Қазақстанның пайдалы қазбалары және оларды қолдану салалары. Жаратылыстану, 6 сынып, қосымша материал.
Сабақ басында тақырыпты иллюстрациялар арқылы ашыңыз, бұл өз кезеңінде, қызығушылықты оятуға көмектесіп, сонымен бірге оқушыларға пікірін айтуға мүмкіндік береді. Оқушылардың жауаптарынан мынандай қорытынды жасаңыз. Табиғи ресурстар адамның материалдық және мәдени қажеттіліктерге жауап беретін табиғи ортасының құрамдас бөлігі болып табылатынына назар аудартыңыз.
Сабақ ортасында оқушыларға мәтінді оқу түрі ұсынылады, мазмұнын бір-біріне түсіндіргеннен кейін және кестедегі бос орындарды ойдан толтыртыңыз.
Табиғи кен орындарын контур картасына түсіру үшін түрлі түсті қарындаштар көмегімен екі түсті карталар мен бір контур картасы (толтырылмаған) беріңіз. Негізгі кен орындарының картада дұрыс берілгеніне назар аудартыңыз. Өзара тексеру - оқушылар карталарды айырбастап, бір-бірінің жұмысына дескрипторлар арқылы бағалайды. Қалыптастырушы бағалау сабақ бойына өткізіледі. Оқушылардың сыни ойлау дағдыларын дамытуға ықпал ететін тапсырманы орындатыңыз.
Жұмыс барысында қабілеті төмен оқушыларға мұғалім немесе жұпта, топта жұмыс істеу барысында қабілеті жоғары оқушылар тарапынан қолдау көрсетіледі. Жұмысты орындағаннан кейін оқушылардың жұмысына кері байланыс беріңіз.
Сабақ соңында бастапқы оқу мақсатына, бағалау критерийіне қайтадан оралып, оқу мақсатын меңгергендіктері туралы әңгімелесіңіз. Жұмысты бастамас бұрын оқушылармен дескрипторды талдап алған жөн.
Тиімді сілтеме:
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?