гүлжан ерекшеқуанды. Состиып тұрып қалған Наташа мен балаларын Күлтай шешей төрге шығарды.Келген отбасына жылы қабақ танытып, дастарқандарынақұрт,ірімшік,сүт қойып қарсы алды. Күздің суығында тоңып, қарны ашып келген қонақтар тойынған соң, балалар сыртқа шығып, алғашқы таныстықтарын бастады.Бір – бірінің сөзіне түсінбесе де, емеурінен не айтқанын іштей түсініп, шамалы уақыттан кейін ойнап кетті. Наташа қос мұңлыққа Украинада күйеуі Андрей соғысқа алынғанын,ал әке – шешесінің фашистердің қолынанқаза болғанын,сондай – ақ көрген ауыртпалықтарын айтып жылапта алды. Оған қосылып, екі ана да көзіне жас алды. Бір үйлі жанға, тағы бір үйлі жан қосылды. Бұл үйдің бар талғажау етері – екі-үш ешкісі. Соны сауып, сүтін пайдаланады, диірмен тартып, бидай ұнынан әртүрлі тағам жасап, кәдеге жаратады. АлАндрей мен Анита болса,диірменді алғаш реткөріп, таң – тамаша болды.
Күздің қара суығыөңменнен өтердей. Андрейдің аяқ киімі тозып, жылу ұстамаса, Анита сырт киімсіз еді. Қазақ халқы қашанда жомарт,қолы ашық емес пе?!Бірі Антонға жылы етік, енді бірі Анитаға пальто әкеліп берді. Қарсақбайға келген ересектерде, балаларда жергілікті жерге үйреніп, қазақша сөйлеуге да машықтана бастады. Қолға тиген жұмысты жиіркенбей, ересектер еңбекке де араласып кетті.Кешкілікте балалар ата - анасына көмектесіп, солдаттарға азық - түлік, жылы киім - кешектер даярласты. Бапай үйінен мектеп ашылып, барлық балалар оқуға тартылды. Мектепке барған Антон Ақан Андрейұлы, Анита Әнита Андрейқызы болып, класс журналына тіркелді.
Күлтай шешей өздерінің жанындағы бос тұрған үйге Наташаны көшіріп кіргізді.Жергілікті тұрғындар бірі киіз, бірі көрпе, енді бірі ыдыс – аяқ, азық-түлік теәкеп берді.Қырсыққанда биыл қыста қатты болды. Дегенмен отын - судан тарыншылық көрмеді.“Елде болса, ерніңе тиер” деген осы. Қарсақбайға көктем кеш келді. Ешкілер лақтап, балалардың аузы аққа тие бастады.Күлтай шешей бір ешкісін ерулікке берген еді, Наташа соны сауып, балаларына талқан жасап беруді үйренді. Украинадан келген бауырлар қазақ халқының қонақжай әрібауырмал екендіктеріне көздері жетті.Жергілікті халықтың тұрмыс – тіршілігіне де көндіге бастады. Ауылда қандай да бір жұмыс бола қалса, бәрі жиналып,таптұйнақтай орындайтын."Бірлік бар жерде, тірлік бар" деген осы болар.
Бірде хат күтіп, бірде жылап, күндер жылжып өте берді. Балалар ауыл сыртындағы төбеге шығып ойнайтынды шығарды. Ақан мен Әнита ұлттық ойындарды жетік меңгеріп алды.Ақан асық атудың шебері атанды. Әнита мен Гүлжан қолдан қуыршақ жасап, мәре – сәре болып жатқан жайы бар. Бүгін Қарсақбай елді мекені үлкен қуанышқа кенеліп жатыр.Соғысқа барған Біркен ағай жараланып, елге оралған еді. Ауыл адамдары Біркен ағайдың үйінежиналды. Нұрбибіге еріп, Наташада барды. Бәрі Біркенді қаумалап алған.

-Менің жалғызымды көрмедің бе?
-Көкемді ше?
-Жалғызым, елге оралса екен! – деп, Күлтай шешей көз жасын бір сығып алды.
Бір күні почтабай Күлтай шешейдің үйіне келді. "Наташа қызыңызға күйеуінен қара қағаз келді" - деді. Күлтай іштей егіліп,почтабайдың алдына түсті. Көршінің үйіне келіп кірсе, Наташа Әнитаның шашын өріп отыр екен.
Қызым, қосағың Андрейіңненайрылып қалдың" – деп, Күлтай шешей Наташаны құшақтапжылай бастады.Ең жақын, соңғы үмітінен айрылу Наташаға оңай түспегені анық.Наташаның үйінен шыққан дауысқа ауыл адамдары жиналды. Наташаға басу айтып,көңілдерінің бір екенін білдірді. Отан үшін жан қиған үлкен ерлік деп, Андрейді мақтан етті. Карсақбаймен біте қайнасып, Наташа отбасымен тұра берді.Туған анасындай болған Күлтай шешейден, абысындай болған Нұрбибіден қазақтың салт – дәстүрлерінде үйреніп алды.
Қарсақбай таңы бүгін ерекше атып, бар мейірім шапағын жерге төгіп тұр.Көптен күткен Жеңіс күні де келіп жетті. Жиналыс болып, Отан үшін қаза болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Солдаттардың жесірлеріне құрметте көрсетілді. Сол құрметтің ішінде Наташа да бар еді.Жиын соңы мерекелік концертке ұласты.


Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 33 секунд !!!

Автор: nurgul95 | 25 |


Комментарии для сайта Cackle

Загрузка...
Рекомендуем:
Шығарма: Жеңіс туы желбіресін мәңгілік!
Шығармалар жинағы
Шығарма: Жеңіс туы желбіресін мәңгілік!
Шығарма: Әлемдік дағдарыс
Шығармалар жинағы
Шығарма: Әлемдік дағдарыс
Шығарма: Ерлік есте сақталады
Шығармалар жинағы
Шығарма: Ерлік есте сақталады
Шығарма: Ұлы Жеңіс жасасын!
Шығармалар жинағы
Шығарма: Ұлы Жеңіс жасасын!
Шығарма: Соғыс арифметикасына үңілсек
Шығармалар жинағы
Шығарма: Соғыс арифметикасына үңілсек
Шығарма: Әлемнің құлпырған кезі
Шығармалар жинағы
Шығарма: Әлемнің құлпырған кезі
Шығарма: Тарихи Ұлы Жеңіс
Шығармалар жинағы
Шығарма: Тарихи Ұлы Жеңіс
Шығарма: Ұлы Отан соғысы 1941-1945 жж
Шығармалар жинағы
Шығарма: Ұлы Отан соғысы 1941-1945 жж
Шығарма: Ерлік ешқашан ұмытылмайды!
Шығармалар жинағы
Шығарма: Ерлік ешқашан ұмытылмайды!
Шығарма: ҰОС жылдарында ерен еңбектің үлгісін көрсеткен ақтөбелік әйелдер
Шығармалар жинағы
Шығарма: ҰОС жылдарында ерен еңбектің үлгісін көрсеткен ақтөбелік әйелдер
Шығарма: Соғыс жылдары
Шығармалар жинағы
Шығарма: Соғыс жылдары
Шығарма: Батырлардың есімі ұмытылмайды
Шығармалар жинағы
Шығарма: Батырлардың есімі ұмытылмайды
Реферат: Тарих | Қазақстан экономикасы соғыс жылдарында
Рефераттар жинағы
Реферат: Тарих | Қазақстан экономикасы соғыс жылдарында
Шығарма: Тәуелсіз Қазақстан
Шығармалар жинағы
Шығарма: Тәуелсіз Қазақстан
Қазақша шығарма: Бейбіт өмірдегі және соғыс кезіндегі батырлық
Шығармалар жинағы
Қазақша шығарма: Бейбіт өмірдегі және соғыс кезіндегі батырлық
Қазақша эссе: Еліңді сүйсең ерлік істейсің
Эсселер жинағы
Қазақша эссе: Еліңді сүйсең ерлік істейсің

KZ / Шығармалар жинағы, шығарма Досқа құшағы кең жандар туралы эссе шыгарма жеңіс женис 9 мамыр 9 май сочинение на казахском, эссе сочинение про Доска кушагы кен жандар на казахском языке скачать день победы 9 мая, эссе шығармалар жинағы жеңіс женис 9 мамыр 9 май жоспарымен, Досқа құшағы кең жандар, шығарма Досқа құшағы кең жандар туралы эссе шыгарма жеңіс женис 9 мамыр 9 май сочинение на казахском эссе сочинение про Доска кушагы кен жандар на казахском языке скачать день победы 9 мая эссе шығармалар жинағы жеңіс женис 9 мамыр 9 май жоспары, Шығарма: Досқа құшағы кең жандар шыгарма казакша шығармалар қазақша тегін сочинение на казахском языке сочинение на казахском языке скачать бесплатно сочинение на казахском языке скачать бесплатноҚазақша Шығармалар жинағы