Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру
Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру жолдары.
Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру оларды осы заманғы ғылыми білімін қаруландыру. Бұған мектепте оқылған барлық пәндердің қатынасы бар.
Мектепте оқылатын жаратылыстану математика ғылымдары табиғаттың құбылыстары мен процестері және заңдылықтары туралы белгілі бір ұғым жүйесін жасайды.
Ботаника. Жалпы биология курстарын оқу, тәрбие учаскелерінде, оқушылардың өндірістік биргадасында шәкірттер жұмыс істеп жүріп, өсімдік меңгереді.
Физика. Химия пәндері бойынша дүниенің пайда болуы мен дамуы туралы, астрология сабақтар бойынша табиғаттың тылсым сырын біледі.
Гуманитарлық пәндердің де рөлі ерекше. Тарих пәні бойынша қоғамның даму заңдарын түсінуге тырысады.
Әдебиет - адам арасындағы қарым қатынасқа, жаңа өмірге, еңбекке табанды көзқарасқа тәрбиелейді.
Қоғам өмірінде болып жатқан әртүрлі саяси -экономикалық, әлеуметтік мәселелерге дер кезінде жауап беріп отыру, яғни мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын, халықтар арасында жүргізіп отырған экономикалық және әлеуметтік шараларын бағдарлап түсінуге, соған орай оқушылардың іс -әрекеттерін дұрыс ұйымдастыруға көмектеседі оларды қоғамдық - саяси азаматтық тәрбие беру, сабақтан тыс кездерінде саяси тақырыптарға арналған кештер байқаулар, пікірталас, хабарлама жұмыстарын ұйымдастырудың да маңызы ерекше.
Дүниетанымның қалынтасып дамуына әсер ететін факторлар:
1. Адамның материалдық жағдайы;
2. Әлеуметтік орта, тәрбие ақпарат құралдары
3. Қоғамдық пайдалы еңбекке қатысуы.
Бұлар жас ұрпақтың қоғамдық өмірге ынтасын тәрбиелейді, саяси және мәдени ой-пікірін кеңейтеді олардың еңбекке, мамандық таңдауға көзқарасын қалыптастырады.
Тарбие бағыттары:
Оқушылардың еңбек тәрбиесі, дене тәрбиесі, адамгершілік тәрбиесі және эстетикалық тәрбиесінің мазмұны.
1. Еңбек тәрбиесінің мәні, мақсаты мен міндеттері.
2. Еңбек тәрбиесінің ұйымдастыру жүйесі.
3. Дене тәрбиесінің мэні, мақсаты мен міндеттері.
4. Дене тәрбиесінің жүйесі және басқару.
5. Адамгершілік тэрбиесінің мәні, мақсаты мен міндеттері.
6. Адамгершілік тәрбиесін ұйымдастыру және оны қолдану тәсілдері.
7. Эстетикалық тәрбиенің мәні, мақсаты мен міндеттері.
8. Эстетикалық тәрбие беру жүйесі және оның құралдары және ұйымдастыру жолдары.
I. Еңбек тәрбиесінің мәні, мақсаты мен міндеттері.
Мектептегі еңбеқке оқыту мен тәрбиелеу мәселесі туралы Я.А.Коменский, Дж. Локк, И.Г. Песталоций, А. Дистерверг, К.Д. Ушинский, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, Ш.Уалиханов жэне т.б. еңбектерінде құнды идеялар айтқан.
Еңбек тәрбиесінің әртүрлі аспектілері бойынша П.Р.Атутов, Н.И.Болдырев, Н.К.Гончаров, К.А.Иванов, И.С.Марченко, В.А. Сухомлинский зерттеу жұмыстарын жүргізді.
1. Еңбек - практикалық өндірістік әрекет ретінде адамның дене құрылысының дамуына жағымды әсер етеді.
Еңбек - адамның ақыл-ой қабілетін, оның зеректігін, шығармашылық тапқырлығын дамытады.
Еңбектің тұлғаның адамгершілік тәрбиесіндегі маңызы ерекше.
Еңбектің маңызды қызметі - оқушыларда жолдастық қарым-қатынасты, ұжымшылдықты және өзара талап етушілік қасиеттерін қалыптастыру болып табылады.
Еңбек-тәрбие факторы ретінде тұлғаның өмірлік бағытын анықтауға және мамандығын дұрыс тандауға әсер етеді.
Мектептегі еңбек тәрбиесінің мақсаты — оқушыларды еңбекке оқыту арқылы оган адал ниеттік қатынас орнату, еңбекті сүю, еңбек адамдарын құрметтеу, еңбектің қарапайым әдістері мен құралдарын пайдалана білуге үйрету, материалдық құндылықгарды көздің қарашығындай сақтауға дағдыландыру.
Еңбек тәрбиесінің мақсаты — еңбекке тәрбиелеу, баулу және кәсіптік бағдар, мектеп оқушыларының қоғамға пайдалы, өнімді еңбекке тікелеу катынасуы, оқуға деген саналы көзқарасты тәрбиелеудің, азамат болып өсу, жеке адамды адамгершілік және зиялылық жағынан қалыптастыру. Ж.Б. Қоянбаевтың «Педагогика» оқу құралында еңбек тәрбиесінің міндеттерін былай анықтайды:
Біріншіден, еңбекке сүйіспеншілік пен еңбек адамдарына құрметпен қарау;
Екіншіден, оқушыларды халық шаруашылығының салаларындағы еңбектің түрлерімен таныстыру, еңбек іс-әрекетінің барысында олардың дағдысы мен іскерлігін қалыптастыру;
Үшіншіден, мамандықты тандауға дайындау.
Жасөспірімді еңбекке тәрбиелеудің жалпы міндеттері бірнеше жеке міндеттерді орындау арқылы іске асырылады. Олар: балаларды еңбекке психологиялық жэне пракгикалық тұрғыдан даярлау.
Балаларды еңбекке психологиялық және практикалық тұрғыдан дайындау - бұл қоғам үшін оқушылардың пайдалы еңбекке даярлығын және талаптануын тәрбиелеу еңбекті өз бетімен, өз еркімен ынталанып орындауға үйрету.
С.Ш. Әбенбаевтың «Тәрбие теорнясы мен әдіетемесі» оқулығьшда еңбек тәрбиесінің міндеттері:
1. Біздің елде әрбір еңбек етуге жарамды адамның еңбек етуге міндеттілігін оның сенімі мен санасына орнықтыру.
2. Еңбек етуге деген қажеттілік пен талпынысқа тәрбиелеу.
3. Еңбек етуге қатысты білім, білік, дағды сапаларымен қаруландыру, тиімді еңбек ете білуге дағдыландыру.
4. Оқушылардың кәсіби мамандыққа даярлығын қалыптастыру, ол үшін олардың талап-тілектері мен белгілі бір мамандықка бейімділігін ескере отырып, болашақ мамандықты таңдауларына жағдай жасап, көмектесу т.б.
Еңбек тәрбиесінің мақсаты, міндеттері және мазмұны нақтылы қоғамдық тарихи жағдайға байланысты анықталып, жетіліп отырады.
Балаларды еңбекке тәрбиелеу мәселесі Ы.Алтынсариннің балаларға арналған әңгімелерінде («Таза бұлақ», «Қыпшақ Сейітқұл», «Әке мен бала», «Бай баласы мен жарлы баласы» және т.б.) айрықша орын алып қазақ мектептеріндегі еңбек тәрбиесінің орны мен даму жолдарына үлкен мән берді.
А.С. Макаренко мен В.А.Сухомлинскийдің көп жылдық практикалық жұмыстары оқушылардың еңбегін коммунистік тәрбиенің негізгі факторына айналдырды.
П.Еңбек тәрбиесін ұйымдастыру жүйесі.
Еңбек әрекетінде оқушыларды тәрбиелеу нәтижесінің жемісті болуы, негізінен оның педагогикалық тұрғыдан дұрыс ұйымдастырылуына байланысты.
Мекгептегі еңбек тәрбиесінің негізгі жүйесіне еңбекке окыту мен оқушылардың қоғамдық пайдалы еңбек әрекеті жатады.
Оқушыларды еңбек процесіне қажетті жалпы политехникалық және арнайы білімдермен біліктілік пен дағды мәселелерімен қаруландыру еңбекке оқытудың негізгі педагогикалық міндеттерінің бірі болып саналады.
Еңбекке оқыту арнайы ұйымдастырылған педагогикалық процесс ретінде оқшыларда еңбек біліктілігі және дағдысын тәрбиелеуге, еңбек әрекетінің практикалық тәсілдерін меңгеруге бағытталған.
Мұғалімнің еңбекке баулу сабағын өткізудегі көздейтін басты мақсаты - ең алдымен оқушыларды еңбек ету мәдениетіне тәрбиелеу. Бұл үшін оқушылардың:
- еңбек материалдары мен құралдарын жұмыс үстелінде дұрыс орналастырып, жұмыс бітісімен оларды өз орындарына қайта қою;
- жұмыс істеу барысында қауіпсіздік техникасы ережелері мен тазалык-гигиеналық талаптарын орындау;
- өзінің жұмыс орнын тиімді пайдаланып, жұмысқа бөлінген уақытын үнемдеп пайдалану дағдыларын қалыптастыруга баса назар аудару.
Сол арқылы оқушылар әрекетін әсем бұйымдар жасауға бағыттай отырып, еңбексүйгіштікке, инабаттылыққа, ұқыптылыққа, өздігінен жұмыс істей білуге дағдыландырады. ....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Рефераттар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?