Экономика | Агробизнес

Экономика | Агробизнес

1.1 Бизнес ұғымы, мәні және экономикалық маңызы

Нарықтық экономика – еркін іскерлік экономикасы және бизнестің оның барлық салаларында жұмыс істеуі. Нарықтық қатынастарға көшу тұрғындарды бизнеске кеңінен тарту арқылы ғана мүмкін болады.
Экономикалық реформаларды іс жүзіне асыру, бірте-бірте нарықтық қатынастарға көшу, дамыған елдердің тәжірибесін жан-жақты оқып үйрену, қоғамды иделогиядан босату сияқты факторлар уақыт өте келе біздің отандастарымыздың санасында адамдардың өзара пайдасы және жалпы игілік жолында бизнестің өндірістік, жасампаз қызмет ретінде қабылдауына мүмкіндік береді.
Бизнес – бір жақты анықтауға бағынбайтын, барынша ауқымды және сан қырлы ұғым. Қоғамда өндірістің үш факторы бар, олар – жер, еңбек және капитал. Американдық экономист И. Шумпетер бизнесті өндірістік төртінші факторы ретінде қарастырады, ол бұл жерде іскерлік қасиеттерді, оған қатысушылардың белсенділігін өндірістің қозғаушы күші ретінде, әлгі негізгі үш фактордың іы-қимылын күшейтуші факторлар ретінде түсінеді.
Бизнесті пайда табу немесе басқадай әдіспен олжалы болумен байланысты қызмет ретінде анықтайды. Мұның өзі бизнестің ең басты белгісі және оның негізгі мақсаты болып табылады.
Бизнесмендердің экономикалық қарым-қатынастары бір-бірімен тығыз араласып кеткен өркениетті рынок жағдайында жекелеген іскер тек қана өзінің жеке пайдасын, оның үстіне бизнеске қатысушы басқалардың есебінен пайда табуды ойлайды. Ол өзінің қызметін тек өзіне ғана пайда қылмай, сонымен қатар ортақ іске қатысушы басқа да бизнесмендердің пайдалы болуын көздеп, ұйымдастыру керек. Алғашқыда экономика туралы бизнес жеке адамдардың, кәсіпорындардың немесе ұйымдардың бірлесе отырып, табиғат байлығын игеру, өндіру, тауарларды сатып алу және сату немесе басқа тауарларға қызмет көрсету сияқты жұмыстар атқару арқылы мүдделі адамдар мен ұйымдардың өзара пайда табуына бастайтын қызмет ретінде қарастырылады. Сонымен, бизнес басқа жақтың шығынға немесе алдауға түсіп қалу есебінен тек қана бір жақтың пайда табуына жол бермейтін адал қызмет ретінде көрінеді.
Бизнестің өзіне тән белгісі – ол жеке меншікке, өндіріс факторына негізделеді. Себебі, жеке меншік өзіндік, отбасылық, топтық және акйионерлік, яғни ұжымдық сияқты әр түрлі болп келеді. Бұл мемлекет іскерлік қызметпен айналыса алмайды дегенді білдірмейді. Бюджеттін қаржыландыратын мемлекеттік тапсырыс ретінде мемлекет қаржысына бизнесмендер орндай алады. Мемлекеттік әлдебір іскерлікті немесе жекелеген бизнеммен топтарды қолдау жолымен бизнеске қатыса алады. Экономикасы дамыған көптеген мемлекеттерде, мысалы, мұндай мемлекеттік қолдауды, бизнесті жүзеге асыру үшін жеңілдік жасауды ұсақ іскерлер, шаруа қожалықтары немесе тұтастай агробизнес пайдаланады.
Бизнес экономикалық қызметтің басқа тұрақты түрлерімен салыстырғанда өзінің жандылығымен және инициативалығымен ерекшеленді. Бизнеспен үнемі жаңа өнімді, технологияны, сапаны, рынокты, бағаны, сондай-ақ тұтынушыларды, материалдарды, құрал-жабдықты, транспортты, ғимараттарды, ақпараттарды, байланысты және тағы басқаларын іздестіру үстінде болады. Бизнесменнің іскерлігі жөнінде француздық бір оқулықта бизнесменді бір орында қозғалыссыз тұра алмайтын, әйтпесе құлап қалатын велосипедшімен теңейді.
Бизнестің аталмыш қасиеттері шығармашылыққа жетілдіруге, жұмыстың тиімді әдістерін іздестіруге итермелейді, ал мұның өзі өз қоғамды экономикалық және әлуметтік өркениетке алып келеді. Адам Смит іскерліктен түскен пайданы жекеменшік иесі – бизнесмен оның қым-қиғаш қызметі мен коммерциялық идеяларын іс жүзінде асыру жолындағы тәуекелі үшін қоғамның берген ақысы деп атайды. Басқару саласындағы ірі маман Макс Вебер бизнесті ақыл-ойдың дәнін себуші ретінде бағалаған. Йозеф Шумпетер іскерлікті экономиканың басты факторы, оның дамуының негізгі қозғаушысы деп санаған.
Белгілі ағылшын экономисі Джон Мейнард Кейс іскердің бойында болуы тиіс төмендегідей негізгі қасиеттердің астын сызып айтқан: абайлау білу, алдын болжай білу, есептей білу, өркениетке ұмтылу, алдағы күнге сенімменқарау, ілікімшіл болу, ұқыптылық, жиған ауқатын мұрагерлеріне қалдыру ниетінің болуы.
Бизнес немесе іскерлік – бұл өзіндік инициативалық, өз мүлкінің жауапкершілігі аяасында жүзеге асатын, жекелеген азаматтардың немесе олардың топтарының пайда немесе олардың топтарының пайда немесе басқалай түрінде экономикалық олжа табуға бағытталған кез келген қызметі.
1.2 Агробизнес және агроөнеркәсіптік кешен құрылымы

