Әдістеме | Мектептің тәрбие жүйесі

Әдістеме | Мектептің тәрбие жүйесі

Педагогикалық ұғымдар арқылы педагогика құбылыстарын, олардың өзара байланысын танимыз. Педагогикада "Мақсат", "Құрал", "Тәсіл", "Даму" және "Қалыптасу" сияқты ұғымдар да кездеседі. Олар барлық ұғымдарға ортақ ұғымдар.
Педагогикалық ұғымдардың бірі - тәрбие. Тәрбие ересек адамдардың балаларға ықпал жасауы деп түсінушілер де бар. Олар баланы пассивті объект түрінде қарастырады. Ондай жағдайда ол педагогикалық процестің субъектісі бола алмайды, яғни өздігінен ойланып, белсенді іс-әрекет жасау рөлін атқармайды. Бұл бір жақты анықтама.
Тәрбие баланың өздігінен табиғи және еркін дамуы үшін жасалатын жағдай деп анықтама берушілер де кездеседі. Олар балаға толық ерік беруді талап етеді. Сөйтіп тәрбиенің ролін бүркемелеп, елеусіз қалдырады.
Кейбіреулер тәрбиені практикалық тұрғыдан бір-жақты жалаң тәжірибеге сүйеніп түсіндіреді. Оларды прагматиктер дейді. Олар баланы жұмыс қалпына бейімдеуді талап етеді. Бала өзінің күнін көруге пайдасы бар білімді, іскерлікті және дағдыны ғана меңгеруі қажет. Осыдан барып бала жеке басының қамын ойлап өзімшілдік мүддесін қанағаттандырады деп дәлелдейді.
Тәрбие қоғамдық құбылыс, қоғамдық категория, өйткені қоғамның тәрбиесіз өмір сүре алмайтындығын философиялық тұрғыдан қарастырып түсіндіреді. К.Д.Ушинский "... Мектеп тәрбиеші және ұстаздар - адамның тіпті жалғыз ғана тәрбиешілері емес, оның сонша күшті, ал мүмкін және әлде қайда күшті арнайы тәрбиешілері: табиғат, семья, қоғам, халық ... және оның тілі болады" дейді.
"Тәрбие" терминнің тар мағынада "тәрбиеші тәрбиелейді", кең машинада "өмір тәрбиелейді" деп қолданады. Тәрбие ұғымын анықтауда мұның зор маңызы бар. Тәрбие - көптің ісі. Олай болса тәрбиені кең мағынада табиғат және әлеуметтік ортаның мектеп пен ата-аналардың, бүкіл бұқараның жеке адамның дамуы мен қалыптасуына өтетін ықпалы деп түсіну керек. Тәрбие арқылы, баланың адамгершілік, эстетикалық т.б. көзқарастары мен еңбек етуге ынтасы қалыптасады... Қоғам дамуының сатысында тәрбиенің құрамды бөліктері - білім беру мен оқыту ұғымдары бөлшектеніп, жеке мағына бере бастайды. Білім беру ұғымын алғаш рет педагогикаға енгізген И.Г.Песталоци болды.
Тәрбиенің мақсаты мен жүйесі әрбір қоғамдағы мемлекеттің саясаты мен экономикасына тәуелді және сол арқылы анықталады. Алғашқы қауымдық қоғамдық құрылыста балаларды еңбекке дағдыландыру үшін қауымның әдет-ғұрпын, салтын үйретуге тырысты. Құл иеленуші қоғамдық құрылыста – құлдар, өндіріс құралдары /жер, еңбек құралдары/ құл иеленушінің жеке меншігі болды. Тәрбие таптық сипатта болды. Тәрбиенің мақсаты құл иеленушінің мүддесіне бағындырылады, байлығын молайту, басқаны жаулап алып құл ету үшін, соғыс өнеріне, жаулап алу соғыстарын жүргізуге тәрбиеледі. Тәрбие қоғамның пайда болуымен бірге пайда болды. Таптық қоғамда тәрбие мақсатын анықтау қоғамның ең басты мақсатына айналды. Осыған орай, балаларға білім мен тәрбие берудің негізгі жолдары белгіленеді, тәрбиелік іс – әрекеттердің мазмұны анықталды, білім беру мен тәрбиені ұйымдастырудың нақтылы мәселелері мен әдістері қарастырылады. Тәрбие қоғамдық құбылыс, онсыз қоғам өмірі ілгері дамуы мүмкін емес.. онсыз ілгері дамымайды.
Тәрбиенің мәнін анықтайтын белгілері болады. Ең алдымен, оның тәрбие мақсатына бағытталған ықпалы көптеген жағдайларға байланысты қиындай түсетін өте күрделі диалектикалық сипатының болуы.
Тәрбиенің мақсатқа бағытталған ықпалын қиындататын жағдайлар мыналар: түрлі әсердің бала (мектеп, үйелмен, көше, ресми емес топтар т.с.с.) табиғатына үйлеспеуі, әр баланың өзіне тән белгілі бір жннақталған көзкарасы мен ынта-ықыласы, әдеті мен талғамдарының болуы. Сондықтан окушының ішкі рухани жан дүниесін ашудың қиындығы (оқушылар өздері тап болған жағдайдың себептерін, әрине, біле бермейді, бір педагогикалық ықпал нәтижесінің әр түрлілігінен, баланы қоғамдық мәнінен, өзіне тән әрекеті сипатынан келіп туады.
Тәрбие диалектикасы дегеніміздің өзі сыртқының (объективті) ішкі жағдайдың (субъективті) игілігіне айналатын адам санасының шеңберіне өткізілуі. Келешекте іс-әрекет нәтижесінде көрінетін құбылыс. Адамның қоғамдық мәні дамуды қай жағдайда жүруіне байланысты қалыптасады. Дегенмен адамның қоғамдық мәнінің қалыптасуында, оның осы жағдайлардағы нақты орны, қатынасы және сол жағдайлардағы іс-әрекетінің сипаты маңызды роль ойнайды. Бұл дамудың әлеуметтік жағдайы деп аталып кеткен. Тәрбие процесінде адамның қоғамдық мәнін қалыптастырудың қозғаушы күші деп саналатын бірқатар қарама-қайшылықтар тән. Олар сыртқы және ішкі қарама- қайшылықтар болуы мүмкін.
Сыртқы қарама-қайшылықтар қоғамда объективті белгіленген ережелер мен баланы қоршаған адамдардың тәртібі арасындағы үйлеспеуден көрінеді. Көп жағдайда окушы өз құрдастары мен ересектердіцң қоғамдық ережелерге қайшы келетін қылықтарының куәсі болады. Сыртқы қарама-қайшылыққа оқушының өзіне қойылатын талап пен нақты тәртібінің арақатынсы да жатады. Мысалы, үзіліс кезінде мектеп ішінде жүгірме деген талап қойылғанымен, бастауыш сынып оқушысы бұл талапты орындауға әлі дайын емес. Ішкі қарама-қайшылықтар» оқушының талабы мен оны орындауға мүмкіндігінің арақатынасы жатады. Адамның қоғамдық мәнінің дамуындағы негізгі көздерінің бірі қажеттіліктер мен оларды қанағаттандыру тәсілдері арасындағы қарама-қайшылық болып табылады. Қарама қайшылықтың әртүрлі сатыларынан өтіп, адамның қоғамды мәні өз дамуында жаңа басқышқа көтеріледі, яғни жаңа сапаларға, күрделірек міндеттерді шешу дайындығына ие болады. Іс-әрекет пен тәртіптің жетілген тәсілдерін меңгереді.
Тәрбие процесі адамның қоғамдық мәнінің әлеуметтік маңызды сапаларын қалыптастыруға, оның қоғамға, адамдарға, өзді-өзінің қатынастарын жасауға және олардың шеңберін кеңейтуге бағыттайды. Адамнығ қоғамдық мәнінің өмірдің түрлі жақтарына қатынасының жүйесі неғұрлым аумақты, кең болған сайын, оның рухани жан-дүниесі соғұрлым жазиралы, бай болады. Тәрбиенің мәні—адамның қоғамдық мазмұнын әлеуметтендіріп, оның ұжыммен және қоғаммен практикалық қатынастарының жүйесін құру. Өзінің табиғаты жағынан тәрбие ісі педагогикалық міндеттердің төмендегідей бірқатар мәселелерін шешуді қамтиды: .
1. Педагогикалық жағдайлардың, тәрбиелік әсерлердің нәтижесін талдау, жоспарлау жұмысын реттеу, Сөйтіп, оқушылар тәрбиелілігінің деңгейін анықтауды, оның қоғамдық мәні мен ұжымның дамуын белгілеуді, нақты педагогикалық міндетті бөлуді және қалыптастыруды, оны шешудің жолдарын анықтауды, тәрбиенің құралдары мен әдістерін таңдай білуді т.б. қажет етеді.
2. Тәрбие процесінің жобасын құру және жүзеге асыру. Бұл ОНЫҢ мазмұны жағынан педагогикалық іс-әрекетті пайдалы бөліктерге және ықпалдарға бөлудің, оқушылардың іс-әрекетіне педагогикалық басшылық етудің, оқушылар ұжымдары мен шағын топтардың жеке оқушымен дұрыс қарым-қатынастарды бекітудің, оқушылар тәртібінің әлеуметтік-психологиялық шарттары мен себептерін аңғара білудің, оқушыларға жеке тұрғыда қатынас жасау бірлігінің болуын талап етеді.
3. Тәрбиелік ықпалдарды реттеу және оларға түзетулер енгізу. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!