Қазақша сценарий: Интеллектуалды ойын «Тапқыр, достар» » ZHARAR © 2016 | интеллектуалды ойындар сценарий, интеллектуалды ойын тапқыр достар, тапқыр достар сайысы сценарий , қазақша интеллектуалды ойындар , интеллектуалды ойындар




  • »

Қазақша сценарий: Интеллектуалды ойын «Тапқыр, достар»

Қазақша сценарий: Интеллектуалды ойын «Тапқыр, достар» казакша Қазақша сценарий: Интеллектуалды ойын «Тапқыр, достар» на казахском языке

Тақырыбы: «Тапқыр, достар» интеллектуалды ойыны.
Мақсаты:
Жан - жақты ақпараттануға, алған білімдерін өмірде қолдана білу шеберліктерін арттыруға үйрету.
Оқушыларды ұйымшылдыққа достыққа, өзін - өзі тануға, айналасындағы ортамен қарым - қатынас жасауға, адамгершілікке, ана тілін сүйіп, қастерлеуге тәрбиелеу.
Тапқырлық, шапшаңдық, дарындылық, зейінділік, есте сақтау қабілеттерін шыңдау, сөздік қорын молайту.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру.
Оқушыларды екі топқа бөлу.
Жеребе алып қай топ ойынды бірінші болып бастайтынын анықтау.
Жарыс ережесімен таныстыру.
Ойының барысы:
I «Сөз тапқанға қолқа жоқ»
II «Ойлан, тап»
III «Сен білесің бе?»
IV «Аударыспақ» (Екі топ мақал - мәтел айтудан жарысады)
V «Қолқа салу»
1. «Сөз тапқанға қолқа жоқ».
(Екі топқа 10 - 10 сұрақтан қойылады. Екі топ А. М. Т. Б. Н. Қ. әріптерін алады Қойылған сұрақтарға жеребе тастау барысында қолына түскен әріптен басталатын сөзбен жауап береді)
1 - топқа (МНҚ)
1. Олимпиада чемпионы болғыңыз келе ме?
2. Алма қай жерде өседі
3. Кітап оқисыз ба?
4. Жазғы демалыста қайда қыдырасыз?
5. Әдемі қыз көріп тұрсыз ба?
6. Қай спорт түрін ұнатасыз?
7. Көңіл күйіңіз қалай?
8. Қай пәнді ұнатасыз?
9. Қазақтың батырын атын айт.
10 Сөйлем құра.

2 - топқа (АТБ)

1. Көп сөйлейсіз бе?
2. Көп кешірім сұрайсыз ба?
3. Болашақта кім болғың келеді?
4. Досыңыздың аты кім?
5. Сіз өзіңізді қандай оқушымын деп есептейсіз?
6. Қазақстанның табиғи байлығы не?
7. Өсімдік атын ата?
8. Қай түсті ұнатасыз?
9. Қазақтың ұлттық тағамын ата
10. Сөйлем құра.
11. Көрермендер додасы. Екі топ жоғарыдағы ойын шартын орындап жатқан кезде көрермендер мен де « Көрермендер додасын» ұйымдастыруға болады. Ол үшін ұйымдастырушы әр түрлі мазмұндағы сұрақтарды қоюына болады. Мәселен:
1. Қазақстан қанша мемлекетпен шекаралас? (5)
2. Жеті жарғы заңдар жинағының авторы? (Тәуке хан)
3. Ең алғаш қағазды ойлап тапқан қай ұлт? (Қытай)
4. Той бастар, бата - тілек, жоқтау ауыз әдебиетінің қай түріне жатады? (тұрмыс салт жырлары)
Жеңімпаз көрерменнің ұтысы беріледі.
ІІІ. «Сен білесің бе?» (8 ұяшықтан тұрады)
10
Құтты сан
Қатысушыға тапсырма беріледі.
Ол спорт түрі штанг көтеру тәсілін ортада көрсетеді. 15
Жылқы малының пірі
(Қамбар ата) 20
Отырар дастанының авторы кім?
(Мұхтар Шаханов)
10
Бейжің олимпиадасында командалық есеп бойынша еліміз нешінші орынға тұрақтады (29) 15
Сиып малының пірі
(Зеңі баба) 20
Қазақ елін әлемге танытқан Мұхтар Әуезовтық атақты шығармасы?
(«Абай жолы»)
30
Бір бұлбұл отырады салып әнді, жүруге аяғы жоқ, емес жанды. Өнері қандай асқан деп ойладым. Бір демде жер түбінен хабар алды. (радио) 30
Бес жанды.
Бір жансызға мінгеседі. Үстінде ақ тақырдың із кеседі. (қалам, адамның бес саусағы)

ІV. «Аударыспақ». Екі топ білім, отан, еңбек тақырыптарында мақал - мәтел айтудан жарысады. Бұл ойынға көрермендер де қатысып, екі топтың еншісіне ұпай қосуларына болады.
Әділқазы алқасынан қорытынды балл көрсеткішін сұрап, жеңіске жеткен топты анықтаймыз.

V. «Қолқа салу» (жеңген топ жеңілген топқа қолқа салады.) Екі топтың қатысушыларына сыйақы беріледі.



Жүктеу батырмасы 77 секундта ашылады!!!
Қалай жүктеймін?

Санат: KZ портал » Қазақша Сценарийлер жинағы | | 1 290
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

. .