Шет елде Экономиканы мемлекеттік реттеу Франция

Франция дүние жүзіндеге ең дамыған мемлекеттердің бірінші бестегіне кіреді. Мемлекет трриториясы (551 мың кв м) және халық саны (58 мың адам) бойынша Франция Европадағы ең ірі мемлекеттердің қатарына кіреді. ЖҰӨ көлемі бойынша АҚШ, Жапония және Германиядан кейінгі төртінші орынды иеленеді. Банк қызметінің көлемі мен дүние жүзіндегі сауда бөлінісі бойынша үшінші орында.
Мемлекет басшысы – Президент. Президентті сайлауы туралы Үкімет жария етеді. Президенттің уәкілдігі өте зор. Ол Конститутцияның орындалуын қадағалай отырып, басқару буындарының өзара қатынастарының арбиторы, ұлттық тәуелсіздіктің, территориялық тұтастық пен халықаралық келісімдердің гаранты болып келеді.
Заң шығарушы билік.
Франция республикасының Парламенті 2 палатадан тұрады: Ұлттық жиналыс және Сенат. Ұлттық жиналыс 5 жылға жасырын тікелей қатысып дауыс беру арқылы сайланады. Ұлттық жмналыс пен Сенаттың атқаратын қызметі – Заң қабылдау.
Парламент және Үкімет Есеп палатасымен қатар қаржы заңдарының орындалуын қадағалайды.
1958 жылғы Конституцияға сәйкес мемлекет саясатын белгілеу және жүргізу, әкімшілікті және әскери күштерді басқарушы – Үкімет (Министрлер Кеңесі) болып табылады. Үкімет қызметін Премьер-министр басқарады.
Мемлекеттік бюджеттің табыстардан құралған бөлігі салық түсімдерінен (90%), қару-жарқ сатудан түскен түсім және т.б. құралады.
Ақша-несие саясаты.
Францияның ақша-несие жүйесінің құрылымы 6 несие ұйымдарының категорияларын бөліп көрсетеді: банктер, өзара және кооперативтік несиелеу банктері, қаржы ұйымдары және мамандандырылған қаржы институттары. Барлық несие ұйымдары бір кәсіби ұйымға біріктірілген - Франциялық несие ұйымдарының ассоцияциясы. Францияның банк жүйесі 400-ден астам банктерден құралады. Сонымен қатар елде шет ел банк ұйымдарының филиалдары қызмет етеді. Орталық банк статусына Франция Банкі ие. Банктің негізгі атқаратын қызметтерінің бірі – мемлекет қазынасын несиелеу және мемлекеттік есеп операцияларын жүргізу. Франция банкікінің міндетіне сонымен қатар эконоиканы ақша-несие реттеуін қайта қаржыландыруы мен ұйымдастыруы кіреді.
Құқықтық статусына байланысты Франция банктері екі үлкен топқа бөлінеді. Бірінші – несие-қаржылық ұйымдары (коммерциялық немесе акционерлік қоғамдар, коммандиттік бірлестіктер немесе біріккен ұйымдар). Екінші – корпаративтік банктер, өзара көмек көрсету кассалары, халық банктері және т.б.....
Рефераттар
Толық