Қазақша шығарма: Менің Отаным - Қазақстан

Қазақша шығарма: Менің Отаным - Қазақстан казакша Қазақша шығарма: Менің Отаным - Қазақстан на казахском языке

Жанақбай Жанайым
9 сынып, № 145 ЖББМ
Жетекшісі: Тлеболдинова Н. Ы.

Отан... Бұл- әр адамның жүрегіне жылы тиер сөз!

Отан - менің қасиетті де, киелі орным. Бұл туып өсіп,кіндік кескен жерім. Нақты осы жер мені халқымның өткенімен және болашағымен байланыстырады. "Отан- оттан да ыстық" - дей келе, менің Отаныма деген сүйіспеншілігім шексіз. Себебі, қазақ елі бейбітшілік пен достыққа, татулыққа толы ел. Қазақ халқының жомарттығы, барлығына құшағын кең жайып, пейілін кеңге салатын мінезі әр елді таңқалдыруды қоймайды. Менің ойымша Отан - құндылықты материалдарды тасушы емес, рухани жан сезімі!

Менің Отаным- тәуелсіз Қазақстан. Қазіргі уақытта Қазақстан бейбіт өмір кешуде. Дамушы елу елдің қатарында. Қазақстан экономикасы әр алуан және жетістіктері мол. Қазақстан табиғи қазбаларымен және адам ресурстарымен дүние жүзіндегі бай елдердің бірі болып есептеледі. Бірақ, осындай жетістіктерге қол жеткізуде қандай тер төгілгенін әрбір қазақстандық айқын біледі.

Сонау ата- бабаларымыз осы еркіндікті қалай аңсады десеңізші?! Біздің ержүрек батырларымыз еркіндік, бейбітшілік үшін аянбай күресіп, өшпес ерлік көрсетті. Бауыржан Момышұлы " жаныңнан күдер үзе соғыспасаң, жауды күйрете алмайсың"- деген. Талай ақын- жазушылар бұл ерлікті мақтанышпен жазып кетті.

Менің ойымша Отанға деген сүйіспеншілікті сөзбен жеткізу мүмкін емес.

1991 жылы 16 желтоқсанда әрбір қазақстандықтың арманы орындалып, Қазақстан тәуелсіз ел болып жарияланды. Еліміз тәуелсіз ел, дербес мемлекет болып, XXI ғасыр табалдырығын сенімді аттадық. Президентіміз Н.Ә.Назарбаев аз ғана уақыт ішінде қазақ елін гүлдендіре, көрікті етті. Ендігі жолда қазақ елінің одан әрі дамуы, болашағы мына біздің қолымызда. Яғни, жас ұрпақтың қолында.

Әр азамат өзінің жерінде, елінде қадірлі . Сондықтан, «Елінен безген ер оңбайды, көлінен безген қаз оңбайды», дейді халық. Бұл даналық сөзден әр азаматтың өз елін қадірлей білу қажеттілігін көреміз.Туған жердің қадірін білмеген, оны құрметтемеген адамды ел азаматы деп айтуға болмайды. Батыр бабаларымыз туған жердің бір уыс топырағын жау қолына бермес үшін қасық қаны қалғанша күресті. Адамның тәні мен жанының тілегі, мақсаты бір болып, бір игілікке жұмылғанда ғана оның әрекеті өнегелі болады, олай болмағанда, рухани әлем мен әрекет арасында қайшылық туып, адам баласы қаскүнемдік іс істеп, сый-құрметтен айырылады. Еліміздің әрбір азаматы «Отан» деген ұғымның оттан да ыстық қасиетіне бас иіп, оған адал қызмет етуге борышты. Осы жолда қайтпас қайсарлық пен айнымас шыдамдылық таныта білетін, ары мен намысын жоғары қоятын ұрпақ тәрбиелеу абыройлы іс болмақ. Жарқын болашақ, отансүйгіштік, ұлтжандылық секілді асыл сезімнің өміршең екенін көрсетті .Ел қорғау – абыройлы іс. Азаттықты аңсаған ата-бабаларымыз талай шайқас, қан майданның тезінен өтіп, ұрпағына ұлан байтақ жерді аманат етті. Жас ұрпаққа ғасырлар бойы ата-бабаларымыз қорғаған Атамекенді көздің қарашығындай сақтау өсиет етілген. Мен Отаныммен мақтанамын!



Жүктеу батырмасы 50 секундта ашылады!!!
Қалай жүктеймін?




KZ » Қазақша Шығармалар жинағы, менің отаным қазақстан, шығарма қазақстан туралы, қазақстан туралы шығарма, қазақстан туралы шығармалар, менің отаным қазақстан туралы шығарма, менің отаным қазақстан туралы шығармалар, менің отаным қазақстан туралы әңгіме, отан туралы шығарма, отан алтын бесік шығарма, казакша отан алтын бесік шығарма, отан алтын бесігім шығарма, Отаным – алтын ұям бесігім шыгарма скачать, скачать сочинение Отаным – алтын ұям бесігім, менің отаным казахстан шыгарма, Қазақша шығарма: Менің Отаным - ҚАЗАҚСТАН, Қазақша шығарма, Менің Отаным - ҚАЗАҚСТАН туралы казакша шагарма, Отан туралы шығарма, менин отаным казахстан шыгарма, менің отаным қазақстан шығарма сынып, шығарма қазақстан туралы, қазақстан туралы шығарма, қазақстан туралы шығармалар, менің отаным казахстан шыгарма, менин отаным казахстан шыгарма, менің отаным қазақстан шығарма сынып, Қазақша шығарма: Менің Отаным - Қазақстан, Қазақша шығарма: Менің Отаным - Қазақстан шыгарма казакша шығармалар қазақша тегін сочинение на казахском языке сочинение на казахском языке скачать бесплатно сочинение на казахском языке скачать бесплатноҚазақша Шығармалар жинағы