Қазақша реферат: Шортанбай Қанайұлы (1818 - 1881) » ZHARAR © 2017 | шортанбай қанайұлы туралы қазақша реферат, шортанбай канайулы туралы казакша реферат, шортанбай канайулы туралы казакша омирбаяны, шортанбай қанайұлы туралы қазақша өмірбаяны, реферат на казахском языке шортанбай канайулы




  • »

Қазақша реферат: Шортанбай Қанайұлы (1818 - 1881)

Қазақша реферат: Шортанбай Қанайұлы (1818 - 1881) казакша Қазақша реферат: Шортанбай Қанайұлы (1818 - 1881) на казахском языке

Шортанбай-XIX ғасырдағы қазақ әдебиеті тарихынан елеулі орын алатын, өзіндік сөз өрнегі бар өнерпаз. Туған елінің тарихи тағдырын болжап, халқының басына түскен ауыртпалықтарды көкірегі қарсы айырыла жырлаған өз дәуірінің тамаша жырау-ақыны: замана құбылыстарының шындығына өз түсінігі тұрғысынан үкім шығарып, іргесі сөгіліп, реңі кетіп бара жатқан қоғамдық құрлыс пен ата-баба салтының жоғын жоқтап, зар шеккен ақ ниетті адал жан. Ол тереңінен тебіренген, жоқтап, зар шеккен ақ ниетті адал жан. Ол тереңнен тебіренген, әйгілі, сырлы толғаулармен түгел қазақ жұртына танылған. Сонымен бірге сол кездегі қоғамдық қайшылықтардың бет пердесін ашып, оған қарсы саяси күрес жүргізе де білген қайраткер.

Шортанбай Түркістан жерінде Қаратауды жайлаған шаруа Қанайдың отбасында дүниеге келген. Жасшағынан мұсылманша оқып, замандастары қатарлы білім алған. Бұрыннан қазақ халқының қасиетті астанасы есепті Түркістан қаласы, оның сол тұстағы шар тарапқа жайылған даңқы жас талапқа әсерсіз болмаған. Яссауи атасының аспанмен таласқан заңғар құрлысының көкке самғаған ғажайып мұнарасы қиялына қанат бітіріп, өнер-білім биігіне талпынтқан алғашқы тәлім-тәрбие ұясындай ізгі әсер еткен. Өзі туған топырағында оқып білім алған зерделі жас өнерлі, өнегелі өлке мәдениетін жете игеруге талаптанып, парасатты ақыл иелеріне жақын жүріп, жақсылар қатарына ерте ілескен. Көзі ашық, сауатты, білімге құштар жасқа үлгі-өнеге боларлық ойлы орта, тәлімгер-ұстаздар да кезіксе керек-ті. Осындай сан сұрақтар Шортанбайды толғатпауы мүмкін емес еді. Білім мен өнер жолын мансұқ еткен жас талап Түркістанға жалғасып жатқан Бұхар, Самархан сияқты мәдени ошақтармен де таныспай қалмайды. Олардың да жас Шортанбайдың діни білімін көтеруге, өнер ордаларын көріп жетілуіне ерекше әсері болғаны сөзсіз.

Мұсылманшылық жолындағы оқудың нәтежесі оның қолын ишандық дәрежеге жеткізді. Бұл жолда қызмет атқару үшін Түркістаннан Арқаға, Қарқаралыға қарасты Беста жайлаған Жамантай төренің мекеніне қоныс аударуға тура келеді. Одан кейін Аюлы-Ақсу бойын қоныстанған Жанғұтты бидің қарамағынан шағын мешіт салдырып, медіресе ашады. Өле-өлгенше осы бидің төңіректеп, өмір кешеді. Ер жетіп, еркінше еңбек етуге бел буған талабы зор, талғамы қалыптасқан Шортанбай жаңа ортаға, өзге өлке жағдайына кезігеді.

Арқа жеріне келіп, адамдар шетінен ділмар, сауыққой, әнші, жыршы, өлеңші келеді. Бұл өлкеде Ақан мен Біржанды, Мәди мен Ыбырайдың әндерін кездестірмеу мүмкін емес.

Жас ишан үшін бұл-ерекше өмір болатын. Ол бұрын Орта Азия орталықтарында болған кезде бұл сияқты сауық-сайран кезікпеген болатын. Қайда барса да мешіт пен медіресе болатын, ол соған бой алдырған болатын.

Не істеу керек?! Ойланып, толғанып, өнерден қол үзу, дін жолынан бас тарту да жөнсіз. Ақылға салған адам ондай оғаш мінезге бармайды. Екі жақтыда үлкендерге үйір болып, жастарды өзіне тарта білу болды. Жиын тойдың әуеніне қарай әрекет етеді. Маңына шәкірттер жинап, жастарға осылай жақындайды. Жастық шақтың қызығына ол осылай жақындайды. Елдегі дәстүрлі той жиын, келін түсіру, қыз ұзату салтанаттарына қатынасады. Ел тоғаған ақындардың айтыстары, жыршы-жыраулардың тамаша толғау, жырларын өнерге әуес, сөзге жүйрік, тілге шешен Шортанбайдың жанына жағады. Біраздан кейін өзін-өзі билей алмай, бойын кернеген ақындық өнердің аузынан қалай шығып кеткенін де аңғармай қалады. Енді ел-жұрт Шортанбайды ишан деуден гөрі төкпе ақын деп атап кеткен.