Қазіргі заманғы ауыл шаруашылығының экономикалық процестерге және ауыл шаруашылығы өнімдерінің рыногіне үлкен бизнестің әсері күшейген шақтағы аралас салаларымен тығыз топтасып кетуі ауыл шаруашылығында экономикалық бағыттарды аралас салалардың әсерінен бөлек қарастыру терең зерттеуге мүмкіндік бермейтіндіктен, агробизнестің жүзеге асырудың теориялық әдістемелік оқып үйрену қажеттілігі туады. 70-жылдарда ғылымда ауыл-шаруашылығын аралас салалармен бір кешенде зерттеп, дами бастады. Бұл кезде «агроөнеркәсіптік кешен» атауы пайда болды. Оның үш саласы - қор шығаратын салалар, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндеу, тасмалдау, сақтау және өткізумен айналысатын салалар кешені. Осы салаларға байланысты іскерлік қызмет өзінің айрықша ерекшеліктеріне қарамастан өзара тәуелділік және өзара әсер етушіліксіз табысты жұмыс істей алмайды және дамымайды. Сондықтан да агробизнестің салалары да төрт негізгі сфераға бөлінеді.

Агробизес кешені

І сфера. Реурсурстар:
техника, жем, тұқым,
тыңайтқыш, улы
химикаттар, несиелік
ресурстар

IV сфера. Агросервис: ІІ сфера
мемлекеттік Ауыл шаруашылығы
кооперативтік егіншілік, мал
жеке шаруашылығы, жем
өндірісі

ІІІ сфера. Маркетинг:
жинау, сақтау, өңдеу,
тасмалдау, сату.


Агробизнес комплекстің басқа сфераларды байланыстырып тұратын ұйытқысы ауыл шаруашылығы болып табылады. Бірінші сфераға ауыл шаруашылығын техникамен, жем-шөппен, тұқыммен, тыңайтқышпен, өсімдіктер және малды қорғайтын дәрі дәрмекпен, яғни өндірістің материалдық фактормен қамтамасыз ететін салалар жатады. Міндеті жағынан бұл сфераға шаруа өндірісін дамытуға мүмкіндік беретін қаржылық ресурс- несие де кіреді.
Сфералардың үшінші тобы егіс даласынан өнімдерді тұтынушыға жеткізумен айналысатын салалардың жұмысын қамтамасыз ететін маркетингтік сфераны құрайды. Бұл сала тамақ өнеркәсібінің болуымен ерекшеленеді. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде маркетингтік сфераның орны ерекше және тұрғындар қажеттілігінің өсуі мен азық-түлік сервисінің дамуына байланысты ол одан сайын өсе түсуде.
Төртінші сфера агробизнесті толықтай және оны жекелеген салаларының қызметін жақсартуды қамтамасыз ететін агросервистен тұрады. Оның негізгі ерекшелігі агросервис мемлекеттік құрылымдарында. Сондықтан да, міндеттерді шектеуден басқа жағдайда бұл сфераны мемлекеттік және жеке деп екіге бөледі. Жеке сферада агроөндірістік кешеннің сервистік қызметінің техникалық қызмет көрсету, агротехникалық және агрохимиялқ қызметтер. Агроөнеркәсіптік кешен құрылымы агробизнес кешені құрлымымен өте ұқсас және ол үш негізгі үш сфераның басын құрайды.Агроөнеркәсіптік өндіріс пен агробизнесті жекелеген сфераға бөлу процесінің экономикалық мазмұны, біріншіден, агроөнеркәсіп кешенінің түпкі өнімін жасаудағы олардың әрқайсының орнын анықтауда, екіншіден, тұтастай алғанда, агроөнеркәсіптік өнімнің тиімді және қарқынды дамуы жекелеген салалар мен сфераларды рациональді арақатынасынан айқындалатын болғандықтан, бұл кешендердің ішкі тепе-теңдік құрылымының қажеттілігінде жатыр. Біздің Республикамызда маркетингтік сфераның дамымай артта қалуының басты себебі ауыл шаруашылығы шикізаты мен азық-түліктің көп асырапқа ұшырауы болып табылады. Кейбір жылдары жалпы өнімнің 25-35% ысырап болған. Біздің еліміздегі агроөнеркәсіп кешені түпкі өнімнің құрылымын Америка Құрама Штаттарындағымен салыстыру көрсеткендей, бұл жердегі айырмашылық бізді аса қуанта қоймайды. АҚШ-та агроөнеркәсіп кешенінің түпкі өнімнің 70 проценттен астамы маркетингтік сфераның, тек 10 процентке жуығы ауылшаруашылығының үлесіне тиеды. Ал, біздің Ресспубликамызда ауыл шаруашылығының үлесі 50 проценттен асып кетіп отыр. Батыс елдері агроөнеркәсіп кешені құрылымның қозғалысына тән бір жайт, мұнда азық-түлік өндірумен айналысатын жұмысшылардың жалпы санын қысқарту байқалады.
Агроөнеркәсіп кешенінің құрылымын ретке келтіру мақсатында Азық түлік бағдарламасы қабылданып, агроөнеркәсіптік өндірісті басқару қайта құрылды. Агроөнеркәсіптік кешен сияқты кең көлемді жүйеде тиімді құрылымдық өзгерістерді тікелей нарықтық байланыстар негізінде жүйенің өз-өзіне реттеу жолымен ғана жасауға болады.
Экономика сферасында, оның ішінде аграрлық секторда бірдей бастау алғанына қарамастан, бұрынғы одақтық республикаларда көзге ілмей кетуге болмайтын өзіндік ерекшеліктері бар. Мұның өзі КСРО тарағаннан кейін пайда болған барлық жаңа мемлекеттерге, оның ішінде Қазақстанға да тең
Негізгі бөлім
1.1 Қазақстанның агроөнеркәсіп өндірісін дамытудың негізгі бағыттары.

Қазіргі жағдайда Қазақстандағы экономикалық жаңғырулар өзнің шешуші кезеңінен енді. Қазірдің өзінде нарықтық қатынастардың жұмыс істеуінің негізгі және тиісті ұйымдық құрылым қаланып, бірте-бірте өндірісқұлдырауы тоқталып және алға қарай жылжу мүмкіндігі пайда болып, үлкен мақсаттар мен агроөнеркәсіптік өндіріс дамуының стратегиясы мен тактикасын анықтау қажеттілігі туды.
Республика Президенті Н.Ә. Назарбаев «Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» деген еңбегінде былай деп атап көрсетті: «... барлық стратегиялық жоспарлардың алдында агроөнеркәсіп кешенінің дамуы, оны жүйелі және батыл реформалау келеді...». «Ауыл, селоны және агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың артықшылықтары туралы» Заң қабылдау да осы мақсаттарға арналады.
Мемлекет басшысының идеяларын, қабылдаған заңдар мен Республика үкіметінің қабылдаған қаулыларын іс жүзінде асыра отырып, Қазақ Ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының ғалымдары «Қазақстан Республикасы агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 1993-1995 жылдарға және 2000 жылға дейінгі тұжырымдық Бағдарламасын» жасады. Ішкі көздердің есебінен өндіріс құлдырауын тоқтату, экономикалық жағдайды тұрақтандыру және ауыл шаруашылық өнім өндіруді арттыруды қамтамасыз ету жөніндегі кезек күттірмейтін міндеттерді шешу үшін Бағдарламада мына төмендегідей шаралар қарастырылған:
1. меншік қатынастарын қайта құру, жекешелендіру тәсілдері мен қарқыны, бәсекелестік қатынасты дамытуды қамтамасыз ететін көпкуладты экономиканы қалыптастыру жәнге агроөнеркәсіптік өндірістің тиімділігін арттыру жөніндегі экономикалық реформалар бағытына түзетулер енгізу.
2. агроөнеркәсіп кешенінің еркін баға белгілеуге көшуін қамтамасыз ететін тиісті қаржылық-несиелік және баға жүйесін, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен өнім ұсынушыларды мемлекеттік қолдаудың әр түрлі тәсілдері мен әдістерін, монополист-кәсіпорындар өнімнің бағасын шектеуді, шетелдік инвестицияны тарту және біріккен бизнесті дамыту мәселелерін жасау және жүзеге асыру
3. тауар қорларын қалыптастырып, реттеуге мүмкіндік беретін және соның негізінде рынок сыйымдылығы
4. агроөнеркәсіп кешенінің терең құрылымдық жаңғыруын төмендегідей бағыттарда жүзеге асыру;
• республиканың табиғи аймақтарының биоклиматтық потенциалын олардың экологиялық жүйе тараптарына, экономикалық мақсаткерлігіне, өзін-өзі қамтамасыз етуіне, негізгі ауыл шаруашылық дақылдары егіс көлемі құрылымның әлемдік рынок конъюнктурасына сәйкестедіріледі.
• ауыл шаруашылығындағы мал басының генетикалық потенциалын әрбір табиғи аймақтағы жем-шөп базасының мүмкіндіктеріне орай толық пайдалану.
• агроөнеркәсіп кешенінің өндірістік негізгі қордағы қажеттілікетерін қанағаттандыру мақсатында ауыл шаруашылық машиналарын жасау салаларын құру.
• қуаты және орналасуы жағынан тиімді өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындар жүйесін қалыптастыру.
• экономиканың көпактуалдылығы және жеке меншіктің пайда болуын есепке ала отырып, селодағы әлуметтік инфроқұрылымды дамыту.
5. агроөнеркәсіптік кешен араласқан экожүйелердің барлық элементтерінің эколгиялық қауыпсіздігіне экономикалық, құқықтық және техника-технологиялық кепілдік беретін жүйелер құру.
а) Егіншілік салаларын дамыту
Республикадағы егіншіліктің негізгі саласы астық өндіру болып табылады. Тың және тыңайған жерді игеру Қазақстанды астықты ірі өндірушілердің қатарына қосты. Қазақстан жан басына астық өндірк жөнінен де дүние жүзінде күні кешеге дейін Канададан кейінгі екінші орынды иеленіп келеді.

Қазақстандағы егіс көлемінің, астық өнімділігі мен жалпы түсімнің өсу қозғалысы

жылдары егіс
Алқабы млн.га топырақты
өңдеу млн.га өнімділік
ц/га өнімділік
өсуі ц/га жалпы өнім млн.т. жалпы өнімнің өсуі млн.т.
Қазақстанның солтүстік облысындағы көптеген аудандардың топырақтық-климаттық жағдайы тұрақты астық өндіруді қамтамасыз етеді. 60-жылдардың ортасында топырақтың эрозияға ұшырауы егіншілік топырақ қорғаудың ғылыми негізделген жүйесін қолдану арқылы тоқтатылады. Алайда, Республиканың кейбір облыстарында дәнді дақылдар ішінара ашық қоңыр және сұр құба топырақты шөл далалық аймақта орналастырған. Бұл жерлерде өнімділік гекторына 5-6 центнерден аспайды. Ақмола, Ақтөбе, Павлодар және басқа кейбір облыстарда жеңіл механикалық құрамдағы топырақты жерлерді жырту да басы артық дүние болып шықты. Сондықтан да тұжырымдық бағдарламада құнарсыз жерлердегі дәнді дақылдар егістігі көлемін бірте-бірте қысқартып, геторына 8 центнерден өнім беретін жерлердің өзін-өзі ақтауы мен шығынын жабу мақсатында астық өндірісі экономикасының қазіргі заманғы жай-күйіне жақындастыру қарастырылған.
Астық қажеттілігінің балансы мен егістік көлемінің, өнімділіктің және жалпы түсімнің есебі Республика астық өндірісінің мүмкін нұсқауларын көрсетеді. Күш-жігер мен қаржылық-материалдық көздері барынша қолайлы аудандарда астық өндіруге шоғырлану арқылы дәнді дақылдар егістігінің көлемін қысқарту ішкі қажеттіліктерді толық қамтамасыз етуге, нарықтық экономика жағдайында анықтаушы күш болып табылатын саланың өзін-өзі жалпы ақтауы арқылы астықты шетелге шығаруға да мүмкіндік береді.
Егістік көлемін қысқарту нұсқасы бойынша егіс көлемі, өнімділігі, жалпы түсім және астық қажеттілігінің балансы
Нұсқаулар


Дәнді дақыл алқабы мың га Өнімді-
лік ц/га Жалпы өнім млн.т Шығындар, млн. т
тұ-
қым азық-
түлік нақты
ақы жем сақ.
қоры экс-
порт
Бастапқы нұсқа
Алқап өнімділігі:
1.5ц/га кем
2.6ц/га кем
3.7ц/га кем
Облыстар бойынша алқап өнімділігі 6 және 7ц/га –дан төмен болғ
1.2 Алыс шетелдегі экономикалық аграрлық секторының жұмыс істеуі мен дамуының ерекшеліктері.

Қазіргі заманғы капиталистік ауыл шаруашылығының әлументтік-экономикалық жағдайында мемлекеттік шаруашылық жүргізудің сан қырлы ұйымдық тәсілдері мен әдістерін дамытуға әсер етуі барған сайын айрықша орын алуда. Агроөнеркәсіптік технологиялық, ұйымдық және басқару интеграциясының қажеттілігі сала аралық өндірістік жинақтауға және шаруашылық жүргізудің ассоциациялық тәсілін құруға әкелді. Бірақ, соған қарамастан агроөнеркәсіптік өндірістің негізгі күні бүгінге дейін фермерлік қожалықтар болып қалуда.
Ауыл шаруашылығының өндірістің машиналық технологиясына көшуінен кейін ол адамдардың жаппай айналысатын саласы болды. Соғыстан кейін онжылдықтар ішінде дамыған капиталистік елдердің ауыл шаруашылығында жұмыс істейтіндердің саны 3-4 есе және одан да көп қысқарады. 80-жылдардың ортасында барлық дамыған елдердегі ауыл шаруашылығында жұмыс істейтін қызметкерлер үлес салмағы 10% аспады, ал көптеген елдерде бұл көрсеткіш 3-5% деңгейде сақталып қалды.
Дамыған елдердің агралық секторындағы негізгі өндірістіе бірлік өз қызметінде толық экономикалық бостандығы бар тәуелсіз тауар өндірушілер фермерлік қожалықтар болып табылады. Әдетте, ферма аясында нақты тапсырс берушілер үшін ауыл шаруашылығы өім өндіру мен тарату процессінде оның қожайыны қатысу нәтижесінде жұмыс істейтін, мамандалынған жоғарғы тауарлық шаруашылық айтылады. Фермерлік шаруашылқ қызметінің базасы негізінен қожайындар мен лоардың отбасы мүшелерінің еңбегі болып табылады. Дамыған елдердің мемлекеттік саясатының негізіне қаланатын фермерлік шаруашылықтардың құрылу және жұмыс істеу принциптері баршаға белгілі және төмендегі жалпы заңдылықтардыан туындайды:
• «фермерлік » - бұл тек қана өһндірістік іскерлік қызмет емес, сонымен қатар, сонымен бірге әлументтік бірлік, өмір салты;
• Фермерлікпен отбасы айналысу тиіс;
• Жердің иесі оның өндірушісі болып табылады;
• Кімде-кім фермер болғысы келсе, оны фермер болуға мүмкіндігі болуы керек;
• Фермер өзіне өзі қожайын болуы керек;....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі