Құқық | Құқық және заң Мұрагерлік құқық

Құқық | Құқық және заң Мұрагерлік құқық

Құқық және заң.
Құқық дегеніміз – мемлекет орнатқан және оның күшімен қорғалатын, жалпыға бірдей қоғамдық қатынастарды реттейтін тәртіп ережелердің жиынтығы.
Құқық терминінің көптеген мәні бар, ол заң ғылымында күнделікті өмірде және қызмет бабында қолданылады. Кең мағыналы түсінік болғандықтан, әрбір адамның құқықтың мәні туралы қандай да пікірі қалыптасатыны сөзсіз.
Заң ғылымында «құқық» термині бірнеше мағыныда қолданылады. Біріншіден «құқық» ресми түрде танылған жеке және заңды тұлғалардың заңға сүйене отырып, әрекет жасау мүмкіндігі. Мысалы, азаматтардың еңбек ету бостандығы, білім алу, меншік иесі болу, кәсіпкерлікпен шұғылдану құқығы. Заңды тұлғалардың да құқықтық мүмкіндіктері бар. Осы келтірілген жағдайларда «құқық» түсінігі субъективтік мағынада қолданылады.
Субъективтік құқық – тұлғалардың мүддесін қанағаттандыру мақсатымен құқықтық нормалардың құқық тұлғаларына берілген құқықтық мүмкіндіктері.
Екіншіден, «құқық» – құқық нормаларының жүйеге келтірілген жиынтығы.
Норма дегеніміз – бір қатынасты реттеп, басқаратын ереже. Нормалардың қоғамда қалыптасқан екі түрі бар:
1) Әлеуметтік нормалар
2) Техникалық нормалар
Қоғамдағы көптеген қарым-қатынастарды реттеп, басқарып отыратын негізгі құрал әлеуметтік нормалар. Әлеуметтік нормалар адамдардың іс-әрекетінің, мінезінің тәртібінің қоғамдық ережесі болғандықтан қоғамды басқарудың, қатынастардың құрамына айналады.
Бұл нормалардың негізгі түрлері:
• құқық нормасы
• моральдық нормалар: жақсы-жаман, дұрыс-бұрыс, әділеттік-әділетсіздік, достық-қастық, инабаттық, парасаттылық, адамгершілік, т.б. қасиеттері.
• саяси нормалар
• эстетикалық нормалар
• қоғамдық ұйым, ұжымдардың ереже қағидалары
• әдет-ғұрып нормалары
• салт-дәстүр нормалары
• діни, имандылық, инабаттылық нормалары
Техникалық нормалар – адамдардың табиғатпен, техникамен дұрыс қатынас, байланыс жүргізу ережелері. Қазіргі заманда ғылыми-техникалық прогресс уақытында техникалық нормалардың маңызы өте зор. Табиғатпен байланысты қоғамның барлық салаларында техникасыз өмір жоқ. Сондықтан адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мемлекеттің алдындағы кезек күттірмейтін мәселелердің ең күрделісі.
Құқық мазмұнының негізгі элеметтері:
• қоғамның және адамдардың мүдде-мақсатын қорғау, орындау;
• қарым-қатынастарды реттеп, басқару;
• қоғамның дағдарысқа ұшыратпай, экономикалық, саяси, әлеуметтік, мәдениеттік, т.б. бағытын дамытып, нығайту;
• мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың құзіретін, ара-қатынасын реттеп, басқару;

Құқықтың екі түрлі түсінігі болады: біріншісі – құқықтың объективтік түсінігі қоғамның объективтік дамуына сәйкес жаңа қатынастардың қалыптасуы; екіншісі – құқықтың субъективтік түсінігі объективтік қалыптасқан қатынастарды реттейтін, басқаратын нормативтік актілерді уақытында қабылдап бекіту.
Құқықтың негізгі функциялары: реттеу және қорғау.
Құқықтың реттеу функциясы – нормативтік актілер арқылы қоғамдық қатынастардың байланысын, орындалу жолдарын, бағыттарын анықтап отыру.
Құқықтың қорғау функциясы – нормативтік актілердің қоғамдағы қарым-қатынысқа ықпалын, әсерін күшейту, жаман қатынастарға тыйым салу.
Жоғарыда айтылғандай, құқық – жалпыға бірдей міндетте, мемлекет қамтамасыз ететін, қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалар жиынтығы. Құқықтық норма – құқықтың бір клеткасы, қоғамдық қатынастардың жақсы дамуына үлгісі деуге болады. Ол адам істерінің, жұмысының тәртібінің шеңберін анықтап, олардың бостандығын және қарым-қатынасын реттеп басқарып отырады.
Құқықтық нормалардың белгілері:
1. Норма мемлекеттік органның қабылдаған, бекіткен актісі, оның заңды күші бар. Мұндай нормалар қоғамдағы тәртіптің үлгісіне айналады, өйткені ол нормаларды халықтың басым көпшілігі дұрыс орындайды.
2. Нормада субъектілердің құқығы мен міндеттері, орындалу жолдары толық әрі нақты көрсетіледі. Егер көрсетілмесе, субъектілер өз еркімен іс-әрекет етуге, тек заңға нұқсан келтірмеулері керек.
3. Норма ерікті түрде орындалмаса, мемлекет орындатуға мәжбүр етеді.
4. Құқықтық нормалардың жүзеге асырылуын, орындалуын мемлекет қамтамасыз етеді.
5. Құқықтық норма адамдардың , қоғам тәртібінің кепілдігі ретінде жұмыс істейді.
Сонымен, құқықтық норма – қоғамдағы қатынас субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін реттеп, басқарып отыратын жалпыға бірдей мемлекетпен қамтамасыз етілетін ереже-қағида.
Құқықтың норманың элементтері: диспозиция, гипотеза, санкция.
Диспозиция – қатынастың мазмұны мен субъектілердің құқығы мен міндеттерін көрсетеді. Мысалы, екі немесе көпжақты мәмілелер мен шарттардағы тұлғалардың міндеттері мен құқықтары айқын көрсетілуі. Диспозицияның үш түрі бар:
• Жалпылама түрі: нормада субъектілердің міндеттері мен құқығы айқын көрсетілмейді;
• Толық айқын түрі: мазмұны нормада айқын көрсетіледі. Мысалы, қылмыстық кодекстің баптарында диспозицияның мазмұны толық көрсетіледі;
• Сілтеу түрі: мазмұны туралы басқа бір нормаға сілтеу жасайды. Мысалы, Азаматтық кодекстің бірнеше баптарында сілтеме қолданылады;
Гипотеза – диспозиция қашан басталады, аяқталады, нормативтік кесім қалай орындалуы керек, осы жағдайларды көрсетеді. Мысалы, бұзақылық үшін жауапқа тартылатын адам қоғамдық тәртіпті бұзуы керек. Гипотезаның жалпылама күрделі, альтернативтік түрлері бар.
Санкция – құқықтық норманың диспозициясы бұзылған жағдайда қолданылатын жағымсыз шараны көрсететін құқықтық норманың бөлшегі. Санкцияда мемлекет қандай іс-әрекеттерді, мінез-құлықты қолдамайтындығын көрсетеді. Санкцияның түрлері: абсолютті анық, баламалы, салыстырмалы.
Құқықтың нысаны – мемлекеттік биліктің нормаға, заңға айналу түрлері.
Заң дегеніміз, ең жоғарғы нормативтік күші бар акті.
Заң – мемлекеттің ең жоғарғы басқарушы органының шығарылған, қабылдаған ең жоғары күші бар нормативтік кесім. Барлық заңдар және заңға тәуелді нормативтік кесімдердің Конституцияға сәйкес болуын заңның үстемдігі деп атайды. Қазақстан Республикасының Конституциясы бойнша Парламент – заң шығару қызметін жүзеге асыратын Республикасының ең жоғарғы органы.
Заңның белгі, нысандары:
1. Мемлекеттің ең жоғары басқарушы органы немесе референдумда қабылданған, бекіткен кесімі.
2. Ең күрделі мәселелер туралы қабылданған, кесім.
3. Заңның өзіне тән арнаулы процедурасы бар, ол төрт кезеңнен тұрады: заң жобасын жасап, ұсыну: жобаны талқылау; заңды қабылдау, бекіту; заңды жариялау.
4. Заңды ешкім өзгертпейді, толықтырмайды. Тек қана қабылдаған орган ғана өзгерте алады, толықтырады.
5. Заң – барлық нормативтік актілердің негізі, діңгегі. Қоғамда заңның үстемді қалыптасу керек.

Заңның үш түрі қалыптасқан: Конституциялық заңдар, жай заңдар, төтенше заңдар. Қазақстан Республикасында ұлттық құқық тек қана нормативтік кесімдер арқылы қалыптасады. Құқықтың нәр алатын бастауы Қазақстан Республикасының Конституциясы. Конституцияның ең жоғарғы заңдық күші бар және ол Республиканың бүкіл аумағында тікелей қолданылады.
Заңның күші төрт «өлшемде» жүзеге асырылады: мерзімде, кеңістікте, тәнінде, тұлғаларына байланысты.
Заңның қолданылуы екі бағытта жүзеге асырылады:
1. Заң қолма-қол, басылған күннен бастап күшіне енеді. Тек сол күннен бастап пайда болған құқықтық қатынастарға қолданылады.
2. Егер заңды бұрын пайда болған құқықтық қатынастарған қолданылады деген қағида болса, заңның кері күші болуы мүмкін, бірақ ол өте сирек кездеседі.
Жауапкершілік белгілейтін немесе ауырлататын заңның кері күші болмайды. Егер іс-әрекет жасалғанда оған жауапкершілік заңда белгіленбеген болса, онда ешкім ол жауапқа тартылмайды.
Заң шығарған орган, әдетте заңмен бірге заңды күшіне енгізу туралы қаулы қабылдайды. Заңның жүзеге асырылуы тоқтатылса, ол күшін жойған болып есептеледі. Ол мынадай жағдайларда күшін жояды: көрсетілген мерзімі өтсе; күші жоғалған туралы кесім қабылданса; іс жүзінде күшіндегі заңның орнына басқа заң қабылданса.
Заңның кеңістіктегі күшінің шет мемлекеттердің аумағымен және егемендігімен байланысты. Мысалы, Казақстанның аумағы оның жергілікті әкімшіліктерінің аумағынан, ішкі сулардан, теңіздерден, оның жоғарғы ауа кеңістігінен тұрады.


Мұрагерлік құқық.

Мұрагерлік құқық азаматтық құқықтың бір бөлігі болып табылады. Мұрагерлік құқық – қайтыс болған адамның мүлкінің мұрагеріне көшу тәртібін белгілейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Мұра азаматтың қайтыс болуы немесе оны қайтыс болды деп жариялау салдарынан ашылады.
Мұра екі түрде қалдырылады: заң және өсиет бойынша.
Мұра қалдырушы қайтыс болар алдында мүлкі жайлы ешкімге өсиет етпесе немесе өсиет еткеннен кейін да мүлік иесіз қалса, мұрагерлер заң бойынша мұраға ие болуға шақырылады.

Мұраға ие болудың кезектері:
1. Бірінші кезекте, мұраға тең үлеспен мұра қалдырушының балалары, соның ішінде қайтыс болғаннан кейін тірі туған балалары, сондай-ақ мұра қалдырушының жұбайы мен ата-анасы ие болады.
2. Заң бойынша мұрагер болу құқығын, екінші кезекте тең үлеспен мұра қалдырушының ата-анасы бір, ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), сондай-ақ оның әкесі жағынан да, анасы жағынан да атасы мен әжесі алады.
3. Үшінші кезекте, тең үлеспен мұра қалдырушының туған немере ағалары мен апалары алады. Туыстық дәрежесінің жақындығы ортақ ата-бабасының туу саны негізінде анықталады. Әрбір дүниеге келу бір ата (бір туыстық) дәрежесі деп аталады. Жалпы АК 1064-1068 баптары бойынша мұраға ие болу кезегі жетіге дейін болуы мүмкін. Мұрагерлік кезінде, бір жағынан, асырап алынған және оның ұрпақтары және екінші жағынан, асырап алушы мен оның туыстары қандас туыстарға теңеледі және т.с.с. Жақын туыстар деп ата-аналар, балалар, асырап алушылар, асырып алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек емес ағалы-інілер мен апалы-сіңлілер, аға-қарындастар, ата, әже немерелерді айтуға болады.
Әр азамат тірісінде өз дүние-мүлкін кімге болса да мұра етіп қалдыра алады. Өсиет бойынша мұрагерлік дегеніміз – заңда көрсетілген ретпен жасалған азаматтың өз дүние мүлкін кімге қалдыру жөніндегі тірі кезінде жасалған ерікті тапсырмасы. Өсиет жазбаша түрде жасалады. Оны нотариалдық кеңсе немесе жергілікті әкімшілік растайды. Өсиет қағазына мұра қалдырушы қол қояды, бірақ бұл кезде оның жанында нотариус немесе басқа лауазымды адам болуға тиіс. Әрекет қабілеттігі жоқ адам, болмаса өз әрекетінің мәнін түсінбейтін адам өсиет қағазына қол қоя алмайды. Мұра қалдырушы өз өсиетін өзгертуге де, жоюға да ерікті және кейінгі жасалған өсиет қағазы алдыңғыларын жоққа шығара алады.
Өсиет бойынша мұрагерлер мыналар болуы мүмкін:
1. заңға сай мұрагерлер;
2. заң бойынша мұрагерлікке кірмейтін бөтен адамдар;
3. мемлекет пен жеке ұйымдар;
Мұра ашылғаннан кейін заңда көрсетілген мерзім ішінде (6 ай, Азаматтық Кодекс 1063-бап) мұрагер ол мұраны қабылдай алады.
Мұрагерлікті қабылдау. Мұрагерлікті қабылдау – бұл мұрагер жасайтын біржақты мәміле. Азаматтық заңдар мұраны қабылдаудың екі тәсілін қарастырады:
1. мұрагерлік мүлікке нақты түрде билік етуге кірісу;
2. мұрагерлікті қабылдағаны жөнінде арыз беру арқылы;
Осы аталған іс-қимылдар да мұрагерлік алынған күннен бастап 6 ай мерзімде жасалуы тиіс. Аталған уақытта өткізіп алу мұрагерліктен айырылуға апарып соқтырады. Бірақ, мұра алушының себептері дәлелді болса, онда сот бұл уақытты ұзарта алады.
Мұрагерліктен бас тарту. Алты ай мерзім ішінде мұрагер мұрадан бас тарта алады. Бұл жағдайда мұра дүние мүлік басқа адамдар арасында теңдей бөлінеді.
Мұра қалдырушы өз меншігіндегі дүние-мүлкін мұрагерлеріне қалдырумен қалдырумен қатар, оның белгілі бір бөлігін басқа біреулерге қалдырғысы келуі мүмкін. Ол осыған орай өз мұрагерлеріне тиісті әрекеттер жасауға міндеттейді. Бұл өсиет тапсырмасы деп аталады. Бірақ ол жасы толмаған немесе еңбек қабілетсіз өз балаларын (оның ішінде асырап алған балаларын да), сондай-ақ өлген адамның еңбекке қабілетсіз ерін немесе зайыбын, ата-аналарының (бала асырап алушыларын да) және қарауында болған адамдардың ақшасыз, мүліксіз қалдырмауы тиіс.
Осы жағдайды ескеріп, өсиеттің мазмұны қандай болса да, мұраға ие болу кезінде соң аталғандардың әрқайсысына тиісті үлестің (міндетті үлестің) кемінде үштен екісіндей мөлшеріне ие болуды қарастырады. Міндетті үлестің мөлшерін белгілегенде үй жиһаздары мен бұйымдардан тұратын мұралық мүліктің құны да есепке алынады. Сонымен, мұрадағы міндетті үлес – өсиеттің мазмұнының қалай екеніне қарамастан берілетін заң бойынша тиісті үлестің бір бөлігі.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?