Ай атауларын санайық
Хамал – айдың төресі,
Жылдың басын бастаған.
Сәуір айы келесі,
Келмей шуақ шашпаған.
Зауза түске қанық тым,
Жасыл төске боялған.
Саратан ғой анық күн,
Барлық жәндік оянған.
Әсет айы тым ыстық,
Жануарлар жусаған.
Сүмбіледе тыныштық,
Салқындайды су тоған.
Мизам айы жемісті,
Тоқшылығын сыйлаған.
Ақырап та егісті,
Диқан өнім жинаған.
Қауыс айы мұздатқан,
Салқын соғып ызғырық.
Жәді айы су қатқан,
Құрсау салып мұз құлып.
Дәлу айы ақ қарлы,
Аяз бетті қарыған.
Құтта боран басталды,
Қыс қуаты дарыған!
Ал, балалар, санайық,
Ай атауын бұрынғы.
Қажет дерек алайық,
Толықтырып ұғымды
Наурыз - Хамал; Көкек - Сәуір; Мамыр - Зауза; Маусым - Саратан;
Шілде - Әсет; Тамыз - Сүмбіле; Қыркүйек - Мизам; Қазан - Ақырап;
Қараша - Қауыс; Желтоқсан - Жәди (і); Қаңтар - Дәлу; Ақпан – Құт
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?