Тарих | ИРАН

Тарих  | ИРАН

(1935 жылға дейін Парсы елі), Иран Ислам Республикасы - Азиянын онт.-батыс бөлігінде орналасқан мемлекет. Жер көл. 1,648 млн. км 2. Халқы 65,2 млн. адам (1999). Халқынын үлттық күрамы: парсылар (51%), эзербайжандар (27%), күрдтер (5%), арабтар, турікмендер, белуджилер, армяндар, еврейлер, т.б. Қала халқы 58,3%. Астанасы - Тегеран қаласы (айналасын қосканда 12 млн-нан астам). Одан басқа Мешхед (1,5 млн.), Исфаһан (1 млн.), Тебриз (852 мын), Шираз (800 мын) сияқты ірі қалалар бар. Ресми тілі - парсы тілі. Мемл. Діні - ислам дінінің шиит тармағы. Иран - діни мемлекет. Елдегі саяси жөне діни билік аятолла Сейд Әли Хаменеидің колында. Президент (1997 жылдан бастап Сейд Мохаммед Хатами) 4 жылға сайланады және Мин. Кабинетін басқарады. Жоғ. зан шығарушы орган - бір палаталы парламснт - Ислам кеңссі жиналысы (меджлис) 4 жыл сайын сайланып отыратын 270 депутаттан тұрады. 1981 жылғы конституциясы бойынша, елде саяси жөне діни емес үйымдарға тыйым салынған. Ұлттық мейрамы 11 ақпан - Революция күні (1979). Ұлттық ақша бірлігі - риал.

1.1. Иран таулары

Иран Армиан таулы қыратының оңтүстік шығысы мен Иран таулы қыратының батыс бөлігінде орналасқан. Шет жактарында Солт. Иран (Эльбурс, Түрікмен - Хорасан), Оңт. Иран (Загрос, Мекран), Шыг. Иран (Серхед, Пеленган, Боран, Келат) таулары, орт-нда Кухруд жотасы, Деште-Кевир, Деште-Лух шөлдері орналасқан. Солт.-батысын Оңт. Каспий жөне Кура-Аракс ойпаттары, солт.-шығысын Горган жазығы, оңт-н - Гермезир шөлі алып жатыр. Жері, негізінен, таулы. Климаты суб-тропиктік, континенттік, жазы ыстык, қысы солт-нде салқын, оңт-нде жылы. Парсы және Оман шығанақтары жағалауларының климаты тропиктік. Каңтардағы орташа темп-ра 2°С-тан 19,4°С-ка дейін, шілде айында 29,4 - 32,5°С. Жауын-шашынның жылдык мөлш. 500 м.м.
Эльбурс тауы беткейіндс 2000 мм, Систан ойысында 50 - 60 мм. Жер беті суы аз. Ірі өзендері - Карун. Сефидруд, Гильменд, Қиыр солт-гінде Атрек, Аракс өз-дері бар. Таулы аудандарда коптеген колдер кездеседі. Жсрі сары, қоныр және қызғылт топыракты. Тау беткейлері орманды, өзендер бойы шалғын, ішкі аудандары шөл, шөлейт. Иран жерінде сүткоректілердің 100-ге тарта, құстардын 400-гс жуык, бауырымен жорғалаушылардың 80-ге жуық түрі бар. Шектес теңіздері балыққа бай. Пайдалы қазыдылары: мүнай, газ, тас көмір, темір, хромит, т.б.

1.2. Тарихы.

Иран жеріне адам баласы тым ерте заманнан бері қоныстанған. Б.з.б. 3-мың жылдықта казіргі И-ның оңтүстік -батысында алғашқы мемлекеттер күрыла баетады. Б.з.б. 2-мыңжылдыкта бүл аймаққа Орт. Азиядан арий тайпалары келіп коныстанды. Б.з.б. 673- 672 ж. қазіргі Иранның солт.-батысында Мидия мемлекеті пайда больш, 616 — 605 ж. Ассирияны талкан-дап, аса ірі мемлекетке ай-налды. Б.з.б. 550 ж. өкімет билігі парсылық Ахемен әу-летіне көшті (қ. Ахемен өуле-ті). Ахемен әулеті мемлеке-тінін шекарасы шығыста Үнді өз-нен батыста Эгей т-не дейін, солт-те Армсния-дан оңт-те Ніл өзендеріне дейін жетті. Батыс пен Шығысты жалғастыратын сауда жолдары үшін бұл мемлекет гректермен үзакқа созылған соғыс жүргізді. Сақтар елінс бірнеше дүркін баскыншылык жорықтар жасады (қ. Кир II, Дарий I). Ахемен әулеті мем-лекетін б.з.б. 330 ж. Александр Македонский талқандады. Иран эллиндік мемлекет-тердің билігіне көшіп, б.з.б. 2 ғ-дың орта түсынан бастап Парфия патшалығына ба-ғынды. 224 ж. Парфия мем-лекеті қүлап, орнына Сасани әулеті мемлекеті құрылды. Сасани әулеті мемлекеті Оңт. Арабияны, Сирияны, Палестинаны, Мысырды жаулап алды.


Тегеран келісімі. 1996 жыл

Византияға қауіп төндірді, Түрік қағана-тымен соғыс жүргізді. Бірақ Сасани әулеті мемлекеті араб-тардың шабуылынан құлап, 7 ғ-дың 2-жартысында И. Араб халифаты құрамына қо-сылды. 8 ғ-да Араб халифатының билеушісі Әбу әл-Аббас әс-Саффах халифат астанасын Бағдадқа көшірді. И. аумағы ұзақ жылдар бойы Аббас әулеті билеген Бағдад халифаты құрамында болып, мәдени және экон. дамуды басынан кешірді. 9 - 10 ғ-ларда елде Араб халифатына шартты түрде ғана тәуелді болған әмірліктер қүрылды. Елде экон. және мәдени өрлеу байқалып, қалалар өсе бастады. Сондай өмірліктердің бірі Самани әулеті биліктен кеткеннен кейін Шығыс Иран Ауғанстанмен және Орта Азиянын бір бөлігімен бірге
туркі текті Ғазнауи әулеті билеген мемлекеттің кұрамына кірді (қ. Ғазнауи әулеті). 11 ғ-да Иранға түрік-оғыздар (салжұқ) басып кіре бастады. Көп ұзамай олар Ғазнауи әулеті әскерін талқандап, бұкіл Иранды және көрші елдерді басып алып салжұқтар мемлекетін кұрды. 12 ғ-да салжұктар бірнеше сұлтандыққа бөлініп кетті де, осы ғасырдың аяғына таман бүкіл Иранды түркі қыпшақ тайпасынан шыққан Хорезм шаһы Текеш басып алды. 1220 - 56 ж. Иранды Шыңғыс хан әулеті жаулап алды. Олар елде Хулагу әулетіне карайтын ильхандар мемлекетін құрды. 14 ғ-дың 30-жылдары ильхандар мемлекеті бірнеше иелікке бөлініп кетті де, 1380 - 93 ж. Иранды Әмір Темір әскерлері басып алды. Әмір Темір өлгеннен кейін Шығыс Иран Темір өулетінің билігінде қалып, Батыс Иранда Қаракойлы мемлекеті қүрылды. 16 ғ-да Кіші Азиядан шықкан тұркі тайпалары (қызылбастар) Иранға басып кіріп, 1501 - 1610 ж. елді толығымен бағындырып, Сефеви әулеті мемлекетін қүрды. 17-18 ғ-ларда Иранның экономикасы қүлдырап, халықтың жағдайы нашарлап кетті. Ұсақ халықтар (ауғандар, түрікмендер, әзербайжандар, күрдтер, армяндар, грузиндер) орталықтың езгісіне қарсы жиі-жиі көтеріліс жасап түрды. Әсіресе, 18 ғасытдың 2-жартысында елдегі үстемдік үшін екі әулеттің (Зенд және Каджар) арасындағы үздіксіз соғыс халықты әбден калжыратты. 18 ғ-дың аяғында билікке Каджар әулеті келді. Осы кезден елдің ішкі істеріне еур. мемлекеттер (Англия, Франция) араласа бастады. 19 ғасырдың басында болған орыс-иран соғысынан кейін елде шетелдіктердің билігі күшейіп кетті. 19 ғасырдың аяғына таман Иран еур. мемлекеттердің жартылай отарына айнала бастады. 1901 ж. ағылшындар Иран мұнайын шығаруға рұқсат алып, 1909 ж. бірлескен ағылшын-парсы мұнай компаниясы құрылды. Елдің солт-не Ресей, оңт-не Ұлыбритания қожалық ете бастады. 1905 - 11 ж. елде шетелдіктерге карсы ұлтзаттық қозғалысы болып өтті. Оның барысында конституция жарияланып, меджлис шақырылды, ақсүйектік дәрежелер жойылды. Бірақ 1918 ж. ағылшындар бүкіл Иранды басып алып, 1919 ж. оны кіріптарлык шарттарға кол қоюға мәжбүр етті. Елде ағылшын үстсмдігіне қарсы жаңа толқулар басталды. 1921 ж. 21 акпанда әскерилер Реза ханның басшылығымен мемлекет төңксріс үйымдастырып, жаңа үкімет құрды. Жаңа үкімет халықтың қысымымен 1919 ж. ағылшын-парсы шартын жойылды деп жариялады. Армияға сүйенген Реза хан Орталыктың билігін күшейту ушін сепаратистік пиғылдағы Иран ақсұйектерімен үздіксіз күрес жүргізді. 1925 ж. 31 казанда 5-мсджлис Каджар әулетін тақтан түсті деп жариялады, 12 желтоқсанда Құрылтай жиналысы Реза ханды Рсза шаһ Пехлеви деп жариялады. Елде нарықтык қатынастар тез дами бастады. Халықтың модени және тұрмыстық өмірінде көптегсн өзгерістер болып өтті. Алайда, 1929 - 33 ж. болған дү-ииежүз. экон. дағдарыс Иран экономикасын тұралатып тастады. Халықтың түрмысы на-шарлап, елде толқулар басталды. Ол толкулар күшпен басылып отырды. 2-дүние-1 жүз. соғыс жылдарында Иранға одақгастар әскерлері енгізілді (1941 ж. тамызда ағылшын және кеңес әске 1942 ж. аяғына таман әскерлері). 1941 ж. 16 күйекте Реза шаһ тактан еркімен бас тартып, орнына баласы Мүхаммед Реза Пехлеви шаһ болды. 1942 ж. каңтарда Иран КСРО және Ұлыбритания мемлекеттерімен одактастық туралы шартқа кол қойды. 1943 ж. 9 күйектс Иран Германияға соғыс жариялады, бірақ соғыс қимылдарына араласқан жок Тегеран конференциясы кезінде 1943 ж. 1 желтоқсанда КСРО, АҚШ, Ұлыбритания үкіметтері Иранға территориялык тұтастығын сақтауға әзір | екендіктерін мәлімдеді. Соғыстан кейін Иран үкіметі Батыс елдерімен тығыз байланыс орнатгы. 1953 ж. ел тәуелсіздігін күшейтуге тырысқан М.Мосаддық үкіметі құлатылды. Иран шаһы М.Р. Пехлевидің көмегімен АҚШ | елдің ішкі өміріне белсене араласа бастады. Ел 1955 ж. АКШ-псн әскери келісімдер жасасты, 1960 жылдан бастап Батыс үлгісінде дами бастады. Елде шет ел капиталының үстемдік алуы, ұтгтық кұндылыктардың аяққа басылуы 1978 - 79 ж. халықтың ішінде шаһ үкіметіне қарсы жаппай бас көтеруіне алып келді. Оны елдегі шиит дінбасылары баскарды. 1979 ж. 11 акпанда болған революция нәтижесінде шаһ үкіметі кұлап, 1 сәуірден бастап Иран Ислам Республикасы жарияланды. Үкімет басына шиит дінбасыларының көсемі аятолла Р.Хомейни келді. Саяси партияларға тыйым салынды, шаһ үкіметі жойылды, Батыстьщ иелігіндегі барлык компаниялар мүлкі мемлекет меншігіне алынды, ел СЕАТО блогынан шығып, Блоктарға қосылмау козғалысына мүше болып енді. 1980 - 90 ж. болған Иран-Ирак соғысы ел экономикасына өте ауыр (700 млрд. АКШ долларынан астам зардаптар әкелді (қ. Иран - Ирак соғысы). Қазіргі кезде Иран үкіметі Батыс елдері қолданып отырған оқшаулау саясаты ыкпалын бәсендету үшін белсенді сыртқы саясат жүргізуде.

1.3. Экономикасы

Ел экономикасының негізі мүнай жөне мүнай мен газ өңдеу өнер-кәсіптері. Мемлекеттік кірістің 1/3 және экспорттың 90%-ына жуығы осы салалардан алынады. Елде жыл сайын 180 млн. тоннаға жуык мұнай, 58 млрд. м3 газ (қоры 14 трл. м3 шамасында) өндіріледі. Экономиканың басқа салалары да дамыған, бірақ сыртқы экономика байланыстардың нашарлығынан және қаржы жетіспеушілігінен толық куатымен жүмыс істей алмауда. Өнеркәсіпке қажетті қүрал-саймандар 90%-ға дейін шеттен әкелінеді. Ауыл шаруашылығы нашар дамыған. Түрғындар үшін бидай, күріш, кант, өсімдік майы, т.б. шеттен (жыл сайын 2 млрд. АКШ долл-на) әкелінеді. Соңғы жылдары туризм дами бастады. Үлттык байлыктын 36%-ы өнеркәсіптен, 22%-ы ауыл шаруаашылығынан, калғаны қызмет көрсету секторынан тұрады. Мұнай экспортынан жыл сайын 16,3 млрд. АҚШ долл-ы түседі. Ұлттық табыс 75 млрд. АҚШ долл. көлемінде, жан басына шакканда - 1250 долл. шамасында. Елдегі басты проблеманың бірі — жүмыссыздык (3,5 млн. адам). Мұнайдан баска экспортқа кейбір өнеркәсіп тауарлары, ауыл шаруашылығы өнімдері. кілем, халық тұтыну тауарлары шығарылады. Шеттен - азык-түлік өнімдері (30%). машина, күрал-жабдыктар. кейбір өнеркәсіп шикізаттары әкелінеді. Негізгі сауда серіктестері: Германия, Жапония, Ұлыбритания, Италия, Араб елдері, Түркия. Қазакстанмен дипломатиялық және экономикалық байланыс 1992 ж. орнады. Қазақстан Президенті Н.Назарбаев екі рет (1992; 1996) Иранда болып кайтты. Өз кезегінде Иран басшылары да (1993 ж. А.Хашеми Рафсанджани, 1998 ж. М.Хатами) Қазақстанда болды. Екі жақ арасында 40-ка жуык келісімдерге қол койылған, соның ішінде ен маңыздылары мұнай мен газды Иран арқылы шетке шығару, жаңа астанадағы кұрылыска Иран жағынын қатысуы, Каспий теңізі мәртебесін шешу, т.б. мәселелер. 2002 ж. Тегеран бағытында темір жол байланысы орнатылды.

