Оба ауруы

Оба ауруы

Оба ауруы.
Оба — ауыр түрде уланып, без түйіндері, өкпе және басқа мүшелері ерекше зақымданғаны білінетін жедел жұқпалы ауру.
Ағымы ауыр, жоғарғы өлімді ауру, көп жерге таралу мақсатымен аса қауіпті аурулар тобына кіреді.
Тарихы. Оба адамзатқа ерте заманнан қаһарлығымен белгілі, көп көлемді жерлерді ойрандатушылығымен танымал. Көп жерлерге таралуына байланысты миллиондаған адамдардың өмірлерін алып кетті. Тарихта 3 белгілі обаның пандемиясы (көп құрлықтарға тараған ауруды осылай атайды) болып өтті. Бірінші тарихқа "юстинианов обасы" (531-580 ж.ж.) деп аталды. Ол Египетте басталып Жақын Шығысқа, Африканың Солтүстігіне және Европа елдеріне енеді. Осы пандемияда 100 млн.ға жақын адам өлген. Екінші пандемия XIV ғасырда "қара өлім" аталды, 1334 жылы Қытайда басталып, кейіннен Индияны, Африканы және Европа елдерін қамтыған. Екінші пандемияда 50 млн.нан астам адамдар өлген. Сонда оба ауруы Ресейдің солтүстік - батысына, орталық және оңтүстік - шығыс облыстарына кірген.
Обаның үшінші пандемиясының басталуы 1894 жылға жатады. Кантоне және Гонконгте басталып 100 мыңнан астам адамдар өлген Соңғы 10 жылдары оба ауруы 87 порттағы қалаларға негізгі пароходтар жүретін барлық құрлықтарға тараған. Ең адамы көп өлген Индия болыпты, өлген адамдары 12 млн-нан асқан. Оба ауруы Ресейдің Одесса қаласында 1901, 1902 және 1910 жылдары болғаны байқалған. Обаның үшінші пандемиясы зерттеген ғалымдардың өте үлкен жаңалық ашқандарымен танылды: қоздырғылық тапты, егеуқұйрықтың (крыса) жұқпалы ауруды үзбей жалғастырып отыратын маңызы дәлелденген. Орыс ғалымдары Д.С.Самойлович, Г.И.Минх, Н.Ф.Гамалея, Д.К.Заболотный, И.И.Мечников, Н.Н.Клодницкий, В.А.Хавкин и Д.А.Деминский оба ауруын зерттеп мың жылдық адамзаттың жауымен күресіп, батырлық еңбектерін тарихтың бетінде қалдырды.
Қазақстанда 1926 жылы оба ауруы тышқандардың арасында көп тарағаннан кейін адамға да жұғып үлкен өpic алған. Эпизоотия түйелер мен қояндарға тарап екі айға созылған. Түйенің обасы кейінгі жылдары Индияда, Пакистанда, Индонезияда, Йндоқытайда, Африканың экватор аймағында, Бразилияда, Перу және Аргентинада кездесіп тұр; Егеуқұйрық арқылы обаның таралуы соңғы уақыттарда Азия, Африка, Америка, Франция, Испания, Италия порттьқ қалаларында болып жүр.
Біздің Қазақстанда сирек кездеседі. Көбінесе Арал аумағының құмдарында, Қызылқұммен Мойынқұмарда құмтышқанмен үлкен сұр тышқандардың арасында кездесіп, олардың денесінен оба қоздырғыш табылып тұрады. Осы жұмыстарды Арал, Ақтөбе, Оңтүстік Казақстан, Атырау обаға қарсы станциялары өз уақытысында анықтап оба ауруының қоздырғыштарын табылған жерлерде қарсы көп жұмыстар жүргізеді. Тышқандардың ініне түрлі улы заттар тастап, оларды өлтіреді. Алматыдағы Орта Азиялық обаға карсы институтга тиянақты ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізіледі.
Аурудың қоздырғышы — Pasteurella pestis. Осы қоздырғышты бірінші рет француз ғалымы Иерсен Гонконг қаласындағы эпидемия кезінде 1894 жылы ашқан. Қоздырғыш — қозғалмайды, спора шығармайды, кілегейлі капсуласы болады, ауа жоқ жерде өседі.
Қоздырғыштың тұрақтылығы ағзадан басқа жерде 0 — + 100 С-да 10 айға дейін сақталады. Суда, тамақтарда, үйдегі түрлі ыдыстар мен заттардың үстінде 30-90 күнге дейін сақгалады. 30° С суьтқга үзақ уақыттарға төзеді. 60" С ыстықта жарты сағаттан кейін өледі, 80° С ыстықта 5 минутта, 100°С — бірнеше секундта өледі. Сулема, Лизол, формалин, хлорамин, хлор известі ерітінділері тағы антибиотиктерден - стрептомицин, тетрациклин т.б. оба қоздырғыштарын жояды.
Эпидемиология мен эпизоотология. Академик Е.Н.Павловскийдің жұқпалының табиғи ошақтары туралы ғылымына оба ауруында табиғи ошақтар трансмиссивтік жұқпалы аурулар тобына жатқызады. Оба қоздырғышының табиғаттағы бұлағы денесінде өсіріп, сақтайтын кеміргіштер болып табылады. Олардың 300 ден астам түрлері белгілі. Орта Азияда өз денесінде оба микробын өсіріп, сақтайтын кеміргіштердің саны мол. Олар: құмтышқан, сұр тышқан, саршұнақ, атжалман. Кеміргіштер оба ауруымен ауырып, көп өлім-жетімге ұшырайды. Огата 1897 жылы және осы аталған кеміргіштердің денесінде болатын бүргелер оба қоздырғышын ауру егеуқұйрықтан сау егеуқұйрықтарға жұқтырып отырады, адамға да бүргелер қан сорғанда жұқтырады. Түйелерге оба ауруы бүрге арқылы, жанасумен, тамақпенен және демалу жолдары арқылы жұғады. Бүргелердің 120 түрлері болады, соның біразының ішінен оба ауруының қоздырғышы табылған. Кеміргіштердің обамен ауырып, өлер алдында бүргелердің қан соруы көбейе түседі. Обаның қоздырғышы бүргенің ағзасында тез таралып, өсіп көбейеді, келесі қан сорарында кеміргіштерге, түйелерге және адамға жұқтырады.
Адамға обаның жұғу жолдары бірнеше: жұқпалы бүргенің шағуы, ауру кеміргіштердін терісін алғанда жанасу арқылы және ауру түйелерді сойып, еттерін бөлгенде; тамақ арқылы — ауру түйенің еттерін жегенде, ауа-тамшы арқылы — өкпе түрімен ауырған түйелердің жанында болғанда.
Ауру белгілері. Оба ауруының жалпы келісілген топтастырылуына сәйкес (Руднев, 1936) адамның ауру белгілерінщ түрлері төмендегіше аталады:
A. Көпшілігі жергілікті түрі.
1. Тері.
2. Бубонды.
3. Тері-бубонды.
Б. Ішкі таралу түрі.
1. Бірінші — септикалық.
2. Екінші — септикалық.
B. Сыртқы таралу түрі.
1. Бірінші — өкпедегі.
2. Екінші — өкпедегі.
3. Ішектегі.
Аурудың жиі кездесетіні бубонды түрі, сирек — ішектегі.
Жасырын кезеңі бірнеше сағаттан 10 тәулікке дейін, жиі -3-6 күн.
Ауру кенеттен пайда - болады. Ағзада өте тез ауыр жалпы улану құбылыстары өседі. Катты және көп рет кайталанған қалтыраудан соң дене қызуы 38Ә-39ӘС, кейде одан да жоғары көтеріледі. Аурулар бас еттерінің азаптанып ауырғанын байқайды, кенеттен ұрынған сезімі, ауыр жағдайларда қорқыныш сезінеді. Беті және көзі қызарады. Тіл үлкейіп, бетіне ақ түседі және ауыз құрғақтанып, сөйлеуіне қиыншылықтар туып, сөзіне түсінбейсіз. Көгеру және үрейлену басталады, елестеушілік, есінен тану ұлғая бастайды, төсектен атып тұрып қашқысы келеді. Жүру қозғалыстары бұзылады, сөзіде анық емес, қызарып мас адамның түріндей болады. Жүрек-қан тамырларының жұмысы нашарлайды, жүрек 1 минутга 160 ретке дейін соғады, қан қысымы төмендейді. Осындай аурудың жалпы белгілерінен басқа, қоздырғыштың ағзаға енген қақпасына лайықты белгілері болады. Жүректің әлсізденуімен қан айналысының нашарлануынан қайтыс болады.
Тері түрі. Аурудың бұл түрінде терінің бетінде бірінен соң бірі өзгерістер өседі: қызарған түйін, іріңсіз кішкене ісік, күлдіреуік — іші мөлдір не лай суға толған бөртпе, іріңці безеу соңында қабыршақ пайда болады. Іріңді безеудің ішінде қанды іріңге және обаның қоздырғыштарына тола болады. Келешекте жарылып, орнында жаралар қалады. Жараның түбі ісіктеніп сары түрленіп, келе-келе қара түске қабыршақтанады. Айналасы қызылданып, ісіктеніп, қызылданып белдік пайда болады. Обаның тері жаралары ұзақ ағымды және баяу жазылады да орнында тыртық қалады. Обаның тері түрі ережедегідей тері — бубонды түріне өтеді.
Бубонды түрі. Негізгі аурудың белгісі бубон болып табылады. Қоздырғыштың кіретін қақпасының жанындағы лимфа түйіні қабынады. Ең бастағы белгісі бубонның пайда болған аумағы өте ауыршаң болады, нәтижесінде амалсыз жағдайға әкеледі (қолы тартылып, не аяғы, мойны т.б.). Бірінші тәртіптегі бірінші бубондар денеде ауру басталысымен бірінші күндерінде пайда болады. Өсіп келе жатқан бубон көлемі кішігірім, кенеттен ауырып қатаяды. Лимфа түйіндерінің барлығы қабынуымен оның айналасындағы өзектер қатайып, топтасып үлкейеді.
Келешекте бубондар тегіс таралып кетуі, ірің сияқты жұмсақталуы немесе қасарып катайып калуы мумкін. Бубонның тегіс таралуы бір айдың көлемінде болады және одан да артық уақытта. Бубон іріңдеген кезде босап қамырдың жұмсақтығындай болады және де ортасы сұйықталады. Бубон келешекте жарылып, ішінен қанды ірің шығады. Бубон жарылған соң орнында көп уақытқа дейін жазылмайтын тесік ауыз пайда болады. Осы кезде екінші жұқпалыға асқынданып бездің өзімен қатар айналасындағы ұлпаларда ісінеді (аденофлегмона). Келешекте бубондар ағзаның көп жерлерінде де өсуі мүмкін. Көбірек кауіп туғызатын қолтық астындағы бубондар мен бұғананың үстіндегі және астындағы лимфа түйіндері мен емшектің қабынулары нәтижесінде екінші өкпе обасына соқтырады, кейіннен өкпе қабынады.
Бубон обасы асқынданып, ауру қоздырғышы бүкіл денеге таралып (сепсис), жиі жағдайда өлімге соқгырады. Бубонды түрінің қаһарлы асқындағаны екінші рет обаның менингитіне (ми қабықтарының; қабынуы) әкеліп жеткізеді, әдетте бұл жағдайда өлімге әкеледі.
Оба ауруының басқа түрлеріде өте қауіпті, қиын емделеді. Бірақ, уақтылы ауру анықталып, тез жағдайда түрлі, жан-жақты емдеу жұмыстары жүргізілсе ауырған адамды аман сақтап қалуға болады.
Алдын алу шараларының ең бір маңыздысы ел арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу болып табылады. Ауру малдардың, кеміргіштердің және бүргенің ауру таратқыштық маңызының қауіптіліктерін аудан көлемінде, ауылды мекендердің азаматтарына айтып, қалай сақтану жолдарын түсіндіру қажет. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі