Саясаттану | Демократия туралы жалпы түсінік

Саясаттану | Демократия туралы жалпы түсінік

Демократия деген сөз гректің «демос» - халық және «кратос» - билік деген сөздерінен тұрады, яғни халық билігі деген мағынаны білдіреді.
Қазір бұл сөз бірнеше мағынада қолданылады:
1) мемлекеттің типі мен жалпы жүйесі;
2) мүшелерінің теңдігіне, басқару органдарының мерзімді сайлануы және көпшілік дауыспен шешімдер қабылдау принциптеріне негізделген кез-келген ұйымның ұйымдастырылу түрі;
3) қоғамдық құрылымның мұраты және соған көзқарастар.
Демократияның көпшілік таныған біріңғай анықтамасы жоқ. Әр дәуірдегі ойшылдар оны әр түрлі түсінген. Оның үстіне әр түрлі елдерде олардың ұлттық, тарихи т. б. Ерекшеліктеріне байланысты демократия сан түрлі рең алуы мүмкін. Дегенмен, демократиялық мемлекеттердің көп түрлілігіне қарамастан, олардың ортақ белгілері болады. Ондай белгілерге төмендегілер жатады.
1. Халықтың заң жүзінде мемлекеттік биліктің бірден-бірбастауы саналуы. Ол мемлекетте ұйымдастырушы, конституциялық биліктің халыққа тән екендігіне көз жеткізеді. Бірталай мемлекеттерде халықтың бастамасымен және референдум арқылы заңдар жетілдіріледі және қабылданады. Сондықтан АҚШ-тың төртінші президенті А. Линкольн демократияға «халық үшін халық билігін» жатқызды.
2. Халық билігін орнату үшін оған жағдай жасау керек. Ондай жағдай теңдік болған жерде ғана болады. Б.з.д. 5- ғасырда өмір сүрген гректің атақты тарихшысы Геродот сол кездің өзінде демократия деп теңдікке негізделген мемлекетті айтады деген болатын. Теңдік барлық салада – халық жиналысында, мемлекеттік істерге қатысуда, заң шығаруда, оны орындауда және т.т. болуға тиіс.
3. Табиғатына, әлеуметтік, саяси, мәдени және т.с.с. ерекшеліктеріне байланысты адамдар әр түрлі болды. Солардың бәрін қалай теңдестіруге болады? Ол үшін заң, құқық алдындағы теңдік болуы керек. Заң және құқық – жалпы және барлығына бірдей қоғамдық және саяси өмірдегі демократиялықтыңнегізі және қорғаушысы. Олар қоғамдағы қатынастарды реттейді, жүріс-тұрыс, іс-әрекеттер ережелерін орнатады. Бірақ қоғам біреулерге рұқсат етілгенді екіншілерге рұқсат етпеуі,біреулерге басымдық беріп, басқаларға қысым көрсетуі мүмкін. Билік иелері заң мен құқықты өз мақсатында пайдаланғылары келеді. Сондықтан құқықтық теңсіздікті болдырмау керек. Оны қалай жасауға болады?
4. Оның кепілі - әділеттілік. Әділеттіліктің де біріңғай ұғымы жоқ. Ол жөнінде әр түрлі тарихи дәуірлерде әр қоғамның өзіндік түсінігі болады. Кеңес заманында еріксіз ұжымдастыру барысында қазақ халқының жартысына жуығы қырылып, біразы босап кетті. 1986 жылы желтоқсанда жастарды қырғынға ұшырату біреулерге әділетті көрінді. Сайып келгенде, әділеттілік қоғамдық қатынастармен, қоғамдағы саяси құрылыспен, оның мемлекеттілігінің тұрпатымен, саяси мәдениетінің дәрежесімен айқындалады.
5. Ал қазақ жастары болса желтоқсан көтерілісінде бостандық, еркіндік үшін алаңға шыққан болатын. Бұл – демократияның бесінші белгісі. Қазақ халқы еркіндікке жету үшін ғасырлар бойы күрессе, адамзат қоғамына демократияны шектейтін, теңдік пен әділдікті бұзатын, қанаудың, тәуелділіктің барлық түрлерінен азат етілуүшін мыңдаған жылдар бойы күресуіне, реформалар, өзгерістер жасауына, сан рет жеңілуге, жеңіске жетуге тура келді. Теңдікке, әділеттілікке, еркіндікке, демократияға, олардың принциптеріне сәйкес өмір сүрүге үйрету және үйрену керек. Құқық пен заң адамды күйзелу, қорқыныш, заңсыздықтан құтқаруға міндетті. Қорыта келгенде, осының бәрі еркіндік, бостандыққа байланысты.
Жоғарыда көрсетілген белгілермен қатар демократиялық принципке жүйелі түрде мемлекеттің негізгі органдарын сайлау жатады. Ең алдымен жоғарғы заң органы сайланбалы болуға тиіс. Одан соң төменгі өзін-өзі басқаратын органдарға дейін сайланбалы болғаны дұрыс. Сонымен қатар шешім қабылдағанда ерте заманнан демократияға азшылықтың өз пікірі болуы, оны сыйлау,онымен санасу керектігі мойындалды. Қазіргі демократиялық процесте мынадай демократиялық рәсімдер де қарастырылған: барлық сайлаушылардың тең дауыс құқығы, сайлаудың еркіндігі, балама үміткердің болуы, тізім бойынша сайламау, демократияның үздіксіз қоғамдық бақылау аясында болуы, мемлекеттің дау-дамай, шиеліністерді реттеудегі ықпалды тетіктерін табуы және т.с.с.
Демократия болу үшін саяси, экономикалық, құқықтық,мәдени, идеологиялық кепідіктер жүйесі болуы шарт. Оның маңызды кепілдігіне әр түрлі демократиялық елдерде қалыптасып жатқан азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттер жатады. Сонымен,демократия деп халық билігі, теңдік, құқық, әділдік, еркіндік принциптеріне негізделген мемлекеттік құрылысты айтамыз.
Халықтың билігі ретіндегі демократия көбіне утопиялық арман-аңсарды білдіреді. Кейбіреулер оған жақындайды, кейбіреулерге көкжиекте көрініп тұрғандай көрінеді, біреулерге оған жету жолы оңайырақ, кейбіреулерге қиынға түседі. Дегенмен, ол – шындыұ, өмірдегі бағдар, нысана, қоғамның саяси дамуының мақсаты. Ағылшынның көп жылдар премьер-министрі болған Уинстон Черчилльдің айтуы бойынша, «демократияның көп кемшіліктері бар, бірақ оның ең құндылығы сонда – бұдан артықты бүгінге дейін ешкім ойлап тапқан жоқ».
Демократиялық мемлекеттің ең бірінші түріне Афины рес- публикасы жатады. Ол б.з.б. 5-ғасырда пайда болған. Онда жо-ғарғы билік ұдайы шақырылып тұратын халық кеңесінің қолында еді. Ол мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатына бай-ланысты барлық мәселелерді шешетін. Халық кеңесімен қатар демократиялық жолмен сайланатын бесжүздік кеңесі де болды. Ол атқаратын орган ретінде күнделікті басқару мәселерімен шұғылданды. Сонымен бірге ол халық кеңесінде қаралатын істерді дайындайды. Афины мемлекеттік құрылысының үшінші маңызды демократиялық органын он бөлімнен тұратын халық соты құрды. Істің қандай бөлімде қаралатын- дығы сот болатын күні жеребе арқылы шешілетін. Бұл пара алушылық сияқты зиянды әдеттерге жол бере қоймайды.Оның үстіне сот мәжілістері ашық жүргізілетін. Ол да сотты әділ жүргізуге кепілдік ететін. Заңдар халық жиналысында қабылданатын. Афинының азаматтары өзін еркін санайтын. Себебі, олар жеке адамдарға емес, заңға ғана бағын- атын. Олар соғыс кезінде болсын, бейбіт шақта болсын мемлекетке қызмет ететін.
Ежелгі грек полисінде мемлекет қауым сияқты еді. Әрбір толық құқықты азамат меншікке иелік етіп, жерді пайдалана алатын.
Өзіне тиісті үлесін қожасы мұра етіп қалдыра алатын, сатқысы келсе сататын. Бірақ ол жер өңделмесе, қауым оны басқа біреуге бере алатын. Полисте азаматтық қоғам мен мемлекет ажыратылмады. Азамат және мемлекеттің құқығы мен міндет- тері біртұтас еді. Сондықтан өз құқығын басқа біреуге беру деген ойға да келмеді.Ал антикалық демократия тура демократиға жатты. Әрбір еркін азамат мемлекеттік билеуге қатысуға құқықты және міндетті болатын. Сондықтан адам мен мемлекеттің арасында қазіргідей партия, парламент, бюрократия сияқтылар болған жоқ.
Афиналық демократия Периклдің б.з.б. 490-429 басшылық еткен дәуірінде әсіресе гүлденіп өркендеді. Бұл кез афинанылық демократияның алтын ғасыры болып саналады. Периклдің басшылығымен жүргізілген реформаларда билікті барлық ерікті адамдарға мүмкіндігінше біркелкі бөліп беру қарастырылды. Ол орта және ұсақ жер иелерін демократияның тірегі ретінде санап, оларды қолдады. Ол өлгеннен кейін демократиялық принциптер әлсіреп, жойыла бастады.
Б.з.б. 322 жылы афинылық демократия құлап,қала Македонияға тәуелді болып қалды. Афиныда демократиялық басқару түрі сақталып, бірақ халық кеңесі шын мәніндегі биліктен айрылды. Афиныдағы сияқты демократиялық мемлекет Ежелгі Римде де болды. Мұнда ол одан әрі дамыды. Институционалдық және әлеуметтік билік бөлінеді. Басы бос,бірақ саяси тең құқы жоқ төменгі топтың адамдары мен ақсүйектер арасындағы дау-жанжалдың нәтижесінде халықтық трибунат деп аталған, халық билігін білдіретін жаңа орган пайда болды. Соның арқасында адамзат тарихында бірінші болып биліктің аралас түрі дүниеге келдің, бірақ саяси тең құқы жоқ төменгі топтың адамдары мен ақсүйектер арасындағы дау-жанжалдың нәтижесінде халықтық трибунат деп аталған, халық билігін білдіретін жаңа орган пайда болды. Соның арқасында адамзат тарихында бірінші болып биліктің аралас түрі дүниеге келді. Сонымен, мемлекеттік биліктің демократиялық түрі алғаш рет Ежелгі Греция мен Ежелгі Римде пайда болды.
Жаңа дәуірдегі демократияның классикалық теориясы да антикалық идеялардан бастау алды.Оның өзгешелігі ең алдымен барлық адамдар тең, бәрі де саяси шешімдерді қабылдауға қатысуы керек деген тезиске байланысты. Оны «қоғамдық келісім» деген еңбегінде Ж.Ж. Руссо жан-жақты қарастырды. Оның ойынша, саяси процеске таралған өз бетінше саналы іс-әрекет жасайтын, ақылды адамдар қосылған жаңа сапа пайда болады. Олар ортақ жиналып игілік идеясын ойлап табады. Бұл идея саясаттың басшы принципіне айналады және ортақ ерік, жігер, қайрат негізінде қалыптасады. Сөйтіп, жалпы жұрттың ықтиярын, көзқарастарын жинап, топтастырып ортақ игілікке жетудің шешімін қабылдайды. Бұл тұжырымдама XIX ғасырға дейін басымдық етті. Олар қарапайым адамдардың кәсіби саясаткерлер тарапынан етілетін айла-шарғыларына, қулықтарына оңай түсіп қалатындарын, азаматтардың күнделікті өміріне тікелей байланысты емес өзгерістерге немқұрайды, селқос қарайтынын ескермейді. Бұған алғаш назар аударған австрия социологы Иозеф Шумпетер болды.Ол өзінің атымен аталған демократияның «шумпетерлік» теориясын жасады. Оның ойынша, жалпы ықтиярлық, тілек барлық халықтың еркімен қалыптаспайды, оны жасайтын соған мүдделі кәсіби топтар. Демек, демократия ешқашан халықтың басқаруы емес. Сондықтан демократиялық тәсіл – Шумпетердің ойынша, жеке адамдардың халық даусын алу үшін бәсекелік күрес нәтижесінде жететін институционалданған шаралар жүйесі. Қорыта келгенде, Шумпетер бойынша, басқаратын халық емес,жеке адамдардың арасында бәсекелік күрес жүреді,ал халық бұл күресте солардың біріне дауыс береді. Мұндай жағдайда біртұтас ерік,жалпыға бірдей игілік жөнінде сөз болуы мүмкін емес. Сөйтіп, Шумпетердің тұжырымдамасында либералдық демократия принциптері қалыптасады. Либерализм тұлғаның еркіндігін, оның мемлекеттік тираниядан сақталуын көздеді, жеке адамды қоғам мен мемлекеттен ажыратты, мемлекет пен азаматтық қоғамның ара жігін ашып көрсетті, барлық азамат- тардың саяси теңдігін жария етті, азшылықтың құқығын қорғады, тұлғаның түбегейлі, ажырамас құқықтарын белгіледі, оны саяси жүйенің негізгі элементі ретінде бекітті.
Шумпетердің ойынша, демократияның ойдағыдай жұмыс істеуі үшін төрт жағдай қажет:
1. Маңызды мемлекеттік қызметтерге сайлауға болатын айтарлықтай білікті, маман өкілдер тобы болуға тиіс. Мысалы,
Англияда Шумпетер олардың тобына ең алдымен ақсүйектерді жатқызады.
2. Саяси органдар халық, негізінен, жақсы қабылдап, оларға өз көзқарастарын айта алатын шешімдер қабылдауы керек. Олай болмаса, шешімдердің легитимдігі жөнді болмайды, сондықтан елдегі саяси тәртіптің тұрақтылығына нұқсан келеді.
3.Жауапкершілікті толық сезетін,қызмет орнының абыройын жоғары бағалайтын дайындығы бар жақсы ұйымдасқан бюрократия болуы керек. Себебі, ол маман емес ынталы адамдарға қарағанда мемлекетті көш ілгері басқарады. Ол өз құрамын орта таптың өкілдерімен толықтырғаны жөн.
4.Саяси теорияның ғана емес, саяси мәдениеттің де элементі болып табылатын демократиялық өзін-өзі бақылау өте маңызды. Саяси процеске әрбір қатысушы өз еркімен өзін-өзі тежемесе қандай демократия болмасын алысқа кете алмайды. Билеуші топ болсын, оппозийия және басқа дау-жанжалға қатысушы топтар болсын ең алдымен ұлттық мүддені бірдей түсініп, жоғары қоюлары абзал.
Алуан түрліліктің элементтері демократияның классикалық теориясын қалаушылардың еңбектерінде байқалған. Оған ең алдымен Дж. Локк пен Л.Монтескье атап көрсеткен биліктің тармақталу теориясы кіреді. АҚШ Конституциясы авторлар- ының бірі Дж. Мэдисон мынадай идеяны ұсынды: қоғамда өзіндік мүдделері бар әр түрлі топтар болған сайын,олардың ішіндегі бір топ басымдық ету қаупі азаяды да,сонымен бірге басқа топтардың сенімді қорғалуына кепілдік көбейеді. Ол антикалық полистегі саяси тәртіптің жаппай, барлығын қамтитын бір пікірлілігінен іс жүзінде бас тартты. Оның орнына демократияның дарашылдық және либералдық принциптерін ұштастырып, мемлекеттік билікті алға тартты.
Сөйтіп, саяси теорияда тұңғыш рет халық, яғни көпшіліктің билігін дәріптеудің орнына азшылықтың мүддесін қорғау идеясына қадам жасалды.
Демократияның алуан түрлілік теориясы саяси процеске барлық азаматтардың тікелей қатысу теориясынан бас тартты.
Демократияның антикалық және классикалық теорияларында жеке азамат бас кейіпкер болатын.Енді сол дауыс беруге ғана қатысады. Өкілдік демократия оны шешімдер қабылдаудан ығыстырады. Яғни, азамат саяси процестің негізгі тұлғасы
болуынан қалады. Демократияның алуан түрлілік теориясы саясипроцестің өзін бұрынғыдай жеке адамдардың қатынасы ретінде қарамайды, топтардың және мүдделерінің өзара қатынасы ретінде қарайды. Сонымен бұл теорияны жақтаушы- лар қазіргі демократиялық мемлекетте саясатты жеке тұлға емес, халық емес, топ деп тұжырымдайды. Бұл теория дарашылдық және ұжымдық теориялардың арасында ортаңғы орынды алып тұрғандай.
Қоғамда экономикалық, әлеуметтік, саяси, мәдени және т.б. көптеген мүдделер болатыны белгілі. Соларға байланысты әр түрлі топтар пайда болады. Қандай адам болмасын осындай белгілі бір топтың өкілі болып табылады. Ол сол топқа тұлға ретінде қалыптасады. Топ арқылы тұлға өз мүддесін білдіріп,
оны қорғауға мүмкіндік алады. Демократияның міндеті – қоғамдағы алуан түрлілікті ынталандыру, барлық азаматтарға бірігуге, өз мүдделерін ашық айтуға мүмкіндік беру,саяси шешімдерде өзара мәмілеге келу арқылы олардың тепе-теңдігін табу. Саясатта топтың қатынас тұжырымдамасындағы жасаған Артур Бентли. Ол кең мағынасындағы мемлекеттің мақсаты – саясипроцеске әр түрлі топтардың мүдделерін тартып, оларды келісімге келтіру. Мемлекетке либерализм сияқты «түнгі күзетші» ретінде емес, топтың мүдделер күресіне бақылау жасайтын, қоғамда әлеуметтік әділеттілікті қолдайтын қазы ретінде қарайды.
Демократияның алуан түрлілік теориясының тағы бір ерекшелігі – биліктің араласуы, сіңуі, яғни саяси жүйеде биліктің ыдырауы, бөлініп-бөлініп кетуі.Мысалы, АҚШ-та билік орталықта президент пен конгрестің арасында ғана емес, орталықтан штаттарға, саяси процеске қатысушы әр түрлі топтар, партиялар арасында бөлініп берілген. Демократияның төбе топ элитарлық жоғарыда көрсетілген теорияға ұқсас. Ол халықтың саясаттан шет тетілуімен келіседі. Сонымен қатар саяси шешімдерді аз ғана, санаулы адамдар қабылдайды дейді. Олардың айтуынша, саяси процеске таңдаулы, іріктелген, қалаулы топтар арасындағы күрес жатады. Қорыта келгенде, демократия біздің өмірде маңызды орын алады. Қазыргі мемлекеттің жеткен жетістігі, демоктатияның - жемісі. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?