Міне, ғажап! Қазақтың бір өлкесі бір Шортанбайды тақуа ишан етіп тәрбиелесе, екінші өлкесі оны тамаша ақын етіп шығарады. Асылы, адамды-өмір сүрген ортасы тәрбиелейді, — дейтін қағида дұрыс. Оған Шортанбайдың өсу, жетілу жолы бірден-бір куә.

Еліне ақын болып танылған Шортанбай болды. Шортанбай халқының басына түскен қасіретке қапа болып, зарыға, тарыға жыр шертті, шын мәніндегі қамқор ақын болып, әдебиетке өзінің өшпес ізін салды.

Шортанбай-өз заманының жалынды ақыны, ақылгөй шешен жырауы.

Шортанбай ақындығының дәуірлеген тұсы қазақ елі дағдарысқа душар болған аса ауыр кезең болды.

Шортанбайдың шығармалары өткен ғасырдың соңғы ширегінде кейбір жинақтарда баспа бетін көре бастады. 1882 жылдардан бастап, өлең толғаулары жинақталып, бөлек кітап көлемінде жарық көрді. Көрсетілген жинақтарға ақынның «Тар заман», «Опасыз жалған», «Байдың құдай атқаны», «Атамыз Адам пайғамбар», «Өсиет-насиқат сөздер», «Айттым сәлем», «Асан қожа», т. б. енген.

Шортанбай шығармаларының басты мақсаты- заман, қоғам, халық тұрмысы,, ел өмірі, жер, қоныс қысымы, отаршылдар мен жергілікті әкімдердің озбырлығы, жаңа қарым-қатынастан туындалған тонаудың түрлерін, сатқын ел билеушілер, бұзақы топтар, т. б.

Шортанбайдың өлер алдындағы айтып кеткен өсиет сөздері де бар. Ол мына:

Сәлем айттым бәріңе
Қызмет етіп жүріңдер,
Басшы, біткен кәріңе…
Үлкендер саған айтайын,
Дүниенің боғы үшін
Сірә тіпті азбаңдар…
Және сәлем айтайын,
Бауырлас туған ініме,
Жұрт тамаша болушы еді,
Жалғыз ауыз сөзіме,
Дүние ыстық көрінеді
Құрғыр менің көзіме…
Дұғай сәлем айтайын,

Келтірілген ақынның қоштасу сөздері мәнсіз емес. Шортанбай шығармалары оқуға жеңіл, түсінуге оңай, әркімнің көкірегіне қонарлық.

Шортанбай туралы орта мектептерде оқулық жазған немесе очерк ретінде танытпақ болғандар- С. Мұқанов пен Қ. Жұмалиев болды. Олардың алғашқы зерттеу еңбектері 1940–1942 жылдары баспа бетіне шықты. Шортанбайдың өз туындылары «XVIII-XIX ғасыр ақындары шығармалары» (1962) мен «Бес ғасыр жырлайды» (1989) жинақтарында, «Жұлдыз» журналында (1991, №3) басылды.

1994 жылы өлеңдер жинағы шықты, кандидаттық диссертация жазылды. Қ. Мәдібаева оны «Зарзаман» әдебиеті ағымын негіздеуші деп қорытты.



Жүктеу батырмасы 77 секундта ашылады!!!
Қалай жүктеймін?

Санат: KZ портал » Қазақша Рефераттар жинағы | | 345
Рейтинг:
(голосов: 0)

KZ портал » Қазақша Рефераттар жинағы, шортанбай қанайұлы туралы қазақша реферат, шортанбай канайулы туралы казакша реферат, шортанбай канайулы туралы казакша омирбаяны, шортанбай қанайұлы туралы қазақша өмірбаяны, реферат на казахском языке шортанбай канайулы, биография на казахском языке шортанбай канайулы, биография на казахском языке, шортанбай канайулы, реферат на казахском языке, шортанбай қанайұлы туралы, қазақша реферат, шортанбай қанайұлы, шортанбай қанайұлы туралы қазақша реферат, шортанбай канайулы туралы казакша реферат, шортанбай канайулы туралы казакша омирбаяны, шортанбай қанайұлы туралы қазақша өмірбаяны, реферат на казахском языке шортанбай канайулы, Қазақша реферат: Шортанбай Қанайұлы (1818 - 1881) реферат қазақша жоспар қазақша рефераттар сайты тегін referat-kz.kz қазақша рефераттар сайты)) Қазақша Рефераттар жинағы

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .