Ертеңге - Елбасымен

 Ертеңге - Елбасымен

Нұрасылова Камшат
10 сынып, № 15 орта мектебі
Балхаш қаласы

«Ер- ел тірегі» деген қанатты сөздер бар. Айтса, айтқандай-ау!.. Бейбіт күнде дүйім халықтың ішер ас, киер киімін қамдау сияқты материалдық сұраныстарынан бастап, олардың тамырын тереңге тартар рухани қажеттіліктерін де орнына келтіре білген, ал қиын-қыстау замандарда түтеген борандардың өтіне шығып, еліне ықтасын бола білген қаншама ардақты ата-бабаларымыздың есімдері тарихта қалды десеңізші. Сөйтсек, тұтас әлемге тұтқа болған сол бір пәруана жандар ең әуелі өз Отанының мызғымас тірегіне айнала білген екен ғой. Ақтығында біздің батырларымыздың көзінің тірісінде, қайта құру дәуірінің бізге берген бақыты- Азаттық, Еркіндік, Егемендік тұсында тағы да сол халық ортасынан тағы бір азамат шығарды. Ол-Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Н.Ә.Назарбаевтың біз үшін, қазақ үшін қадірі осынау бір кездегі құдіретті мемлекет, қазіргі тілмен айтқанда- империя ыдырай сөгіліп, «балапан басына, тұрымтай тұсына» болған берекесіз де иесіз жағдайда, «ау, ел басқарар кім бар?» дегенде суырып шыққан даралығы. «Е, ел, бұл халық әлі иесіз емесекен» дегізгендігі.
Қазақстан, оның тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев жаңа мыңжылдықтың табалдырығында өткеннің есесі, бүгіннің есендігі үшін қазіргінің де, таяу және алыс келешектің де тағдыры тебіреніп, түн ұйқысын төрт бөлгені әмбеге аян. Аланның жағасынан алған азуы алты қарыс державаның шаңырағы ортасына түсіп, мәңгілік делінген идеялардың астан-кестеңі шыққанда, қоғамдық сананың безбенінде үміттер мен күдіктер кезек теңселді. Дәл осы тұста, қазақ есімді халыққа сын сағаты туғанда – ұлттық даналық пен қаһармандықтың асқақ рухы сол халықтың тағдырына жауапты азаматының ерік жігерінде қайта жаңғырықты. Тұңғыш Президент болу қашанда қиын. Істің бәрін жаңадан бастауына тура келеді. Бұл дегеніңіз мемлекетті қайыра құру деген сөз. Елбасының сол кездегі ой-тұжырымдарына үңілсек, ата жұрты үшін қабырғасы қайысқан, туған жері үшін жанын шүберекке түйген ұлдың жүрек лүпіліне тебіренесіз...
Саясаткерлік, менеджерлік, ұстаздық, дипломатиялық, психологиялық әзірліктер керек. Саяси басшыға ойшылдық, мәселенің шешуші түйінін дөп басу, күнделікті өмір көріністерінен ой қорыта білу, өзіндік шешім қабылдауға батылдық, оқиғаның алдын ала білетін көрегендік, әлеуметтік талдауға бейімділік қасиеттері керек. Жеке мамандық иелерінде кездесе бермейтін бұл қасиеттерді Елбасы бойынан көреміз. Қоғамды басқару жөнінде көне дүниеден бері айтылып келеді. Ежелгі грек ойшылы Аристотель қоғамды философ басқаруы керек деді. Француз О.Бальзак болса, ақын-жазушыларға артықшылық берді. Суреткерлерсіз бірде-бір король, бірде- бір патша тарихта қалмас едідеді. Яғни, қоғамның шешушіұлғасы- ақын- жазушылар деп түсінді. Марксистер болса, тарихтың тегершігі, тұтқасы, қозғаушы күші- халық деді. Ал Францияның королі Людовик ХVI-ші болса: «мемлекет дегеніміз мен»-деді . Орыс социал-демократы Плеханов тарихта жеке тұлғаның беделі де көп рөл атқарады деді. ХХғасырда коммунистер: мемлекет-біз деді. Қытай көсемі Мао: халық – тобыр деді. Гитлер: әлемді таза, ақсүйек ұлт-арийліктер басқаруы керек деді. Гогольдің бір геройы патшалық Ресейде сословиелік артықшылық, дворяндар тұқымы- қоғамның тұтқасы деді. А.С.Пушкиннің Дубровскийі: государь справедлив, я буду просить его. Он нас не обидит. Мы все его дети-деді.
Н.Ә.Назарбаев туа ойшыл, туа күрескер, туа еңбекшіл, туа бейнетқор, туа өршіл, туа көсем болған жоқ. Елбасы жетістігі уақыттың, тарихи үдерістің жемісі. Ғасыр бойы өмір сүріп , ғасыр бойы үйренуден жалықпаудың нәтижесі. Қазақстанның атақ- даңқын паш еткен, ТМД-ның, Еуропаның көптеген елдерін басып озып, Шығыс Азияның көптеген азуын айға білеген мемлекеттеріне теңескен Қазақстан десек, Елбасы- Ұлт көшбасшысы қатар тұратыны сөзсіз. Кім не айтса да, қалай айтса да бәрібір, домна пешінің ып-ыстық отына қақталып, мәңгілік шыңдалған, қазақтың ардақты ұлдарының бірі атанған Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың идеясын енді ешкім де, ештеңе де тоқтата алмайды. Оның есімін ешкім де тарихтан сызып тастай алмайды. Нұрсұлтан Назарбаев – Абылайхан да, Әбілқайыр хан да, Вашингтон да , Кемал Ататүрік те, Фидель Кастро да , Рузвельт те, Махатма Ганди де, День Сяопин де емес. Ол- дара тұлға. Тарихи тұлға.Ешкімді қайталамайтын, қайталанбайтын Президент.
ХХІ ғасырдың жаһандық аламанына ат қосқан жампоз елдің еңсесі биік, мерейі үстем болғай! Ал, Айбыны асқақ, Тұғыры биік Тәуелсіз Қазақстанымыздың елі аман болсын, елі үшін туған ері аман болсын!


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі