» » » Реферат: Экономикалық реттеу әдістері мен құралдары

Реферат: Экономикалық реттеу әдістері мен құралдары

Реферат: Экономикалық реттеу әдістері мен құралдары казакша Реферат: Экономикалық реттеу әдістері мен құралдары на казахском языке
ЭКОНОМИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ӘДІСТЕРІ МЕН ҚҰРАЛДАРЫ

Экономиқалық саясат тек мемлекеттің экономикаға ықпал ету шаралар жүйесі мен механизмін пайдалану арқылы ғана іске асуы мүмкін. Мемлекеттің ықпалы негізінен үш бағытта шоғырланады: экономикалық, құқықтық және әкімшілік. Оларды нақты түрде белгілеместен бұрын экономикалық жүйе мен оның қызмет атқару механизмінің бірнеше заңдылықтарына тоқтала кеткен жөн.
1. Экономика, шаруашылық кешені ретінде уақыт өткен сайын күрделене түседі. Бұл, ең алдымен, оның құрылымдық өзгерістерінен, жеке алғанда, шаруашылық буындарының өсуінен, ал нақты түрде, нарық субъектілері сандарының артуынан көрінеді. Нарық субъектілері - экономикалық мүдделер иелері. Көптеген нарық субъектілерінің бір-бірімен келісуі, олардың ынталарын сәйкестендіріп-үйлестіру мәселесі шаруашылық жүйесінде күннен-күнге қиындай береді. Демек, мемпекеттің қоғамда қарқынды өсіп отырған келіспеушіліктерді шешу жауапкершілігі күрт өседі. Экономикалық саясатта жалпы экономикалық тұрақтылықты сақтау міндеті алдыңғы қатарға шығарылады.
2. Экономиканың күрделенуі, осыған байланысты, шаруашылық процестерінің даму тұрақтылығына әсер ете алатын көптеген анықталуы қиын факторлар әрекетін алдын ала болжау қажеттігі, экономикалық саясат пен оны іске асыру құралдары арасындағы сәйкестікті табу мәселесін қиындатады. Жеке алғанда, бұл толығымен сыртқы экономикалық факторға қатысты келеді. Соңғы кезде оның ұлттық экономика дамуына жасайтын ықпалы өсіп отыр. Осыған сәйкес, мемлекеттің сыртқы экономикалық сферадағы белсенділігі артуда.
3. Мемлекеттік реттеу жүйесіне жүктелген міндеттер салмағын экономикадағы уақыт факторы ролінің артуы ауырлатып отыр. Осыған байланысты мемлекет экономикалық жағдайлардың өзгеруіне сәйкес тез шешім қабылдап, нақты іс-әрекет жасауы қажет. Уақытында қабылданбаған шешімнің «төлем бағасы» аз емес. Және де осы экономикадағы өзгерістер қазіргі кезде әдеттен тыс тез өрбиді, сондықтан зкономикалық саясатты түзету алдын алу түрінде болмаса да, кем дегенде, олардан қалмауы қажет.
4. Тізімделіп көрсетілген жағдайлар экономикалық саясатта қолданылатын әдістер мен құралдар түрлерін кеңейтпей қоймайды. Ал бұл олардың ең ұтымды құрамасын анақтауды қиындатады. Бұдан басқа, ықпал жасау әдістерін таңдағанда, өзара байланысты экономика саласында жағымсыз ықпал әсерінің пайда болуынан сақтанған жөн.
Экономикаға ықпал ету әдістері жиынтығын рационалды пайдалану үшін, олардың әрбіреуінің мәні мен ерекшелігін және объективті түрде бұрыннан қалыптасқан өзара құрылымдық тәуелділігін білу керек. Экономикалық саясатты жүргізу әдістері мен құралдарын анықтап жіктеудің бірнеше нұсқалары белгілі. Теория, ең алдымен, тікелей және жанама ықпал ету әдістерін бөліп көрсетеді.

Тікелей ықпал ету әдістері
Тікелей ықпал ету әдістері экономика субъектілерін мемлекеттің жарлығына негізделген шешім қабылдауға мәжбүр етеді. Мысал ретінде мемлекеттік салықтарды және бюджеттік төлемдерді айтуға болады. Экономикалық нәтижеге тез жеткізетіндіктен, тікелей әдістердің тиімділігі жоғары. Бірақ олардың кемшіліктері де баршылық.
Экономика көптегеп субъектілер жиынтығы ретінде көрінеді. Олардың арасында тұрақты байланыстар жүйесі қалыптасқан. Егер субъектілердің бірі сырттан күштеп өткізілген шешім қабылдауға мәжбүр болса, бұл нарық субъектілерінің арасында қалыптасқан тұрақтылықты бұзуы мүмкін: басқа нарық агенттеріне де осы сыртқы ықпалға жауап беруге тұра келеді. Басқаша айтқанда, тікелей әдістер нарық процестерінің табиғи дамуын бұзады.



Жанама ықпал жасау әдістері
Жанама ықпал жасау әдістерін қолданғанда мемлекет экономика субъектілерінің шешім қабылдау процесіне тікелей араласпайды. Ол тек қана экономикалық саясаттың мақсаттарына сәйкес шешім қабылдануына ыңғайлы жағдай жасайды. Осындай әдістердін артықшылығы, атап айтқанда, мынада: олар нарықта қалыптасқан жағдайды бұзбайды. Бірақ, мемлекеттің, жанама түрде қолданған шаралары бірден нәтиже беруі бірталай уақытты қажет етеді. Бұл осы әдістің айтарлықтай кемшілігі.
Жанама әдістер шаруашылық субъектілеріне әртүрлі деңгейде ықпал жасайды. Бірқатар құралдар (мысалы, жанама салықтар, кеден салықтары) біршама белсенді ықпал жасайды. Ал басқа бір шаралар, айталық, нарық секторын қажетті мәліметтермен қамтамасыз ету, экономикалық саясат мүддесіне сәйкес болғамымен, нарыққа әсері бірден көзге көріне бермейді.
Енді тағы бір маңызы өте зор әдістер тобына назар аударамыз. Бұл әдістер ұйымдық-институционалдық белгісіне қарай топтастырылған. Бұл тізімге әкімшілік, экономикалық және институционалық әдістер кіреді.

Экономикалық саясаттың әкімшілік әдістері
Әкімшілік әдістер жиынтығы құқықтық қызмет көрсету құрылымдардың әкімшілік құралдарын қамтиды. Қабылданатын іс-шаралардың мақсаты - жеке меншік секторына ең ыңғайлы құқықтық жағдай жасау. Олардың қызметтері — іскерлік-кәсіпкерлік өмірге тұрақты заңдылық жағдайды қалыптастыру, бәсекелі ортаны қорғау, меншік құқығына және шешім қабылдау еркіндігіне кепілдік беру. Әкімшілік әдістер, өз ішінде, тиым салу, рұқсат беру, мәжбүрлеу іс-шаралары болып бөлінеді.
Әкімшілік іс-шараларының қолданылу деңгейі оларды пайдалану аясына сәйкес әртүрлі болады. Олар бүгінгі күні қоршаған ортаны қорғауда және табысы шектеулі, тұрмыс деңгейі төмен тұрғындарды сақтандыруда белсенді түрде кең қолданылады.

Экономикалық әдістер
Экономикалық құралдарға нарық процестерін қажетті арнаға түсіретін мемлекеттің ықпал жасау іс-шаралары жатады. Жеке алғанда, экономиканың жалпы сұранымы мен ұсынымына, капиталдың шоғырлану деңгейіне, әлеуметтік және құрылымдық жақтарына ықпал жасау әдістері туралы сөз қозғалып отыр. Экономикалық шаралар құрамына қаржы (бюджет, салық) және ақша-несие (монетарлық) саясаты; бағдарламалау (программирование) мен болжаулар (прогнозирование) кіреді.
«Қаржы саясаты» - өте ауқымды да көп қырлы ұғым. Бір жағынан, ол экономикалық саясаттың бюджеттік-қазыналық және алым-салымдық мақсаттарын іске асыру шаралары жиынтығы ретінде түсіндіріледі. Екінші жағынан, жалпы экономикалық саясаттың бір бөлігі, қаржы шараларының іске асырылуы ретінде анықталады.
«Ақша-несие саясаты» деген категория да бір мазмұнды емес. Қаржылық әрекеттерге қарағанда ақша-несие әрекеттері жанама әдіске жақындау. Жеке алғанда, қаржы саясатын үкіметке тікелей бағынышты құрылым - Қаржы министрлігі жүргізеді, ал ақша-несие саясатын Үкіметке тікелей бағынбайтын - Орталық (Ұлттық) Банк іске асырады.
Осы күнгі нарықтық экономикада, бірінші кезекте ақша-несие механизмінің мүмкіншілігін, содан кейін ғана қаржы-қаражат әдістерін қолдану тәртібі қалыптасқан. Монетарлық саясат нарық пен мемлекеттік реттеу әдістерін қатар қолдану припципіне жақындау. Дамыған экономикада негізінен жанама реттеу әдістерін қолдану тиімдірек келеді. Ал өтпелі экономика жағдайында тікелей реттеу әдістерін қолдану өз нәтижесін тезірек көрсетеді екен. Айталық, дағдарыс жағдайында бюджеттік реттеу әрқашан бірінші орынға шығады.
Экономика дамуының бағдарламалары меи болжауларын жасау - бұл негізінен мемлекеттік реттеудің жанама құралына жатады. Жеке сектор үшін бағдарламалар кепілдік сипатта ғана болады. Олар іскерлік топтарды маңызды зкономикалық мәліметтермен қамтамасыз етуге бағытталған. Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде іскерлік топтар ағымдық және болашаққа арналған тиімді шешімдер қабылдай алады. Бағдарлама шеңберінде кәсіпкелер шешімді өздері қабылдай алады, сондықтан оның кәсіпкерлерді белсенді іс-әрекеттерге игермелеу мүмкіншілігі шектеулі. Бірақ мемлекеттік бағдарламаның күшті жағы - ол әрбір жеке мемлекет құрылымына нақты және ұзақ мерзімдік тұрақты бағыт береді.

Институциналдық әдістер
«Институционалдык» деген ұғым отандық ғылыми айналымда әлі сирек кездеседі деуге болады. Бірақ экономиканың нарықтық-құқықтық нұсқа бойынша дамуы бұл ұғымның қолданылу ауқымын кеңейтпей қоймайды. Дәл осы ұғым арқылы әлемдік экономика теориясында дамыған құқықтық елдердің экономикасы осы күні кездейсоқтық даму сипатынан арылған, толық реттелген, ұйымдастырылған және заңдастырылған, әлеуметтік жағынан қамсыздандырылған нарықтық шаруашылық жүйесі ретінде көрсетіледі. Экономикалық саясаттың өзі ұйымдық жағынан толық қалыптасқан жүйе ретінде көрінеді. Осыған байланысты, жалпы алғанда мемлекеттік іс-әрекеттердің барлығы осы күні институционалдық формаға ие болғанын айта кету керек.
Қоғамда белгілі бір тұрақты да обьективті түрде қалыптасқан әлеуметтік қатынастар жүйесінің қызмет атқару тәртібін (механизмін) «институт» деген ұғым түрінде білдіреді. Бұл қоғамдық «институт» ресми, немесе биресми түрде қызмет атқаруы мүмкін. «Институт» ұғымымен әртүрлі әлеуметтік топтардың, тіпті жеке бір халықтың тарихи түрде тұрақты қалыптасқан экономикалық, саяси және т.б. сана-сезімін, тәртібін, дәстүрін, әдетін белгілейді. Мысал ретінде, «меншік институтын», «құқық институтын» айтуға болады.
Істің ұйымдық-құқықтық жағын баос айту, мемлекеттік реттеу әдістерінің қосымша бірталай түрлерін ажыратып көрсетуге мүмкіншілік береді. Институционализмнің көріністері ретінде мыналарды атауға болады:
1. Үкіметтің мақсаттарын іске асыру үшін арнайы құрылған мемлекет билігінің атқарушы құрылымдары.
2. Мемлекеттік меншік объектілерін қалыптастыру және сақтау, яғни мемлекет секторы.
3. Экономикалық бағдарламалар мен болжауларды дайындау.
4. Экономика бойынша зерттеу орталықтарын, әртүрлі экономикалық ақпарат институттарын, сауда-өндіріс палаталарын, әртүрлі экономикалық одақтар мен мәжілістерді қолдау.
5. Экономика проблемалары бойынша ұйымдастырылған сарапшылар, кеңесшілер, көмекшілер институттарының қызмет атқаруына жағдай жасау.
6. Кәсіпкерлік және еңбек одақтарын құқықтық және мәліметтер жағынан қолдау.
7. Экономикалық интеграцияға қатысу, экономика бойынша өткізілетін халықаралық кездесулерді ұйымдастыру. ....



Полную версию материала можете скачать через 30 секунд !!!

Автор: nurgul95 | 84 |


Загрузка...

KZ / Қазақша Рефераттар жинағы, реферат Экономикалық реттеу әдістері мен құралдары туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат Экономикалық реттеу әдістері мен құралдары на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы Экономика жоспарымен, казакша реферат жоспар, Экономикалық реттеу әдістері мен құралдары, реферат Экономикалық реттеу әдістері мен құралдары туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет реферат Экономикалық реттеу әдістері мен құралдары на казахском языке скачать бесплатно информация рефераттар жинағы Экономика жоспарымен казакш, Реферат: Экономикалық реттеу әдістері мен құралдары реферат қазақша жоспар қазақша рефераттар сайты тегін referat-kz.kz қазақша рефераттар сайты)) Қазақша Рефераттар жинағы