1.4. Әдебиеті.

Иран әдебиеті ежелгі дәуірде және орта ғасырларда парсы тілі тобына жататын халықтар (парсы, тәжік. ауған, күрд, т.б.) мен түркі тілінде сөйлейтін (өзбек, түрік-мен, әзербайжан, түрік) халықтардың әдебиеті аркылы қалыптасты. Иран әдебиетінің классикалық дөуірін (7 — 16 ғ-лар) парсы не парсы-тәжік әдебиеті деп атанды. Сасани әулеті мемлекетін Араб халифаты басып алған соң (7 ғ.), араб тілі негізгі әдеби тіл болып, парсы тіліндегі күнды шығармалар араб тіліне аударылды ("Қалила мен Димна", т.б.). Парсы тіліндегі әдсбиет, әсіресе. Рудаки (860
941) тұсында толық қалыптасты, кейін Фирдауси (940 - 1020 ж.ш.) "Шаһнама" эпопеясын жазды. Көрнекті акын әрі ғалым Омар һайям (1048 ж. ш. т. - 1122 жылдан кейін) сол заманның әлеум. болмысын жырлады. Әзербайжан акыны Низамидің (1141 -1209) "Бестік" ("Хамса") атты шығармасы жазылған кезден бастап Иран әдебиетінде адамгершілік тақырыбы өріс алды. Иран әдебиетінін гүлденген кезі — 13-14 ғ-лар. Бұ.т кезде Закани, ибн-Ямин. Сағди. Хафиз сияқты атақты ақындар шықты. Иран революциясы (1905-11) және азаматтық қозғалыс (1918- 21) кезінде А.Фарахани, М.Кермани. М.Т. Бехар, т.б. акындар демокр. идеяның жыршысы болды. Бүл кезде С.Хедаяттын "Қаңғыбас төбет" (1943). "Азғындык" (1944) әңгімелер жинактары мен "Хаджи аға" повесі (1945). Б.Алевидің "Елу үш" (1942). "Түрме жазбалары" (1941) сиякты түнек жылдарын суреттеген романдары жарияланды. Ирандағы әлеуметтік проблемаларды көрсеткен Ускуидін "Періште жылағанда" (1963). Саркоштың "Көз жасының зары" (1965). А.М. Афганидің "Ахуханумның күйеуі" (1962), т.б. роман-повестері жарияланды. Иран әдебиетінен "Парсы ертегілері" (1958), Омар һайям рубаилары (1965), Сағдидың "Бустан" дастаны (1970), т.б. қазак тіліне аударылды.

1.5. Өнері.

Иран территориясында неолит дәуіріне жататын. кабырғалары өрнектелген егіншілік қүрылыстары. адам және жануарлар бейнелері. әшекейлі қыш ыдыстар (б.з.б. 5 - 4 ғ-лар, Сузы, Тепе-Сиалк, Тали-Бакун) сақталған. Хұзыстан, Күрдстан жартастарындағы рельсфтер. Сұзыдан табылған, асыл металдан жасалған көркем заттар Иран өнерінің өз заманында жоғары дәрежеде болғанын дәлелдейді. Иран жерінде сактар тарихына қатысты мәдени ескерткіштер де мол сақталған (к.Бехистун сына жазуы, т.б.). Сасани әулеті дәуірінде (3 - 7 ғ-лар) қалаларды қорған ішіне жүйелі жоба бойынша салу канат жайды (мыс. Нишапур к. шахмат жүйесімен салынған). Мүсін жасау. жартастарға рельеф кашау елеулі орын алды. Алтын, күміс. кола және әйнсктен әр түрлі бұйымдар жасау. жүн және жібек мата тоқу өркен жайды. 7 ғ-да арабтардын ислам дінін таратуына байланысты мұнаралы мешіттер. медресслер, күмбездер пайда болды. 1305 - 13 ж. осы дәуірдегі сәулет өнсрінің көрнекті ескерткіші Ольджейту-Ходабенде кесенесі (сәулетші Әли шаһ) түрғызы.тды. 14 ғ-дан кейін қолжазба көркемдеу, қабырғаға сурет салу дамыды.
15ғ-да Иран миниатюрасының өркендеуіне Герат мектебі үлкен әсер етті. 16-17 ғ-ларда пайда болған Тебриз, Шираз, Исфаһан (Риза Аббаси, т.б.) мектептері миниатюра өнерін жоғары дәрежеге көтерді. 18 - 19 ғ-ларда еур. өнердің ықпалымен сулы және майлы бояумен орындалған алғашкы туындылар өмірге келді. 20 ғ-да жаңа типті архит. күрылыстар салына бастады. Иранның жаңа архит. мұралары казіргі стиль мен үлттық үлгідегі сәулет өнерін ұштастырған. 20 ғ-дың басынан мүсін, графика, кескіндеме жанры дамып келеді. Сән және қосалкы өнердің дәстүрлі түрлері сақталған.Көсіби және халық музыкасының ғасырлық дәстүрі бар. Иран музыкасы, негізінен, монодиялық (бір дауысты) түрде кездеседі. Халық музыкасының теснифа (баллада), теране (жергілікті әуен), касида (ода), ғазел (лирикалық ән) түрлері көп тараған. Музка аспаптары: саз, тар (ішекті), кеманча (әшекті-ысқылы), керней, зурна (үрлемелі), зарб (соқпалы). Арабтар жаулап алғаннан кейін Иран музыкасына мұсылмандық араб мәдениетінің ыкпалы тиді.
9 ғ-дан бастап сарай өнері дамып, халық арасында мутребтердің (әнші-бишілер) даңкы жойылды. 19 ғ-дың 2-жартысынан Иран музыкасына еур. музка мәдениеті әсер етті. 20 ғ-дын 20-жылдары композитор әрі шебер орындаушы, Тегеран ун-тінің проф. Әли Наги Уәзири үлттық музыканы оқып-үйренудщ непзін салды, музка теориясынан оқулык жазып, Тегеранда музка мектебін ашты. Иранда Рудаки атында Опера және балет театры (1967, Тегеран), Телевизия балет труппасы, филармония (1953), 2 симф. оркестр жүмыс істейді. Театр өнерінің негізі халықтық салт-дәстүрлерде жатыр. Ежелгі базигер театры жайлы деректер сақталған. Пантомима, көлеңке және куыршақ театрлары болған. 10 ғ-да пайда болған мистерия діни ғүрып шахсей-вахсейдін қүрамына енді. 17-18 ғ-ларда ол трагедиялык мистерия түрлерінің бірі - тазийенің негізін калады. 20 ғ-дың 30-жылдарына дейін кезбе актерлер - маскарапаздар өнер көрсетіп келді. 1911-12 ж. еур. театрлар тәжірибелерін пайдалана отырып Ұлттық театр, 1917 ж. Иранның комедия театры ашылды. Бүл театрларды құруда актер Сейед Әли Нэсірдің еңбегі зор. 1929 жылдан бастап әйел актерлер көріне бастады. 1930- 40 ж. театр репертуарларынан өңделген Бат. Еуропа драмалары мен мелодрамалар орын алды. 1940 жылдан Иран театры дағдарысқа ұшырады, 1960 жылдардың басында қайта өрлеу жолына түсті. 1963 ж. Тегеранда кәсіби актерлер дайындайтын драм. студия ашылды. Тегеранда "25-шахривар", "Касра", "Нәсір", "Жамейе Барбод", Мешхедте Ұлттык театр, Исфаһанда "Сепахан", Хамаданда "Були" театрлары жүмыс істеді. 1968 жылдан бастап Ширазда театр фестивалы өткізіліп түрды. 1973 ж. осы фестивальға Казақ драма театрының группасы қатысып, Ш.Айтматовтың "Ана -Жер-ана" спектаклін көрсетті. 1930 ж. түңғыш "Әб аби" атты фарстық фильм (рсж. Эханиян), 1934 ж. дыбысты "Лор қызы" фильмі (реж. А.Х. Сепента) түсірілді. 20 ғ-дың 40-жылдарына дейін, көбінесе, шетелдік фильмдер көрсетіліп келді. 1946 ж. Те-гсранда "Митра-фильм" киностудиясы кұрылды. 1960 - 70 ж. муз. комедияларға, шағын драмаларға, мифтік және тарихи сюжеттерге қүрылған фильмдер қойылды. Тегеранда 1955 жылдан халықар., 1970 жылдан үлттық кино-фестивальдер өткізіліп түрады. Иран кинематографиясынын дамуына реж. И.Кушан, М.Мисагие, Мохтасем, М.Мохсени, С.Ясеми, Ш.Рафия елеулі үлес қосты.
Әдеб.: История Иранского го-сударства и культуры, М., 1971; Политическая история государств Азии и Африки, М., 1996.
К Түлакбаева ИРАН ҒАЙЫП, О р а з б а -ев Иранбек Әбітай-үлы (7.6.1947 ж.т., Қызылорда обл., Сырдария ауд., Абай а.) — ақын, драматург. Қазақ политех. ин-тын (1970), Мәскеудегі Әдебиет ин-ты жанындагы жоғары әдеби курсты (1980) бітірген. Қызылорда обл. "Білім" қоғамында референт, "Жазушы" баспасында редактор, "Қазақ о.дебиеті" газетінде бөлім меңгерушісі, Модениет к-тінің редакпиялық-репертуарлық коллегиясының бас редакторы кызметтерін атқарған. 1998 жылдан Қазақ жастар мсн балалар театрының әдебиет бөлімін баскарады. Ақынның алғашкы "Жүрек жырлайды" атты жыр жинағы 1974 ж. жарык көрді. Кейін казак халкынын драмалық-поэзия корына рухани асыл казына болып косылған "Тын қүрбаны", "Хайуандық комедия", "Күшігінен таланған", "Мен ішпеген у бар ма?", "Баткан кеменің бейбақтары", "Желжуан", "Кұдай карғағандар", "Жамбылдың кызыл жолбарысы", "Негізгі шаруа", "Канына тартқан кыңырлар", "АлтынЯ адам", "Аттын ажал", "Киелі күнә" атты дастандарын жазды. Ақынның "Глаза ночи" (1983), "Царь слова" (1984), "Наследник" (1988) аггы кітаптары орыс тілінде жарық көрді. И. Ғ-тың 1990 ж. үш томдық таңдамалы жыр жинағы жарық көрді.
Ш ы г.: Баткан кеменін бейбак-тары. Дастандар, 1990; Мұнар, I мунар, мұнарым. Қасірет кітабы, 1992; Иран бағы. Тамдамалы, 1995; Соз патшалығы. Таңдамалы, 1996; ■ Жыр әлемі. Жыр кітабы,
2. ИРАН - ИРАК СОҒЫСЫ

Парсы бұғазына үстемдік жүргізу үшін 1980 ж. қыркүйек - 1988 ж. тамыз аралығында болған соғыс. 1979 ж. ақпанда Иранда болған революция елде монархияны кұлатып, шет ел капиталының ықлалын шектеді. Шиизм бағытындағы Иран саясаты АКШ, Израиль үкіметтерін ғана емес, көршілес араб елдерін де шошындырды. КСРО-ның Ауғанстанға әскер кіргізу (1979 ж. желтоқсан) саясатына карсылық білдіруіне байланысты Иран мен Кеңестер Одағы арасыда нашарлады. Ирак басшысы С.Хусейн шекара дауын сылтауратып, Иранға соғыс жариялады. Ол өзін бүкіл арабтардың корғаушысымын деп атап, кейбір араб елдерінен көмек алды. Алғашында Ирак армиясы біршама табыстарға жетіп, Иран территориясына басып кіргенімен, соғыс тым үзаққа созылып кетті. Майдан даласындағы адам шығыны 1 млн-нан асты, жараланғандар бірнеше млн-ға жетті. Екі жақ та соғыстан аса зор экон. шығын тартты. Бүл соғыс Иранға 700 млрд. АҚШ долл-ынан аса шығын әкелді. Бюджеттің 40%-ы әсксри шығындарға кетіп, өндеуші өндіріс орындарының 60%-ына жуығы істен шыкты. Иракта бүл соғыстан орасан зор экон. және адам ресурстары шығынын тартты. Күрдстандағы саяси партиялар өзара бірігіп, Бағдадтан бөлініп шығуға әрекеттенді. С.Хусейн Күрдстанға 4 әскер құрамасын жіберіп, әрең дегенде қайтадан бағындырды. Ирак ядрролық қаруды жасауға әрекеттенді, бірақ Бағдад түбіндегі атом қуатын зерттейтін өндіріс орталықтарын 1981 ж. шілдеде Израиль ұшақтары бомбалап, құртып жіберді. Дегенмен, Ирак осы сала мен бактерологиялық карулар жасау істеріне көп қаржы бөлді. Екі мұсылман мемлекетінің бір-бірімен өте үзақ уақыт бойы соғысуы Таяу Шығыстағы халықар. жағдайды күрт күрделендіріп жіберді. 1988 ж. 20 шілдеде екі жақ соғыс қимылдарын уакытша токтатты. 1990 ж. 15 шілдеде С.Хусейн Иран Президенті Рафсанджаниге бейбіт келісім жасасуга ұсыныс жасады. Иран үкіметі бұл ұсынысты қабыл алғаннан ксйін, 1990 ж. 17 — 22 шілде аралығында Ирак өз әскерін Иран территориясынан алып кетті де, Халықар. Қызыл крест және Қызыл ай үйымының бақылауымен соғыс тұтқындарын алмасу басталды. Екі ел шекарасы 1975 ж. Алжир келісімінде бекітілген Шатт әл-Араб өз. бойымен өтетін болды. Осы жылғы қазан айынан бастап екі ел арасында дипломатиялық қатынастар қалпына келтірілді.

