Алматы қаласы

 Алматы қаласы

Алматы қаласыАлматы облысының орталығы, республикалық мәртебесі бар қала. Қазақстанның оңтүстік-шығысында, Іле Алатауының солтүстік баурайында орналасқан. Аумағы 190 км2, тұрғыны 1,35 млн. адам (2007). 1929 жылдан 1997 ж. қазан айына дейін Қазақстанның астанасы болды. 6 қалалық әкімшілік ауданға бөлінген. Жергілікті басқару органы – Алматы қалалық әкімшілігі.
Алматы Іле Алатауынан бастау алатын Қарғалы, Үлкен және Кіші Алматы, Есентай, т.б. өзендер атырабында орналасқан. Қаланың айналасы негізінен таулы, сайлы-жыралы келеді. Қала маңындағы биік таулы еңіс (3000 – 5000 м) бедері тік жартасты, терең құзды, құлама беткейлі. Тау бастарының біраз бөлігін мұз басқан. Тау етегіне ұштасып жататын жазық өңір негізінен борпылдақ жыныстардан және малтатасты-дөңбектасты шөгінділерден түзілген. Оның беті сары, борпылдақ топырақ, құмды-сазды қабаттардан тұрады. Таудан келген жер асты және жер беті ағындарының сүзілуі нәтижесінде жер асты суының мол қоры жиналған. Мұнда апатты жерсілкінулері болған (28.5.1887; 22.12.1910). Сондай-ақ лайлы тасқындар мен сел қатері жиі байқалады. Таудан бастау алатын өзендерге сел тасқындарынан қорғайтын бөгеттер салынған (Медеу бөгеті, т.б.).
Қала және қала төңірегінде континентті климат қалыптасқан. Ауаның көп жылдық орташа температурасы 9ӘС, ең жоғарғы температурасы 43,4ӘС (тамыз, 1983), ең төменгісі – 38ӘС (1968 – 69). Алматыда қаңтар айының орташа температурасы – 7,8ӘС, шілде айынікі 23,3ӘС. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 575 мм, таулық бөлігінде 1000 мм-ге жетеді. Алматыда орташа атмосфералық қысым 926,3 гПа. Қала арқылы Үлкен Алматы мен Кіші Алматы және олардың салалары – Қарғалы, Ремизовка, Казачка, Қарасу өзендері ағады. Алматының топырағы мен өсімдігі биіктік белдеулер мен белдемдерде әр түрлі. Ең төменгі белдем (600 м) қаланың солтүстігінде. Одан жоғары 900 – 1300 м биіктіктегі қарашіріндісі (гумус) орташа қара топырақта әр түрлі шөп өседі. Келесі белдемнің (1300 – 1800 м) қара топырағын ылғалды-шалғын және шыршалы орман басқан. Алматының төңірегінде алманың бірнеше түрі, оның ішінде дүние жүзіне әйгілі Алматы апорты, алмұрт, шие, қара өрік, жүзім, т.б. жеміс және көкөністер өседі. Жануарлар дүниесінен құстың 141 түрі, сүтқоректілердің 50-ге тарта түрі кездеседі.
Алматының 2,5 мың жылдық тарихы бар. Қала тұрған жерді ежелден қазақ ұлтын құраған тайпалар мекен еткен. Іле Алатауының етегіндегі Алматы қаласы туралы алғашқы жазба деректер Рашид-ад-Диннің шығармаларында кездеседі. Бабыр Шыңғысхан шапқыншылығынан қираған Алмалық, Алмату қалалары туралы жазады. Археологиялық зерттеулер қазіргі Алматының орнында ертеректе сақтар, кейінірек үйсін, орта ғасырда дулат тайпалары өмір кешкен елді мекендер мен қалашықтар, Алмалық пен Алмату қалалары (екеуі екі басқа қала) болғандығын дәлелдеп отыр. Бұл қалалардың қираған құрылыстарын 1251 – 59 ж. француз королі ІХ Людовиктің елшісі және Қытай саяхатшысы Чжан Дэ өз көздерімен көргендіктерін жазған. Алмату қаласының аты жазылған күміс ақшалар, сақтардың 25 барыс бейнесімен безендірілген «Жетісу құрбандық табағы», ғажайып «Қарғалы диадемасы» бұл жердің мыңдаған жылдық тарихы бар өркениетті өлкенің орталығы болғандығын көрсетеді. Өңірдің Ресейге қосылуына байланысты қаланың ежелгі орнына 1854 ж. Заилийск (кейін Верный қаласы) бекінісі салынғанға дейін бұл жерде отырықшы және жартылай отырықшы қазақтар тұрған. Алматы 1867 ж. құрылған Жетісу облысының әкімшілік орталығына айналып, қала атанды. Мұнда 1918 ж. 2 наурызда Кеңес өкіметі орнады. 1921 ж. оған өзінің ежелгі Алматы атауы қайтарылды. 1927 ж. 3-сәуірде Кеңестердің Бүкілқазақстандық 6-сьезінде Алматы Қазақстанның астанасы болып жарияланды. Республика астанасының Алматыға көшуі (1929) қаланы аса ірі саяси-әкімшілік, ғылыми-мәдени және экономикалық орталыққа айналдырды. Қаланың жедел қарқынмен дамуына Түрксіб темір жолының салынуы үлкен әсер етті. 1930-жылдары Алматыда ондаған ірі өнеркәсіп орындары іске қосылды. Тұңғыш автобус маршруты (1927), трамвай (1937), троллейбус желісі (1944) пайда болды. 2-дүниежүзілік соғыс жылдары (1941 – 45) Алматыға КСРО-ның батысынан 30-дан астам кәсіпорын, 8 госпиталь көшірілді. Қала тұрғындары майданға жан-жақты көмек көрсетті. Соғыстан кейін Алматы бірте-бірте Азиядағы ірі саяси, мәдени және экономикалық орталыққа айналды. 1986 ж. желтоқсанда әкімшіл-әміршіл билікке қарсы қазақ жастарының Желтоқсан көтерілісі болды. 1991 ж. 16 желтоқсанда Алматыда Қазақстанның тәуелсіздігі жарияланды. Сол жылғы 21 желтоқсанда Алматыда Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) дүниеге келді. 1992 ж. Алматыда дүниежүзілік қазақтарының құрылтайы болып өтті.
Қала құрылысы арнайы ойластырылған жоба бойынша салынған. 1908 жылғы жоспар бойынша Алматы батыс және оңтүстік-батыс бағытқа кеңейіп, оңтүстік шекара Басарық (қазіргі Абай даңғылы), ал батыста Қастек (қазіргі Қожамқұлов) көшесіне жетті. 1930 – 35 ж. темір-құйматастан, күйген кірпіштен құралған, жерсілкінісіне төзімді материалдардан салынған Байланыс үйі, Ішкі істер министрлігінің клубы, Түрксіб темір жол басқармасы, «Алатау» кинотеатры, т.б. алғашқы ірі ғимараттар бой көтерді. Соғыс жылдары Опера және балет театры (1941), ал 1950 ж. Қазақстан Ғылым академиясының бас ғимараты мен Үкімет үйін салу қолға алынды. Алматы – республикадағы ең сәулетті қалалардың бірі. Қала архитектурасында ұлттық ерекшеліктің элементтері, қала аумағының табиғат сұлулығы және құрылыс саласындағы ғылым мен техниканың жетістіктері жүйелі түрде, жоғары талғамдықпен үндестік тапты. Алматыда әр ғимарат өзіндік ерекшеліктерімен, ұтымды инжерлік-архитектуралық шешіммен көзге түседі. Қаладағы Республикалық алаң кешені, Президент резиденциясы, Даңқ монументі, Республика сарайы және Ұлттық кітапхана ғимараты, М.Әуезов атындағы Қазақ академиялық драма театры, «Қазақстан», «Отырар», «Рахат-Палас», «Анкара», «Достық» қонақ үйлері, Студенттер сарайы, Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы, Медеу спорт кешені, Республикалық Орталық мұражай, т.б. көптеген мәдени, ғылыми және қала тұрғындарына арналып салынған ғимараттар бой көтерді. 1995 жылдың басында қалалық тұрғын үй қорының жалпы алаңы 20 млн. шаршы метрден асты. 1988 ж. метрополитен құрылысы қолға алынды.
Алматы – ірі ғылым, мәдениет және білім орталығы. Верный қаласында 1914 ж. 20 мектепте 3 мыңнан астам оқушылар болды. 1930 ж. Алматыда жалпы халыққа бірдей сауат ашу жүйесі енгізілді. Жалпыға бірдей орта білім беру жоспары жүзеге асырыла бастады. 1960 ж. қаладағы 82 мектептің 50-і орта мектеп болып қайта құрылды. 1990 ж. ақпарат жүйесін оқыту және мектептерді компьютерлендіру жолға қойылды.
1913 ж. ұйымдастырылған мұғалімдер семинариясы қаладағы арнаулы орта білім беретін алғашқы оқу орны болды. 1918 ж. Жетісу шаруашылық училищесі, 1930 жылдан бастап құрылыс, темір жол көлігі, байланыс техникумдары, музыкалық училище (1932), хореографиялық училище (1934) ашылды. 2-дүниежүзілік соғыс қарсаңында (1940) Алматыда 10 техникум мен училище жұмыс істеді. 1996 – 97 ж. қалада 20 арнаулы орта білім беру мекемелерінде 26 мыңнан астам оқушы қамтылды.
Алғашқы жоғары оқу орны Алматыда 1928 ж. ашылған Қазақ мемлекеттік педагогикалық институты болды. 1929 ж. Зоотехникалық-малдәрігерлік институты, 1930 ж. Ауыл шаруашылық институты, 1931 ж. Мемлекеттік медициналық институт, ал 1934 ж. Қазақ мемлекеттік университеті ашылды. Бұл алғашқы ашылған жоғары оқу орындары қазақ интеллигенциясының жетілуіне зор ықпал жасады. Одан кейінгі жылдары Алматыда әр саладағы, әр бағыттағы ондаған жоғары оқу орындары ашылды. Кейбір институттардың ірі факультеттері жеке институт, университет және академия болып бөлек құрылды. Қазір (2008) қалада әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, Қазақ ұлттық аграрлық университеті, т.б. мемлекеттік бюджеттегі және жекеменшік жоғары оқу орындарында студенттер оқып, білімдерін жетілдіруде. Верныйда Орталық Азияны зерттеуші көптеген ғалымдар мен саяхатшылар тұрған (Петр Семенов-Тянь-Шанский, Иван Мушкетов, Николай Пржевальский, Григорий Потанин, Василий Бартольд). 1856 – 64 ж. аралығында Шоқан Уәлиханов Верныйға жиі келіп тұратын. Алғашқы ғылыми мекемелер ең алдымен ауыл шаруашылығына байланысты құрылды. 1930 ж. Қазақ мемлекеттік жоспарлау комиссиясы жанынан экономикалық зерттеу институты ашылды. Алматыда Бас геологиялық комитетінің және Мемлекеттік түсті металлургия институтының бөлімшелері жұмыс істей бастады. Сол жылдары есімі әлемге әйгілі ғалымдар Александр Гапеев, Михаил Русаков, Қаныш Сәтбаев, Рамазан Борукаев, Иван Бардин, Лев Берг, Алексей Фаворский, Василий Фесенков, Владимир Вернадский, т.б. ғалымдар еңбек етті. 2-дүниежүзілік соғыс жылдарынан кейін Қазақстан Ғылым академиясы (1946) құрылды. Оның тұңғыш президенті болып академик Қаныш Сәтбаев сайланды. Ұлттық академияның құрылуы Қазақстанның табиғи ресурстарын неғұрлым толық зерттеуге және пайдалануға, оның экономикасының, ғылым мен мәдениетінің гүлденуіне кең жол ашты. Мұнда қазір 70 -тен астам ғылыми мекемелер бар.
Мемлекеттік медициналық институттың негізінде Алматыда бірнеше ғылыми-зерттеу (1995 ж. 13 ғылыми-зерттеу институты) құрылды. Қазір (1998) қаладағы 80-нен астам амбулатория-емханаларда және 50-ден астам емханаларда, меншіктің барлық түріндегі емдеу-профилактикалық және мамандандырылған диспансерлерде қала халқына медициналық көмек көрсетіледі. 1935 – 92 ж. аралығында медицина саласында 895 ғылым кандидаттары мен 140 ғылым докторы дайындалды. Республикалық және қалалық медициналық колледжде 9 мыңнан астам орта буынды медициналық қызметкерлер дайындалды.
Алматы спорт жағынан республикада жетекші орын алып келді. 1932 ж. алғашқы маманданған Қазақ республикалық спорт техникумы, 1945 ж. Қазақ дене тәрбиесі институты ашылды. 1929 ж. «Локомотив», 1931 ж. «Динамо», 1936 ж. «Спартак» (велотрек) стадиондары, ал 1958 ж. Орталық стадион іске қосылды. Одан кейінгі жылдары «Динамо», «Спартак», «Локомотив», «Буревестник», «Еңбек резервтері», ал 1957 ж. «Еңбек» ерікті спорт қоғамдары ұйымдастырылды. Қазақстан спортшылары ішінде алматылықтар алғаш рет Еуропа, Азия, Әлем чемпионаттарына және Олимпия ойындарына қатысып, олардың жүлдегерлері немесе жеңімпазы болды. Алматыда қазір 500-ден астам дене шынықтыру ұжымдарында 350 мыңдай адам спортпен шұғылданады. Олардың қарауында 18 спортклубы мен 10-нан астам стадион бар. 1997 ж. Алматыда тұңғыш рет Орталық Азия ойындары өтті.
Алматы республикадағы негізгі туризм орталығы болып саналады. Қалада «Иасауи», «Спутник Казахстана», «Туран-Азия», «Квадротур», «Гиацинт-Рахат», т.б. туристік фирмалар орналасқан. Олардың бес жұлдызды «Анкара», «Рахат-Палас» (Марко Поло), үш жұлдызды «Отырар», «Астана», «Достық» атты туристік инфрақұрылымдары бар.
Алматыда Мұхтар Әуезов атындағы академиялық драма театры, Михаил Лермонтов атындағы республикалық орыс академиялық драма театры, Ғабит Мүсірепов атындағы академиялық балалар мен жасөспірімдер театры, Абай атындағы академиялық опера және балет театры, Ұйғыр және Корей музыкалы театрлары, Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы, Орталық концерт залы сияқты танымал мәдени орталықтары бар. Көп жылдар бойы Жазушылар, Журналистер, Композиторлар, Кинематографистер, Сәулетшілер, Суретшілер Одақтары басқармаларының орналасуы, жетекші ғылым, өнер, әдебиет қайраткерлерінің қызмет етуі Алматыны республиканың рухани орталығына айналдырды. 1990 ж. бері Алматыда жыл сайын өткізілетін халықаралық «Азия дауысы» музыка және ән фестивалі өнер мерекесіне айналдырылды. 1994 – 96 жылдары Алматыда Тәуелсіздік монументі, Әл-Фарабидің, Райымбек батырдың, Жамбылдың, Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметованың ескерткіш-мүсіндері ашылды.
Алматы – Қазақстанның ірі өнеркәсіп және қаржы орталығы. Мұнда машина жасау өнеркәсібінің «Алматы ауыр машина жасау зауыты», «Поршень зауыты», «Электроприбор», жеңіл өнеркәсіпте «Алматы мақта-мата комбинаты», «Жетісу», «Қыз Жібек», т.б. іргелі акционерлік қоғамдары жұмыс істейді. Қалада мемлекеттік, жекеменшік, біріккен кәсіпорын, шетелдік кәсіпорындар бар. Алматыда дербес банк және банк филиалдар жұмыс істейді. Қала кәсіпорындарының АҚШ, Италия, Түркия, Германия және Ресей фирмаларымен іскерлік қатынастары дамуда. Алматы – еліміздің ең ірі көлік және байланыс торабы. 1992 ж. маусымда Алматы – Үрімші темір жол көлігі тұрақты қатынай бастады. Алматы әуежайы Жер шарының кез-келген мемлекетімен байланысуға мүмкіндік береді. Қала қаржы мен сауданың халықаралық орталығы мәртебесін сақтап қалды.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
» қазақ тілі тестілеуде_келген_сұрақтар_зерттеуші
» Наурыз мейрамы Қазақстанда жаңа форматта тойланады
Пікір жазу

Ілмектер: алматы туралы реферат казакша, алматы каласы туралы реферат казакша, реферат на тему алматы на казахском языке скачать, алматы қаласы туралы реферат, реферат казакша, казакша, реферат, алматы каласы, реферат реферат на тему алматы, алматы туралы реферат, Қазақша реферат: алматы туралы казакша реферат, реферат на казахском языке про алматы город, алматы туралы казакша реферат қазақша реферат, реферат на казахском языке про город алматы, на казахском языке скачать, скачать, на тему алматы, алматы туралы, қазақстан қалалары туралы реферат, казакстан калалары туралы реферат казакша, реферат на тему казакстан калалары на казахском языке скачать, реферат на тему города казакстана на казахском языке скачать, казакстан калалары туралы, реферат на тему казакстан калалары, города казахстана реферат на казахском скачать, almaty turaly referat kazaksha, almaty kalasy turaly referat kazaksha, referat na temu almaty na kazahskom yazyke skachat, almaty қalasy turaly referat, referat kazaksha, kazaksha, referat, almaty kalasy, referat referat na temu almaty, almaty turaly referat, Қazaқsha referat: almaty turaly kazaksha referat, referat na kazahskom yazyke pro almaty gorod, almaty turaly kazaksha referat қazaқsha referat, referat na kazahskom yazyke pro gorod almaty, na kazahskom yazyke skachat, skachat, na temu almaty, almaty turaly, қazaқstan қalalary turaly referat, kazakstan kalalary turaly referat kazaksha, referat na temu kazakstan kalalary na kazahskom yazyke skachat, referat na temu goroda kazakstana na kazahskom yazyke skachat, kazakstan kalalary turaly, referat na temu kazakstan kalalary, goroda kazahstana referat na kazahskom skachat