» » » Шығарма: Мен - Қазақстандықпын!

Шығарма: Мен - Қазақстандықпын!

Шығарма: Мен - Қазақстандықпын! казакша Шығарма: Мен - Қазақстандықпын! на казахском языке
Мурзабекова Лаура
11 сынып, Тасты-Талды орта мектебі,
Ақмола облысы Жарқайың ауданы Тасты-Талды ауылы
Жетекші: Қожамжаров Алмас Жұмабекұлы

Мен-қазақ, қазақпын деп мақтанамын,
Ұранға «Алаш» деген атты аламын.
Сүйгенім қазақ өмірі, өзім қазақ,
Мен неге қазақтықтан сақтанамын?
Сұлтанмахмұт Торайғыров
Иә, мен- Қазақстандықпын. Неге? Себебі менің ата-анам, арғы ата-бабам қазақ, осы Қазақстан жерінде туып-өсіп, тамырын тереңге жайған қазақтар. Осы қазақтан тараған ұрпақ болсам, мен қалайша Қазақстандық болмаймын? Оның үстіне мен биыл 16-ға толдым. Қазақстанның толыққанды азаматы атанып, куәлік алдым.Тәуелсіз, егемен еліміздің мен де бір азаматы екенімді сезінудің өзі кеудеме мақтаныш сезімін сыйлайды.
Қазір біз оқушымыз. Өз елімізге біздің дәл осы уақытта тигізе алар бірден-бір пайдамыз ол сабақты бар ынтамызбен оқу, еліміздің тарихын оқып, білу, салт-дәстүрін ұстану және құрметтеу, рәміздерді білу және қадірлеу деп білемін. Мен оқитын мектепте әрбір дүйсенбіде жаңа оқу аптасын еліміздің гимнін айтудан бастаймыз.Бұл өте дұрыс деп ойлаймын. Өйткені осы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимнін айтып тұрған сәтте менің бойымды еліме деген, Отаныма деген сүйіспеншілік, мақтаныш, патриоттық сезімдер кернеп тұрады. Бұл әрбір оқушының басындағы жай деп ойлаймын.Ендеше, осының өзі әрбір баланың бойында өз ұлтына, еліне, Қазақстанға деген патриоттық тәрбие беретінінің көрінісі.Патриот деген сөздің өзінде де терең мағына жатыр. Патриот дегеніміз – өз елін, жерін сүйетін, мақтан тұтатын, жауынан қорғайтын, тыныштығын сақтайтын адам.Мен өз елімнің патриоты болғым келеді. Қазақстанды мақтан тұтамын, оны әлемдегі барлық адамдар білгенін қалаймын.Қазақстанның кең байтақ даласы, таулары, ормандары, жазықтары, өзендері мен көлдері табиғатының әсемдігі жағынан дүние жүзіндегі ешқандай елдерден асып түспесе, кем түспейді. Мен ойлаймын: осы өзіміздің Қазақстанымызда да қаншама әсем демалыс орындары бар, сауықтыру орындары бар.Өзге елдерге туристік сапарға шыққанша ең алдымен өз еліңнің кең байтақ даласын шарлап шықсаң, әрбір жергілікті жердің түп тарихымен таныссаң қаншама тарихи бай қазынаға тап болар едің. Әрі демалыс, әрі рухани байлық. Өз еліңді жай ғана сүйіп қана қоймай, оның әрбір замандағы тарихын, халық қазынасын біліп жүрсең нағыз өз еліңнің патриоты болар едің. Ол үшін әрине біздің әлі білгеніміз бір тоғыз, білмейтініміз тоқсан тоғыз, көп оқып, ізденуіміз қажет.
Адамзаттың бойындағы ананың балаға махаббаты, баланың атаанасына деген махаббаты, адамның өз еліне, кіндік кескен туған жеріне, өз халқына, Отанына деген сүйіспеншілігі мен махаббатын сөзбен айтып, жазып жеткізу мүмкін емес деп ойлаймын. Сондықтан да мен өз отаныма деген махаббатымды бір ауыз сөзбен сыйдырғым келеді. Мен-Қазақстандықпын!


Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 10 секунд !!!

Автор: nurgul95 | 69 |


Комментарии для сайта Cackle

Загрузка...

KZ / Шығармалар жинағы, шығарма Мен- Қазақстандықпын! туралы эссе шыгарма 16 желтоқсан 16 декабрь сочинение на казахском, эссе сочинение про Мен- Казакстандыкпын! на казахском день независимости казакстан 16 декабря, эссе шығармалар жинағы тәуелсіздік 16 желтоқсан 16 декабрь жоспарымен, 16 желтоқсан тәуелсіздік күні шығарма, 16 желтоксан тауелсиздик куни шыгарма, Мен- Қазақстандықпын!, , Шығарма: Мен - Қазақстандықпын! шыгарма казакша шығармалар қазақша тегін сочинение на казахском языке сочинение на казахском языке скачать бесплатно сочинение на казахском языке скачать бесплатноҚазақша Шығармалар жинағы