Қазақстанның пайдалы қазбалары және олардың қолдануы. Жаратылыстану, 6 сынып, қосымша материал.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақ басында тақырыпты сұрақтар арқылы ашыңыз, бұл өз кезеңінде, қызығушылықты оятуға көмектесіп, сонымен бірге оқушыларға пікірін айтуға мүмкіндік береді. Оқушылардың жауаптарынан мынандай қорытынды жасаңыз. Табиғи ресурстар адамның материалдық және мәдени қажеттіліктерге жауап беретін табиғи ортасының құрамдас бөлігі болып табылатынына назар аудартыңыз. Осыдан барып, оқушыларды бағыттаушы сұрақтар қою арқылы жаңа тақырыпты, бағалау критерийлерін анықтауға бағыттаңыз.

 

Сабақ ортасында оқушыларға мәтінді жеке оқу түрі ұсынылады, мазмұнын бір-біріне түсіндіргеннен кейін, топта жұмыс істей отырып, туындаған сұрақтары болса бірге талқылайды. Мұғалім презентацияда берілген слайдтарды көрсете отырып, пайдалы қазбалардың жіктелуі және оларға мысал келтіре отырып, қолданылу саласы туралы ақпарат береді. Пайдалы қазбалардың шартты белгілеріне оқушылардың көңілін аударту қажет. Табиғи кен орындарын контур картасына түсіру үшін түрлі түсті қарындаштар көмегімен екі түсті карталар мен бір контур картасы (толтырылмаған) беріңіз. Негізгі кен орындарының картада дұрыс берілгеніне назар аудартыңыз. Жұмысты бастамас бұрын оқушылармен дескрипторды талдап алған жөн. Әр топ өз тақырыбы бойынша кескін картаға пайдалы қазбаның кездесетін орындарын арнайы белгі арқылы көрсетеді және өздерінің істеген жұмыстарымен басқа топтарды таныстырады. Өзара тексеру - оқушылар карталарды айырбастап, бір-бірінің жұмысына дескрипторлар арқылы бағалайды. Қалыптастырушы бағалау сабақ бойына өткізіледі. Оқушылардың сыни ойлау дағдыларын дамытуға ықпал ететін тапсырманы орындатыңыз.

 Жұмыс барысында қабілеті төмен оқушыларға мұғалім немесе жұпта, топта жұмыс істеу барысында қабілеті жоғары оқушылар тарапынан қолдау көрсетіледі. Жұмысты орындағаннан кейін оқушылардың жұмысына кері байланыс беріңіз.

 Сабақ соңында бастапқы оқу мақсатына, бағалау критерийіне қайтадан оралып, оқу мақсатын меңгергендіктері туралы әңгімелесіңіз.

 

 Тиімді сілтеме:

http://www.moxnpn.ru/kazakhstan/46-rudnye-poleznye-iskopaemye-kazaxstana.html

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу