» » » Реферат: Шет елде Экономиканы мемлекеттік реттеу Франция

Реферат: Шет елде Экономиканы мемлекеттік реттеу Франция

Реферат: Шет елде Экономиканы мемлекеттік реттеу Франция казакша Реферат: Шет елде Экономиканы мемлекеттік реттеу Франция на казахском языке
. Мемлекеттік жоспарлау
Францияның әлеуметтік-экономикалық процестерді жоспарлау тәжірибесі мол.
Францияның ұлттық экономикасының басты ерекшелігі болып мемлекет секторының басымдығы болып табылады. Ұлттық фирмалар акционерлік қоғамның құқықтық формасына, түріне ие, олардың құнды қағаздары (акциялары) мемлекетке тікелей немесе ұлттанған банктер мен қаржы ұйымдары арқылы тиіселі
Мемлекеттік компаниялар автомабиль жасау, әуә-космостық, электронды, химиялық, мұнай-газ өндірісінде, қара металургия жеке компаниялар қамтамасыз ете алмайтын, инвестицияларды көптеп талап ететін салаларда басымды қызмет атқарады. Өнеркәсіпте 446 мемлекеттік компания жұмыс істесе, қара, түсті металургия, химия, көлік жасау, транспорт және байланыс саласында -194 компания, энергетикада - 32 компания, қаржы сферасында – 280 компания. Мемлекеттік компаниялар өндіріс алуандығы (концентрация) мен еңбек күшінің жоғарғы өнімділігімен және белсенді сыртқы саудамен ерекшеленеді.
Францияда тарихи 3 негізгі кәсіпорын типтері қалыптасқан:
• Бірінші тип – мемлекеттік компания құрамына тікелей кірмейтін, бірақ онымен кәдімгі әкімшілік ретте басқарылатын және мемлекеттік заңи құқығы шегінде жұмыс атқаратын ұйым;
• Екінші тип – бұл компаниялар түгелдей мемлекетке қарасты, бірақ бұлардың қызмет атқаруы жеке меншік құқығына сай. Олар: мұнай өңдеу мен шығаруды зерттейтін компаниялар, Париж аэропорттарын басқару, теңіз порттары және т. б.
• Үшінші тип – аралас экономикада қызмет атқаратын компаниялар, бақылаушы (басты) акциялар пакетін мемлекет иемденеді. Бұларға мемлекет секторының бақылаушы компанияларының жартысынан көбі кіреді.
Франция экономикасының келесі өзгешелігі болып, экономиканы мемлекеттік реттеудің кең диверсификацияландырған жүйесі мен индикативтік жоспары болып табылады.
Және де мемлекеттің экономикаға араласуы соңғы он жылдықта күшейіп келуде. Солай мысалы, ХІХ-ХХ ғ.ғ. ЖІӨ құрамындағы мемлекеттік сатып алулар, шығындар 10-15%, ал 90 жылдары 45% құрады. Францияның экономикалық саясатын анықтап, белгілеу үшін бұл саладағы негізгі қызмет, міндет Экономика, Қаржы және бюджет Министрлігіне жүктелген.
Франция нарығындағына әсер етуші басты құрал - бюджеттік реттеу, ол тиісті салық саясатын жүргізу мен нақты мақсатты бағдарламаларды жүзеге асыруға қаржы бөледі. Мемлекет салық жүйесі арқылы тек қана бюджеттің табысын ғана емес, сондай-ақ ұлттық экономиканың офис приоритетін практикалық атқарылуын қамтамасыз етеді. Орта мерзімдегі жоспарлаудың ғылыми-әдістемелік және ұйымдастырушылық мәселелерін арнайы мелекеттік орган – Жоспарлау бойынша бас Комиссариат жүргізеді.
Бірқатар мемелекеттерде Индикативтік жоспарлау өзінің мемлекеттік реттеудегі оңтайлылығын дәлелдеді. Сол мемлекеттердің ішіне Франция да кіреді., себебі Германия мен Англияның макрожоспарлауына француздық жүйе қалыптастырушы әсерін тигізді. Францияның дүние жүзіндегі салмағының болуына Шарль де Голльдің саясаты әсер етті, оның маңызы индикативтік жоспарлаудағы мемлекеттік меншіктің жалпы халықтық шаруашылықта үлкен орын алуы ықпалын тигізді.
ХХ ғ. 40 жылдарын да-ақ Францияда «жоспарлаудың демократиялық жүйесі қалыптасты», ол жүйенің маңызы шаруашылық процесстерді мемлекеттің реттеуіне мүмкіндік береді. Қалыпты «жоғарыдан төменге» иерархиялық жүйенің орнына келісушілік пен ақылдасуға негізделген «төменнен» жоспарлау жүйесі қолданылды, ол әртүрлі топтардың теңдік дәрежеде бастапқы қызығушылығын орнатты.
Ірі өнеркәсібі дамыған мемлекеттердің қатарында Франциядағы экономиканы мемлекетік басқару жүйесі қазірге дейін ерекшеленеді.Бұл экономикалық саясат «дирижизм» деп аталды. Бұл икемділік Жоспарлау бойынша бас Комисариатының құрылымының оңай өзгерісімен бейнеленеді.
Француздық жоспарлаудың тұрақты функциялары
Француздық жоспарлаудың 3 тұрақты функциялары бар:
1. қоғамның күшті және осал жақтарын ұжымдық жүйеде анықтау, мәселелерді идентификациялау (жекешелендіру), экономикалық және коғамдық дамуға қойылады және нақты шешімдер ұсынылады.
2. экономиканың және нарықтың жетілдірілген қызмет атқаруының ережесін қалыптастырады.
3. мемлекттік саясаттың ұзақ мерзімге жоспарлауының ортақ орта мерзімдік жүйесін қалыптастырады.
Жоспар құру – ол алдағы анықталмаған, мүмкін болатын мәселелерді болжау. Орта және ұзақ мерзімге даму жоспарлау мемлекеттік институтты белгілейді, ол өз қызметінде Үкіметтің өзгертілмейтін шешімдерін қарастырады, ЖБК басты кеңесші болып табылады.
Жоспардың басты бөлімдері экономикалық өсуге, қаржылық инвестициялық ағымға, экономиканың тұрақтылығына, инфляция мен бәсеклестікті рететуге негізделеді.
Францияның Индикативтік жоспарлауды құру технологиясы келесідей болады. Жоспар Парламентте құрылады және бекітіледі, бұл оны ведомстволық шешімдерден және ішкі министрлік бөлімдердегі құрылымдардын тәуелсіз етеді.

ЖБК өзара біріккен және өзара тәуелді 3 негізгі роль атқарады:
 жоспар жасау
 Үкіметке кеңес беруші
 Ұзақ мерзімді құрылымдық зертеу немесе даму болжауы.
Бұл рольдер негізгі мақсатпен тығыз байланысты: француздық қоғамды модернизациялау.
Оларға тоқтала кетсем, біріншіден, жаспарды даярлау. ЖБК қабылданған жоспарды басқармайды, бірақ орындаушы органдардың жоспарды орындауын тексереді. Екіншіден, Премьер-министрдің қоластында экономикалық саяси кеңесші ролін атқарады. Үшінші ролінде, ЖБК ұзақ мерзімді құрылымдық мәселелер мен болжамдармен айналысады, олар конъюнктуралық мәселелерді шешуде негіз бола алады.
2. Францияда жоспарлау әдісі бірнеше тарихи эволюциялық жолмен қалыптасты. Оны мен мынадай негізгі этаптармен көрсетіп отырмын:
1. алғашқы жоспарлар экономиканың қайта құруы мен жаңартылуна бағытталды. Бұл тек салалақ жоспарлауды ғана кіріктірді, негізгі 6 өндірістік қуаттарды – көмір, электроэнергия, қорғасын, цемент, транспорт, өндірістік құралдану және ауылшаруашылық машина жасауды ғана қарастырған болатын.
2. халықаралық келісушілік пен сыртқы экономикалық баланстың теңдігі сақталу үші, ендігі жерде салалық жоспарлау артта қалып макроэкономикалық сипат алды. Бұл этап жоспарлаудың әдісін нақты қолдануға әкелді. ЖБК экономикалық басшылыққа – Ұлттық статистика және экономикалық зерттеу институтына (INSЕЕ) жоспар құру мен болжамдар жасауға тапсырыс берді.
3. Ұлттық статистика және экономикалық зерттеу институтының ұсынысы бойынша «динамикалық көпсалалық» модель құрылады. Бұл жоспар құрудың жылдық макроэкономикалық траекториясын белгілеуге мүмкіндік берді.
4. жоспарлау бойынша Бас комиссариат Ұлттық статистика және экономикалық зерттеу институтынан экномикалық болжамдарды ала отырып, жеке институттардың да болжауын қабылдай бастады.
Экономика бойынша Нобель сыйлығының иегері Милтон Фридман: «Экономикалық миллиондардың қызметін координациялануыдың екі әдісі ғана бар. Біріншісі, орталықтандырылған басшылық, армиялық және қазіргі тоталитарлық мемлекет әдісі. Екіншіден, индивиттердің ерікті бірлестігі, бұны нарық қолданады.» деген екен. Францияға бұл әдістің екіншісі тиіселі.
Айта кетсек, француздық жоспарлау жүйесі қазіргі таңға дейін өзгеріссіз. Ол экономикалық-саясатты бейнелеу, экономикалық рететуші инструменттінен бизнесті қолдаушы жүйеге айналды. Бұл жағдайларда мемлекет нарықты реттеуші жүйе құзіретінен таймады. Батыс эксперттері Францияның экономикалық саясатын «дирижизм» деп атауда, өйткені: мемлекттің ірі меншігі сақталуда және бизнесстік қызметтер қатаң бақылануда. Және осыған байланысты ХХ ғасырдың 2-ші жартысында әлемдегі жан басына шаққандағы ЖҰӨ бойынша 5-ші орынды иеленген. Батыс Европаның экспортында 4-ші орынды иеленеді.

3. Қазақстанда әлеуметтік-эконмиклық даму жоспарының қажеттігі сөзсіз үлкен. Бірақ, жоспарлаудың ғылыми-методологиялық және ұйымдастырушылық негіздері бұрынғы әкімшілік-директивті мәнінен айырылуы қажет және ұсыныстық-реттеушілік, мемлекеттік және жеке меншікке негізделген белсенді шаруашылық жүргізуді ынталандыру рөлдерін атқаруы тиіс.
Бұл жердегі негізгі мәселе мақсатқа жету, жеке және мемлекеттік кәсіпорындардың стратегиялық жоспарға ендірілуі (салалар және әкімшілік аумақтар). Әрине Қазақстан жағдайына Францияның жоспарлау әдістерін толығымен көшіріп алу мүмкін емес, ол оншалықты қажет те емес (бұған бірнеше себеп бар: халқтың өзіне тән минталитеті болуы; Франциядағы аралас экономика жағдайы; салалық бөлінісі мен тарихи даму жағдайлары және т.б.). Бірақ, жоғарыда айтылып өткендей Францияның мемлекеттік реттеу мен жоспарлауда тәжірибесі мол. Біздің міндетіміз алға даму мен экономикалық өсудің басты құралы ретінде қолданылатын жоспар құрудың тәжірибесін зерттеп, өз жағдайымызға икемдеу.
Енді өз ұсынысыма көшер болсам, ол мынадай этаптарды құрауы мүмкін:
1. салалық даму жоспарын құру. Басты салалар ретінде көмір, электроэнергия мен ауылшаруашылық машина жасау, көлік кешенін дамытуды қарастыру;
2. Қазақстан республикасының статистика агенттігінің мәліметтеріне сүйенген болжамдармен қатар, тәуелсіз болжам жасау мақсатында алдын ала құрылған жеке институттардың да мәліметтерін қолдану;
Францияның индикативтік жоспарлау жүйесі көптеген елдерде тәжірибе ретінде өткізіліп, қазір толық жоспарлау әдістерін қолданып, алға дамуы да бар. Сондықтан, осы жұмысымды аяқтай отырып Францияның мемлектік реттеу жүйесі мен жоспарлауының маңыздылғы біздің елде экономиканың дамуына әсері зор екенін айта кеткім келеді ....


Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 33 секунд !!!

Автор: nurgul95 | 203 |


Комментарии для сайта Cackle

Загрузка...
Рекомендуем:
Реферат: Шағын инновациялық кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау
Рефераттар жинағы
Реферат: Шағын инновациялық кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау
Реферат: Холдингтер құрастыру қажеттілігі маңызы және түрлері
Рефераттар жинағы
Реферат: Холдингтер құрастыру қажеттілігі маңызы және түрлері
Реферат: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК НЕСИЕ
Рефераттар жинағы
Реферат: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК НЕСИЕ
Реферат: Экономика | Маркетингтік жоспар
Рефераттар жинағы
Реферат: Экономика | Маркетингтік жоспар
Реферат: Экономика | Маркетинг ортасын зерттеу
Рефераттар жинағы
Реферат: Экономика | Маркетинг ортасын зерттеу
Реферат: Экономика | Ирак бюджет жүйесі және оның даму болашағы
Рефераттар жинағы
Реферат: Экономика | Ирак бюджет жүйесі және оның даму болашағы
Курстық жұмыс: Экономика | Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстары
Курстық жұмыстар жинағы [дайын, тегін]
Курстық жұмыс: Экономика | Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстары
Курстық жұмыс: Экономика | Мемлекеттік  қаржы жүйесіндегі бюджеттік процедура
Курстық жұмыстар жинағы [дайын, тегін]
Курстық жұмыс: Экономика | Мемлекеттік қаржы жүйесіндегі бюджеттік процедура
Курстық жұмыс: Экономика | Мемлекеттік  бюджет
Курстық жұмыстар жинағы [дайын, тегін]
Курстық жұмыс: Экономика | Мемлекеттік бюджет
Реферат: Экономика | Бағалы қағаздар рыногы
Рефераттар жинағы
Реферат: Экономика | Бағалы қағаздар рыногы
Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстандағы компаниялардың капитал құрылы
Курстық жұмыстар жинағы [дайын, тегін]
Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстандағы компаниялардың капитал құрылы
Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар нарығын дамыту
Курстық жұмыстар жинағы [дайын, тегін]
Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар нарығын дамыту
Курстық жұмыс: Бюджет кодексі |  Жергілікті бюджеттің мәні, кірістері мен шығыстары
Курстық жұмыстар жинағы [дайын, тегін]
Курстық жұмыс: Бюджет кодексі | Жергілікті бюджеттің мәні, кірістері мен шығыстары
Дипломдық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасының ұлттық компанияларын мемлекеттік реттеу
Дипломдық жұмыстар жинағы [дайын, тегін]
Дипломдық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасының ұлттық компанияларын мемлекеттік реттеу
"Самұрық-Қазына" компанияларын жаппай сатып жатыр
Qazaqstan жаңалықтары
"Самұрық-Қазына" компанияларын жаппай сатып жатыр
Қызметкерлеріне шексіз демалыс беретін компаниялар
Qazaqstan жаңалықтары
Қызметкерлеріне шексіз демалыс беретін компаниялар

KZ / Рефераттар жинағы, реферат Шет елде Экономиканы мемлекеттік реттеу Франция туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат Шет елде Экономиканы мемлекеттік реттеу Франция на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы Экономика жоспарымен, казакша реферат жоспар, Шет елде Экономиканы мемлекеттік реттеу Франция, реферат Шет елде Экономиканы мемлекеттік реттеу Франция туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет реферат Шет елде Экономиканы мемлекеттік реттеу Франция на казахском языке скачать бесплатно информация рефераттар жинағы Экономика жосп, Реферат: Шет елде Экономиканы мемлекеттік реттеу Франция реферат қазақша жоспар қазақша рефераттар сайты тегін referat-kz.kz қазақша рефераттар сайты)) Қазақша Рефераттар жинағы