3. ИРАН РЕВОЛЮЦИЯСЫ

Ирандағы шаһ билігі мен шетелдіктерге қарсы 1905 -11 ж. болган ұлт-азаттық қозғалыс. 20 ғ-дың басында Иран Ұлыбритания мен Ресейдің жартылай отарына айналды. Халықтың тұрмысы қатты нашарлап, елде билеуші Каджар әулеті мен оларды кызу қолдап отырған шетелдіктсргс қарсы жаппай наразылық қалыптасты. Революцияның қозғаушы әрі негізгі күші жаңадан қалыптасып келе жатқан үлттық буржуазия мен жүмысшылар, қолөнершілер, үсақ меншік иелері, шаруалар болды. Иран республикасына, бір жағынан, көрші Ресейдегі 1905- 07 ж. революция да өз әсерін тигізді. 1903- 04 ж. Иранда қатты қүрғақшылық болып, бұқара халық қатты күйзелді. Көтеріліс 1905 ж. желтоқсаңда Тегеран, Шираз, Мешхед, т.б. қалаларда шаһ билігіне қарсы жаппай ереуілдермен басталды. Халықтың қысымымен шаһ 1906 ж. 5 тамызда конституция қабылдап, 7 қазанда 1-Иран мәжілісі ашылды. Конституция қабылдаумен революцияның 1-кезеңі аяқталып, 2-кезеңі басталды. 1907 ж. 7 қазанда өткен мәжілісте Негізгі заңға қосымшалар (азаматтардың саяси қүқықтары) енгізілді. Шаһ үкіметі көтерілісті басу үшін Ұлыбритания және Ресей мемлекеттерімен келісімге келді. 1908 ж. 23 маусымда Мүхаммед Әли шаһ шет ел әскерлерінің көмегімен және парсы-казактар бригадасы күшімен төңкеріс жасап, ел астанасы Тегерандағы көтерілісті басып тастады. Енді күрес орталығы Иран Әзербайжанына (Тебриз) ауысты. Саттар хан және Багир хан атты халықтан шыққан басшылар 20 мыңнан астам көтерілісшілерді өз маңайына топтастырып, Тебризде мыкты тәртіп орнатты. Оларға Кавказдан (Баку, Ереван, Тбилиси, т.б.) еріктілер келіп қосылып жатты. Халық қозғалысы қайта күшейіп, көтерілісшілер Тегеранға жойқын жорық жасады. Нәтижесінде, 1909 ж. шілдеде Мүхаммед Әли шаһ тақтан түсіріліп, орнына кәмелеткс толмаған баласы Ахмед шаһ отырды. 1909 жылы көктемде өзара келісе отырып, Оңт. Иранға ағылшын әскерлері, Иран Әзербайжаны мен Гилян қалаларына Ресей әскерлері кіргізілді. 1911 ж. шілдеде Ресей үкіметінің кұпия қолдауымен елге бұрынғы шаһ Мүхаммед Әли келді. Осы-ған байланысты Күрдстанда інісі Салар әд-Доул бүлік шығарды. Иранда халық наразылығы қатты күшейіп,жер-жерде қайтадан қарулы жасақтар құрыла бастады. Күзге қарай Мүхаммед Әли мен оның інісі біріккен үкімет күштері мен көтерілісші жасақтардан күйрей жеңілді. 1911 ж. аяғына қарай Ресей және Ұлыбритания үкіметтерінің қолдауына сүйенген үкімет әскерлері көтерілісшілерді толығымен талқандады. Сөйтіп, Иран революциясы аяқталды.

4. ИРАН ТАУЛЫ ҚЫРАТЫ

Батыс Азия таулы қыраттарының бірі. Батысында Месопотам ойпатынан шыгысыпда Инд өзнің аңғарына дейін созылған. Көп жері (шамамен 2/3-і бөлігі) Иранда, қалғаны Ауғанстан мен Пәкстанда, шет жақтары Ирак пен Түрікменстан жеріне кіреді. Ішкі бөлігі кең көлемді тау үстіртін (биікт. 500 -2000 м) кұрайды. Ішкі тау массивтерінің ірілері: Орта Иран, Шығ. Иран жоне Орта Ауған таулары (1500 - 2500 м). Түйық ойыстарды Деште-Кевир, Деште-Лут, Деште-Марго, т.б. шөлдер алып жатыр. Шеттерін биік тау жоталары жиектейді: солт-нде Эльбурс (Демавенд жанар-тауы, 5604 м), Түрікмен-Хорасан таулары, Паропамиз, Гиндукуш, оңт-нде - Загрос, Мекран, Сүлеймен таулары бар. Иран таулы қыраты Альпі -Гималай геосинклинальдік белдеуінде альпілік және одан бұрынғы тау түзілуінің нәтижесінде калыптасқан. Таулы қыраттың қатпарлы негізі пайда болғаннан кеінгі көтерілу және ыдырау жаңартау әрекетін жандандырған. Соған сәйкес жеке бөліктерінің жер бедерінде сөнген және сөнуге айналган жанартаулар үлкен орын алады. Қырат кен байлықгарға өте бай. Басты байлығы - мұнай, сондай-ақ, ас тұзы, глаубер тұзы, калий тұзы, тас көмір, темір, мырыш, қор-ғасын, алтын кендері көп. Климаты субтропиктік, кұрғак. Жылдық жауын-шашын мөлшері ішкі таулы үстіртте 311 100 - 500 мм, Эльбурстың солт. беткейінде 1000 - 2000 мм-ге дейін жетеді. Шілденің орташа темп-расы 24 - 30°С, қаңтардың орташа температурасы көп жерінде 0°С (Каспий ойпаты маңында), тек оңт-ңде ғана 15°С-ка де-йін барады. Жср беті суға тапшы. Өзендерінің суы аз (ең үзын өзені Гильменд), ағын тек жаңбырлы кезенде ғана пайда болады. Көлдері (ең үлкен колі Урмия) түзды, тайыз, жазда көпшілігі тартылып калады. Шөлейт пен шөл ландшафтысы басым. Эльбурстың солт. беткейінде және Каспий туы жағалауында ылғалды субтропиктік орман өседі. Басқа шеткі тауларлдың беткейлерін сирек қүрғақ орман мен саванна-лар, тау бастарын альпілік шалғындар алып жатыр.

5. ИРАН - ТҮРКИЯ СОҒЫСЫ

Осман сұлтандығы мен Сефеви әулеті билеген Иран мемлекеттері арасындағы 16-18 ғ-лардағы діншілдік ұрандар негізінде болған соғыс. Соғыс сунниттср мен шииттер арасында діни негізде жүргенімен, шындығында 2 ірі мемлекет Армения, Грузия, Әзсрбайжан, Күрдстан мен Иракты бөлісіп, осы аймақтардағы стратегиялык сауда жолдарына бақылау орнату мақсатын көздеді. Соғыс 1514 ж. басталып, араға үзілістер салып, 232 жылға созылды. 1-кезеңі 1514 -78 ж. аралығында өтіп, бірнеше ірі-ірі шайкастар (1514 - 15; 1533 - 35; 1549- 55) болды. Нәтижесінде түріктер Иракка, ал парсылар Әзербайжанға толык иелік етті. Грузия 2-ге бөлініп, Батыс Грузия түріктерге, ал Шығыс Грузия мен Армения Иранға карады. Соғыстың 2-кезені 1578 ж. басталып, дүркін-дүркін шайкастар (1578 - 90; 1602-12; 1616 -18; 1623 - 39; 1723 - 27; 1730 - 36; 1743-46) негізінде 170 жылдай уакытқа созылды. Иран-Түркия соғысы екі мемлекеттің бүқара халқына,312 әсіресе, соғыс болған аймақтардың тұрғындарына орасан зор ауыртпалықтар әкелді. Иран тағына шаһ Аббас (1587-1623) келгеннен кейін парсылар 1602- 12 ж. және 1616-18 ж. түрік әскерлерінен басым түсті. Соғыс барысында 300 мың Армения түрғыны шаһтың әмірімен Иранға айдалды. Сефеви әулеті мемлекеті ыдырағаннан кейін Ах-мад II сүлтан (1703 - 30) кезекті соғыста (1723 - 27) ирандықтарды талқандап Шығыс Грузияны, Шығыс Арменияны, Әзербайжанды, Батыс Иранды (Луристан, Казвин, Хамадан) басып алды. Иран-Түркия соғысы нәтижесінде Кавказ халыктары қатты қырғынға үшырап, оларды енді күшейіп келе жаткан Ресей империясымен одақгасуға итермеледі. Кавказ халықтарының Ресеймен жақындасуы келешектегі орыс - иран және орыс - түрік соғыстарының алғы шарттарын әзірледі. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі