Физиология | Денсаулық – шексіз бақыт

Физиология | Денсаулық  – шексіз бақыт

Жас кезеңдері деп адамның өсуі мен дамуы ұқсас, физиологиялық ерекшеліктері бірдей уақыт мөлшерін, шегін айтады. Белгілі бір жас кезеңінде ағзаның даму дәрежесі бір деңгейге жетіп, келесі даму деңгейде дайындалу мерзімі басталады.
Адам жасының даму кезеңі бірнеше кезеңге бөлінеді:
1. Жаңа туған сәби (нәресте)---------------------------- 1-10 күн
2. Емшектегі сәби---------------------------------10 күн-1 жас
3. Сәбилік шақ-------------------------------------------1-3 жас
4. Бірінші балалық шақ----------------------------------4-7 жас
5. Екінші балалық шақ------------------------қыздар 8-11, ұлдар 8-12 жас
6. Жасөспірімдер немесе жеткіншек шағы-------- қыздар 12-15, ұлдар 13-16 жас
7. Кәмілеттік немесе жігіттік, бойжеткендік шақ---------- қыздар-16-20 , ұлдар-17-21 жас
8. Кемелге келу немесе ересектік мерзімінің бірінші жартысы----------- әйелдер-21-35, ерлер-22-35 жас
9. Ересектік мерзімінің екінші жартысы----------- әйелдер-36-55, ерлер-36-60 жас
10. Егде жас-------------------------әйелдер-55-74, ерлер-60-74 жас
11. Қариялар немесе кәрілік шақ----------- әйелдер мен ерлер-74-90 жас
12. Ұзақ өмір сүрушілер---------------90 жастан әрі қарай.
Осылайша жас кезеңдерге бөлінеді және жас кезеңдерінің белгілі ерекшеліктері болады. Бір кезеңнен екінші кезеңге ауысу уақыты мүшел жас деп аталады.


1. Балалар мен жастардың организмі.
Балалар мен жастардың организмі үнемі өсіп дамуда болады. Организмдегі клеткалардың саны мен салмағы ұлғаюына байланысты дене көрсеткіштерінің артуын өсу деп айтады. Организмнің негізгі үш дене көрсеткіші бар: бойы (адамның денесінің ұзындығы), салмағы және кеуде шеңбері.
Өсумен қатар организмде даму жүріп жатады. Даму-сапалық көрсеткіш. Организмнің даму деп сан көрсеткіштерінің сапалық көрсеткіштерге айналып, ұлпалардың жекешеленіп белгілі бір қызмет атқаруға бейімделуін, организм мен оның жеке мушелерінің қызметінің артуын, баланың ақыл-ой өрістерінің молаюын айтады.
Организмнің дамуы


Физикалық дамудың Функциялық дамудың
Көрсеткіштері барлық мүше- Көрсеткіштері мүшенің атқараты
лерге бірдей: мүшенің ұзын- қызметіне байланысты әртүрлі.
дығы, ені, тереңдігі, көлемі, Мысалы; жүректің функциялық
аумағы, салмағы, алып жат- дамуын анықтау үшін оның систола-
қан орны т.с.с. лық немесе минуттық көлемін
өлшейді.
Адам өмірін негізінен үш кезеңге бөлуге болады: өсіп даму және жетілу, кемелдену, қартаю. Бұл үшеуінің айырмашылығын дене көрсеткіштерін өлшеп, организмнің даму дәрежесін анықтап және сыртқы ортамен байланысын тексеру арқылы білуге болады.
Кәмілетке келу немесе дамып жетілу дегеніміз ең алдымен жастардың жыныстық жетілуі және өзінің ұрпағын жалғастыру қабілетінің пайда болуы, яғни тұқымын жалғастыруды қамтамасыз ету. Бұған қоса әлеуметтік қызметтерді атқару, рухани және мәдениет қазыналарын жасау, еңбек ету қабілеттері жатады.
Жыныстық жетілу қыздарда 11-12 жаста, ұлдарда 13-14 жаста басталады да жынысына сай бойжеткендерде 16-18 және жігіттерде 18-20 жаста толық жетіледі. Осыған байланысты адам организмінің толық жетілуі, яғни кемелетке келуі анықталып, кемелденуі басталады.

Өсу мен дамудың барлық адамдарға ортақ бінеше заңдылықтары бар:
1) өсу мен даму гетерохронды болады, яғни үнемі бір келкі болмайды;
2) мүшелер мен мүшелер жүйелерінің өсу мен даму қарқыны әртүрлі;
3) өсу мен даму баланың жасына байланысты;
4) функциялық мүшелер жүйелері мен мүшелердің қызметтерінің биологиялық беріктігі немесе мықты болуы:
5) өсу мен дамудың тұқым қуалау қасиеттері мен сыртқы ортаның жағдайларына тәуелділігі;
6) өсу мен дамудың акселерациясы;
Өсу мен даму адам өмірінде бірде жылдамданып, бірде баяуланады. Тіпті бір жылдың ішіндегі бойдың өсуі бірдей емес: бала жазда тез өседі, ал қыста нашар немесе түнде бойы көбірек өседі, күндіз аз өседі. Мұны өсу мен дамудың герерохрондылығы дейді (герерос-әртүрлі, хронос-уақыт).
Өсу қарқыны адам өмірінде үш рет күшейеді: 1. Туғаннан 3 жасқа дейін. 2.3-7 жас арасында. 3. Жыныстық жетілу кезеңінде. Сонымен қатар, бала организміндегі жеке мүшелер мен мүшелер жүйесінің өсіп дамуы да гетерохронды түрде өтеді. Баланың алғашқы жылғы өмірінде миы тез өседі: бір жылдың ішінде салмағы 2-2,5 есе артады (жаңа туған бөбекте миының салмағы 360-390 г). 7 жасқа жеткенше оның миы ересек адамның миының 80-90% шамасында болады. Мұның себебі баланың сыртқы ортамен байланысы негізінен ми арқылы іске асады, барлық мүшелердің қызметі жүйке жүйесінің, әсіресе, орталық жүйке жүйесінің қызметіне тікелей байланысты. Ал лимфа ұлпаларының өсіп дамуы 10-12 жаста күшейеді, жыныс мүшелерінің өсіп жетілуі 12 жастан әрі қарай болады. Сол сияқты, бір мүшенің өсуі мен қызметінің дамуы да кезектесіп отырады: мүше өскенде қызметі онша дами қоймайды, мүшенің қызметі дамығанда ұзындыққа өсуі баяулайды.
Осыларға байланысты бала организмінің қажеттері үнемі өзгеріп отырады. Мысалы, мидың өсуі күшейгенде организм белокты көбірек қажет етеді. Сөйлеу қабілеті дамитын кезде бала басқа адамдармен қарым-қатынасты көбірек талап етеді, қимыл-қозғалыстары дамитын кезде-мазасыз болады, көп қозғалады, көмірсутегісі көп тағамды талғайды, т.с.с.
Баланың өсуі мен дамуы оның организміндегі тұқым қуалау қасиеттеріне және сыртқы ортаның жағдайларына байланысты. Организмнің өсуі мен даму қарқыны, жыныстық деморфизм және жеке мүшелер мен мүшелер жүйесінің жетілуі т.с.с. тұқым қуалау қасиеттеріне байланысты. Дегенмен олар сыртқы ортаның жағдайына байланысты ауытқуы да мүмкін.
1960-1990 жылдары байқалған еліміздегі балалар мен жастардың өсуі мен дамуының олардың ата-аналарымен салыстырғанда жылдамырақ болуын өсу мен дамудың акселерациясы деп атайды, яғни кәзіргі балалар мен жастардың белгілі бір жас мерзімінде олардың ата-аналарының сол жасындағы денесінен ірі болып, ерте жетілуін айтады. Өсу мен дамудың акселерациясын анықтау үшін баланың немесе жас өспірімнің нақты бір жас мерзімін алып, оның көрсеткіштерін баланың ата-анасының сол жастағы көрсеткіштерімен немесе сол жерде бұрын өмір сүрген балалардың ортаса көрсеткіштерімен салыстырады. Мысалы; Алматы қаласының 13 жастағы оқушыларының бойы орта шамамен 152 см, салмағы 44,17 кг, кеуде шеңбері 78,13 см болса ( Алиакпарова, 1993, 1995), 1950 жылдары ол көрсеткіштер 146,6 см; 37,03кг; 70.67см (Шәкенов, 1960) болған, ал 1980 жылдары айтарлықтай айырмашылықтың бар екенін көруге болады.

Жасына сай ағзалар мен жүйелердің әрекеттік жағдайы:
Балаларды тәрбиелеу, үйрету және оқыту жағдайларын ескеріп педагогтер мынадай жас кезеңдерінің топтарын ұсынды:
1. Жаңа туған сәби (1 ай);
2. Емшектегі сәби (1 айдан 1 жасқа дейін);
3. Ясли жасы немесе балбөбектер тобы (1-4 жас);
4. Мектепке дейінгілер тобы (5-7 жас);
5. Мектеп жасындағылар;
а. Бастауыш сыныптағы оқушылар (7-11 жас);
ә. Ортанғы сыныптағы оқушылар (11-14 жас);
б. Жоғарғы сыныптағы оқушылар (14-18 жас);
Жалпы алғанда адамның жасын кезеңдерге бөлу ұсыныстары өте көп. Ғалымдар алға қойған мақсаттарына байланысты белгілі бір көрсеткіштерді негіз етіп, адамның көптеген жас кезеңдерін ұсынады.
Әрбір жас кезеңдерінің белгілі бір ерекшеліктері болады. Бір кезеңнен екінші кезеңге ауысу уақыты өзгеру мезгілі немесе ауысу мезгілі деп атайды (кейбір зерттелушілер ауысу мезгілін мүшел жас деп атап жүр, бірақ оның жас кезеңдері қазақтың мүшел жасымен сәйкес келмейді, дегенмен белгілері ұқсайды). Өзгеру мезгілі әр кезеңде де ауыр, организм көп күш жумсайтын кез, ол-денедегі біртіндеп жиналған өзгерістерге жаңадан бейімделу уақыты. Сондықтан өзгеру мезгілінде адам организмі біршама әлсіреп, сыртқы ортаның жағдайларының өзгерістерін қиналып өткізеді. Бұл кезде жүрек-қан тамырлары мен жүйке жүйелеріне түсетін салмақ ауыр болады. өзгеру мезгілін басынан өткізу адамның жасы ұлғайған сайын қиын болады. Жас кезеңдерінің уақыттары әртүрлі шектелген. Ол организмнің биологиялық көрсеткіштеріне негізделген. Дегенмен ұсынылған жас кезеңдерінің әлі де жетіспейтін жерлері бар. Оларды анықтау адам организмі жайындағы зерттеулерді әлі де жалғастырып кеңейтуді талап етеді. Жас кезеңдерінің уақыт шектері (хронологиясы) болсын, оның жеке функциясы болсын әлеуметтік жағдайға байланысты екенін ұмытпаған жөн. Жас кезеңдерінің ортақ ерекшеліктеріне қоса, әрбір адамның өзінің жеке бас ерекшеліктері болады. Олар адамның денсаулығына тұрмыс жағдайына және жүйке жүйесінің даму дәрежесіне, т.б. қарай әртүрлі болады.

Қорытынды:
Қорытып айтсақ, бала организмінің еңбектің түрлеріне бейімділігі үнемі бірдей болмайды. Сондықтан оқу, еңбек, спорт жұмыстарын сыртқы ортаның жағдайына сәйкес етіп, өсіп-даму мезгіліне байланысты мөлшерлеген жөн.
Былайша айтқанда, өсу мен дамудың гетерохрондылығын сыртқы ортаның жағдайлары мен бала еңбегін дұрыс мөлшерлеудің ғылыми негізі деп есептеуге болады. Организмнің өсуі мен даму қарқыны, жыныстық деморфизм және жеке мүшелер мен мүшелер жүйесінің жетілуі т.с.с. тұқым қуалау қасиеттеріне байланысты. Дегенмен олар сыртқы ортаның жағдайына байланысты ауытқуы да мүмкін. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!