» » » Реферат: Оқушыларға патриоттық интернационалдық тәрбие беру

Реферат: Оқушыларға патриоттық интернационалдық тәрбие беру

Реферат: Оқушыларға патриоттық интернационалдық тәрбие беру казакша Реферат: Оқушыларға патриоттық интернационалдық тәрбие беру на казахском языке
Ұлттық патриотизмді оқушы бойына қалыптастыру
Қай мемлекетгің де негізгі тірегі-асқақтаған күмбездер де, ғимараттарда да, экономикалық жағдайда да емес, білімді де білікті, іскер де белсенді адамдар. Біздің балаларымыз білімі жоғары жұмысшылар мен фермерлер, инженерлер, банкирлер және өнер қайраткерлері, мұғалімдер мен дәрігерлер, зауыттар мен биржалардын иесі болады. (Қазақстан-2030 бағдарламасы) Әрине, «Келешектін иесі - жастар», «Жастар өзінің ата-анасынан гөрі заманына көбірек ұқсас келеді». Сондықтан қоғам талабына сай, сол қоғамды көркейтетін, дамытатын жастар тәрбиелеу ең маңызды мәселе екені даусыз. Жаңа білімнің тізгінін ұстайтын еркін елдің ертеңгі шығармашылық кемеңгерлерін тәрбие-леу бесіктен, ұдайы үздіксіз даму барысында ғана қалыптасатыны белгілі. Атақты грек философы Аристотель барлық адамдарға мемлекет тарапынан тәрбие беруді жақтап, дене, ақыл-ой, адамгершілік тәрбиенің байланысын, қоғамдық және отбасы тәрбиесінің сабақтастығын көздейді. Грек ғалымы Платон «Ұлды тәрбиелеп отырып, жер иесін тәрбиелейміз» деп тегін айтпаған. Бала бойындағы төрбиенің бастауын ата-ана қалыптастырса, мектептегі тәрбие көзін жеткізуші, әрине, тәрбиешісі мұғалім болып табылады. Ұрпаққа беріліп жаткан адамгершілік дене, экономикалық, экологиялық, ақыл-ой тәрбиесімен қатар ұлттық патриоттық тәрбие ерекше орын алады.
«Мен келешектін иесімін» деген ұрпақтың бойында білім, білік, адамгершілік, ар-намыспен қатар Отанды сүюге деген қасиеттер болады. Баланың өз Отанын сүюі немесе оған түсінбеушілікпен қарауы оның ес білгелі көрген тәрбиесіне байланысты. Қазақ халқы ата-бабамыздың ұлы байтақ жерін тұмсықтығы шоқыттырмай, қанаттыға қақтырмай ұстап аман - сау
жеткізуінің өзі, бесіктегі нәрестені адамгершілікке ғана тәрбиелемей отансүйгіштікке, елін, жерін қорғауға тәрбиелеуінің негізгі дәлелі.
«Бесік жырымен» бойына сіңіретін отансүйгіштік қасиет «Багырлар жыры», шешендік сөздермен әрі қарай дамиды.
Қобыланды мен Тарғынаарды өзіне үлгі қылып алған бала келешекте осы кейіпкерлердің (батырлардың) ерлігін қайталауға, елі үшін күресуге, әділетсіздіктің тамырына балта шабуға өзін-өзі дайындап өседі.
Мектепке дейін отбасында «Отан», «Ел» деген сөздердің мағынасын онша түсіне білмейтін баланың осы түсініктерді қалай, қай тұрғыдан қабылдауы мектеп жасында қалыптасады. Осы тұрғыдан алғанда біз мұғалімдер - тәрбиенің негізі адамгершілік, ақыл-ой деп аламыз да, білімді, адамгерішлігі жоғары ұрпқ болашақтың негізі болады аеп қате пікір туғызамыз. Бала бойындағы білімін, күш қуатын Отаны, елі, жері үшін жұмсауы керектігін ұмытып кетіп жатамыз. Сондықтан балаға білім бере отырып, біз өз білімін отаны үшін жұмсайтын, ұлттық ар-намысын барлық қасиеттерінен жоғары қоятын ұрпақ төрбиелеп отырғанымызды ұмытпауымыз керек.
Әрбір сабақ барысында баланың бойында ұлттық ар-намысын оятатындай ой тастап отыру қажет. Мысалы бастауыш сыныптарда Ана тілі пәніндегі «Біздің тілегіміз - достық», «Менің алыстағы достарым», тарауларымен танысқанда өз Отанын, өз ұлтын басқа елдерге, әлемге таныстыру келешек ұрпақтың әлемді тануы, өздерінің қолында екендігім ұғындырып отыру керек.
Ұлттық патриотизмді қалыптастыруды мұғалім оқушыдан бұрын өз бойында қалыптастыруы қажет. Окушыларға тәрбие бере отырып мұғалім өзінің бойындағы тәрбиелік қасиетін, өзінің адамгершілігін, өзінің Отан сүйгіштігін айналасындағы өзін қоршаған ортаға көрсететіндігін білуі тиіс. Сабақ барысында «Ана тіліміздің тұғырын биікке көтерейік» немесе «Ұлттық ар-намысымызды ту қылып ұстаңдар» деген патриотгық сөздерді айта отырып, өзіміз орысша сөйлеп тұрсақ, (оқушылардың ортасында емес) болашағымызды бұлыңғыр деп есептесек, біздің алдымыздағы оқушымыздан ешқандай патриот, «Отаным» деп жүрегі соғатын ұрпақ шықпайды. Сондықтан да ең бірінші өзімізді еліміздің нағыз патриоты болуға тәрбиелеуіміз керек. Окушы бойындағы патриоттық, ұлттық рухты көтеру үшін бірінші мұғалім өзі үлгі болумен қатар, баска да үлгі боларлық жұмыстар атқаруы тиіс. Осы тұрғыдан алғанда екінші сыныпта өткізілетің тәрбие жұмыстарының маңызы зор. Патриоттық тәрбиелік маңызы орын алатын «Мен елімнің ертеңі», «Отан - отбасынан басталады» тақырыбындағы сынып сағатгарын айтар едім. Сынып сағатында оқушылардан Отан, туған жер, тіл туралы мақал-мәтелдер, өлеңдермен шектеліп қана қалмай, осы тақырыпта оқушыларға шығарма жаздыру да керек. Себебі окушы Отанға деген сүйіспеншілікті, ұлттық салт- дәстүрді сыйлауға, қастерлеуге деген құштарлықты өз ортасынан, айналасынан тауып қана қоймай, өзінің жан дүниесінен де Отанға, елге, ұлтқа деген сүйіспеншіліктің шоғы бар екендігін сезеді. Шығарма жазу арқылы баланың тілі ғана дамымайды, ол өз бойындағы қасиеттерді де жүйелеп дамытады. Үшіншіден, дүниетану сабағында тікелей қоғаммен, туған жер тарихымен тығыз байланысты. Мысалы: «Қоғам» тарауында оқушы қоғамның белшектері - өзі екенін түсініп, осы қоғамға қандай қызмет көрсете аламын деген сауалға жауап іздеп мемлекет, қоғам алдындағы жауапкершілігі арта түседі. «Туған ел», «Отан» тарауында туған жердің тарихымен, қазіргі тұрмыс-тіршілігі, әлемдегі орны туралы оқып танысу барысында оқушының Отанын қорғауға, Туған жерінің абыройын асқақтатуға деген қызығушылығы арта түседі.
Төртіншіден, бала бойында ұлттық рухты дамытудың жолы отан қорғаушыларымен кездесу өткізуі болып табылады. Ардагерлермен кездесу кезінде балалар ерлік оқиғаларды басынан өткізгендіктен олардың әңгімесінен шынайы ерліктің ізін көре алады.
Бесінші жолы, патриоттық тақырыптағы мерекелер мен даталы күндерді атап өту, мерекелік салтанаттарға қатысу болып табылады. Бұл мерекелерге 9-мамыр Жеңіс күні, 7-мамыр Ұлан күні, 30-тамыз Конституция күні, 25-қазан Республика күні, 16-желтоқсан Тәуелсіздік күні, 17-желтоқсан - желтоқсан құрбандарының күні. Әрине, мерекелік салтанаттың тарихымен таныстырып өткізу міндетгі түрде жүргізілуі керек. Бұлардан басқа ұлттық рухты көтеретін диафильмдер, суреттер, көркемфильмдердің де ролі айтарлықтай болып табылады. Осы тұрғыдан балалармен жүргізілген патриоттық тәрбиелік шараның мәні жоғары болып табылады. «Тәуелсіздік туын тіккен күн», «Отан қорғаушылар күні» тақырыптарындағы ертеңгіліктер, кездесулер кезінде оқушылар шекара қызметкерлерімен танысып, олардың әңгімелерін тындап, отанды қорғаудың өзі ерліктің кішкене де болса лебі сезілген қызмет екендігі ұғынады.
«Тәрбиесіз берілген білім адамзатқа апат әкеледі» деген ғұлама ғалым Әбу-Насыр Әл Фарабидің көрегендік сөзі егемен қазақ. елі үшін де тәрбие саласындағы бағытгарды мемлекеттік тұрғыдан қайта көз сүзіп қараудың қажетгілігін алға тартып отыр. Оқушылар мен жастардың мектептен тыс баратын жерлері ауданда санаулы ғана. Атап айтар болсақ спорт мектебі, мұражай, өнер мектебі, анда-санда тек даталы күндерге орай «Абыл» мемлекеттік қазыналық кәсіпорны қызмет көрсетеді. Сондықтан «Жас турист», «Жаяулар туризмі» кешеңдері жұмысын бастаса, оқушылар туған жер табиғатын аралап көзбен көріп, қорғау керек жерлерді қорғауга алса, ашылмай келе жатқан туған өлке тарихын зерттеп білуге, ел табиғатын сүюге, байлығын қорғауға әзірлеуге айтарлықтай үлес қосар еді. Балалардың ізденісі мен танымын салауатты өмір салтын қалыптастыруда «Тарихи» өлке тану мұражайларының, белсенділері, «Жас дерігер» үйірмелері ашылса, олардың атқарар қызметтері де айрықша болар ма еді? Маңғыстау, Бейнеу - тарихи орындардың ордасы, түкпір-түкпірі тұнған, сыр, өр тасы жатқан құпия. Осыларды көзбен көргізіп, қолмен ұстаса қандай ғанибет болар еді. Бұл бағытта да «Тарихшы-өлкетанушы» үйірмесі болса, оған көрсетіп демеуші болардай ауылымыздың алдыңғы толқын қоғамнын тірегі, өз ұлтым деп, жүрегі елжірей соғар ағаларымыз көмегін берсе деп ойлаймын. Себебі өз ауылының өткені мен бүгінін білмей өскен бала, өскенде бүкіл мемлекетіміздің, Отанымыздың елжанды азаматы болады деу әсте бола қояр ма?

ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Әрбір ғылымның негізгі бұтағы әдіснама екенін ескере отырып, мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие берудің әдіснамалық негізін айқындау барысында фиопософтардың, психалоттардың, педаготардың берген ғылыми тұжырымдары біздің зерттеу жұмысымыздың әдіснамасын ашуға негіз болды. Патриоттық тарбиенің әдіснамалық, негізін ашуда тарихи-педогогикалық тұрғыда талдау жасай отырып, мәдениеттану, аксиакогиялық және өркениеттілік тұрғысынән айқындауға жағдай жасалды.
Мәдениеттану тұрғысынан қарастыратын болсақ, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан ерлік және жауынгерлік дәстүрлер ұлттық патриотизмнің негізі болып табылады. Бесік жырынан бастапатын ерлікке баулу дәстүрлері түркі халқына тән негізгі ырымдар болып саналады. Түркі халқына тән қасиет бұл - ерлік. Қазақ деген ұғыының өзі ер, ерпік деген мағынаны береді.
Аксиологиялық тұрғысынан келетін болсақ, патриоттық қасиет бұл адамгершілік тәрбиесінің негізгі бір тармағы, адам бойындағы негізгі құндылықар болып табылады. Хәлқымыздың бойындағы патриоттық құндылық, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырған заңдылық тұрғысынан да қарастыруға болады. Қөне түркі заманнан бастау алған патриоттық құндылық, Құлтегін жазбаларында былай деп суреттеледі: "Елтеріс қағаның алғырлығы, еліне деген сүйіспеншілігі Құлтегіннің қанына ана сүтімен сіңді"- Патриоттық құндылық ана сүтімен даритын ең киелі ұғым екенін түсінеміз.
Ғылыми деректерге зер салатын болсақ, патриотизм ұғымы XV ғасырдың басында фраицуз халқының ұлттық батыры Жанна д'Арк ұлтының тәуелсіздігі үшін басқыншы-армен күресіп, ез Отанының дербестігін сақтап қалуды көздеген ұлы жеңістің нәтижесінде пайда болды десек, артық айтпаған болар едік. Басқа да елдердегі патриотизм де фраицуз еліндегідей сырттан келген жаулап алушыларға, әртүрлі жаман пиғылдарға қарсы күрес тұрғысынан сипатталады.
Патриотизм - адамгершілік және саяси принцип, сезім, оның мәзмұны - Отанға сүйіспеншілік, оған адалдык, оның өткені мен қазіргісіне деген мақтаныш, Отан мүддесін қорғауға құлшылық. Патриотизм - адамның мыңдаған жылдар бойы бекіген ең терең сеэімдерінің бірі. Патриотизм - Отанға, туған жерге, өзінің мәдени ортасына деген сүйіспетшілік
"Патриотизм - дегеніміз (грек. раtriotes - отандас, раtrio- отан, туған жер) Отанға деген сүйіспеншілік, бойындағы күш-қуаты мен білімін Отан игілігі мен мүддесіне жұмсау, туған жерін ана тілің елдің әдет-ғұрпы мен дәстүрін құрмет тұту сяқты патриотизм элементтері ерте заманнан қалыптаса бастайды", - деп атап көрсетеді.
"Патриотизм - Отанға (мемлекетке) деген сүйіспеншілік, жеке адамның аман-саулығының қоғамдық-мемшлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстылығын сезіну, ал мемлекетті нығайту дегеніміз жеке адамды күшейту екенін мойындау, қысқасын айтқанда, патриотизм мемлекет дегем ұғымды, жеке адаммен яғни оның өткенімен, бүгінгі күнімен және болашағымен қарым-қатынасты білдіреді"
Патриотизм әдетте Отанға сүйіспеншілік деп аталатын, нақты бір әрекет бейнесінде және қоғамдық сезімдердің күрделі жиынтығында керініс беретін, балаларының Отан анаға деген көзқарасын сипаттайтын қоғамдық және адамгершілік принципі.
Патриотизм - тұлғаның байындағы Отан үшін қызмет етуге
лайық шын берілген Отанға деген сүйіспеншілік қасиеті.
Патриотизм - өз Отанына және отандастараына сүйіспеншілік және құрмет мұраты, ал интернационализм басқа халықтар мен елдерге деген құрмет пен бірлік мұраты.
Патриотизм - адамның туа біткен, биологиялық қасиеті емес, ол - әлеуметтік, тәрихи қалыптасқан отанға деген сүйіспеншілік сезім, ол Отанға қызмет етудем көрінеді.
Көркем шығарма арқылы бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбие беруде оқытудың әдістерінің түрлері сан алуан. Жалпы айтқанда, оқыту әдісі дидактиканың негізгі бір құрамды бөлігі болып табылады.
5. Кез келген ледагогикалық оқулықты талдасақ, онда оқыту әдісі ұғымына сан алуан анықтама берген. Мәселен, Ж.Әбиев, С.Бабаев, А.Қудияррова: «Оқыту әдістері -оқытудың мақсат міндеттеріне сай оның мазмұнын оқушыларға меңгертуде мұғалім мен оқушылардың қолданатын амал-тәсілдері мен құралдарының жиынтығы болып табылады» - дейді. Алт Ресей профессоры Гі.И.Пидкасистый: "Оқыту әдістері - дидактикалық міндеттерді шешуге бағытталған мұғалім мен оқушының бірлескен іс әрекеті" - деген анықтама береді. Педагог ғалымдардың оқыту әдістеріне берген анықтамаларын саралай отырып біз оқыту әдістері
дегеніміз оқыту процесінде мұғалім мен оқушының белгілі бір мақсатқа жетуге бағытталған бірлескен іс әрекеті деген анықтамаға қосыламыз.
Бастауыш сынып оқушыларына көркем шығарма арқылы патриоттық тәрбие беруде осы аталған дәстүрлі оқыту әдістерінен басқа пробпемалық әдіс, звристикалық, зерттеу, монологтік әдіс пайдаланудың маңызы ерекше.Сонымен қоса, оқу-тәрбие үрдісінде бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбие беруде оқытудың формалары мен түрлерінің әсері айрықша. Көркем шығарма әдебиет үлгілерін пайдалану нәтижелі болу үшін мұғалім оқытудың формаларын (сабақ, үй тапсырмасы, сыныптан тыс жұмыстар, факультатив сабақтар т.б.) түрлендіріп, алмастырып отырады.
Көркем шығарма мазмұны оқушыларға проблемалық оқыту (тақырыпқа сай оқушы алдына проблема туғызу), дәстүрлі оқыту (сыныптық-сабақтық жүйе), бағдарламалық (берілетін оқу материалы бөліктерге бөлініп, оқушыларға олардың жас және дербес ерекшеліктеріне сай беріледі), дамыта оқыту (мүмкіндік деңгейдегі қиын тапсырмаларды беру) арқылы меңгертіледі. ....



Полную версию материала можете скачать через 30 секунд !!!

Автор: nurgul95 | 70 |


Загрузка...
Читайте также
Шығарма: Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие
Қазақша Шығармалар жинағы
Шығарма: Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие
Ғылыми жұмыс (жоба): Педагогика | Оқушыларға патриоттық тәрбие беру әдістері
Ғылыми жұмыстар жинағы [тегін]
Ғылыми жұмыс (жоба): Педагогика | Оқушыларға патриоттық тәрбие беру әдістері
Курстық жұмыс: Педагогика | Біртұтас педагогикалық процесті технологияландыру
Курстық жұмыстар жинағы [тегін]
Курстық жұмыс: Педагогика | Біртұтас педагогикалық процесті технологияландыру
Дипломдық жұмыс: Экономика | Білім беру адам капиталын дамытудың алғышарты және факторы ретінде
Дипломдық жұмыстар жинағы [тегін]
Дипломдық жұмыс: Экономика | Білім беру адам капиталын дамытудың алғышарты және факторы ретінде
Әңгіме: Студенттермен тәрбие жұмыстарының бағыттарын талқылау
Әңгімелер жинағы
Әңгіме: Студенттермен тәрбие жұмыстарының бағыттарын талқылау
Баяндама: Бала бойында азаматтық пен патриотизімді қалыптасыруда мектеп  пен отбасы қарым - қатынасы
Баяндамалар жинағы
Баяндама: Бала бойында азаматтық пен патриотизімді қалыптасыруда мектеп пен отбасы қарым - қатынасы
Баяндама: Тәрбиеге байланысты менің көзқарасым
Баяндамалар жинағы
Баяндама: Тәрбиеге байланысты менің көзқарасым
Дипломдық жұмыс: Музыка | Мектептерде музыка пәні арқылы халықтың тәрбие берудің мән-мағынасы
Дипломдық жұмыстар жинағы [тегін]
Дипломдық жұмыс: Музыка | Мектептерде музыка пәні арқылы халықтың тәрбие берудің мән-мағынасы

KZ / Қазақша Рефераттар жинағы, реферат Оқушыларға патриоттық интернационалдық тәрбие беру туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат Оқушыларға патриоттық интернационалдық тәрбие беру на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы Педагогика жоспарымен, казакша реферат жоспар, Оқушыларға патриоттық интернационалдық тәрбие беру, реферат Оқушыларға патриоттық интернационалдық тәрбие беру туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет реферат Оқушыларға патриоттық интернационалдық тәрбие беру на казахском языке скачать бесплатно информация рефераттар жинағы Педагогика ж, Реферат: Оқушыларға патриоттық интернационалдық тәрбие беру реферат қазақша жоспар қазақша рефераттар сайты тегін referat-kz.kz қазақша рефераттар сайты)) Қазақша Рефераттар жинағы