Мен елімнің патриотымын!

 Мен елімнің патриотымын!

Жумагалиева Әлия
6 сынып, №25 мектеп
Павлодар қаласы
Жетекшісі: Теміржанова М.Ә.

Мен – қазақ,
Қазақпын деп мақтанамын,
Ұранға алаш деген атты аламын.
Сүйгенім қазақ өмірі,
Өзім қазақ.
Мен неге қазақтықтан сақтанамын?
Ер түрік ұрпағымын даңқы кеткен,
Бір кезде Еуропаңды тітіренткен.
Сұлтанмахмұт Торайғыров
Қазақтар — Орталық Еуразияны мекендейтін түркі тілдес этнос және ұлт. Дешті-Қыпшақ даласын мекендеген көптеген этностар мен этно бірлестіктердің өзара араласуының нәтижесінде қалыптасты. Қазақтар ретінде Қазақ хандығының құрылуымен белгілі бола бастады. Тілдік құрылымы жағынан Түркі тілдес халықтардың солтүстік-батыс қыпшақ тобына жатады. Қазақ тілінде сөйлейдi.
Қазақ халқының әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері танымдық, тәрбиелік маңызға бай.
Қазақтарға дәстүрлі қонақжайлылық қасиет ежелден тән. Олардың бұл қасиеті көптеген ғасырлар барысында қалыптасқан. Үйге келген қонақ оларда әрқашан үй иесінің қамқорлығы мен қорғауында болады. Қазақтарда үйіне келген кез келген адамға міндетті түрде тегін қонақасы беру, оған жайлы төсек-орын салып, қондырып жіберу әдет-ғұрпы ежелден орын алды.
Қазақтарда ежелден келе жатқан әдет-ғұрыптың бірі - дәм ауыз тию. Үйге бас сұққан кез келген адамды дәмнен ауыз тигізбегенше жібермейтін — «Қуыс үйден құр шығармайтын».
Қазақтардың және бір жақсы әдет-ғұрпы - ерулік беру. Басқа жақтан жаңадан көшіп келгендерді оның туған-туыстары немесе көршілері арнайы дастарқанға шақырып, ерулік тамақ беретін болған.
Қымызмұрындық - қымыз ашыту маусымының басталуына байланысты әдет-ғұрып. Ауыл адамдары бірін -бірі шақырысып, қымыз ішер алдында арнайы дастарқаннан тамақ жеседі.
Міне, қазағымыздың осындай көптеген салт-дәстүрлері бар. Осы әдет-ғұрыптарды мен де сақтап жүріп, бұл секілді дәстүрлерімізбен мақтанамын.
Аталмыш кезеңде қазақтар шағын елді мекендерде — ауылдарда тұрды.
Қыруар көп малды бағу үшін олар шағын ауыл болып тұруға мәжбүр еді.
Осы ауылдар қазіргі кезге дейін бар. Ауылдағы ата -апамыздың қалін біліп, жиі барып тұрамыз. Қазақ елі жерге өте бай, яғни өте байтақ. Оның кең жасыл жайлауларында мал бағып, тап-таза ауа жұтып, шөбінде аунап-қунап жатамыз.
Тағыда Қазағымның мақтан тұтар ұлттық аспаптары бар. Мысалы: домбыра, жетіген, қобыз, шаң қобыз, дауылпаз, шертер, адырна, саз сырнай, аса таяқ. Қазақтың әрбір баласы біреуін болса, шерте біледі . Қазақ мектептерінде бұған арнайы бірінші сыныптан бастап мұрагер сабағы бар. Бұл сабақты балалар төрт жыл бойы үйреніп келеді де, кейін бесінші сыныптан бастап басқа да музыкалық аспаптарды шертуді игеріп, ән салады. Бойында бұл өнер жақсы дамыған, яғни қазағымыздың дарынды балалары, ал олар болса өте көп, түрлі сайыстарға қатысып, Қазақ жерін мақтан тұтып, танытып келеді.
Қазақ халқының қол өнері көне заман тарихымен бірге дамып , біте қайнасып келе жатқан бай қазына. Оның бір ұшығы туысқан Орта Азия халықтарының және орыс халқының қол өнерімен де ұштасып жатыр. Қол өнерінің басты бір саласы — киім тігу. Ерте заманнан күні бүгінге дейін өзінің қадір-қасиетін жоймай, қол өнерінің озық үлгісі ретінде ғана емес, әрі әсем, әрі ыңғайлылығымен де пайдаланудан қалмай келе жатқан қазақтың ұлттық киімдері әлі де аз емес. Олардың кейбіреулерін ескінің көзі қарттар күнделікті киіп жүрсе, енді біреулерін қыз ұзату, келін түсіру тойларында ойын-сауыққа пайдаланады.
Қай ел, қай мемлекетті алсақ та оның өз рәміздері болады. Оларға – ту, елтаңба, әнұран жатады. Бұлар әрбір тәуелсіз мемлекет үшін ең маңызды қажеттіліктер. Рәміздеріне қарап олардың тарихын, мәдениетін, дінін, тілін, дәстүрін, барлық құндылықтарын білуге болады. Сол сияқты Қазақстан мемлекетінің де тәуелсіздігін алғаннан кейінгі ең маңызды міндет тұрды. Ол Қазақстан рәміздерін тағайындау еді. Сол кезден бастап еліміздің өз туы, елтаңбасы, әнұраны бар. Бұлар ел үшін, мемлекет үшін ең баға жетпес қазына, таусылмас байлық. Бұл байлықты әрбір «мен қазақпын» деген азамат ардақ тұту қажет.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы-ортасында шұғылалы алтын түсті күн, оның астында қалықтап ұшқан дала қыраны, шетінде қазақ ою-өрнегі бейнеленген көк түсті мата. Бұл жай ғана мата емес, қанша қазақ аңсап күткен, бабалар қанын төккен киелі мата. Оның әр бояуында терең ой, философия жатыр. 1992 жылы еліміздің рәміздерін жасауға байқау жарияланды. Тудың жобасын жасауға түрлі елдерінен, Түркиядан, Монғолиядан, Германиядан 1200 суретші қатысып, одан қазақ суретшісі Шәкен Ниязбеков жеңіп шығады. Өз жобасын жасай отырып әр тамған бояуын үлкен отансүйгіштікпен, еңбекпен, зор қуанышпен бояған деп сезем. Тудың біркелкі көгілдір түсі бірігу мағынасын беру мен қатар бейбітшіліктің, тыныштығын және жарқын болашақтың белгісі саналады. Біркелкі көгілдір түс бұлтсыз ашық аспан мен оның астында өмір сүріп жатқан бейбіт сүйгіш халықты еске түсіреді. Ортасында алтын түсті күні байлықтың белгісі болса, қалықтап ұшқан бүркіт қазақ ұғымында дархандық, қырағылық, бейбітшіліктің символы іспеттес. Бұл тудың биікке желбіреген сайын бұлтсыз ашық аспан астында бірлікте өмір сүре береміз деп ойлаймын.
1992 жылы еліміздің рәміздерінің бірі елтаңбаның жобасын жасауға да сайыс жарияланады. Онда ақтық мәреде 245 жоба, 67 елтаңбаның болашақ бейнесі сайысқа түседі. Мұнда Шоқан Уәлиханов, Жандарбек Мәлібеков жеңіске жетті. Содан бастап елтаңба мемлекеттің асыл құндылығына айналды. Елтаңба-дөңгелек нышанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ, оның жаны күн сәулесі шуағында уықтар торланған. Шаңырақтың екі жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнеленген. Жоғары жақта жарқылдаған жұлдыз, төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу орналасқан. Елтаңбаның ең негізгі бөлігі болып – шаңырақ болып табылады. Ол елтаңба жүрегі болып саналады. Шаңырақтың беретін мағынасы өте ерекше. Шаңырақ әлем тұтастығын, мемлекет бастауы, отбасы белгісі іспеттес. Ал қанатты тұлпарлар мәңгілік өмір, Қазақстанның тұлпарлар секілді дамуын, Қазақстан тұратын ұлттардың бірлігін , рухани байлығының белгісі. Бұл пырақтар қазақтардың үміті, жас ұрпаққа деген сенімі, болашақ арманы, самғау биігі мағынасында. Төбедегі жұлдыздың орны ерекше. Әр адамның өмірінде жол көрсететін, бағыт-бағдар беретін жұлдызы болады . Сол сияқты мемлекеттің де өз көшбасшысы болады. Бұл атқа әбден лайық деп Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты алар едім. Төмендегі «Қазақстан» деген жазу ел тарихында да, дүние жүзі тарихында да мәңгіге өшпес, кетпес таңба деп білемін. Мен әлі күнге дейін елтаңбамыздың көркемдігіне, ондағы элементтердің дұрыс орналасуына, баға жетпестігіне қайран қаламын. Бұл туындыны жоғары бағалаймын.
Міне, менің Қазағым осындай! Мұндай елдің патриоты болғаныма өте қуаныштымын!


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?