Оқушылардың жұмысын зерттеу

Оқушылардың жұмысын зерттеу

Ғылыми – педагогикалық зерттеу әдістері.
Әрбір ғылым өзінің дербес әдіснамасын, зерттеу әдістерін жасайды. Педагогиканың да өзіне тән ғылыми - зерттеу әдістері бар. Бұл әдістерді зерттеуші әрбір педагогикалық құбылыстың ерекшеліктеріне сәйкес қолданылады.
Тәрбие мен оқытудың нәтижесі тек қана мұғалімнің тиімді әдістері қолдана білуі мен педагогикалық шеберлігіне байланысты емес, ол оқушылардың қабілеттілігіне, жан – жақты да мұны және осы сияқты толып жатқан факторларға байланысты. Басқа дәл ғылымдарға (физика, математика, химия) қарағанда педагогикалық құбылыстарды зерттеудің өзіндік ерекшеліктері бар. Мысалы, дәл ғылымдар бойынша экспериментті қайталап жүргізуге болады. Егер бұрынғы жағдай ескеріліп, сол кезеңдегі материалдар пайдаланылса, эксперименттің нәтижесі өзгермейді. Ал педагогика ғылымы бойынша экспериментті қайталап жургізу тиімді нәтиже бермейді. Себебі, педагогикалық зерттеудің объектісі — баланы тарбиелеу. Сондықтан педагогикалық процесте және кейбір сыртқы факторлар (даму барысында оқушыларда пайда болатын өзгерістер, әлеуметтік және микроортада кездесетін түрлі жағдайлар және т. б.) әсер етеді. Міне, осы тұрғыдан қарағанда ғыдыми педагогикалық зерттеу әдістері баланың денсаулығына яғни келтірмейтіндей және оқу-тәрбие процесін жетілдіру бағытында қолданылуы қажет.
Педагогика ғылымында қолданылатын зерттеу әдістеріне бақылау, әңгіме, мектеп құжаттары, оқушылардың жұмыстары, эксперимент және т.б. жатады.
Бақылау әдісі. Бұл педагогикалық мәселелерді зерттеуде жиі қолданылып жүрген әдістердің бірі. Бақылау деп әдеттегі жағдайда педагогикалық құбылыстарды қабылдау арқылы тануды айтады. Ғылыми бақылау арнайы жоспар бойынша жүргізіледі. Жоспарда бақылаудың мақсаты мен міндеттері, обьектісі (сабақ, саяхат, лабораториядағы, шеберханадағы, оқу тәжірибе учаскесіндегі оқушылардың жұмыстары), жүргізу әдісі мен техиикасы дұрыс көрсетілуі тиіс. Ғылыми негізінде шығар-машылықпен жасалған жоспар зерттеу жұмысының нәтнжелі болуына игі әсер етеді. Ғылыми бақылау зерттелетін педагогикалық құбылысты дұрыс және шын дәлдікпен жазып алуды талап етеді. Сондықтан бақылаудың нәтижесі зерттеушінің педагогикалық іскерлігіне, қабілетіне және оның жоғары дәрежелі сауаттылығына байланысты.
Педагогикалық бақылау — бұл белгілі бір құбылысты ұзақ және жоспарлы түрде зерттеудің таным әдісі. Зерттелетін тақырыптық мақсаты мен мазмұнына қарап, бақылауды жаппай және жоспарлы түрде жүргізуге болады. Оқу-тәрбие процесінде жалпы мәселелерді зерттеу үшін (сабақ үстіндегі оқушылардың таным іс-әрекеті, оқушылар зейінін жандандыру, балалар ұжымының іс-әрекеті және т. б.) жаппай бақылау әдісі пайдаланады. Жеке мәселелерді (кейбір оқушылардың кітаппен, картамен істейтін жұмыстарын, жеке оқушының мінез-құлқын бақылау) зерттеу үшін ішінара бақылау әдісі қолданылады. Бақылау нәтижелері дұрыс шығу үшін түрлі формулаларды, кестелерді, фотосуреттерді, схемаларды, әсіресе техникалық құралдарды, қиноға түсіру, магнитофонға жазу және т. б. кеңінен пайдаланылады. Бақылау материалдары арнайы күнделікке, хатнамаға жазылады.
Кейде педагогикалық бақылау материалдарын зерттеуші сауалнама мәліметтерімен толықтырылады. Оқушылардың мектеп қызметкерлерінің, ата – аналардың сұрақтарға берген жауаптары зерттеліп отырған проблемаға қорытынды жасау үшін зор тірек.
Бақылау әдісі зерттеу жұмысының алғашқы кезеңдерінде қолданылады. Бақылау әдісі арқылы педагогикалық құбылыстың процесі (оқушы санасында болатын психикалық процесс) жайлы толық сенімді мәліметтерді алуға болады. Бақылау әдісіне сүйеніп, оқушылардың сырттай мінез – құлқын түрлі іс - әрекеттерін, сұрақтарға берген жауаптарын зерттеп жазып алуға болады. Осы жағдайлар ескеріліп, бақылау әдістерімен ұштастырылып жүргізіледі.
Әңгіме әдісі. Бақылау мәліметтерін әңгіме әдісі арқылы түскен материалдармен толықтырылады. Әңгіме әдісін дұрыс қолдану үшін арнайы жоспар жасап, онда негізгі сұрақтар мен жанама сұрақтардың әңгіме жсаудың әдістері мен тәсілдерінің нақты көрсетілгені жөн.
Педагогикалық құбылыстарды анықтау үшін әңгіме мұғалімдер мен сынып жетекшілері, мектеп басшылары мен ата – аналар және басқа да қажетті адамдармен жүргізіледі. Әңгіме барысында зерттеуші жеке адамдардың дербес ерекшеліктерін еске алады. Кейде әңгімеге қатысушы шәкірттер зерттеушінің сұрақтарына ойдағыдай жауап-бере бермейді, керек десе, олар сақтанып, өздерінің ойын шын мағынада айтып беруден де бас тартады. Сондықтан аңгіме зерттеушіден үлкен дайындықты, зор шеберлікті, зейінділікті талап етеді.
Әңгіменің барысы хатнамаға жазылады. Кейде зерттеушілерге елеусіз жағдайда әңгімені магнитафон арқылы жазып алуға да болады. Әңгіме әдісі эксперимент және бақылау әдісі мен байланыстырылып жүргізілгенде ғана нәтиже береді.
Мектеп құжаттарын зерттеу. Оқу және тәрбие жұмысындағағы кейбір күдікті мәселелерді құжаттарға сүйеніп зерттеуге болады. Бұл мектеп және мектептен тыс тәрбие мәселелеріндегі құжаттар мен архив мәліметтері. Мектеп құжаттарына сынып журналдары, оқушылардың күнделіктері, сыныптың оқу тәрбие жұмысының жоспары, үйірме жұмыстарының жоспары мен есебі, үйірме мүшелерінің баяндамалары, педагогикалық тақырыптарға жазылған мұғалімдердің баяндамалары мен ғылыми мақалалары жатады. Педагогика тарихының проблемаларын архив мәліметтеріне сүйеніп зерттейді.
Құжаттар мен жан –жақты және терең танысу зерттеушіні шынайы мәліметтермен қаруландырады, оқу тәрбие жұмысындағы жетістіктер мен кемшіліктерді ашып, тиісті қорытынды шығаруға мүмкіншілік береді.
Оқушылардың жұмысын зерттеу. Оқушылардың жазба, бақылау жәнс графикалық жұмыстары, суреттері, пәндер бойынша дәптерлері, әр турлі тақырыптарға жазылған баяндамадары мен рефераттары және еңбек сабақтарында жасалған заттар зерттеушіні кейбір қажетті мәліметтермен қаруландырады. Осы жұмыстар оқушылардың дербес қабілетін оқуға және енбекке көзқарасы мен қатынасын, олардың теориялық және дайнындықтарын, осыған орай, мұғалімдердің де іс-әрекеттерін зерттеп анықтауға болады.
Зерттеуші оқушылардың жұмыстарына жан-жақты талдау жасайды. Сабақ барысында оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуінің, олардың жаппай және дербес орындайтын жұмыстарын жургізуді және осы сияқты дидактикалық проблемаларды қолданудың тиімді жолдарын іздестіреді:
Эксперимент. Эксперимент деп нақты жағдайды есепке алып, педагогикалық процесті зерттейтін ғилыми тәжірибені айтады. Педагогикалық эксперименттерге сүйеніп, зерттеуші оқытудың және тәрбиенің тиімді тәсілдері мен әдістерін, формалары мен мазмұнын тексереді. Экспернментті зерттеулердің нәтижелері, әдеттегі жағдайда жүргізілетін педагогикалық жұмыспен салыстырылады. Сондықтан эксперимент мәліметтерін салыстыру үшін екі объекті алынады. Олардың бірі— экспериментті, екіншісі — бақылау объекгісі деп аталады. Эксперименттік объектіде, мысалы, эксперимент зерттеушінің ғылыми жоба ұсынбасы бойынша, ал бақылау объектісінде — әдеттегі оқу бағдарламалары мен оқулықтарға сәйкес жүргізіледі. Мектеп жағдайында бір топ оқушыларды немесе толық сынып ұжымын мектептен тыс жағдайда өндірістік звено немесе бригаданы эксперимент объектісі етін, ал екінші бір топ оқушылардың иемесе толық сынып ұжымын, сол сияқты өндірістік звеноны немесе бригаданы объектісі етіп алуға болады.
Зерттеу жұмысы нәтижелі болу үшін экспернментті және бақылау топтарындағы, сыныптардағы, бригадалардағы оқушылардың сан және сапа жағынан теңдестіріліп алынған жоө. Сонымен бірге мұғалімдердің қабілетінің білімі мен стажының да шамалас болғаны шарт.
Педагогикалық экспернментті зерттеуші өзі жүргізсе белсенді эксперимент, ал зерттеушінің ғылыми жазба ұсынбасы бойынша екінші бір адам жүргізсе енжарлы эксперимент деп айтады.
Соңғы кезде педагогиялық әдебиеттерде экперименттің бірнеше түрлері қолданылып келеді. Олардың бірі — табиғи эксперимент - бұл сыйыпты, бүкіл ұжымды оқу – тәрбие процесін бұзбай, педагогикалық проблемаларлы зерттеу үшін әдеттегі жағдайларда жүргізіледі.
Мектептердегі озат тәжірибелерді зерттеу барысында пайда болын болжамды анықтау үшін тексеру эксперименті қолданылады. Мысалы, педагогикалық ғылыми-зерттеу ннстнтуттары жаңадан жасалған оқулықтардың немесе оқу бағдарламаларының тиімділігін арнаулы мектептерде тексеру эксперименті арқылы зерттейді.
Тұтас педагогикалық процестің мазмұнын, ұйымдастыру формадарын, принциптері мен әдістерін жаңадан құру үшін арнаулы эксперимент жүргізіледі. "Мұны жасампаз эксперименті деп атайды.
Экспернментті жасанды жағдайда да жүргілуге болады. Кейде жете бақылау мен тексерудің нәтижесінде оқыту мен тәрбиенің кейбір әдістері мен тәсілдеріне өзгерістер енгізуге болады. Бұл жағдайда педагогикалық құбылыстарды ұқмптылықпен бақылау үшін сынып ұжымынан бір топ бала бөлініп алынады да, олармен арнаулы экспернмент жүргізіледі. Эксперимеиттің мұндай түрін лабораториялық эксперимеит деп атайды.
Әрбір экспернменттің мақсаты зерттелетін тақырыптың сипаты мен мазмұнына, ал мерзімі — мақсатына байланысты.
Эксперимент басқа ғылымн-зерттеу әдістеріне қарағанда жақсы нәтиже береді. Бірақ экспернменттің барысында ғылыми материалдарды толықтырып жинақтау үшін бақыдау, әңгіме, құжатрмен танысу сияқты зерттеу здістері де қолданыдады. Сонымен бірге, зерттеу барысында техннкалық құралдардың да кеңінен пайдаланылғаны жөн.
Соңғы кезде педагогикалық әдебиеттерде материалдық және киберникалық зерттеу әдістерін пайдалану мәселелері сөз етіле бастады. Бұл әдістерді қолданудың кейбір тәсілдері Ительсонның кітабында көрсетілген. Математикалық және кибернетнкалық әдістер техннка мен жаратылыстану ғылымдарында кеңінен қолданыла бастады. Осы әдістерге сүйеніп, киберне-тиканық, математикалық статистиканың, ықтималдықтар теориясының жетістіктерін педагогикалық зерттеулерде пайлдлануға болады, бірақ, педагогикалық ғылымда бұл әдістерді қолдану мәселелері әлі өз дәрежесінде шешілген жоқ. Өйткені, педагогикалық құбылыстардың сапалық өзгерістері мен өзара сандық байланыстарын арнайы өлшеу арқылы анықтау өте күрделі проблемалардың бірі. Мысалы, сабақ процесіндегі қабілетін, белсенділігін немесе құлықтық сапасы (патриотизм мен интернационализм, адалдық пен шындық) сияқты педагогикалық құбылыстарды өлшеуге боларма еді? Әрине, бұл сұраққа бірден болады деп жауап беру мүмкін емес. Себебі, баланың іс-әрекеті, мінезқұлқы оның әлі де толық танылмағаны психикасына байланысты.
Ғылыми педагогикалық зерттеу әдістері тек қана ғалымдардың төл ісі болман, барлық мұғалімдердің игілігіне айналуы қажет. Мұғавлім өз жжұмысында зерттеу әдістерін ғылыми негізде меңгеріп, социология және психология ғылымдарының әдістерімен ұштастырып жүргізе білгенде ғана өзінің және басқа мұғалімдердің тәжірибелерін жан-жақты зерттей алатын болады.
Педагогикалық зерттеу әдістеріне мыналар жатады.
♦ Педагогикалық тұрғыдан бақылау - бұл белгілі бір құбылысты ұзақ және жоспарлы түрде зерттеудің таным әдісі.
♦ Зерттеу мақсатындағы әңгіме - Мұғалімдер мен сынып жетекшілері, мектеп басшылары мен ата-аналар және басқа да қажетті адамдармен жүргізіледі.
♦ Мектеа құжаттарын зерттеу -мектеп құжаттарына сынып журналдары, оқушы күнделіктері, сыныптың оқу тәрбие жұмысының жоспары, үйірме мүшелерінің баяндамалары, педагогикалық тақырыптарға жазылған мұғалімдердің баяндамалары және ғылыми мақалалар және т.б.
♦ Оқушылардың жұмысын зерттеу _ жазба, бақылау және графикалық жұмыстар, суреттер пәндер бойынша дәптерлер, баяндамалар, рефераттар. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!